ЭСТРАДАЛЫҚ МУЗЫКА
Шет ел эстрадасы
Сабақта:
Эстрадалық музыкамен танысамыз;
Поп-музыка, француз шансоны жəне рок-музыка ерекшеліктерін білеміз;
Музыкалық терминдерді түсінуді үйренеміз;
Эстрадалық музыка үлгілерін тыңдаймыз;
Тыңдалған шығармаларға салыстырмалы талдау жа-саймыз;
Л.Марченконың «Я учу английский» əнін үйренеміз;
Поп жəне рок музыканың танымал орындаушылары-мен танысамыз.
Эстрадалық музыка – сахна өнерінің концерттік-сауықтық түрі. Ол кең аудиторияға арналған. Əсіресе, XX
ғасырда музыкалық өнердің осы түрі кең ауқымда дами түсті. Эстрадалық əндер тек қана ойын-сауыққа құрылмаған. Мəселен, эстрадада азаматтық əндер, патриоттық, бейбітшілік үшін күрес жəне тағы басқа тақырыптардағы əндер баршылық. Мысалы, И.О.Дунаевский, В.П.Соловьев-Седой, М.И.Блантер, А.Н.Пахмутова, Д.Ф.Тухманов жəне басқа да композиторлардың əндері де кеңінен танымал.
М.Матусовскийдің сөзіне жазылған В.П.Соловьев-Седойдың «Подмосковные вечера» əні бүкіл əлемге таны-мал. Композитор Дмитрий Борисович Кабалевский «Под-московные вечера» əнінің танымалдылығы жөнінде: «Бұл əн бізге танымал, ерекше интонациялардан құрылған жəне бұл – композитордың өте сəтті туындысы . Сонымен қатар, композитор бұл əнде өз заманының үнін дəл тауып ,ести білген», – дейді.
«Подмосковные вечера» əнінің əуені əлемде жиі орындалғандықтан, «Гиннестің рекордтар кітабына» енген. Əн 1957 жылы жазылған.
«Подмосковные вечера» əнін əр түрлі тілдерде тыңдаңдар: жапон тілінде – BONY JACKS, фран-цуз тілінде – Мирей Матье, орыс тілінде – Дми-трий Хворостовский жəне Анна Нетребко орында-уларында.
Əр түрлі орындауларды салыстырып жəне өз ойыңды айт.
Неліктен бұл əн əлемге танымал болды?
«Подмосковные вечера» əні не себепті əлемдегі көптеген адамдардың жүрегінен орын алды?
Əннің тақырыбына синквейн құрастыр.
Сонымен қатар, эстрада өнерінде поп-музыка жеке жанр (бағыт) болып табылады. Ағылшын тілінен аударғанда pop-music, popular music – танымал музыка дегенді білдіреді.
Америкада эстрада джазбен тығыз байланысты болды (мысалы, Фрэнк Синатраның шығармашылығы). АҚШ-тың поп-музыкалық сахнасының маңызды бөлігі соул жанрын орындаушылардан тұрады (Джон Уолтер Уитни Хьюстон, Рей Чарльз). Америкалық ең танымал поп бағытындағы əншілер – Мадонна, Бритни Спирс, Шер, Тина Тернер, Мэ-райи Кэри, Кристина Агилера, Уитни Хьюстон, Рианна, Се-лена Гомез жəне басқалар.
Француздардың сахнасында поп музыканың барлық бағыттары бар. Ерекше ұлттық жанры – француз шансоны болып табылады.
Қазіргі заман музыка мəдениетінде шансон деп атақты француз музыкасын атайды, ол француз тілінің ерекше ритмикасын сақтайды жəне ағылшын тілінің ықпалымен жазылған əндерден ерекшеленеді. Шансонның жұлдыздары
– Джордж Брассенс, Эдит Пиаф, Джо Дассен, Жак Брель, Шарль Азнавур, Мирей Матьё, Патрисия Каас жəне басқа. Француз шансондарының орындаушыларын əдетте шансо-нье деп атайды.
1970 жылы «диско» стилі пайда болды. ABBA, Boney M, Bee Gees жəне басқа да топтар шықты. Бүгінгі таңдағы эстрадалық музыка қатарына заманауи рок-музыканы да жатқызуға болады. Рок музыканың басты ерекшелігі – жеке жəне ансамбльдік орындаушылықты (топ) қолдану бо-лып табылады. Мəтінде өзіндік мазмұн болады. Ансамбль мүшелері немесе топтар аспапшылар мен əншілердің функциясына көп қосыла бермейді. Рок-музыка джаз му-зыкасынан ырғақтық құрылым, дыбыстау мəнері жағынан ерекшеленеді.
Ресейде рок-музыка элементтері вокалды-аспаптық ан-самбльдер шығармашылығында көрініс тапты.
44
Достарыңызбен бөлісу: |