парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек
сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т.б. атап айтты. 1886 жылғы бір
өлеңінде ақын:
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман,- деп өз кезіндегі жастардың
осындай жағымсыз мінездері н қатаң сынға алды.
Абай уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді, өсекшілдерді,
адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді. Ондайлар
туралы:
Осындай сыйдаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері – қу борбай – сымпыс шолақ - деп, күйзеле жазады ұлы ақын.
Гуманист – ақын Абайдың ХІХ ғ.орта шенінде халқымыздың бойындағы
жағымсыз қасиеттерді қатты сынға ала отырып, айтқан ойларының, көтерген
өзекті мәселелерінің бүгін де маңызды, күн тәртібінен түспей отырғандығын
атап өткіміз келеді. Абайдың айтқан ойлары бүгінгі Мақатаев сияқты
ақындарымыздың ойларымен үндесіп жатыр.
Табиғатты айтсын мейлі, махабатты айтсын, адамның ары мен арманын
айтсын, жантүршігер міні мен арамза мінез-қылығын айтсын, қазақтың ақиық
ақыны Мұқағали ағынан жарылып айтады, әрбір өлең жолынан ақынның жүрек
лүпілін естіп, жан айнасын көреміз, адам бойында әлі де арылып болмаған
сұмдық пен сараңдықтан жериміз, жамандықтан түршіге түңілеміз.
Сондықтан да ол:
Мансапқорлардың қасынан,
Шықпайтындарға ашынам !
Жалданып өскен жасынан,
Жағымпаздарға ашынам !
Өзіңе ғана бас ұрам,
Сенесің бе, Отан осыған !?
Алаяқтарға ашынам !
Ашынамдағы тасынам,
Құнымды несін жасырам, - деп адам бойындағы жағымсыз мінез құлықты
ашына сынға алды.
Мұқағали айтқандай, осы жағымсыз қылықтар да бүгін де арамызда бой
көрсетіп қалады. Сол кезде Абайдың көтерген мәселелері бүгін де маңызды,
өзектілігін ерекше айта кеткен жөн. Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл
ақын, ағартушы ретінде енді. Абай өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік-
тәлімдік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары болып келеді.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқты-барды, ертегіні термек үшін», -
деп ақынның өзі айтқандай оның өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық мәні
мейлінше терең. Ең алдымен ол өз халқына өлеңдері, қара сөздері арқылы
14
ұдайы ой салды, оның көкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан
сақтандырды, мәдениетті болуға, прогреске шақырды.
Абай өзінің өлеңдерінің бәрінде:
«Қалың елім қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,
Жақсы мен жаманды айырмадың
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың» – деген сөздері дәлел бола алады.
Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Сондай-ақ, Абай
бос даурығуға, бекер сал шашуға, өтірік, өсек айтуға, жалқаулыққа қарсы
шықты. «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», -
дей келіп, Абай «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, Бес
дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл
іс, көнсеңіз», - деген өсиет айтты. Абай өнер-білім алуға шақырды, өмірде өз
орныңды тап, пайдалы әрекет жаса, дейді. «Сен де – бір кірпіш дүниеге, тетігін
тап та, бар қалан!» деген сөздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп
әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып
жүретін келеңсіз әдет селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына
ескертіп, одан аулақ болуды арман етті. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын», - деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді.
Ол А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовты ұстаз тұтты, олардың өлеңдерін,
И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Мәселен, «Татьянаның
хатын», «Онегиннің хатын» аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды.
1840 жылы М.Ю.Лермонтов Гетенің «Жолаушының түнгі әні» деген өлеңін
«Горные вершины спят во тьме ночной» деген атпен аударған болатын. Гетенің
бұл өлеңі көптеген ақындарға, композиторларға әсер етті. Ол Абайдың да
жүрегіне ұялады. «Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер маужырап» деп
аударды. Сонымен қатар, Абай шығыс мәдениетінен де нәр алды. Фирдоуси,
Науаи,
Низами,
Хафиз,
Сағди
шығармаларына
еліктеді.
1995 жылы бүкіл еліміз Абайдың 150 жылдық мерекесін ЮНЕСКО шешімі
бойынша әлем болып тойлады. Ұлтымыздың рухани мақтанышы, ұлы
гуманист, ақын-ағартушы Абайдың ғылыми-педагогикалық мұрасының
зерттелу жайы туралы және Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-
пікірдің даму тарихында алатын орны туралы айтқанымызда ұлы ғұлама
ойшылдың педагогикалық мұрасын алғашқы зерттеушілер, педагогика тарихы
саласындағы көрнекті қазақстандық ғалымдар, педагогика ғылымдарының
докторлары, профессорлар Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Бержанов, Ә.У.Сембаев,
Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев және т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атап
өткен жөн.
Ұлы гуманист-ақынның педагогикалық, тағылымдық мұраларының мәні
мен маңызы бүгінгі таңда да өміршең, өзекті екендігін дәлелдейді.
ХХ ғасырдың басында бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық
қозғалыстың туын Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек
Аймауытов, Міржақып Дулатовтар жалғастырды.
15