82
6.5 Тойтармалы біріктіру
Тойтармалы біріктіру – бұл бөлшектерді тойтармалардың көмегімен
орындайтын ажырамайтын біріктіру. Соққылы және дірілдеуші жүктемелер
жағдайында
жоғары
тұрақтылықты
қамтамасыз етеді. Түйісу жазықтығына
параллель
әрекет
етуші
сыртқы
жүктемелер әсер ететін негізінен әуе
және
кеме
жасауда,
металл
конструкцияларда
және
басқа
да
бұйымдарда қолданылады.
Тойтарма – белгілі бір пішіндегі
басы бар цилиндрлік металл сырық.
Сырықпен
бірге
жасалынатын
тойтарманың басын салма басы, ал өзге
тойтармалы біріктірілетін бөлшектердің
бетінен шығып тұрған сырықтың
бөлігінен
тойтармалау
кезінде
жасалынатын басын - тұйықтаушы басы
деп
атайды.
Бетке
қойылатын
талаптарға байланысты тойтармалардың
бастары
жартылай
домалақ,
жасырынған, жартылай жасырынған
немесе жазық болулары мүмкін. ГОСТ
2.313-82
тойтармамен
алынатын
біріктірулердің шартты кескіндері мен
белгілеулерін тағайындайды. Тойтармамен алынатын біріктірулердің шартты
кескіндерінің мысалы 6.54 суретте келтірілген. 1 және 5 бөлшектері қапсырма
төсемдерді 3 пайдалана отырып, екі қатар тойтармалармен 2 және 4
біріктірілген. Бір ұшында басы бар тойтарма дайын тесікке сұғылып, екінші
ұшы
тойтарылады
(пластикалық
диформацияланады).
Осылайша
бөлшектердің берікте тығыз біріктіруі жасалады. Мысалда, басы жартылай
домалақ тойтарма 2 және басы жартылай жасырылатын тойтарма 4
қолданылған. Егер біріктіру бірдей тойтармалар қатарымен орындалса, онда
мұндай қатарда бір тойтарманы (үстіңгі көріністі қара) ғана кескіндесе
жеткілікті, ал қалғандарын өстік сызықтармен ғана көрсетуге болады. Егерде
әртүрлі тойтармалар қолданылса, онда бір типті тойтармаларға графикалық
(мысалы, бір бөлігін бояп) немесе әріптік белгілеу беріледі. Қатарлардың
орналасуы мен тойтармалар адымдары сызбада өлшемдермен көрсетіледі,
қосымша мәліметтер техникалық шарттарда белгіленеді. Сызбалардағы той-
тармалардың шартты белгілеуінде «Тойтарма» сөзі, сырық диаметрі
мм-мен,
сырық ұзындығы
мм-мен, материалдың тобы; қаптау тобы; стандарт нөмірін
көрсетеді. Мысалы: Тойтарма диаметрі 8
мм, ұзындығы 20
мм,
00 топтағы
материалдан, қаптамасыз:
Тойтарма 8×20.00 ГОСТ 10299-80. Тойтармаларды
6.54 сурет – Тойтармалы біріктіру
мысалы