1. Қайықтың желкенінің ауданы 60 м2 болса, оған желдің қысымы 80 Па. Желкенге түсірілген күш
A) 135Н
B) 480 Н
C) 13500Н
D) 19200Н
E) 4800Н
|
2. T = 267 К температураға Цельсий шкаласында сәйкес келетін температура
A) 6 °С.
B) 10 °С.
C) -6 °С.
D) -10 °C.
E) 0 °С.
|
3. Зарядтың өлшем бірлігі
A) Ампер
B) Вольт
C) Ом
D) Кулон
E) Ватт
|
4. Жерге салыстырғанда Күнге жақындау орналасқан планеталар
A) Ай, Титан
B) Нептун, Плутон
C) Меркурий, Шолпан
D) Сатурн, Уран
E) Марс, Юпитер
|
5. Мұз кубы аузы ашық суы бар термоста еріді. Бұл жағдайда су мен мұздың температурасы 00С өзгермеген күйінде қалды. Қоршаған ауаның температурасы +200С. Осы кезде мұз энергияны
A) ауаға және суға береді.
B) энергияны жұтпайды, энергия бермейді.
C) ауадан және судан жұтады.
D) ауадан жұтады, суға береді.
E) ауадан жұтады, суға бермейді
|
6. Жазық конденсаторға қатысты төмендегі тұжырымдардың дұрысы
Жазық конденсатордың электр сыйымдылығы
1. астарларының ауданына тәуелді емес
2. астарларының арасындағы кеңістікті толтырған заттың қасиеттеріне тәуелді
3. астарларының арасындағы диэлектрик қабатының қалыңдығына тәуелді емес
4. астарларындағы зарядқа тәуелді
5. астарларының жасалған затына тәуелді емес
A) 3 пен 4
B) 2
C) 1 мен 5
D) 4
E) 1 мен 3
|
7. ОХ осімен 4 см/с жылдамдықпен және тұрақты 6 см/с2 үдеумен қозғалған материялық нүктенің 5 с-тан кейінгі координатасы (бастапқы координатасы нөлге тең)
A) 0,5 м
B) 0,6 м
C) 0,55 м
D) 0,7 м
E) 0,95 м
|
8. Пистолеттің серіппесін қатаңдығы 9 есе артық жаңа серіппемен алмастырған. Егер серіппелердің ұзаруы бірдей болса, пистолеттен горизонталь бағытта атылған оқтың ұшу жылдамдығы
A) өзгермейді.
B) 3 есе кемиді.
C) 9 есе кемиді.
D) 9 есе артады.
E) 3 есе артады.
|
9. Қаттылығы мен жиілігі бірдей дыбыстарды бір – бірінен ерекшелеп тұратын сипаттама
A) обертон
B) тон
C) тембр
D) жаңғырық
E) амплитуда
|
10. Гидравликалық машинадағы қысым 800 кПа. Кіші поршеньге 400 Н күш әсер етеді. Кіші поршеннің ауданы
A)
B)
C)
D)
E)
|
11. Нүктедегі өріс кернеулігі 300 Н/Кл. Егер заряд 1∙10-8 Кл-ға тең болса, оның нүктеге дейінгі қашықтығы (k = 9∙109 Нм2/Кл2 )
A) 5,5 м
B) 55 дм
C) 5,5 см
D) 55 см
E) 5,5 мм
|
12. Гальванометр, амперметр және вольтметрдің жұмыс істеу принципі негізделген токтың қасиеті
A) жылулық
B) химиялық
C) магниттік
D) механикалық
E) магниттік және механикалық
|
13. Сыну бұрышы түсу бұрышына тең болатын жағдай
A) 2-ші ортаның абсолют сыну көрсеткіші бірден артық болса
B) 1-ші ортаның абсолют сыну көрсеткіші бірден кіші болса
C) тек қана сыну көрсеткішіне байланысты
D) екі ортаның сыну көрсеткіштері әр түрлі болса және түсу бұрышы ортаны бөлетін бетке перпендикуляр болса
E) екі ортаның сыну көрсеткіштері бірдей болса және түсу бұрышы ортаны бөлетін бетке перпендикуляр болса
|
14. Температурасы – 100С, массасы 300 г мұзды толық еріту үшін қажетті жылу мөлшері (см = 2100 Дж/кг∙ºС, λм = 340 кДж/кг)
A) 108,3 кДж
B) 5,5 кДж
C) 10,8 кДж
D) 1,08 кДж
E) 55 кДж
|
15. Адам тік орналасқан жазық айнаның алдында одан 5 м қашықтықта тұр.
1) Адаммен кескіннің арақашықтығы
2) Кескіннің түрі
3) Айнаны адамның алдынан 2 м – ге ары қарай жылжытса, адам өзінің кескінін көретін қашықтық
A) 5 м; жалған; 7 м
B) 10 м; жалған; 14 м
C) 2,5 м; жалған; 10 м
D) 2,5 м; нақты; 10 м
E) 5 м; нақты; 7 м
|
16. Иіндік ұштарына 2H және 18 Н күштер әсер етеді. Иіндік ұзындығы 1м. Егер иіндік тепе-теңдікте болса, оның тіреу нүктесінің орналасуы
A) 18 Н күштен 20 см қаштықта.
B) 18 Н күштен 10 см қашықтықта.
C) 18 Н күштен 80 см қаштықта.
D) 18 Н күштен 90 см қаштықта.
E) 18 Н күштен 40 см қаштықта.
|
17. Автомобиль горизонталь жолмен қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,2. Двигательді өшіргеннен кейін 4 с өткенде, оның жылдамдығы 2 есе кемиді. Автомобильдің бастапқы жылдамдығы (g = 10 м/с2)
A) 13 м/с.
B) 9,8 м/с.
C) 19,6 м/с.
D) 16 м/с.
E) 22 м/с.
|
18. Пайдалы жұмысы 4000 Дж, атқарған толық жұмысы 6 кДж қондырғының ПӘК-і
A) 67 %
B) 90
C) 180 %
D) 42 %
E) 50 %
|
19. Ыдысқа температурасы 10 0С су құйып, оны плитаға қояды. 10 минуттан кейін су қайнады. Судың тек буға айналатын уақыт (энергия шығыны жоқ, ссу = 4200 Дж/кг ∙ 0С; rсу = 23∙105 Дж/кг)
A) 6 мин
B) 0,608 мин
C) 60,8 мин
D) 70,8 мин
E) 6,08 мин
|
20. Температурасы 10оС-тағы суға, температурасы -10 оС-тағы мұзды салды. Егер жылулық тепе-теңдік 0 оС болса, мұз ерімейді. Мұздың массасының судың массасынан ерекшелігі (см = 2100 Дж/кг∙ºС, ссу = 4200 Дж/кг∙ºС)
A) 2 есе
B) 15 есе
C) 2,5 есе
D) 1,5 есе
E) 10 есе
|