Дәріc мазмұны
Балалар дарындылығының әлеуметтік – педагогикалық аспектілері.
Дарындылықтың ерекшелік түрлері.
Дарындылық – бұл адамның басқа адамдармен салыстырғанда бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде анағұрлым жоғары (ерекше) нәтижелі жетістікке жетуін анықтайтын өмір бойындағы психика сапасының дамуының жүйесі.
Дарынды бала – жарқын, анық, кейде көрнекті қызметтің жетістіктерімен айқындалатын бала.
Нақты баланың дарындылығы жеткілікті түрде шартты мінездеме болып табылады. Дарынды балалармен практикалық жұмысты ұйымдастыруда «дарынды бала» түсінігін емес, «дарындылық белгілері бар бала» түсінігін қолданған дұрыс. Дарындылықтың белгілері ретінде шынайы іс – әрекетте көрінетін және оның мінезін бақылау деңгейінде бағаланатын балалардың ерекшеліктері болады.
Дарындылықтың ерекшелік түрлерінің өлшемі арасынан келесілерді айтуға болады:
«Іс – әрекет түрлері және оны қамтамасыз ететін психика сферасы» критерийі бойынша дарындылықтың түрлерінің айқындалуы іс – әрекеттің бес түрімен жүзеге асады (3 психикалық сфераның қосылуын есептегенде): практикалық, теориялық (бала жастағы танымдық сфера), көркемдік – эстетикалық, коммуникативтік және рухани – құндылықтық.
«Дарындылықтың қалыптасу деңгейі» критерийі бойынша өзекті және потенциалды саралауға болады.
«Көріну қалпы» өлшеміне сәйкес айқын және жасырын дарындылық ажыратылады.
«Іс – әрекет түрлерінің әртүрлі көрінуінің өрісі» критерийі бойынша жалпы және арнайы дарындылықты бөлуге болады.
«Жас ерекшелік дамуының ерекшеліктері» критерийі бойынша ерте және кеш дарындылықты бөлуге болады.
Бала тұлғасының дарындылық көрінісінің маңызды мінездемесі ретінде ерекше құндылықтар жүйесі, яғни ерекше орын алатын дарындылыққа сәйкес келетін іс – әрекет болатын тұлғаның басымдылық жүйесі болып табылады.
Дарынды балалардың айрықша бөлігі үшін перфекционизм (жұмыста жетістікке жетуге ұмтылыс) сай.
Дарынды балаларда баланың өз күші мен мүмкіндіктері көрінетін өзін – өзі бағалаудың өз ерекшеліктері бар.
Негізінен дарындылығы бар балалар құрдастарымен өзара қарым – қатынастың арасындағы туындаған қиындықтар үшін тәуекел топтарға түседі. Көбінесе оларға оларды қабылдайтын және түсінетін қарым – қатынас топтары қажет.
Берілген топтағы балалармен жұмыста әлеуметтік педагогқа келесі бағыттар ұсынылады:
мекеменің басқа қызметкерлерімен бірге дарындылық белгісі бар балаларды анықтау, оларды ескеру, осындай балалардың отбасымен қарым – қатынас орнату;
ата – аналармен бірлесіп, баланың арнайы мекемелерге, үйірмелерге анықтау мүмкіндіктерін іздестіру;
білім беру мекемесінің әкімшілімен бірге мекеме негізінде әртүрлі шығармашылық топтар мүмкіндіктерін (тегін немесе жеңілдік негізінде) іздестіреді;
баланың дарындылық белгілерінің тұлғалық ерекшеліктерін практик психологпен кешенді зерттеу жүргізіледі, тұлғаның құрдастарымен, мұғалімдерімен әрекет ету барысын анықтау;
тұлғаның әлеуметтік сапаларының даму бағдарламасын талдау.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Балалар дарындылығының әлеуметтік – педагогикалық аспектілері қандай?
Дарындылықтың қандай түрлері бар?
№ 14 дәріс
Тақырып: Кәмелеттік жасқа толмағандардың психобелсенді заттарды қолдану профилактикасы.
Мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмағандардың психобелсенді заттарды қолдану профилактикасы жөнінде түсінік қалыптастыру.
Дәріс мазмұны
Профилактиканың реттік формалары
Профилактикалық бағдарламаны құрастыру және оны жүзеге асыру.
Кәмелетке толмағандармен психобелсенді заттарды қолдану профилактикасы − бұл психобелсенді заттарды қолдануға мүмкіндік беретін негізгі себептермен шарттарды жою немесе ескертуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қазіргі уақытта профилактиканың бірінші, екінші, үшінші реттік формалары бөлініп көрсетілген.
Бірінші реттік профилактика − бұл психобелсенді заттарды қолдануға қатысты ескерту шараларының кешені. Екінші реттік профилактика − психобелсенді заттарды ауық-ауық қолданатындарда аурудың қалыптасуын және оның асқынуын ескертетін шаралар кешені. Үшінші реттік профилактика − аурудың қайталануын тоқтатуға бағытталған шаралар кешені.
Кәмелетке толмағандардың психобелсенді заттарды қолдану проблемасын шешуде бірінші реттік (ерте) профилактика жүргізу тиімді болып табылады.
Кәмелетке толмағандардың психобелсенді заттарды қолдануын бірінші реттік профилактикада жеті маңызды тұрғысын немесе олардың байланысын бөліп көрсетуге болады.
Ақпаратты беру − бұл тұрғы мынаны болжайды, психобелсенді заттар және оларды қолданудың зардабы туралы білім деңгейлерінің жоғары болуы олардан бас тарту үшін тиімді құрал болып табылады.
Эмоционалды оқыту − бұл тұрғы психобелсенді заттарға тәуелділік көбінесе өз эмоцияларын көтсетуде және түсінуде қиындығы бар адамдарда дамиды деп болжайды. Мұндай адамдар стрестік жағдайда шешім қабылдау және уайымдау тәжірибесін жинақтамайды. Сонымен қатар, өз эмоциясын ашық көрсете алу қабілеті дұрыс дамымаған адамдар көбінесе қарым-қатынасқа түсе алмайды, сезімін еркін көрсете алмайды және құрдастарының арасында өзін төмен бағалайды. Сондықтан да эмоционалды оқыту бағдарламасының мазмұны «эмоционалды саңыраулық пен сақаулықты» («эмоциональной глухоты и немоты») жеңуде көмек көрсетуге саяды.
Когнетивті тұрғыда жасөспірімдердің проблемді мінез-құлқы оның функционалды проблема көзқарасы арқылы қарастырылады. Мысалы, психобелсенді заттарды қолдануға ұмтылу ата-ананың бақылауынан кету әдісінің бірі болуы мүмкін. Осындай позицияның негізінде индивидуалды біліктілікті көтеруге және әртүрлі негативті әлеуметтік әсерлерге жасөспірімдердің тұрақтылығын арттыратын бағдарлама жасақталады.
Психобелсенді заттарға қарсы әрекетте тәрбиелеу. Бұл біріншіден, құрдастарының әсеріне қарсылық көрсету, екіншіден, психобелсенді заттарды ұсынғандарға «жоқ» жауабын айту сияқты әлеуметтік іскерлікпен дағдыны дарыту тұрғысы.
Альтернатив қою. Бұл тұрғы альтернативті әлеуметтік бағдарламаның даму қажеттілігін көрсетеді. Бұл бағдарлама кәмелетке толмағандардың мінез-құлық белсенділігінің артуы: спецификалық белсенділікті ұсыну (мысалы, әскери − спорттық ойындар); жасөспірімдер үшін спецификалық белсенділік (мысалы, шығармашылық немесе спортпен айналысу) пен спецификалық қажеттілікті (мысалы, өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі) қанағаттандыру мүмкіндігі және тәуекелге ұмтылысын жүзеге асыра алу үшін қажет.
Әлеуметтік орта және құрдастарының әсері. Бұл тұрғы мына түсінікке негізделген: кәмелетке толмағандардың өміріне құрдастарымен жанұяның әсері маңызды роль ойнайды.
Денсаулықты нығайту. Бұл тұрғы денсаулық үшін әлеуметтік жауапкершілік пен жеке таңдаудың байланысына негізделген.
Кәмелетке толмағандардың психобелсенді заттарды қолдану профилактикасының бағдарламасын құрастыру мен жүзеге асыру келесі тұрады:
Ситуацияның шығу бағасы.
Бағдарлама мақсатының қойылуы.
Бағдарламаны дайындау.
Ресурстарды мобилизациялау.
Бағдарламаның тіршілік етуі.
Бағдарлама мониторингі.
Бағдарлама әсерін бағалау.
Кәмелетке толмағандарда алкоголизм профилактикасының бағдарламасы келесі принциптерге негізделуі тиіс: кешенділік (әртүрлі мамандардың өзара әрекеті); саралаушылық (оқушылардың жас ерекшелігіне сай мақсат, тапсырма және нәтижені жоспарлау және олардың психобелсенді заттарды қолдануға қызығушылық деңгейін анықтау); үздіксіз білім беру; жан-жақтылық.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Профилактиканың реттік формалары қандай?
Профилактикалық бағдарламаны құрастыру қалай жүзеге асады?
№ 15 дәріс
Тақырып: Қосымша білім беру мекемелеріндегі педагогикалық әлеуметтік жұмыстың ерекшелігі.
Мақсаты: Қосымша білім беру мекемелеріндегі педагогикалық әлеуметтік жұмыстың ерекшелігі және технологиясы жөнінде түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |