Азаматтың іске өзінің қатысуы бұл жағдайда оны өз өкілін ұстау құқығынан айырмайды. AІЖK азаматтарға сотта өз ісін жүргізудің ең ынғайлы әдісін тандауға, атап айтқанда:
- істі жеке жүргізуге;
- істі өкілмен бірге жүргізуге;
- істі процеске катыспай өкілі арқылы жүргізуге мүмкіндік береді.
Барлық жағдайда іс жүргізуге байланысты барлық шығынды, сондай-ақ сот шешімін, анықтамасы мен қаулысын орыңдауға байланысты барлық шығынды істе тарап болып табылатын тұлға өтейді.
Сөйтіп іске тұлғаның жеке қатысуы кәсіби қорғау тарабынан болатын көмекті жоққа шығармайды, оның үстіне азаматтық-құқықтық даудың толық құқықты қатысушысы ретінде іс-әрекет ететін азаматтың тілегі мен мүддесіне сай онымен үйлесім табуы мүмкін.
Заңды тұлғалардың ісін сотта олардың органдары және заңдармен, басқа нормативтік құқықтық актілермен, құрылтай құжаттармен, сенімхатпен берілген өкілеттік шегінде іс әрекет ететін өкілдері жүргізеді. Кәсіптік негіздегі көмекті, сондай-ақ әртүрлі азаматтық-құқықтық шарттар бойынша ұйымдарға қызмет ететін адвокаттар да көрсете алады.
Занды тұлғалардың басшылары сотқа олардың лауазымдық жағдайы мен өкілеттігін айғақтайтын құжаттарды тапсырады. Занды тұлғаның органы іске тиісті өкілеттілігі бар өзге өкілмен қатар қатыса алады.
Азаматтық істерді талқылау кезінде сотта өкілдік ету әрбір тараптың, оның ішінде үшінші тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін заңда көзделген барлық іс жүргізу кұралдары мен әдістерін пайдалануды өз мақсаты етеді. Талапкер мен жауапкер процесте өз атыңан сөз сөйлеп мән-жайларға талаптар мен наразылықтардың зандылығын негіздейтін айғақтарды келтіру арқылы өзінің материалдық-құқықтық мүдделерін қорғайды. Ал сот өкілдері болса, сот ісіне олардың немесе үшінші тұлғалардың атынан қатыса отыра, өзі мүддесін білдіріп отырған тараптың құқығын қалпына келтіретін не дауға түсіп отырған құқықты бұзудан қорғайтын шешім шығару қажеттігі үшін соттың көзін жеткізуге тырысады. Сөйтіп, соттық талқының мәні өкілдің іс бойынша жоқ жеке материалдық-құқықтық мүддесі емес, керісінше өзі мүддесін білдіріп отырған азаматтық-құқықтық дауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болып табылады.
Сотта өкілдік етудің екі түрі бар: заң бойынша өкілдік ету және шарт негізінде өкілдік ету.
Заңмен өкілдік ету процесте әрекетке қабілетсіз азаматтардың, әрекет қабілетіне толық ие емес немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостаңдықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Өздерінің өкілеттігін куәландыратын құжаттарды сотқа көрсеткен ата-аналар, асырап алушылар, қамқоршылар немесе қорғаншылар заңды өкіл бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |