Абайдың жасы 3-ке тақалды. Орыс мектебінде ай оқымай, ауылға қайтсын деп әкесі Байтас және Жұмабай деген кісілерді жібереді. Ауылға үш күндік жол қалғанда бала шәкірт барын салды. Ол асып, алға шауып кете берді



жүктеу 30,93 Kb.
бет4/5
Дата31.05.2020
өлшемі30,93 Kb.
#30726
1   2   3   4   5
1 Абай жолы массагет

Бел-белесте

1

Күн түске жетпей-ақ Бақанас бойы қайнап, шыжып кететін. Абай, Оспан, Смағұл және басқа балалар Бақанас суына шомылып жатыр. Қастарына Тәкежан келіп: "Жәнібек өзенінің бойында бүлдірген пісіпті. Жүріңдер барып теріп келеміз", - деді. Сосын бәрі де ат ерттеп, мініп кетісті. Шынында да ол жерде бүлдірген мол екен. Бір кез бір көштің дүбірі естіледі. Қараса Бөжей ауылының көші екен. Көш басында бір топ қыз ат үстінде келеді. Қарсы алдынан бір ауыл немесе көпшілік шығатын болса, ол қыздар дауыстап жоқтау айтатын. Сол кез олар Абайларды көріп, айта кетті. Абай қыздардың арасында Сүйіндіктің Қантжаннан туған Тоғжанды көреді. Көктемде бір шаруамен Сүйіндік ауылына барғанда Абай ерекше бір сезіммен қайтқан болатын. Содан кейін Тоғжанды көргені осы. Бірақ қазір Абайдың ойы қарасы дыбыста еді. Ол өзі білмей жылап жібереді. Соңыра кеш түсе олар үйге қайтады. Құнанбай Бөжей ауылы жақын маңда екенін есітіп, ертеңінде ел ірілерімен бірге жоқтап қайтады. Барғандары елу қаралы еркек, отыз-қырықтай қатын. Араларында Абай, Тәкежан, Оспан секілді бір топ балалар да бар.



2

Күз келді. Жұрт пәшендерін шапқызып, қыстауға дайындала бастады. Қызылшоқыдағы Құлыншақ ауылына қарай жауыннан ықтай Майбасар, Құдайберді, жорға Жұмабай мен атшабар Жұмағұлдар аса тездікпен шауып келеді. Құлыншақтың бір жорға атына Құдайберді қызығып, сұратуға атшабар жіберген болатын. Ал Құлыншақтың "бес қасқасы" оны сабалап қайтарыпты. Соған ызаланып Майбасар келеді. Бес қасқаның төртеуі Мұңсызбай, Садырбай, Наданбай мен Тұрсынбайлар іште екен. Ал Манас атқа мініп, Қарауыл жаққа кеткен екен. Іште біраз сөзталас болған кезде, Пұшарбай мен Манас бастаған он шақты жігіт асыға кіріп келеді. Төртеуін де аямай сабап, қуып салады. Ал Құлыншақ ауылы, яғни Торғай руы Қарауылдың ар жағына көше жөнеледі. Бұл хабар Құнанбайға жеткен соң, жүз елудей жігіт атқа мінеді. Алдынан шыққан көштің кімдікі екенін аңғармай, шауа кетеді. Көшті ұстап, бұрып әкетпек болғанда Бөжейдің қаралы көші екенін аңғарып, аттарын артқа бұра кетеді. Шырқыраған Бөжейдің бәйбішесі мен қыздары арттарынан талай қарғыс айтады. Екі бір-біріне қас жаулар қалың қол жинай түседі. Байдалы мен Байсал қол бастаған Жігітек, Көтібақ, Торғай мен Бөкенші адамдары Мұсақұл деген жерде жиылады. Құнанбай Тоғалақ, Әнет пен Бәкеннен адам тартып, Жидебайда жинала бастайды. Мұсақұл мен Жидебай арасы үш-ақ шақырым. Үш күн аяусыз шайқас болады. Нәтижеде Құнанбай жеңе алмады. Жігтек жігіттері де жақсы нәтижеге жете алмады. Осыдан кейін Байдалы Түсіптің қоржынына мол ақша салып, Қарқаралыға жібереді. Он шақты күн өткен соң Тобықты ішіне, дәл Құнанбай ауылына Қарқаралыдан он бес қазақ-орыс кеп түседі. Келген әскердің басы Чернов деген шенеунік екен. Ұлық үш күн екі жақтың арызын тыңдап, ертеңіне Құнанбайды ертіп, алып кететін болды. Байдалы артынан тағы арыз жібермеуге көніп, өзі қалаған Құнанбайдың он бес қыстауын тартып алады. Құнанбай Қарқаралыға кеткен соң, ел іші бірақ тыныштала түседі.

3

Күздің арты қыс болып, оқтын-оқтын Құнанбайдан хабар келіп тұрады. Ол Қарқаралыға барысымен аға сұлтандықтан түсіпті. Орнына бір болып, сосын түсіп қалған Бөкей төренің нәсілі Құсбек отырған екен. Құнанбай арғы ісін ойлап ұлық Черновқа талай пара ұстатады. Бірақ оған атысты іс-қағаздардың барлығы Омбыға кетіп болғандықтан, Құнанбайдың Омбыға баруына тұра келеді екен. Құнанбай қасына сенімді жігіт Мырзаханды ертіп алып, Майырдың пәтеріне барады. Құнанбай үстінен түскен арыздар сол Майырдың қолында болатын. Оны коньякқа тойғызып, Құнанбай Майырды алдап тұрғанда, Мырзахан арыздардың барлығын отқа жағып жібереді. Осыдан кейін Омбыда Көрпіс кеңсенің нақты дәлелі болмай, Құнанбайды он шақты күн шолақ-шолақ тергейді де, айыпсыз деп танып, еліне қайтарады. Құнанбай Қараралыдағы ұлықтармен қайта табысып, көктемге дейін сонда қалып қояды. Көктемде елге қайтып, Майбасардың орнына старшын болып сайланады.



4

Абай қыс бойы Ғабитхан мен Тәкежанға ілесіп, домбыра тартуды үйренеді. Қомбыраға қоса өзі Тоғжанға арнап тоқыған өлеңдерін жырлайтын. Көктем келгелі Тоғжанды қатты сағынып, саятшылықта жүргенде Тоғжан ауылындағы Ербол деген таныс жігітке кез болады. Ербол Абайға барынша көмектесіп, оның Тоғжанмен кездесуін ұйымдастырады. Абайдың шексіз шырқаған сезімі Тоғжанмен кездескен кезде, әсерлі жанара түседі. Екеуі таң атқанша махаббатқа бөленіп, отырысады. Абайдың өміріндегі ең қуанышты сәттері осы кездер болатын. Таң ата Ерболмен соншалықты ризалықпен қоштасады да, Қарауыл өзенін жағалай келіп жүріп кетеді.

5

Көктемнің жылы күндері шуақтай бергенде. Құнанбай ауылға оралады. Қалың ел оны бар қуанышпен қарсы алады. Мал сойылып, үлкен дастархан жайылады. Құнанбай ішке кіріп, енді бар ғұмырын бала сүйіп өткізгісі келетінін білдірді. Оған екі ұлы Тәкежан мен Абайды үйлендіретін кез келгенін білдірді. Алғашында Абай құанғандай болды, бірақ атастырғаны Ділдә болғандықтан қатты күрсінді. Сол сәтте Тоғжан есіне түсіп, оның алдында қылмыс жасағалы тұрғандай сезінді. Бірнеше күн қатты толғанып, жапа-жалғыз ойланып жүрді.



жүктеу 30,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау