135
Мұндай сыныпта оқытушы қуаттаушы болып, таным процесін бағыттайды,
олар ӛздерін үйренуші деп таниды, әрі оқушының жеке тәжірибесі,
әлеуметтік қарым-қатынас пен ізденуге негізделген орта құрады»,– деп
түсіндіреді.
Әдебиет пәнінде RWCT жобасын қолдану, басқа оқыту техноло-
гияларынан да белсенділікпен жүргізіліп келеді. Оның белгілі себептері де
жоқ емес. Әдебиет сабағынының басты міндеттерінің бірі – кӛркем мәтінді
оқу екендігі белгілі. Ал әдебиет пәнінің мақсаты мен міндеттерінде
оқушының ойлау белсенділігін дамыту, жазба тілі мен сӛйлеу тілін дамыту,
ӛзіндік дүниетаным мен пікір қалыптастыру ең басты орынға шығады.
Аталған жобаның негізінде де осы талап-мақсаттар бар. Әрі үнемі «оқу» мен
«жазу» арқылы жүзеге асырылатын оқу-танымдық әрекеттер әдебиет пәнінің
мазмұнымен қабысып жатыр. Сондықтан да әдебиет сабағында «Оқу мен
жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасын қолдану тиімділік
танытады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бірнеше әдіс-
тәсілдердің үйлесімді жүйесін құрайды. Оларға INSERT, РАФТ, ЖИГСО,
кубизм, кластер, аялдай отырып оқу т.б. әдістерін атауға болады. Жобадағы
бірнеше әдістерге (статегияларға) тоқталайық.
INSERT-ұтымды құрал, ӛйткені ол оқушыларға ӛзі оқыған әңгіме
түсінігін тексеруге, ӛз ойын айтуға басшылық етеді. Бір әңгіменің соңына тез
жету және оқығанды еске сақтау, еске түсіріп отыру – әрбір оқушыға белгілі
жайт. Әңгімені түсінбей, мәселені ӛз ӛмірімен байланыстырмай, түсінуге
тырыспай, қалай болса солай оқу – ең жиі кездесетін оқудың түрі. Оқушылар
кӛбінесе оқығанда, басқа да тәжірибеде ӛз ӛмірімен жақсы ұштастыра
білмейді. Мағынаны тани білу-үйрену деңгейінде ең қиын сатының бірі. Егер
оқушы ешқандай мақсатсыз оқыса, үйрену мүмкіншілігі босқа кетуі мүмкін.
INSERT – мәтінді түсіну үшін керек бірден-бір әдіс. Негізгі мақсаты –
біріншіден, тақырыпқа байланысты оқушы ойын ояту кезінде мәтінмен
жұмыс жасауға кӛмектесу, қызығушылық деңгейін кӛтеруге жұмыс жасау.
Екіншісі, оқушының ӛзі түсінген, қабылдаған білімді басшылыққа алып
жұмыс жасауына кӛмектесу. Кӛркем мәтінді терең игерген, нағыз оқырман
жаңа ақпараттар деңгейінде ӛз білімін басшылыққа ала алады. Әңгімені оқу
барысында жақсы оқырман түсінбеген жерлерін қайта оқып отырады.
Оқушыларға ұсынылған мәтінді оқу барысында «түртіп алу», яғни
ӛзіне қажетті мәліметті белгілей отырып оқу әрекеті болады. Келесі кезекте
«түртіп алу» кестесін толтырады да, сол кестелерді жұп болып талқылайды.
Жұптық талқылаудан кейін топ болып талқылауға ойысады. Соңында тұтас
сынып оқушылары мәтін бойынша жалпы кесте толтырады. Пікір -талас
тудырған даулы тұстары талқыланады. Мұғалім пікір -талас тудыруы үшін
сұрақтарды алдын – ала даярлайды. Сол сұрақтарды анықтау барысында
жалаң түрдегі сұрақ-жауап алынбай, әр сұрақтан кейін оқушыларға ойлануға,
пікірін жазуға уақыт беріліп отыруы керек. Басты мақсат – пікір-таласта
белгілі бір ақпаратты анықтау ғана емес, оқушылардың ӛзіндік кӛзқарастары
мен ӛз ойын ашық білдіруге жағдай туғызу.
136
КУБИЗМ – тақырыпты жан - жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын
оқыту стратегиясы. Кубизм стратегиясы бойынша ойлау мен жазуға
кӛмектесу үшін кубикті және оның жан-жағындағы сӛздерді қолданады. Ол
кубикті қағаздан 15 тен 20 см кӛлемінде жасау керек. Кубиктің әр жағына 6
кӛмекші сӛздер мен сӛз тіркестерін жазу керек.
– Суреттеңіз;
– Салыстырыңыз;
– Ойға байланыстырыңыз;
– Саралаңыз;
– Қолданыңыз;
– Талқылаңыз немесе қарсы болыңыз.
Мұғалім берілген тақырып бойынша осы үдерісте оқушыларға 3-4
минуттай еркін жаздырады. Әдіс мынандай іс-әрекеттермен жүзеге асады:
біріншіден, тақырып беріледі. Содан соң оқушыларды сол тақырып туралы
ойлауға және оны суреттеуге бағыттайды, басқаша айтқанда пәнге тақырыпқа
еніп, ӛздерінің түсінгендерін суреттеу керек. Берілген бағыт бойынша, бірақ
еркін түрде тақырып туралы оқушылар ӛз ойын жазуы керек. Бұл іс-әрекет
кубик алты жағындағы кӛмекші сӛздерді түгел қамтып біткенге дейін
жалғасады.
–
Суреттеңіз: тақырып бойынша түсінгеніңізді суреттеңіз, түсі, кӛлемі және т.б.
– Салыстырыңыз: Неге ұқсас? Басқалардан қандай айырмашылығы бар?
– Ойыңызды жүйелеңіз: Нені еске салады? Ұқсас заттар бар ма, әлде бӛлек
заттар ма? Ойыңызбен шолып ӛтіңіз, осы мәселеге байланысты қандай
нәрселер бар, біліңіз.
– Саралаңыз: қалай жасалғандығын айтыңыз (ӛзіңіз жасаңыз, соны айтыңыз).
– Қолданыңыз: онымен не істеуге болатындығын айтыңыз. Қалай қолда-
нылатынын айтыңыз.
– Талқылаңыз немесе қарсы пікір, уәж айтыңыз:
Ӛз ойыңызда қалуға табандылық жасаңыз. Ӛзіңіздің дәлеліңізді –
логикалық, дұрыс емес немесе дұрыс ой мен бұрыс ойдың ортасынан
туындаған бір пікірді айтыңыз. Жазған кезде оқушылар кубтың 6 жағындағы
сӛйлемдерге жауап беруі керек. Алғашқыда ӛз кӛршісімен ой алмасып, ӛз
ойын ортаға салады. Әр адам кубтың 3 жағын таңдап алып, сол туралы
жазғанын ӛз серігіне оқып береді.
Ӛз ойын ортаға салған кезде, бір ғана мақсат, ол – аса ұтымды
талқылап, ой алмасу керек. Бір жұптың біреуі оқып болғаннан соң екіншісі
сӛйлеп «мадақтайды» және «сұрақ» қояды. Біз, әсіресе, бізге қатысты арнайы
ойларды ерекше етіп кӛрсетіп жауап береміз және оларды «жақсы болды»
деп қана айтқызып қоймай, олардың нені ұнатқанын және неге ұнатқанын
тыңдап қолдау кӛрсету керек. Мысалы мынандай сұрақтар арқылы: «Сіздің
ӛз танымыңызды суреттегеніңіз ұнайды, менің оның бұрын сондай екендігін
бұрын соңды білген емеспін», немесе «Мен түсінбедім...», немесе «Бұл
туралы кӛбірек білгім келеді».
Топ мүшелеріне суретте, салыстыр және т.б. оқығысы келетіндерге топ
алдында ӛз жазғанын оқуға мүмкіндік беру керек. Жұптың біреуі екіншісін
Достарыңызбен бөлісу: |