АҢДАТПА
6-бет
4-бет
№45 (2970) 16 маусым 2017
www.zanmedia.kz
Қоғамдық-саяси, құқықтық газет
zangazet@mail.ru
ТАЯҚТАУ ОҢАЙ,
ТӘРБИЕЛЕУ ҚИЫН
ҚҰЛДЫҚ САНАДАН
АРЫЛМАЙ КЕЛЕМІЗ
Кездесу
(Соңы 8-бетте)
Баспасөз — 2017
Құрметті оқырман!
«Заң газеті» және
«Юридическая
газета»,
«Заң», «Фемида»
басылым дарына жазылу жалғасып
жатқанын естеріңізге салғымыз келеді.
Төл басылым да рыңыздан
қол үзіп қалмаңыздар!
жеке тұлғалар үшін – 65921
заңды тұлғалар үшін – 15921
жеке тұлғалар үшін – 65928
заңды тұлғалар үшін – 15928
«Заң газеті»
«Заң» журналы – 75849
«Фемида» – 75858
«Юридическая газета»
Жазылу индекстері:
zanreklama@mail.ru
Біздің басылымдарға
«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, «Қазпресс»
ЖШС дүң гір шек тері және Алматы
қаласын дағы «Дауыс» жүйесі ар қы лы
жазы лу ла ры ңызға болады.
(Соңы 3-бетте)
АЛАТАЯҚТАН АЙЫРЫЛҒАН ПОЛИЦИЯ
ЕНДІ РАДАРСЫЗ ҚАЛМАҚ
Ақмола облысында «Дәстүр:
Кеше. Бүгін. Ертең» ғылы-
м и - к ө п ш і л і к ж о б а с ы н ы ң
жетек шісі, танымал ақын, бел-
гілі шоқайтанушы Қасымхан
Бегманов шығармашылық са-
парда болды. Облыс орталы-
ғының бірқатар әлеуметтік,
мәдени нысан дарында болып,
еңбек ұжы мымен кездесулер
өткізген қаламгер жергілікті
зиялы қауым мен кездесіп, бар
өмірін қазақ халқының азат-
тығы жолындағы күреске ар-
наған Мұстафа Шоқай туралы
әңгімелер айтып берді.
Ақпарат
«Өткен жылдардағы қылмыстық құқық бұзу
шы лықтардың 5 мыңнан астамы ашылды. Оның
ішінде 15 кісі өлтіру, 40 денсаулыққа ауыр зиян
келтіру, 30 кісі зорлау, 200ден астам кісі тонау, 30
қарақшылық, 900 алаяқтық және 200 бұзақылық,
Тергеу мен соттан жасырынып жүрген 1,5 мыңнан
астам қылмыскер ұсталды»,– деп статистиканы
бір қайырған Ішкі істер министрі Қалмұханбет
Қасымовқа сенсек, қылмыс жасау да азайған.
Лайым солай болғай, әрине. Мәселен, биыл
123 мың қылмыс жасалған және бұл көрсеткіш
былтырғыдан 15,8 пайызға төмен. Ашылу көрсеткіші
90 пайызға жуық.
Сөз арасында айта кетерлігі, министрлік қоғам
дағы, көшедегі ғана емес, өз ішіндегі тәртіпті де
қатаң қадағалайды. Олай дейтініміз, Қалмұханбет
Қасымов органдар сапасыз қызмет керлер ден арылып
жатқанын және биыл 980 қызметкердің жұмыстан
шығарылғанын жеткізді. Осы арада қоса тын тағы
бір мәлімет, былтыр мамырда Мәжілісте жергілікті
полицияның қыз метін талқылаған жиында да министр
жылына 6 мыңдай погонды қызметкердің ішкі істер
органдарымен қош айтысатынын тілге тиек етіп еді.
Оның 40 пайызы өз еркімен кететіндер болса керек.
ОСЫ ЖҰРТ
МҰСТАФАНЫ
БІЛЕ МЕ ЕКЕН?..
Мұны айтпасқа бола ма?
Бүгінгінің бас тақырыбы
Қ
ылмыс туралы әңгіме бола қалса, бірден полицияны «іздейтініміз» үйреншікті әдет. Қайда
қарап жүргенін, неге күреспейтінін айтып, сілкілеп алатынымыз тағы бар. Полиция күреспей
жатқан жоқ. Алайда, олардың жұмысында қылмыстың алдын алудан гөрі, болған қылмысты
ашу басымырақ. Жақында Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөнінде өткен қоғамдық кеңесте
министр Қалмұханбет Қасымовтың берген есебінен осыны тағы аңғардық. Бас полицей биылғы бес айдың
қорытындысына тоқталған-ды.
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНДА
ЖАҢА ТӨРАҒА
Экономиканы дамыту –
басты міндет
Кеше елордада басталған Астана эконо
микалық форумында ҚР Үкіметінің басшысы
Бақытжан Сағынтаев Қазақстан эконо мика
сының өсу қарқыны 2021 жылға дейін 55
пайызға жетуі тиіс деп мәлімдеді.
Үкімет басшысының айтуынша, Дүние
жүзілік банк көмегінің арқасында елімізде
1300 шақырымнан астам жол салынып, жаңар
тылған. Сырдария өзені мен Арал теңізінің
солтүстік бөлігі реттеліп, басқа да қыруар
жұмыс тар атқарылған. Алайда, елдің дамуы
мұнымен шектеліп қалмауға тиіс. Экономиканы
жеделдетілген технологиямен жарақтандыру
таяу жылдардағы маңызды міндет болуы тиіс,–
деп атап көрсетті Үкімет басшысы.
Е.КАМАЛ
Шетелдік мейман
еліміз туралы
жылы лебіз білдірді
Бүкіләлемдік банктің Еуропа мен Орталық
Азия өңірлері бойынша вицепрезиденті
Сирил Мюллер Астана экономикалық фору
мында Қазақстандағы қаржы орталы ғының
жұмысын қорытындылай келіп, Қазақ
стан тәуелсіздіктің алғашқы күн деріненақ
гүлденген мемлекет құруға дайын ел бол
ғандығын көрсетті.
Сирил Мюллер еліміздің тәуелсіздігін
алғаннан бергі аралықта айтарлықтай дамы
ғандығына деректер келтіре отырып, «Қазақ
стан Бүкіләлемдік банкке 1992 жылдың 23
шілдесінде кірді. Біз алғашқы кеңсемізді 1993
жылы Алматыда аштық, кейін 1998 жылы
біздің елдің кеңсесі Астанаға көшті. Алматы
біздің өңірлік кеңсеміз орналасқан қала болып
қалды. Біздің бастапқы өзара әрекеттестігіміз
ұлттық институттар құруға қолдау көрсетуге
бағытталды, экономикалық әлеуметтік даму
басымдығымыз болды», – деді.
К.ӘКІМБЕКҚЫЗЫ
«Қан орталығы»
Өскемен өкілдігін
марапаттады
ҚМДБның Өскемен аймағындағы өкіл
дігі соңғы кездері жылына бірнеше мәрте
жамағаттар мен мешіт қызметкерлерін
қам тыған «Басқаға өмір сыйла!» атты қан
тапсыру шарасын ұйымдастырып келеді.
Осындай маңызды істерді тыңғылықты
ұйымдастырып, адамдарға өмір сыйлауда
маңызды бастамаға үнемі қолдау көрсетіп келе
жатқан ҚМДБ Өскемен аймағының өкілдігіне
«Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығының»
алғысхаты тапсырылды.
Т.СМАҒҰЛ
Алматыдан келген ақын алды
мен, Облыс тық мемлекеттік мұра
ғатқа ат басын бұрды. «Мен қай
өңірге барсам да, мұра ғат қа бас
сұқпай кетпеймін. Барлық құнды
деректер мен тарихи мәліметтер
сол мұрағатта сақталады. Әттең,
уақытым жетпейді, әйтпесе мұра
ғатта отырып жұмыс істесем,
талай құнды еңбектер жазуға
болар еді», – деп өкінішін білдір
ген қаламгер «Мұстафа Шоқай
жолымен» атты екі томдық тарихи
деректі еңбегін шығару үшін
он жылдан аса уақытын сарп
еткенін айтты. Соның арқасында
Түрікстан мемлекетін құрушы
ұлы тұлға туралы көптеген құнды
деректер тауып, оның өмірі мен
шығармашылығы, еңбек жолы
жайында мол ақпараттармен
таныс қан.
Алматы қалалық сотына жаңа төраға тағайындалып, оны ұжымға
Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат МӘМИ таныстырды.
Алатау баурайындағы алып шаһардың әкімі Бауыржан Байбек пен қала
дағы құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың
бірінші басшылары, судьялар мен соттар әкімшісінің қызметкерлері қатысқан
кеңесті Қайрат Мәми, таяуда өмірден озған Алматы қалалық сотының
бұрынғы төрағасы Ақжан Ештай жайлы естеліктен бастады.
Мұнан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев тың Жарлығымен Әбдіқанов Нұрғазы Әбенұлы Алматы қалалық
сотының төрағасы болып тағайындал ғанын хабарлады. «Нұрғазы Әбенұлы
көпшілігіңізге жақсы таныс. Кезінде осында, Алматы қалалық сотында
судья болып жұмыс жасады. Сот саласында 20 жылдан астам қызмет
атқарып келеді. Нұрғазы Әбдіқанов кәсіби, білікті басшы ретінде танымал.
Мол тәжірибесімен сот жүйесінің дамуына өз үлесін қосуда. Нұрғазы
Әбенұлы өздеріңізбен, яғни барлық судьялармен, құқық қорғау органдары
басшыларымен, қала басшылығымен бірлесе жұмыс жасап, Алматы
қаласындағы сот әділдігін қамтамасыз ететініне толық сенемін», – деді
Жоғарғы Сот төрағасы.
Қалалық сотқа тағайындалған жаңа басшының бұған дейін Жоғарғы
Соттың судьясы, сондайақ, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстық
сот тарының төрағасы қызметтерін атқарғанын айта кетейік. Өз кезегінде
сөз алған Нұрғазы Әбенұлы сот саласында жинаған тәжірибесі мен білімін
заң үстемдігін және адамдардың құқығын қамтамасыз етуге жұмсайтынын
жеткізді.
Жаңа төрағаны таныс тырған соң, кеңес Алматы қалалық соттарының
2016 жыл мен ағымдағы жыл дың бес жарым айында атқарған жұмыстарының
қорытындысын тыңдаумен жалғасты. Ол жайлы газеттің алдағы нөмірінде
толығырақ жазатын боламыз.
Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,
«Заң газеті»