Екпін алу. Биіктікке секірудің табысы секірушінің жоғары жүгіру жылдамдығына жетуіне байланысты, ол итерілудің қуаты мен «ұшудың» бастапқы жылдамдығының артуына жағдай туғызады. Жүгіруді орындау барысында қозғалатын аппаратты (аяқ жаттықтыру) тиянақты дайындау, жылдамдықты бірте – бірте арттыруды қамтамасыз ететін және дененің итерілу үшін қолайлы жағдай туғызу аса қажет.
Жүгіру алғашқы бетте түзу, содан кейін үш ағымдық доға бойынша жүгіру неғұрлым жоғары жылдамдықпен жүгіру кезінде өте тиімді. Бұл жоғары жылдамдықпен доғаның қисықтық шағын радиусы кезінде орталық жүгіру жылдамдығы ратып, итерілудің тиімділігін төмендететін артық күш жұмсалатындығы мен түсіндіріледі. Жүгірудің жоғары жылдамдығы адамдардың санымен тығыз байланысты болады. Жүгіру ұзындығы 9 – 11 жүгіру адымын құрайды да, жүгіру алдын ала 3 – 4 адым жасағаннан кейін орындалады. Жүгіру сөреден денені енкеійтуден басталып, иық пен бас шамалы алға жібертіледі. Адым сөреден басталып, бүкіл жүгіру бойында табанның ұшымен орындалады. Жүгіру техникасы ұзындыққа секіруге жүгірудің техникасына ұқсас келеді. Жүгіру техникасы сөреден басталып бірте – бірте ұлғайып арта түседі. Жүгіру жылдамдығының жоғарғы денгейі соңғы 6 адымда 7,9 – 8,2 м/с. құрайды, ал ең соңғы адымда жылдамдық азайып, итерілетін аяқ жерге жанасар сәтте 7,7 – 7,8 м/с.болады.
«Фосбери - флоп» әдісімен жүгіру ерекшелігі – оны соңғы 3 – 5 адымға жуықтау болып табылады. Бұл жағдайда орталық күші пайда болып, оның шамасы жүгіру жылдамдығына, секірушінің соңғы адымдарында доға бойынша қозғалуына, сонымен бірге, секіруші денесінің массасына байланысты болады. Секіруші орталық жүгіру күшіне қарсы әрекет ете отырып, денесін жүгіру доғасының ішкі жағына қарай еңкейтуі керек.
Доға бойымен жүгірген кезде қолдар ассиметрия қозғалады.
Бұрылуға кіріскен сәттен бастап, сермелетін аяқ жақтағы қол артқа қарай жіберіледі, ал доғаның орталық нүктесіне жақын қол алға, шамалы ішке қарай босатылады.
Көтерілген деректер жүгіруші қозғалысының сермелу құрлымы жүгірудің соңына таман жылдамдықты ұдайы арттыруға байланысты құрылатының көрсетті.
Жүгірудің ең бір маңызды кезеңі итерілуге дайындық болып табылады.
Сермелетін аяқты қойған кезде сирақтың итерілуіне, қозғалыстың бәсендеуіне және итерілетін жағдайға дайындық кезінде сермелетін аяқ қимылы бәсеңдейді.
Аяқтың табаны мен сермеп итерілу итерілетін адым алдында қозғалысты арттыруға жағдай жасайды және жерге итерілетін аяқты дұрыс қоюды қамтамасыз етеді.
Сермелетін аяқ арқылы өту итерілуді орындауға дайындық кезіндегі басты шарттардың бірі болып табылады. Секіруші сермелетін аяқ арқылы өткенде дене тік сақталады. «Фосбери – флоп» әдісімен секіргенде тік жағдайда сермелетін тізе буынының бұрышы 100 – 150%ке тең аударылу тәсілінде 90 – 95%. Итерілу адымының алдындағы құрылым өзгерісі болған кезде, аударылу тәсілінен бөлек «фосбери – флоп» әдісімен секіргенде итерілу арнайы қозғалыс өзгерісіне қажет етпейді де, оны орындау жүгіру барысында жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |