1. Броундық қозғалыс дегеніміз
A) кристалл торлардың түйіндеріндегі молекулалардың тербелістері.
B) сұйықта немесе газда қалықтаған бөлшектердің бей-берекет қозғалысы.
C) биологиялық құбылыс.
D) зат атомдарының ретсіз бей-берекет қозғалысы.
E) химиялық реакция.
|
2. Кернеуі 220 В желіге қосылған электр плитасының спиралінің кедергісі 55 Ом, спиральдағы ток күші
A) 0,4 А.
B) 4 А.
C) 2,5 А.
D) 40 А.
E) 0,25 А.
|
3. Шашыратқыш линза беретін кескін
A) жалған, төңкерілген, кішірейтілген
B) жалған, тура, кішірейтілген
C) жалған, тура, үлкейтілген
D) жалған, төңкерілген, үлкейтілген
E) шын, тура, үлкейтілген
|
4. Күннің тұтылуы
A) Айға жердің көлеңкесі түскеннен
B) Күн мен жердің арасынан басқа планеталардың өтуінен
C) Жерге Айдың көлеңкесі түскеннен
D) Жерге кометаның көлеңкесі түскеннен
E) Айдың тартылу әсерінен Күн сәулесінің түзу сызықты бағыттан ауытқуы нәтижесінен
|
5. Өткізгіштің меншікті кедергісі мынаған байланысты
A) өткізгіштен өтетін токтың шамасына
B) өткізгіштің көлденең қимасына
C) өткізгіштегі қоспалар мен өткізгіштің температурасына
D) өткізгіштің ұзындығына
E) өткізгіштің пішініне
|
6. Күн сәулесі мөлдір емес экрандағы шаршы пішінді саңылаудан ақ қағаз бетіне түседі. Ақ қағаз беті жарық сәулелеріне перпендикуляр.Экран сыртындағы ақ қағаз бетінде пайда болған ақ түсті дақтың пішіні
A) саңылаудан жақын аралықта – шаршы, үлкен аралықта – шеңбер.
B) үшбұрыш.
C) саңылаудан жақын аралықта – шеңбер, үлкен аралықта – шаршы.
D) шеңбер.
E) дақтың нақты пішіні алынбайды.
|
7. Массасы 100 кг арбаша горизонталь бетте бір қалыпты қозғалады. Оған массасы 10 кг құмы бар қап құлайды. Арбашаның жылдамдығы
A) 4 есе кемиді.
B) 110 есе кемиді.
C) 11 есе кемиді.
D) 1,1 есе кемиді.
E) 20 есе кемиді.
|
8. Жердің жасанды серігінің орбитасының радиусын 4 есе арттырғанда, оның айналу периоды 8 есе артады. Ал оның қозғалыс жылдамдығы
A) 4 есе артады
B) өзгермейді
C) 2 есе кемиді
D) 4 есе кемиді
E) 2 есе артады
|
9. Массасы 100 г доп 3 м биіктіктен жерге еркін құлап, қайтадан 2 м биіктікке көтерілді. Оның ішкі энергиясының өзгерісі
(g = 10 м/с2)
A) 1 Дж
B) 1,5 Дж
C) 0,5 Дж
D) 2 Дж
E) 2,5 Дж
|
10. Тербелістегі дененің жылдамдығы максимал болатын нүкте – ол
A) потенциалдық энергия максимал болатын нүкте.
B) максимал ығысу нүктесі.
C) тепе – теңдік нүктесі.
D) толық механикалық энергия нөлге тең болатын нүкте.
E) кинетикалық энергия минимал болатын нүкте.
|
11. Серіппенің қатаңдығын 3 есе кемітсек, оған ілінген жүктің тербеліс жиілігі
A) 9 есе кемиді
B) 6 есе артады
C) есе артады
D) 9 есе артады
E) есе кемиді
|
12. Аквариум ернеуіне дейін суға толтырылған. Судың ұзындығы 50 см, биіктігі 30 см аквариум қабырғасына түсіретін қысым күші (ρсу = 1000 кг/м3, g = 10 Н/кг)
A) 150 Н
B) 50 Н
C) 30 Н
D) 20 Н
E) 450 Н
|
13. Егер зарядтар массалары өзгермесе, онда екі бірдей оң зарядтың арасында, бірдей ара қашықтықта орналастырылған заряд
A) төмен қарай қозғалады.
B) жоғары қарай қозғалады.
C) оңға қарай қозғалады.
D) солға қарай қозғалады.
E) тыныштықта тұрады.
|
14. Суы бар пробирканы тығынмен жауып, қыздыратын болсақ, су қайнайды. Пайда болған бу күшпен тығынды итеріп шығарады. Тығын ұшып шыққан кезде будың..., ... тығынның ... айналады
A) ішкі энергиясы, кинетикалық энергиясына
B) потенциальды энергиясы, кинетикалық энергиясына
C) потенциальды энергиясы, ішкі энергиясына
D) ішкі энергиясы, потенциальды энергиясына
E) кинетикалық энергиясы, потенциальды энергиясына
|
15. Жер бетіндегі адамды Жер 700 Н күшпен тартады. Егер сол адам диаметрі Жердікінен 2 есе, ал массасы 6 есе артық планетада болса, оған әсер ететін тарту күші
A) 8400 Н.
B) 5600 Н.
C) 1050 Н.
D) 4200 Н.
E) 2100 Н.
|
16. Фокус аралығы 20 см және оптикалық күші 4 дптр екі линза берілген.
Сәулелерді күштірек сындыратын, көбірек үлкейту беретін линза
A) екі линза бірдей
B) екіншісі; екіншісі көбірек үлкейтеді
C) екіншісі; біріншісі көбірек үлкейтеді
D) біріншісі; біріншісі көбірек үлкейтеді
E) біріншісі; екіншісі көбірек үлкейтеді
|
17. Өзара перпендикуляр 30 Н және 40 Н күштердің әсерімен дене 10 м қашықтыққа қозғалады. Тең әсерлі күштің істелген жұмысы
A) 200 Дж
B) 400 Дж
C) 500 Дж
D) 600 Дж
E) 180 Дж
|
18. Жылы ауа мен суық ауаның жоғары көтерілетіні және жылу берілудің түрі
A) жылы ауа, конвекция.
B) жылы ауа және суық ауа, конвекция.
C) суық ауа, жылуөткізгіштік.
D) жылы ауа, жылуөткізгіштік.
E) суық ауа, сәулелену.
|
19. Сыйымдылығы 2,5 мкф конденсаторы бар тербелмелі контур берілген. Тербеліс периоды 0,2 с кезінде катушканың индуктивтілігі
A) 4000 Гн
B) 40 Гн
C) 0,4 Гн
D) 400 Гн
E) 0,04 Гн
|
20. Екі бірдей серіппені параллель жалғанған кезде жүйенің қатаңдығы 2k болса, онда бір серіппенің қатаңдығы
A) k/2
B) k
C) 4k
D) 2k
E) k/4
|