Жалпы ережелер:
«Қазақстан Халық Банк» АҚ – юристік «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы» заңды күші бар. Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын юристік тұлға банктік қызметті іске асыруға толық құқылы.
Банктің ресми статусы Ұлттық Банктің оның ашылуына рұқсат беруімен, Министрлік юстицияда банк есебіндегі юристік тұлғаның мемлекеттік регистрациясы және банктік операция жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің қолдағы бар лицен-зиясымен анықталады. “Халық банкі” Қазақстан Республикасының тұтас банктік системасына кіреді және депозиттік банк болып табылады. Ұйымдық – құқықтық формасы – акционерлік қоғам.
«Банктің толық фирмалық атауы:
Орыс тілінде: Акционерное общество «Народный банка»
Банктің қысқартылған фирмалық атауы:
Қазақ тілінде: АҚ « Халық банк »
Орыс тілінде: АО « Халық банк »
Банк қызметі конституциясымен және Қазақстан Республикасы заңдарының актілерімен, 1995ж 31 августінен «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы» күшіне енген Қазақстан Республикасы президентінің басқа актілерімен, халықаралық шарттармен, Қазақстан Республикасы бекіткен келісімдермен, сонымен қатар негізгі Жарлық бойынша оның компетенциясына қатысты сұрақтарды Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен және заңдар актілерімен шешу және қалыптастыру үшін шығарылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің нормативті актілермен реттеледі.
Банктің мекен жайы – Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласы М.Әуезов көшесі н/ж. Банктің Жетісай қаласы басқармасындағы корреспонденциялық есеп шоты №292199
Банктің ресми тілдері қазақ тілі, орыс тілі болып табылады.
Банк шектеусіз мерзімге құрылады.
Банктік қызмет:
Банктік қызмет болып банктік операциялардың жүзеге асуы, сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы» заңды күші бар. Қазақстан Республикасы Жарлығында қалыптасқан басқа да банктер операциялары табылады. Халық банкі төмендегі операцияларды жүргізу үшін банкке лицензия беру құқығына ие.
Банк мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:
– юристік тұлғалардың депозитін қабылдау;
– физикалық тұлғалардың депозитін қабылдау;
– банктердің корреспонденциялық есебін және банктік емес финанстық мекемелердің, сондай-ақ банктердің металдық есеп-шотын ашу және жүргізу.
– кассалық операциялар: қабылдау, қайта есептеу, айырбастау, алмастыру, банкноттар мен монеттерді орау мен сақтау.
– аудармалық операциялар: юристік және физикалық тұлғалардың ақшалай аудару жұмысы бойынша тапсырыстарын орындау.
– есепке алу операциялары: вексельдерді және басқа да юристік және физикалық тұлғалардың қарыздық міндеттерін есепке алу.
– несиелік операциялар: кредиттердің ақшалай формада қойылуы;
– инвестициялық қаражат жарлықшыларының немесе иелерінің тапсырысы бойынша капиталды салымдардың қаржыландырылуы;
– сенімділік операциялар: сенушінің тапсырыс және қызығушылығы бойынша ақшалай қаражатты басқару;
– клирингтік операциялар: теру, жинау, сорттау және төлемді растау, сондай-ақ оларды өзара зачетпен өткізу және клирингке қатысушылардың таза позицияларын анықтау;
– сейфтік операциялар: құнды қағаздар, құжаттар мен клиенттердің бағалыларын, оның ішіне сейфтік жәшік, шкаф және жайын арендаға беруін қосып сақтау бойынша қызмет;
– чектердің эмиссиясы;
– инкассаға, акцептке және төлем құжаттарын растауға қабылдау;
– төлем карточкаларын шығару;
– банкнот, монета және құндылықтардың қайта жіберілуі мен инкассациясы;
– шетел валютасымен ұйымның айырбас операциялары.
Негізгі жарғылықтың көрсетілген Банк Қазақстан Республика-сының Ұлттық Банк інің лицензиясын алған кезде мына операцияларды іске асыруға құқылы:
* сатып алу, аманатқа, есепке сақтауға және қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс,платина, платиналық топтан жасалған металдар) тұтастай түйіршік түрінде, ұнтақтап, тұздап, қымбат бағалы металдан жасалған монеталарды, сондай-ақ қымбат тастар мен қымбат металдардан тұратын зергерлік бұйымдарды сату және қабылдау;
* кепілдемелік операциялар: кепілдік және басқа міндеттеме-лерді ақшалай түрде орындауды қарастыратын үшінші тұоғаға беру,
* келісілген мерзімге жалға берілетін жалдаушының меншігін сақтау құқығымен мүлікті жалға беру;
* меншіктік құнды қағаздар эмиссиясын (акциялар, облигациялар, векселдер және депозиттік сертификаттар);
* факторлық операциялар; сатып алушыдан тауарды (жұмыс,қызмет) төлемеу тәуекелімен қабылдап, төлеу талабына құқықты мүліктену;
* форфейтингтік операциялар: сатып алушының тауарларға, жұмыс қызметке вексел сатып алу жолымен ұзақ мерзімдік міндеттеме бойынша төлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |