66
тең. Ал қуманың екінші ұшындағы бұранда ұзындығы шамамен
алғашқысынан бес есе үлкен. Қума бұл ұшымен тежегіш сомын жағынан
фитингіге бұрап бекітіледі. ГОСТ 8969-75 қума параметрлерін тағайындайды.
Құбырларды муфтаның көмегімен біріктіру технологиясын екі кезеңге бөлуге
болады. Алдыменен қума 1 қысқа бұрандасы бар ұшымен іс жүзінде
жүргізілген құбырдың біріктірілетін бөлігіне (6.28 сурет ) бұрап бекітіледі.
Бұранданың ұзын бөлігіне тежегіш сомын 2 бұралған соң, төсем 3 кигізіліп,
содан кейін муфта оның бүкіл ұзындығына жуық аралыққа бұралады.
Муфтаның бос ұшына біріктірілетін құбыр 5 түйістіріледі. Құбырлар
бұралмайтындай етіп ұсталады да,муфтаны қумадан кері айналдырып
бұрайды. Муфта қуманы бойлай кері бұрала отырып, бір сәтте біріктірілетін
құбырға (6.29 сурет) бұралады. Муфта оның ұзындығының жартысына немесе
құбырдағы бұранданың қысқа бөлігіне толығымен бұралады. Бұдан кейін
төсемді муфтаға қарай жылжытып,оны тежегіш сомынмен қысады. Әдетте,
бұрандада саңлаулар болатыңдықтан, оны алдын-ала арнайы материалдың
(мастика,
ерекше қабықша, кендір) көмегімен тығыздайды.
6.30 суретте оқу жұмыстары үшін арнайы қума мен құбырдың арасында
саңылау қалдырылған күйіндегі кескіні көрсетілген, бұған қоса сол жақ
көріністің (
А көрінісі) профиль тілігімен (
Б-Б) беттестірілген кескіні
6.29 сурет - Біріктірмені монтаждаудың бірінші кезеңі
а - муфта,
б - тежегіш сомын,
в - қума
6.28 сурет - Құбыр жүргізудің біріктірмелі
бөліктері
67
келтірілген. Бұл түрлі жағдайларда, тұрғызулардағы айырмашылықтарды
көрсету үшін жасалынған.
6.2 Кілтекті біріктірулер
Кілтекті біріктірулер – бұл бұраушы моментті беруге арналған
ажыратылатын біріктірулер. Оларды біріктірілетін бөлшектерді центрлеу
дәлдігіне ерекше талаптар қойылмайтын жағдайларда қолданады. Сызбада
мұндай біріктіруді кескіндеу мысалы 6.31 суретте көрсетілген.
Кілтекті біріктіруде біліктің 1 және сыртқы бөлшектің 2 ендері бірдей
ойықтарына арнайы бөлшек -
кілтек 3 салынады. Кілтектер жазық жұмыс
бүйір беттерінен (жоғарғы немесе төменгі) тұрады және олар білікпен сыртқы
бөлшектің ойықтарының қабырғаларымен жанасып бұраушы моментті береді.
Кілтекті біріктірулер білік өсі бойымен жылжитын немесе жылжымайтын
болулары мүмкін. Кілтектердің және кілтек ойықтарының қималарының
өлшемдері тиісті стандарттар кестелерінен білік диаметрлеріне сәйкес таңдап
алынады. Кілтекті біріктірулердің бойлық тіліктерінде барлық кілтектерді
тілінбеген күйінде көрсетеді. Мұндай біріктіруде білік өсіне параллель
проекция жазықтығында сыртқы бөлшекті 2 (осы жағдайда ол шкив) тілікте
көрсетеді, ал білікті 1 кілтек конструкциясын анықтау үшін жергілікті
тілігімен бірге кескіндейді.
Егер де кілтектің пішінін көрсету қажет болса, онда
оның басқа кескінін
орындайды, мысалы үстінгі көрінісін. Онда – сыртқы бөлшекті тілікте, ал
білікпен кілтекті көрініспен көрсетеді.
6.30 сурет - Құбырларды муфтамен біріктірудің кескіні