«Абайтану»



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет19/32
Дата15.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#20276
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32

− 

оқушының  өзіне  қойылатын  нормативтік  талаптардың  жалпы  жүйесін 

түсінуіне мұғалім көмектеседі; 

− 

бұл берілген талаптарға яғни оқу үдерісіне мотив пайда болады; 



− 

қалыпты жолдармен алғашқы әрекет және оны орындауға мотивтілігінің 

болуы; 

− 

алғашқы қалыптағы әрекетті орындау және қиындыққа кездесу; 



− 

пайда болған қиындықты рефлексиялау; 

− 

жаңа жағдайда оқу әрекетін қайта құру; 



− 

пайда  болған  қиындықты  шешуде  өз  бойында  тиісті  білім,  білік, 

дағдылардың жетіспейтінін рефлексиялау; 

− 

пайда  болған  қиындықтарды  шешу  үшін  сұрақтар  қою  арқылы, 



жоспарлау арқылы жобаны құру және мақсат түзеу; 

− 

құрған жобаны жүзеге асыру; 



− 

жобаның дұрыс шешілгенін тексеру; 

− 

жобаны орындау және оны тексеру барысындағы рефлексия; 



− 

оқу әрекетіне тұтастай рефлексия және бағалау;  

− 

оқу әрекетінен шығу» [37].  



Жоғарыда  көрсетілген  оқу  әрекеттеріндегі  өзін-өзі  рефлексивтік 

ұйымдастыру  қабілеттерін  қалыптастыру  үшін  оқушылар  жеткілікті  түрде 

ұдайы және жүйелі рефлексиялық қабілетті қозғауға бағытталған арнаулы оқу 

тапсырмаларын  орындап  отыруы  қажет.  Оқу  әрекетінде  қалыптасқан  мұндай 

өзін-өзі  рефлексиялық  ұйымдастыру  қабілетін  оқушы  өмірдегі  басқа 

жағдайларда  қолдана  алатын  болады.  Бұл  –  оның  функционалдық 

сауаттылығының көрінісі. 

 

«Абайтану»  курсы  әдістемесі  мұғалімдерді  оқушылардың  адамгершілік 



сезімдері  мен  бағдарларын  Абай  шығармалары  арқылы  дамыту  жұмыстарын 

жүзеге  асыру  кілттерін,  тетіктерін  табуға  бағыттайды.  Ол  өз  негізінде  жас 

ұрпақты Отанды сүю, елжандылық, азаматтық рухтарында тәрбиелеу құралы да 

болып саналады. Бұл Абай мұрасы контексінде арнаулы этикалық адамгершілік 

әңгіме-сұхбаттарын, диологтар ұйымдастыру жолдарымен жүзеге аспақ. Мұнда 

әрбір  оқушы  адамгершілік  істі  таңдау,  бағалау  әрекетіне  тартылып, 

рефлексиялық күйге енеді. 

«Абайтану»  курсында  оқушылардың  шығармашылық-практикалық 

әрекеттерін  жобалар  қорғау,  тақырыптық  альманахтар  дайындау, 

конференциялар,  тренингтер,  дөңгелек  үстелдер,  сұқбаттар,  пікірталастар, 

дебаттар сияқты т.б. жұмыс түрлері арқылы ұйымдастырудың тиімді екені осы 

құралда дәйектелген. 

Ғалымдар Жұмажанова Т.Қ., Дүйсебаев С.Р. «Абайтану» курсы сабақтарын 

өткізуде төмендегідей әдіс-тәсілдерді ұсынады:  

– 

оқушылардың жеке жазбаша шығармашылық жұмыстарының үзінділерін 



оқу; 

– 

жұптық пікірлесу мен топтық диспут, дискуссиялар; 



– 

кілт (таза тақтаға немесе парақ бетіне белгілі бір идеяның я тақырыптың 

өзегі болып табылатын кілт сөз немесе сөз тіркесі жазылады: оның айналасына 

38

 



 


сол идеяны (тақырыпты) ашатын соған қатысты деректер, мәліметтер, образдар, 

идеялар  айнала  бір-бірден  жазылады;  пайда  болған  сөздерді  кілт  сөзіне 

сызықтармен  жалғастырады;  сөйтіп  берілген  тақырыптың  ақпараттық  өрісі 

түзіледі); 

