4.Географиялық модельдер
География ғылымының зерттеу нысандары, әдетте, өте ірі болғандықтан, олардың кішірейтілген баламасы жасалады, олар: карта мен глобус
Географиядағы зерттелетін кейбір құбылыстар мен үдерістерді адам тікелей бақылау алмайды, соған байланысты қолданылады: географиялық модельдер
Географиялық құбылыс немесе үдеріс өте жылдам немесе өте баяу жүретіндіктен, оларды түсіну үшін қолданылады: географиялық модельдер
Нақты нысанның, құбылыс немесе үдерістің жеңілдетілген үлгісі: модель (лат. modulus өлшем,үлгі)
Географиядағы ғылыми негіздегі алғашқы модельді 1826 жылы жасаған германдық помещик: Иоганн Генрих фон Тюнен
Географиядағы ғылыми негіздегі алғашқы модель жасалған жыл: 1826 жылы
Иоганн Генрих фон Тюнен ауылшаруашылықты ауданның нарық орталығы мен көршілес жерлердің пайдаланылу жағдайы арасындағы байланысты көрсеткен еңбегі: «Оқшау мемлекет»
Қоршаған ортаны танып білу әдістерінің бірі, зерттеу нысаны оның моделімен алмастырылатын әдіс : модельдеу
Алгоритмдер мен үдерістерді сызықтар арқылы байланысқан әртүрлі пішіндегі блоктар түрінде бейнелеу: блок-сызба
Бірнеше шамалардың арқатынасын көрсететін деректердің графикалық көрсетілімі: диаграмма (грек. diagramma-сурет,бейне,кескін,сызба)
Географиялық модельдердің түрлері: заттық (физикалық) модельдер, ақпараттық модельдер
Нысанның, құбылыстың, үдерістің зат түріндегі нақты пішіні берілетін модель: заттық (физикалық) модель
Заттық модельдерге жатады: глобус
Нысан, құбылыс немесе үдерістің қасиеттері мен күйін, маңызды байланыстарын сипаттайтын ақпараттар жинақталатын модель: ақпараттық модель
Ақпараттық модельдің негізгі түрлері: вербалды, графикалық, кестелік, математикалық
Нысан, құбылыс, үдеріс туралы жазбаша немесе ауызша түрде сипаттама беретін модель: вербалды модель
Нысандар, құбылыстар немесе үдерістерді графикалық бейнелер түрінде көрнекі түрде көрсету тәсілі: графикалық модель
Графикалық модельдер қатарына жатады: карталар, сызбалар, блок-сызбалар, графиктер, диаграммалар және т.б
Нысандар, құбылыстар, үдерістер немесе олардың қасиеттері тізім түрінде, ал олардың шамалары ұяшықтарға орналастыратын тікбұрышты кесте түрінде болатын модель: кестелік модель
Нысанның, құбылыс немесе үдерістің сандық сипаттамалары математикалық формулалар арқылы жасалатын модель: математикалық модель
Достарыңызбен бөлісу: |