«Абайтану»



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет9/32
Дата15.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#20276
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

сергек»,  «Қартайдық,  қайрат  қайтты,  ұлғайды  арман»,  «Жігіттер,  ойын  арзан, 

күлкі қымбат», «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «Адамның кейбір кездері», 

7, 13, 17, 19 қара сөздері т.б., эстетикалық тәрбие «Жүрегім нені сезесің», «Не 

іздейсің көңілім, не іздейсің», «Жүрегім ойбай соқпа енді», «Көзімнің қарасы», 

«Сегіз  аяқ»,  т.б.,  еңбек,  экология  тәрбиелері  «Сабырсыз,  арсыз,  еріншек», 

«Шегіртке  мен  құмырсқа»,  «Желсіз  түнде  жарық  ай»,  «Күз»,  «Жаз», 

«Жазғытұры»,  «Қыс»,  2,  6  қара  сөздері  т.б.,  отбасы  тәрбиесі  «Тұтқындағы 

батыр», «Туғызатын  ата-ана жоқ», «Адамның кейбір кездері», «Кешегі  Оспан 

ағасы», «Кешегі өткен ер Әбіш», «Қара қатынға», «Ата-анаға көз қуаныш» т.б. 

шығармаларында басты тәлім түрінде жырланған. 

Өмірін  Абайды  зерттеуге  арнаған  М.  Әуезов:  «Абай  сөзінің  негізін 

адамгершілікке  тірейді.  Барлық  өсиет  ойтолғау  еңбектерінің  қорытындысы 

тағы да адамгершілік тәрбие екенін танытады. Адамды қор қылатын ең залалды 

жаманшылықтарды  санап  өтеді.  Олар  үш  нәрсе:  «надандық,  еріншектік, 

залымдық» - дейді.  

Қорыта келгенде, Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына 

сай әр қырынан өсіп-өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасында 

орын алары сөзсіз. Адамды сүйіп, адамды құрметтеуге үндеген кемеңгер ақын 

поэзиясының  түпкі  негізі  –  адам,  толық  адам.  Абай  армандаған  толық  адам 

өнерлі,  білімді,  еңбекқор,  адал,  әділ,  жылы  жүректі,  ыстық  қайратты,  ғылым 

жолына  түскен  іздемпаз  болуы  керек.  Ал  махаббат  пен  сүю,  адамды  сүю, 

Алланы сүю, әділетті сүю – Абай шығармаларының биік мұраты.  



 

 



Орта мектепте «Абайтану» курсын оқытудың ерекшеліктері 

 

Ұлттық мәдени дәстүрлерiн жақсы бiлетiн, өз халқының тарихын сүйетiн, 

елдiң  болашағына  тiрек  бола  алатын  ұрпақ  тәрбиелеу  –  төл  тарихымыз  бен 

мәдени мұраларымыз бүтінделіп, толымды зерттеулер жүргіліп жатқан бүгiнгi 

күнгi басты мiндеттердiң бiрi. Осы міндеттерді жүзеге асыруда орта мектептің, 

мұғалімдер қауымының атқаратын еңбегі ерекше. Қазақ халқында ежелден келе 

жатқан  тәлімі  мол  үрдіс  –  ұлт  ұлыларының  өмірі  мен  тағылымы  арқылы  жас 

ұрпақты  тәрбиелеу.  Сөздің  құнын  да,  мәнін  де  айрықша  түсіне  білген  ата-

бабаларымыз  сөз  өнерін  ұлттық  тәрбиенің  басты  құралы  ете  білген.  Сан 

ғасырлық  тәжірибемен  екшелген  ұлтымыздың  осы  бір  жақсы  әдет-ғұрпын 

бүгінгі тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану маңызды екені даусыз.  

Қазiргi  жаһандану  жағдайында  өз  ұлттық  құндылықтарын  сақтап,  оны 

дамыта бiлген ел ғана өркениеттi елдер қатарынан лайықты орын алады. Рухани 

байлығы  мол  қазақ  халқының  өрелi  өскелең  мәдениетiнiң  түп  төркiнi  сонау 

Орхон-Енесей,  ежелгi  түрiк  жазбаларынан  бастау  алады.  Төрткүл  дүние 

мойындаған  ғұлама  бабамыз  әл-Фарабиден  бастап  түркi  тiлдес  халықтарға 

орасан  мол  мұра  қалдырған  ойшылдар  Ж.Баласағұн,  М.Қашқари,  А.Иассауи 

еңбектері  және  Алтын  Орда  дәуiрiнiң  даналары  Хорезми,  Сараи,  Дулати, 

Жалайри  т.б.  шығармалары  қазiргi  ұрпақ  үшiн  таптырмас  теңдесi  жоқ  асыл 

18

 



 


қазыналар  екендiгi  баршамызға  белгiлi.  Қазақ  әдебиетiнiң  қайнар  бұлағы  – 

жыраулар  поэзиясының  ұтқыр  ойлы,  шешен  тiлдi  ақын-жыраулары  Асан 

Қайғы,  Жиембет,  Ақтамбердi,  Шалкиiз,  Бұқар,  Дулат,  Мұрат,  Үмбетей 

Майлықожа т.б. тiршiлiк туралы терең толғаныстары мен өнегелi өсиеттерiнiң 

бүгiнгi ұрпаққа берiлетiн бiлiм мен тәрбиеге қосар үлесiнiң өзi бiр төбе.  