– 

қосарлы  күнделік  жазбалар:  Абай  сөздерін,  ойларын,  идеяларын, 



мазмұнын  оқушының  жеке  өмір  тәжірибесімен  салыстыру  (күнделіктің  бір 

бөлігіне  Абайдың  мейлінше  әсер  еткен  сөздері  жазылады,  екінші  бөлігіне 

оқушылар  оған  өздерінің  көзқарастарын,  пікірін,  ойын  жазады,  түсіндірмелер 

жасайды); 

– 

құндылықтарға  бағдарлану  шеберханасы.  Мұнда  өмірлік  мәні  аса  күшті 



мәтіндермен  табысу,  жекелеген  қызғылықты  адамдармен  кездесу 

ұйымдастырылып,  сұрақ-жауап  жүргізіледі,  шығармашылық,  жақсылыққа 

деген құштарлық, өзін және өзгені жаңаша түсіну жүзеге асырылады; 

– 

«Философиялық  стол».  Мұнда  мұғалім  алдын  ала  Абай  шығармалары 



бойынша  аса  қажет  деген  сұрақтар  дайындап,  оқушыларға  ұсынады.  Балалар 

оларға жауапты Абай шығармаларынан іздеп табады. Мысалы, «Адамға ар-ұят 

керек  пе?»  деген  сияқты  философиялық  мәнді  әрі  ойландырғыш  сұрақтар 

қойылады.  Жауапты  оқушылар  Абай  сөзімен  береді,  өзі  оған  толықтырулар, 

түзетпелер,  қоштаулар  қосуы  мүмкін.  Мұғалім  шебер  түрде  оқушының  жеке 

пікірімен  тез  арада  байланыс орнатып,  қолдау  көрсетеді  және  өз  сөзін  айтуға 

батпай  отырғандарды  сөзге  тартады.  «Философиялық  стол»  сабағы  өтетін 

бөлме  арнайы  түрде  ұсынылатын  мәтіндерге  лайық  суреттермен, 

портреттермен  безендіріледі,  столдар  дөңгеленіп  орналасады,  тәжірибелі 

мұғалімдер,  ата-аналар,  қайраткерлер,  белгілі  ақын-жазушылар  шақырылады. 

Оқушылардың  өз  бетінше  талдау,  талқылау  барысында  өмірдің  мәні  туралы 

сұрпақтарға жауап іздеуге ынталары артады. 

«Философиялық стол» сабақтары «Абайтану» курсында қол жететін нәтиже 

көрсеткіші  рөлін  де  атқара  алады.  Абай  шығармаларының  мәнін  ақындық 

көзқараспен  оқушының  диалогқа  түсіп,  пікірлесуі  арқылы  көрсетіп  отыру 

тәсілін қолдану аса қолайлы. Абай шығармалары негізінде оқушылар тұлғалық, 

ұлттық,  бүкіладамзаттық  құндылықтарды  анықтау,  олар  туралы  пікірлесу, 

оларды  сақтау  және  дамыту,  өз  бойларына  дарыту,  өзгелер  бойынан  танып 

құрметтеу  күйін,  танымдық-тәрбиелік-дамытушылық  мәнін  сезінуді,  түсінуді 

бастан кешіп, өткереді. 

− 

Іскерлік  ойындар  да  таңдау  курсында  өзінің  тартымдылығымен, 



дамытушылығымен  ерекшеленеді.  Жағдаяттық  және  рөлдік  ойындарды  өзара 

үйлестіру  жолымен  «Альманах»  ойынын  ұйымдастырып  отыру  қызғылықты. 

Авторлар, 

редакторлар, 

бас 

редакторлар 



бірлесіп 

оқушылар 

шығармашылығымен (Абайтану бойынша) ауызша альманах құрастырады. Сол 

сияқты видеокино түсіру де «Абайтануға» қызығушылықты арттырады («Абай 

– 

өз сөзімен», «Абай – оқушы көзімен» т.б. тақырыптар). 



− 

Адамгершілік  сабақтары  да  таңдау  курсындағы  негізгі  жұмыстардың 

бірінен  саналады,  Абай  көтерген  адамгершілік  проблемаларына  көзқарас, 

олардың  қазіргі  көріністері  сияқты  мәселелер  талдауға  арқау  болады. 

39

 

 




жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау