8-сынып (А;Б ) Сабақ №1 Күні: Тақырыбы



жүктеу 2,3 Mb.
бет13/16
Дата18.12.2017
өлшемі2,3 Mb.
#4643
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

VI. Бекіту сұрақтары:

  1. Алтайдың Қазақстандық бөлігі нешеге бөлінеді?





  2. А
















    Л













    т
















    а
















    й









    Алтай тау жүйесінің ең биік нүктесі?

  3. Оңтүстік Алтай солтүстігінде қандай өзенмен шектеседі?

  4. Кенді Алтай қандай жоталардан тұрады?

  5. Қалба жотасының ең биік нүктесі?

  6. Алтайдан қандай пайдалы қазбалар алынады?

  7. Алтай тауының ең үлкен өзені?

  8. Көлдердің ең үлкені?


V.Сабақты қорытындылау:

1.Алтайдағы жота.

2.Ертіс өзенінің солтүстігіндегі жота.

3.Алтайдағы басты өзен.

4.Жоталардың бірі.

5.Алтайдағы көл.



VI. Үйге тапсырма: тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп келеміз

VII. Бағалау: Сабаққа жақсы араласып, белсенген оқушыларды бағалаймын


Сабақ №

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Жоңғар Алатауы

Мақсаты:

Білімділік: Жоңғар Алатауы ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.



Тәрбиелік: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарындағы экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Номенклатура: Бесбақан, Мүзтау , Тастау, Мыңшүңқыр, Күнгей, Сайқан, Текелі



Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы


Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Географиялық орны Cолтүстік және солтүстік-батыс жалғасы. Ол солтүстік-шығысында Алакөл казаншұңқыры мен оңтүстік-батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450 км, ені 100-250 км. Жетісу Алатауын батыста Көксу, шығыста Боротола өзендері бөліп жатады. Осы екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып, екі үлкен тау жотасын құрайды.

Жоңғар Алатауы қазақстанның батысында орналасқан ежелгі тау. Оған Бесбақан, Мүзтау , Тастау, Мыңшүңқыр, Күнгей, Сайқан, Текелі жоталары кіреді



Жер бедері, геологиялық құрылысы

Оңтүстік Жетісу тау жүйесінің Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай жерінде жатыр. Қазақстан шекарасына таянған жерде Оркашар Барлык тауымен (3300 м) жалғаса отырып,

қарай Боротола өзеніне дейін Қытай -Қазақстан шекарасы бойымен созылады. Осы жерде Жоңғар Алатауы асимметриялық құрылымдағы алып таулы жотаға айналады.

ЖоңғарАлатауының қазақстандык бөлігі осы кақпаның батысынан басталады да, батыска

Жңғар Алатауының құрылымы кембрийге дейінгі жыныстар мен палеозой жыныстарынан тұрады. Оның жоталары кембрийгедейінгі граниттер мен кристалды тақтатастардан түзілген.

Климаты, өзендері мен мүздықтары

Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық, жазы қоңыр салқын, ауаның орташа температурасы қаңтарда -10°-11°С, шілдеде 18°-20°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-800 мм, оңтүстік-шығыста - 400 мм.

Жетісу кақпасынан Ебі желі соғады. Ол Барлық, Майлы жоталарынан соғатын циклон мен Жетісу қақпасының оңтүстік-шығысы арқылы өтетін антициклонның түйісуінен болады. Ебі желі - жылы жел, жылдамдығы 60-80 м/сек. Көбіне 1-2, кейде 3-7 тәулік бойы соғады. Осы қақпа бойымен Сайқан тауы жағынан сәуір, қыркүйек айларында Сайқан суық желі соғады.

Жоңғар Алатауында су қоры мол. Оның өзендері сол аймақтағы көлдерге құяды. Солтүстігінде Ырғайты өзені Жалаңашкөлге, Жаманты өзені Алакөлге, Тентек өзені Сасықкөлге құяды. Тау өзендерінің көбі (Лепсі, Сарқан, Биен, Ақсу) Балқашқабағытталған.

Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары

Таудың биіктік белдеулері шөл, шөлейт зоналарынан (300-600 м-ден 1200-1400 м-гe дейін) басталады. Мұнда егіндік жерлер мен мал жайылымдары алып жатыр. Егістікке көкөніс, бау-бақша, жеміс ағаштары, екпе шөп және дәнді дақылдар өсіріледі. Одан жоғары дала зонасы (1000-1400 м-ден 1800-2000 м-ге дейін) жатады. Онда шырша, самырсын ағаштары өседі. Жануарлардан бұғы, аю, елік, т. б. кездеседі. Шалғындары мал жайылымына қолайлы. Таудың биік белдеуі солтүстікте 2200-2400 м-ден, оңтүстікте 2400-2500 м-ден жоғары басталады. Онда субальпілік шалғындар, омбы қарлар, мұздықтар кездеседі.



Оқушылар Жоңғар Алатауы туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де жауын-шашын мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте өсімдік, жануарлар, топырақ түрлерінің өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге зоналардың климатын, өзендерін, топырағын, өсімдік пен жануарларын анықтайды. Алдымен оқушылар шөл зонасында өсетін өсімдіктердің түрлерін (сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, жусан) суреттен қарай отырып, бұл өсімдіктердің шөлді жерде өсуіне қандай бейімділігі бар екенін оқушылардан сұрағаннан кейін, олар бұл өсімдіктерінің жапырақтары тікенекке айналғанын, тамыры ұзын болатынын айтады. Оқушылар шөл зонасының климаты мен өсімдіктерінің өзгеруіне сәйкес жануарлар дүниесі де өзгеше болатынын, ондағы жануарлар да шөлдің табиғат жағдайына жақсы бейімделгенін айтуға тырысу керек. Оқушылар Орал тауының. жануарларын өздері атап өтеді.

Жоңғар Алатауы тауының жануарлар дүниесіне тоқталып, оқушылардың іздену жұмыстарын тыңдайды, Қызыл Кітапқа енген жануарлар дүниесіне тоқталады. Оқушылар осы зонадағы қорықтарды атап, олар не мақсатпен ұйымдастырылғаны туралы өткен сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып айтады, өз пікірлерін ортаға салады.

Пайдалы қазбалардың таралу географиясына тоқталады.

Климатының ерекшелігімен таныса отырып оның қалыптасуына әсер ететін факторларға баға береді.


3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына Жоңғар Алатауының шекараларын сызыңдар.

  2. Қазақстанда таудың қандай түрлері бар?

  3. Жоңғар Алатауыныңбиік нүктелері?

  4. өсімдіктер шөлге қалай бейімделген?

  5. Жоңғар Алатауы тауының жануарлары қорғану үшін қандай бейімділікке ие болған?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Бесбақан, Мүзтау , Тастау, Мыңшүңқыр, Күнгей, Сайқан, Текелі  атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.


4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.




6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.


Сабақ №

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Сауыр-Тарбағатай

Мақсаты:

Білімділік: Сауыр-Тарбағатай ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.



Тәрбиелік: Қазақстанның Тауларының экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Номенклатура: Жайсан ,Қоңыр, Шілікті, Аягөз ,Қандысу, Жоғарғы Еміл


Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы


Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Географиялық орны Сауыр-Тарбағатай Жайсан ойпатының оңтүстік шекарасы Сауыр мен Тарбағатай тау жүйесіне тіреледі. Бұл жермен Қытай-Қазақстан шекарасы өтеді. Таудың жалпы ұзындығы 300 км, ені 30-50 км. Батысында ол Шыңғыстаумен (ұзындығы 250 км) жалғасады. Жайсан ,Қоңыр, Шілікті, Аягөз ,Қандысу, Жоғарғы Еміл

Жер бедері, геологиялық құрылысыСауыр жотасы - аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі - Мүзтау (3816 м). Жотаның Қазакстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км. Батысқа қарай ол аласарып, Маңырақ жотасына ұласады. Жайсанның ойпатты даласында Сауыр мен Маңырақ биік көрініп, алыстан көзге түседі. Сауырдың солтүстік беткейі өзінің құрылымы жағынан Алтайды еске түсіреді. Оңтүстік беткейі кұз жар-тасты, Орта Азия тауларына ұқсайды. Мұндағы мәңгі қар жататын белдеу 3300 м биіктікте. Мұзтауда мұздықтар (ең үлкені 4 - 5 км2) бар.