Кемеңгер  ойшыл  Абай  мұрасының  бiр  өзi  ғана  ғаламат  қазына  болса, 

жарық жұлдыздар Шоқан, Ыбырай, ХХ ғасырдың басында қазақ даласын дүр 

сiлкiндiрген  Шәкәрiм,  Ахмет,  Мағжан,  Сұлтанмахмұт,  Жүсiпбек, 

Мiржақыптардың  туындыларының  қазiргi  заман  талабымен  үйлесе  үндесiп 

жатқаны  да  ұлттық  әдебиетiмiздiң  айқын  айғағы.  Қазақ  әдебиетiнiң  осындай 

асыл  қазыналарын  ұрпақ  үнiне  жалғастыру  мектепте  берiлетiн  әдеби  бiлiм 

сапасына негiзделедi. Ал, бiлiм сапасы түпкi нәтижемен өлшенетiндiктен әдеби 

бiлiм мазмұнын жетiлдiру әлемдiк кеңiстiктегi деңгейге сәйкес келгені дұрыс.  

Жалпы орта білім беретін мектептерде ұлттық мұраларымызды пәндердің 

мазмұнына  оңтайлы  ендіре  отырып,  болашақ  ұрпақтың  бойына  сіңіру  бүгінгі 

күннің  өзекті  мәселесі  болып  табылады.  Мектептегі  қазақ  әдебиеті  пәні  осы 

келелі  мәселені  шешетін  негізгі  пәндердің бірі.  Өйткені пәннің негізгі  өзегі  – 

ұлттық  құндылықтарымыз  болып  табылатын  көркем  шығармалар.  Ал 

әдебиеттегі  басты  құндылығымыз  Абай  шығармалары  екені  даусыз.  Ұзақ 

жылдар  бойы  қазақ  әдебиеті  ғана  арқылы  шешімін  тауып  келе  жатқан  осы 

мәселе осы оқу жылынан бастап еліміздің білім беру ұйымдарына таңдау пәні 

ретінде  міндетті  оқыту  үшін  енгізілген  «Абайтану»  курсы  арқылы  Абай 

мұраларын кеңірек қарастыруға мүмкіндік туғызып отырғаны қуанышты.  

Мектептің  білім  беру  мазмұнында  Абай  шығармаларын  төл  өлеңдері, 

қарасөздері, аударма өлеңдері деп үш жүйеде қарастырамыз. Абай өлеңдері мен 

қарасөздерінің  тәрбиелік  мәні  зор,  идеялық  деңгейі  жоғары.  Абай  көтерген 

мәселелер бүгінгі күні де маңызды, өзектілігін еш жойған жоқ. Абай – адамзат 

ақыл-ойы  мен  ақындығының  ірі  тұлғасы.  Абай  тарихқа  ең  алдымен  кемеңгер 

ойшыл ақын, ағартушы ретінде енді.  

Әдебиеттану  саласы  бойынша  көптеген  ғалымдар  Абайды  тануға 

айтарлықтай  үлестерін  қосты.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымының  тәуелсіздік 

кезеңінде  Абай  мұрасына  белгілі  абайтанушы  ғалымдар  сүбелі  еңбектер 

арнады.  Бұл  жылдары жарық  көрген  мақалалар  мен  ғылыми  еңбектердің  енді 

тобы - Абай шығармаларын оқыту әдістемесіне де арналған біршама еңбектер. 

Олар:  Қ.  Бітібаеваның  «Мектепте  Абай  шығармаларын  оқыту»,  Ұ. 

Әбілдаұлының  «Абайды  оқу  әліппесі:  (Төменгі  сынып  оқушыларына  ұлы 

ақындық  таныстыру)»,  М.  Жүсіповтің  «Орта  мектептегі  Абайтану  және  оның 

негізгі  бағыттары»,  Н.  Омашевтің  «Абайтануды  оқытудың  тиімділігі»,  З. 

Қазмағамбетованың  «Ақын  шығармаларын  оқыту»,  Т.  Рахметованың 

«Бастауыш кластарда Абай шығармаларын оқыту» т.б еңбектері.  

Бүгінгі  жеткіншек  ұрпақ  арасында  Батысқа  еліктеп,  халықтық  салт-

дәстүріміз  бен  ата-бабамыздан  келе  жатқан  ұлттық  тәрбиеден  алыстап  бара 

жатқандардың  жиі  кездесіп  қалатыны  өзекті  мәселе  болып  отыр.  Сондықтан 

осындай  жағымсыз  құбылыстан  құтылудың  рухани  жолы  ұрпақты  Абайдың 

19

 

 




жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау