- Рефлексия - адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.
- Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты.
- Шығармашылық рефлексия – мақсатқа жету нәтижесі, қорытынды ғана емес, жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама бола алады.
- Сонымен, шығармашылық рефлексия – жекетұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс-әрекетте ішкі жан дүниесі ресурстары арқылы ой қорытуы.
Достарыңызбен бөлісу: |