Климаты мен өзендері

Сауыр-Тарбағатай өңірі климаты жағынан Оңтүстік Алтайға ұқсайды. Климаты континентті. Алтайға қарағанда жауын-шашыны аздау

Қаңтардағы ауаның орташа температурасы -20°С, шілдеде 22°С. Кейде өзгеріп тұрады. Жауын-шашын мөлшері 350-500 мм, тау іші ылғалды, жазыққа карай қуаңдау.

Таудан басталатын өзендер көп. Жарма, Қайыңдысу, Көкпекті сияқты өзендер кезінде Жайсан көліне құйған. Қазір көлге жетпейді. Сол сиякты Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұға, Базар өзендері тау арасында ғана ағып, қырға шыққан соң тартылып қалады. Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде ағатын Ұржар, Қатынсу, Емел өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балкаш көліне жетеді.



Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары

Сауыр тауының етегі 700 м-ге дейін шөлейт зонаға жатады, оның сортаңданған қара қоңыр топырағында шөлейт өсімдіктері өседі. Ормандары Сібір ағаштары мен Тянь-Шань шыршасынан тұрады.

Сауырдың оңтүстігі мен Тарбағатайдың шығыс бөлігі аралығын Шілікті шөлейт даласы алып жатыр. Оның топырағы да сортаңдалған сұр және тасты келеді, өсімдіктері де соған сәйкес селеулі, көделі, жусанды, бетегелі болып өседі.

Жануарлар дүниесі жағынан Сауыр мен Тарбағатай, Алтай мен Тянь-Шаньның аралық ауданын кұрайды. Оны қоңыр аю, бүғы,елік, таутеке, арқар, қасқыр, қар барысы, сілеусін, түлкі және т.б. аңдар мекендейді. Бұл жерде «Қазакстанның Қызыл кітабына» енген жолақты қарашүбар жылан, ақбас тырна, дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ұлар, бүркіт, лашын, ителгі, үкі және т.б. ұшырасады.




Оқушылар Сауыр-Тарбағатай  туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де жауын-шашын мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте өсімдік, жануарлар, топырақ түрлерінің өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге зоналардың климатын, өзендерін, топырағын, өсімдік пен жануарларын анықтайды. Алдымен оқушылар шөл зонасында өсетін өсімдіктердің түрлерін (сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, жусан) суреттен қарай отырып, бұл өсімдіктердің шөлді жерде өсуіне қандай бейімділігі бар екенін оқушылардан сұрағаннан кейін, олар бұл өсімдіктерінің жапырақтары тікенекке айналғанын, тамыры ұзын болатынын айтады. Оқушылар шөл зонасының климаты мен өсімдіктерінің өзгеруіне сәйкес жануарлар дүниесі де өзгеше болатынын, ондағы жануарлар да шөлдің табиғат жағдайына жақсы бейімделгенін айтуға тырысу керек. Оқушылар Орал тауының. жануарларын өздері атап өтеді.



Сауыр-Тарбағатай  тауының жануарлар дүниесіне тоқталып, оқушылардың іздену жұмыстарын тыңдайды, Қызыл Кітапқа енген жануарлар дүниесіне тоқталады. Оқушылар осы зонадағы қорықтарды атап, олар не мақсатпен ұйымдастырылғаны туралы өткен сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып айтады, өз пікірлерін ортаға салады.

Пайдалы қазбалардың таралу географиясына тоқталады.

Климатының ерекшелігімен таныса отырып оның қалыптасуына әсер ететін факторларға баға береді.


3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына Жоңғар Алатауының шекараларын сызыңдар.

  2. Қазақстанда таудың қандай түрлері бар?

  3. Сауыр-Тарбағатай  биік нүктелері?

  4. Сауыр-Тарбағатай  тауының жануарлары қорғану үшін қандай бейімділікке ие болған?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Жайсан ,Қоңыр, Шілікті, Аягөз ,Қандысу, Жоғарғы Еміл   атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.


4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.




6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.


жүктеу 2,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау