Жеке кәсіпкерлік субъектілері келесілер үшін жауапкершілікте болады: - 1. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін;
- 2. Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке, демпингке қарсы шаралар туралы заңнамасын бұзғаны үшін;
- 3. Қазақстан Республикасының тауарлар импарты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін.
- Казіргі кезде кәсіпкерлік сферасындағы заңдық жауапкершілік түрлерінің қатарына әкімшілік жауапкершілікті жатқызуға болады. Әкімшілік құқық- бұзушылық ( азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке қол сұғуды көздейтін заңға қайшы әрекеттер) жасалған кезде, әкмшілік жауапкершілік туындайды. Әкімшілік жауапкершіліктің іс-шаралары заң бұзушыға моральдық және материалдық ықпал етуді қамтиды
Достарыңызбен бөлісу: |