9а сынып №36 сабаќ



жүктеу 5,45 Mb.
бет11/11
Дата13.02.2020
өлшемі5,45 Mb.
#28959
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


  Жердің өз осінен айналатындығынан жұлдыздар аспанда орын ауыстырып қозғалып жүрген сияқты болып көрінеді. Егер бетімізді горизонттын оңтүстік жағына беріп, Жердің солтүстік жарты шарының, орталық ендіктеріндегі жұлдыздардың, тәуліктік қозғалысын бақылайтын болсақ, онда мынаны байқауға болады: жұлдыздардың, горизонттың шығыс жағында туып, оңтүстігіне қарай ең, жоғары көтеріліс, батыс жағында бататынын, яғни олар сағат тілі бағытында солдан онға карай қозғалатынын байқауға болады. Назар салып қарасак, Темірқазық жұлдызы горизонтқа қатысты өзінің орнын онша өзгертпейтінін байқауымызға болады. Ал басқа жұлдыздар бір тәулік ішінде толык, дөңгелек (центрі Темірказықтың маңында) сызып шығады. Бұған айсыз түні қойылған мынадан тәжірибе арқылы оңай көз жеткізуге болады. Фотоаппаратты «шексіздікке» оңтайлап, оны Темірқазықка бағыттайық та, осы қалпынан тапжылтпай бекітейік. Объектив түгел ашылып тұратын етіп, затворды (қалқан) жарты не бір сағат ашайық. Осылайша түсіріліп алынған суретті айқындағаннан кейін, одан біз концентрлі доғаларды - жұлдыз жолынын. іздерін көреміз. Осы доғалардың ортақ центрі, яғни жұлдыздардың тәуліктік қозғалысы кезінде мызғымай өз орнында калатын нүкте - шартты түрде солтүстік дүние полюсі деп аталады. Темірқазық оған өте жақын. Оған диаметральды қарамақарсы нүкте дүниенің оңтүстік полюсі делінеді. Солтүстік жарты шарда ол горизонттан төмен орналасады.

Аспанның тәуліктік айналысы кұбылысын аспан сферасы делінетін математикалық салуды пайдаланып зерттеу ыңғайлы. Ол центрі бақылау нуктесінде болатын, кез келген радиуспен алынған жорамал сфера. Оның бетіне барлық шырақтардың көрінерлік орындарын проекциялайды да, ыңғайлы болу ушін бірқатар нуктелер мен сызықтар жүргізіледі. Бақылаушы арқылы өтетін LCZ¢ тік сызығы, біздің нақ төбемізде, аспанды Z зенит нуктесінде қиып өтеді. Оған диаметральды қарамақарсы нукте LCZ', надир деп аталады. Z' сызығына перпендикуляр жазықтық (NESW) горизонт жазықтығы болып табылады, бұл жазықтық жер шарының бетімен бақылаушы тұрған нүктеде жанасады.

Ол аспан сферасының бетін екі жарты сфераға бөледі: барлық нүктелері горизонттан жоғары орналасқан көрінерлік және нүктелері горизонттан төмен орнаяасқан көрінбейтін жарты сфералар.

Дүниеніқ екі полюсін (Р және Р') қосатын жэне бақылаушы (С) арқылы өтетін аспан сферасынық көрінетін айналу осін дүние осі деп атайды. Кез келген бақылаушы үшін дүние осі Жердің айналу осіне әрқашан параллель болады. Горизонтта дүниенің солтүстік полюсі астында солтүстік нүктесі N жатыр, оған дйаметральды қарамақарсы нүкте S - оңтүстік нүктесі. NCS сызығы талтүстік сызық деп аталады, өйткені тал түсте вертикаль қойылған стерженьнің горизонталь жазықтықтағы көлеңкесі әлгі сызықтың бойымен түседі. Шығыс Е және батыс W нүктелері горизонт сызығының бойында жатады. Олар солтүстік N және онтүстік S нүктелерінен 90° қашықтықта тұр. N нүктесі, дүние полюстері, Z зенит және S нүктс арқылы аспан меридианының жазықтығы өтеді де, ол бақылаушы үщін оның географиялык. меридиан жазықтығымен беттеседі. Ақырында, сфера центрі арқылы дүние осіне перпендикуляр өтетін аспан экваторы жазықтығын құрайды, ал ол Жер экваторы жазықтығына параллель болады. Аспан экваторы аспан сферасыньщ бетін екі жарты шарға төбесі дүниенің солтүстік полюсінде жататын солтүстік жарты шарға жәңе төбесі дүниенің оңтүстік полюсінде жататын онтүстік жарты шарға бөледі.

  VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§38,39,40 дайындық сұрақтарын талдау.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

30-жаттығу (1,2), тапсырма 1, 31-жаттығу 1,2 сыныпта орындау.



VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §38,39,40 дайындық сұрақтары. 30-жаттығу (3), тапсырма 2, 31-жаттығу 3,4
жүктеу 5,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау