35
Беті толық торланған, бұдырланған (рифление), өрнектелген (орнамент)
және т.б. тұратын заттардың сызбаларында бұл элементтерді шамалап
қарапайымдандырып кескіндеуге болады (4.23 сурет).
Біріктірулердің жекелген түрлерінің кескіндерінде қолданылатын
шарттылықтар мен қарапайымдылықтар осы оқулықтың тиісті бөлімдерінде
қарастырылатын болады.
4.5 Бөлшектер материалдары және олардың сызбалардағы
белгіленуі
4.5.1 Негізгі жазудағы бөлшек материалының белгіленуі. Машина мен
механизмдер бөлшектерін жасау үшін түрлі металдар, олардың қорытпалары,
сондай–ақ металл емес материалдар қолданылады. Материалдың белгіленуі
тиісті стандартпен тағайындалады және бөлшек сызбасының негізгі
жазуындағы «Материал» графасына жазылады. Материалдың белгіленуі оның
атауынан, маркасынан және стандарт нөмірі немесе техникалық шарттардан
4.23 сурет – Бұдырлаудың қарапайымдандырылған кескіні
4.22 сурет – Алдыңғы көріністің жартысын фронтал тілігінің
жарысымен біріктіру
36
тұрады, мысалы: Болат 45 ГОСТ 1050-94. Егер материалдың шартты
белгіленуіне оның қысқартылған атауы Ст,СЧ, Бр және т.с.с. енетін болса,
онда Болат, Сұр шойын, Қола және басқалар секілді атаулар көрсетілмейді,
тек шартты белгілеуі ғана жазылады, мысалы Ст3 ГОСТ 380-2005.
Сортталған материалдан (сортаменттен) жасалынған бөлшек үшін
бөлшек материалын стандартта оған тағайындалған белгілеуіне сәйкес жазып
көрсетеді.
Неғұрлым кең таралған материалдардың белгілеулерін қарастырайық.
1. Сұр шойын (ГОСТ 1412-85).
Белгілену мысалы: СЧ 15 ГОСТ 1412-85.
Шойын маркасының белгілеуіндегі сандар – созылу кезінде 10-ға
бөлінген МПа -дағы беріктік шегін білдіреді.
2. Кәдімгі сападағы көміртекті болат (ГОСТ 380–2005).
Шығарылатын маркалар: Ст0, Ст1, …, Ст7; мұнда болат маркалары
олардың құрамындағы көміртек мөлшерінің өсу ретіне сәйкес орналасқан,
сөйткенімен болат маркаларының белгілеулеріндегі сандар оның сандық
құрамын білдірмейді, тек қана болаттың реттік нөмірін ғана көрсетеді.
Белгілену мысалы: Ст3 ГОСТ 380-2005.
3. Сапалы конструкциялық көміртекті болат (ГОСТ 1050–94).
Шығарылатын маркалар: 08, 10, 15, 20 және басқа, құрамында қалыпты
марганеці бар, немесе 15Г, 20Г, 30Г және басқа, құрамындағы марганец
мөлшері жоғары. Болат маркілеуіндегі екі белгілік сан, ондағы көміртектің
орташа құрамын, пайыздың жүзден бір бөлігіндегі мөлшерімен анықтайды.
Белгілеуіндегі Г әрпі – оның ең аз құрамы 1%-дан жоғары болған кездегі
марганецтің жуық құрамын көрсетеді. Мысалы: Болат 20 ГОСТ 1050-94 .
4. Конструкциялық легірленген болат (ГОСТ 4543–71).
Жоғары беріктік, тозуға төзімділік, ыстыққа төзімділік, коррозияға
қарсылық және т.с.с. талаптар қойылатын машина бөлшектерін жасау үшін
қолданылады. Легирленген болаттың неғұрлым кең тараған маркалары:
хромды – 20Х, 30Х; хромванадийлі – 20ХФ; хроммарганецті – 35ХГ2;
хромникельді – 20ХН, 40ХН.
Болат маркасындағы екі белгілік сандар – пайыздың жүзден бір
бөлігіндегі көміртектің орташа мөлшердегі құрамын көрсетеді, ал әріптердің
оң жағындағы сандар тиісті элементтің пайыздық мөлшерін білдіреді.
5. Жез (латунь) (ГОСТ 17711–93 және ГОСТ 15527-2004) – мыстың
цинкпен қорытпасы, подшипниктер арматурасы, төлкелер, қыспа сомындар
және т.б. бөлшектерді жасау үшін қолданылады. Белгілеу мысалы: ЛАЖМц66-
8-3-2 ГОСТ 17711-93, мұнда Л – жез, А – алюминий, Ж – темір, Мц –
марганец, 66 саны құрамындағы мыстың, 8 – алюминидің, 3 – темірдің, 2 –
марганецтің, қалғаны – цинктің пайыздық мөлшері.
6. Қола – құрамында қалайы, цинк, қорғасын және басқа да металдар
бар, мыс негізіндегі көп құрамды қорытпа.
Қалайыланған
құймалы
қола
(ГОСТ
613–79).
Арматуралар,
антифрикциялық бөлшектер және басқаларды жасау үшін қолданылады.
37
Белгілену мысалы: БрОЦС3-12-5 ГОСТ 613-79 – құрамы 3% қалайыдан, 12%
цинктен, 5% қорғасыннан, қалғаны – мыстан тұратын қорытпа.
Қалайысыз қола (ГОСТ 18175–78). Келесі маркалары шығарылады:
БрА5, БрАМц9-2, БрАМц9-2Л, БрАЖ9-4, БрАЖМц10-3-1,5, БрАЖН10-4-4Л
және басқалары. Мұнда: А – алюминий, Ж – темір, Мц – марганец, Н – никель,
Ф – фосфор. Төлкелерді, бұрамдық дөңгелектерін, мойынтірек төсемдерін
және басқаларды жасау үшін қолданылады. Белгілену мысалы: БрАМц10-2
ГОСТ 18175-78.
7. Қысыммен өңделетін алюминий қорытпалары (ГОСТ 4784–97).
Шығарылатын маркалар: алюминий – магний негізді – АЛ8, АЛ13, АЛ22
және басқалар, алюминий – кремний негізді – АЛ2, АЛ4, АЛ4В және басқалар,
алюминий – мыс негізді – АЛ7, АЛ7В және басқалар. Құюға арналған
көрсетілген қорытпалар үшін бастапқы әріп А дан кейін Л қойылады.
Прокатқа, штамптауға арналған қорытпалар үшін К әрпі қойылады.
Алюминий мен кремнийдің қорытпалары силумендер күрделі пішінді
бөлшектерді, мысалы карбюраторларды жасауға арналған. Силуминді
белгілеу мысалы: АЛ2 ГОСТ 2685-75, мұнда 2 – силумин нөмірі.
Алюминий магний және мыспен қорытпасы дуралюмин деп аталады. Ол
өте берік және жақсы штампталады. Мысалы: Алюминий 18 ГОСТ 4784-97.
8. Пластмассалар – полимер материалдар (ГОСТ 5689-79). Өндірісте
түрлі пластмассалар, соның ішінде металл қорытпаларымен армирленген
кеңінен қолданылады. Белгілену мысалы: қалыңдығы 6,0 мм екінші сортты I
маркалы гетинакс – Гетинакс 12с-6,0 ГОСТ 2718-74; қалыңдығы 20 мм
жоғары сортты текстолит – Текстолит ПТК-20, жоғары сортты ГОСТ 5–78.
9. Сортамент түрінде шығарылатын материалдар: Анықталған өлшем
мен профильдегі (сым темір, табақ темір, таспа темір, құбырлар және т.б.)
материалдан жасалынған бөлшектер үшін мыналар көрсетілуі тиіс: материал
атауы, сортамент белгіленуі (маркісі, тип өлшемі), сортамент ГОСТ материал
маркасы.
Белгілену мысалдары:
Бұл белгілеу мынаны білдіреді: алымында – қалыңдығы 10 мм, ені 70
мм, сортамент ГОСТ 103–2006 бойынша, бөлімінде – болат Ст3, ол ГОСТ
535–2005 техникалық талаптары бойынша шығарылады.
Сым темір 1,2-П-О-С ГОСТ 3282-74.
Бұл белгілеу мынаны білдіреді: сым темір диаметрі 1,2 мм, термиялық
өңделген, ашық, ГОСТ 3282-74.
Құбыр 20 х 2,8 ГОСТ 3262-75.
Достарыңызбен бөлісу: |