45
3) Басты көріністі тұрғызу үшін, оның пішіні мен өлшемдері туралы
неғұрлым толық түсінік беретін бөлшектің орналасуын таңдау.
4) Кескіндердің қажетті санын анықтау – көріністердің, тіліктердің,
қималардың, шығару элементтерінің .
Негізгі кезең:
1) Кескін масштабын таңдау.
2) Өстік және центрлік сызықтарды жүргізу, бөлшек кескіндерінің және
конструктивтік элементтердің (қиықжиектер, арықшалар және т.б.)
контурларын сызу. Стандартты элементтер болған жағдайда олардың
стандартты кескіндері пайдаланылады.
3) Шығару және өлшем сызықтарын түсіру, сонымен бірге сыртқы
элементтердің өлшемдерін көрініс жағынан, ал ішкілерінікін – тілік жағынан
қою ұсынылады.
4) Бөлшектің тіліктері мен қималарында сызықтауды орындау.
5) Қажетті жазуларды (кескіндер атаулары, техникалық талаптар және
т.б.) орындау.
6) Негізгі жазуды орындау.
6 Біріктірулер туралы ұғым. Бұрандалы біріктірулер және оларды
сызбада кескіндеу
Егер бұйым бір емес, бірнеше бөлшектен тұратын болса, және олар
бірігіп, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс болса, онда бұл бөлшектер
өзара белгілі бір ретпен біріктірілулері тиіс. Конструкциясына және
пайдалану шарттарына байланысты бөлшектерді біріктірулер жылжымалы
және жылжымайтын болып бөлінулері мүмкін. Жылжымалы біріктірілген
бөлшектер жұмыс жағдайында өзара белгілі бір траекториямен орын
ауыстырулары мүмкін. Жылжымайтын біріктіру бөлшектері жұмыс
жағдайында орын ауыстыра алмайды.
ГОСТ 23887–79 сәйкес біріктірулер келесі түрлерге бөлінеді:
а) ажырайтын, яғни көп рет ажыратылып және біріктірілетін, бірақ
біріктіруді
де,
сондай–ақ
бекіту
бөлшектерін
де
бұзбай
және
деформацияландырмай біріктіретін. Ажырайтын біріктірулерге бұрандалы,
кілтекті, ойма кілтекті және
сыналы біріктірулер жатады;
б) ажырамайтын – біріктіруді қалыптастыратын бөлшектердің,
болмағанда біреуін зақымдамай ажыратуға болмайтын бөлшектердің
біріктірулері. Ажырамайтын біріктірулерге пісірмелі, дәнекерленген,
желімделген, армирленген, тойтармаланған және кейбір басқа да
біріктірулерді жатқызуға болады.
6.1 Бұрандалы біріктірулер
6.1.1 Бұранда және оны сызбада кескіндеу.
Бұрандалы
біріктірулер
неғұрлым
кең
тараған
ажырайтын
біріктірулердің түрі болып табылады. ГОСТ 22887-79 бойынша бұрандалы
46
біріктіру деп бұйымның құрамдас бөлігі ретінде бұрандасы бар бөлшек
қолданылған
біріктіруді
айтады.
Бұранда
деп–берілген
профильді
қалыптастыратын жазық контурды цилиндрлік немесе конустық бетпен
винттік қозғалысынан жасалған бетті айтады. Бұрандалардың барлық негізгі
типтері стандартталған.
Бұранда бірнеше белгілері бойынша жіктеледі:
а) профиль пішіні бойынша бұрандаларды үшбұрышты, трапециялық,
домалақ, тікбұрышты және т.б. профильдегілерін ажыратады;
б) бұранда салынатын бет пішіні бойынша олар цилиндрлік және
конустық болып бөлінеді;
в) бұранданы, бетте орналасуына қарай сыртқы (бұрандама) және ішкі
(сомын)
деп бөледі;
г) бұранданы қолданып мақсатына қарай бекітпелі (метрлік, құбырлық,
дюймдік) және жүрісті (трапециялық, тікбұрышты профильмен) деп бөледі.
д) винттік беттің бағытына байланысты бұрандалар оң және сол деп
бөледі. Әдетте, бұйымдарға
оң бұранда ойып салынады;
е) кірмелер саны бойынша бұрандалар бір кірмелі және көп кірмелі
болып бөлінеді.
Әрбір бұранда бір қатар параметрмен сипатталады, төменде оның
негізгілері қарастырылады (6.1 сурет).
Бұранда профилі – бұранда өсі арқылы өтетін жазықтықтағы бұранда
қимасының контуры.
Профиль бұрышы α – профильдің бүйір беттерінің арасындағы бұрыш.
Бұранданың сыртқы диаметрі d (D) – бұл сыртқы бұранданың
дөңестері
және ішкі бұранданың ойыстары орналасқан диаметрлер.
Бұранданың ішкі диаметрі d
1
(D
1)
– бұл сыртқы бұранданың ойыстары
6.1 сурет – Бұранданың негізгі параметрлері
бұранданың өсі