Тыныштық үйкелісі. Үйкеліс коэффициенті. Сырғанау үйкеліс күші. Сырғанау кедергі күші.
А нұсқа
180. Егер сырғанау үйкеліс коэффициенті 0,3-ке тең болса, мол қуатты автомобиль қандай ең үлкен үдеумен қозғалар еді?
181. Динамометр арқылы оқушы, массасы 200 г ағаш білеушені горизонталь жазық орналасқан тақтайдың үстімен қозғады. Егер динамометр 0,6 Н –ды көрсетіп тұрса, үйкеліс коэффициенті неге тең?
182. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдарының жарысында олардың бірі бірқалыпты қозғалып, массасы 23 т жүкті жеткізді. Аттың тарту күші 2,3 кН деп есептеп, үйкеліс коэффициентін табыңдар.
183. Биік мұнарадан секірген суға горизонталь түспей, тік қалыпта түсуге тырысатындығы неліктен?
Б нұсқасы
184. Массасы 2 кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 н/м серіппенің көмегімен ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,3-ке тең. Серіппенің ұзаруын табыңдар.
185. Орындыққа шығып бірдей биіктіктен және бір мезгілде бірдей бос екі сіріңке қорабын: біреуін жалпағынан, екіншісін қырынан түсіріп жіберіңдер. Ол екеуінің қайсысы жерге бұрын түседі? Осы құбылысты түсіңдіріңдер.
186. Жердің жасанда серігінен айға жіберілетін ғарышкеме аққыш формалы болмауы да мүмкін екендігі неліктен?
С нұсқасы
187. Егер рельстегі сырғанау үйкеліс коэффициенті 0,1-ге тең болса, ал поездың дөңгелеуге кедергі коэффициенті 0,006-ға тең болса, массасы 180 т электровоз, массасы қандай составты қозғалта алады?
188. Массасы 50 г болат магнит тік орналасқан болат тақтаға жабысып қалды. Магнит төмен қарай бір қалыпты сырғанау үшін 1,5 Н күш жұмсалады. Магнит тақтаға қандай күшпен жабысып тұрады? Егер үйкеліс коэффициенті 0,2-ге тең болса, магнитті тақта бойымен тік жоғары қарай қозғап жылжыту үшін қандай күш жұмсау қажет?
189. Автомобиль жел бағытында 72 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Желдің Жерге қатысты жылдамдығы 15 м/с. Егер ауаның кедергі күші неше есе артады? Ауаның кедергі күші салыстырмалы жылдамдық квадратына тура пропорционал деп есептеңдер.
13. Үйкеліс күшінің әсерінене болатын қозғалыс.
А нұсқасы
190. 12 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автобус авариялық тежелуден кейін қанша уақыт өткенде тоқтайды? Авариялық тежелу кезіндегі кедергі коэффициенті 0,4-ке тең.
191. Автомашина доңғалақтарының жолмен сырғанау үйкелісі коэффициенті 0,25 болса, горизонталь жолда 36 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан машинаның бұрылу доғасының ең кіші радиусын табыңдар.
Б нұсқасы
192. Массасы 50 кг бала төбешіктен шанамен сырғанап, горизонталь жолмен 10 с ішінде 20 м жүріп барып тоқтады. Үйкеліс күшін және үйкеліс коэффициентін табыңдар.
193. 36- суретте көрсетілгендей шектік жылдамдық тағайындалған
жол белгісінің тұсында жүргізуші авариялық тежелу жасады.
Мемлекеттік автоинспекция (МАИ) инспекторы доңғалақтардың
ізі бойынша тежелу жолы 12 м-ге тең екенін анықтады. Егер
кедергі коэффициенті (резеңкенің құрғақ асфалтьпен) 0,6 болса,
жүргізуші жол жүру ережесін бұзған ба? 36-сурет
С-нұсқасы
194. Автомобиль кузовында бір нәрсе жатыр. Автомобиль 1,6 м/с2 үдеумен орнынан қозғала бастаған кезде, нәрсе қозғалмай бұрынғы орнында қалды (автомобильге қатысты алғанда), ал 2 м/с2үдеумен тежелген кезде нәрсе козовқа қатысты алғанда орнынан жылжыды. Үйкеліс коэффициентінің мәні қандай аралықтарда болғаны?
195. Горизонталь жол үстінде автомобиль радиусы 16 м бұрылыс жасайды. Егер сырғанау үйкелісінің коэффициенті 0,4 болса, автомобиль жолдан шығып кетпеуі үшін, ең көп деген жылдамдығы қандай болуы тиіс? Ал қыста үйкеліс коэффициенті 4 есе азаятын болса, ол жылдамдық неше есе өзгереді?
15. Денелердің бірнеше күштің әсерінен қозғалысы.
Горизонталь және вертикаль бағыттағы қозғалыс.
А нұсқасы
196. Жүк толтыра тиелген, массасы 15 т автобус орнынан 0,7 м/с2 үдеумен қозғалды. Егер қозғалысқа кедергі коэффициенті 0,03 болса, тарту күшін табыңдар.
197. Кедергі коэффициенті 0,005 болғанда тепловоздың ең үлкен тарту күші 300 кН-ға жетсе, ол 0,1 м/с2 үдеумен массасы қандай составты тарта алады?
198. Үзіліске беріктігі 15 кН арқанмен массасы 500 кг жүкті көтергенде, үдеу қандай болғанда ол үзіліп кетеді.
199. Көтергіш кран массасы 1 т жүкті көтереді. Егер жүк 25 м/с2 үдеумен қозғалса (өте аз уақыт қана), көтерудің бастапқы кезінде арқанның керілу күші қандай болады?
Б нұсқасы
200. Динамометрге бекітілген массасы 400 г білеуше горизонталь бетпен бір қалыпты қозғалысқа келтірілді. Бұл кезде динамометрдің көрсетуі 1 Н болды. Екінші жолы білеушені солбетпен үдете қозғады.Сонда динамометрдің көрсетуі 2 Н болды. Үдеу неге тең?
201. Электровоз массасы 3250т составты орнынан қозғайды. Егер кедергі коэффициенті 0,005 , ал максимал тарту күші 650 кН болса, поезд қандай үдеумен қозғалып келеді?
202. Массасы 1 т «Жигули» автомобилі орнынан қозғалып, 20 с өткеннен кейін жылдамдығын 30 м/с-қа жеткізді. Егер кедергі коэффициенті 0,05-ке тең болса, тарту күші қандай?
203. Автомобильдің тарту коэффициенті (тарту күшінің ауырлық күшіне қатынасы ) k=0,11. Кедергі коэффициенті µ=0,06 болған кезде автомобиль қандай үдеумен қозғалады.
С нұсқасы
204. Массасы 65 кг спортшы он метрлік мұнарадан секіргенде 13 м/с жылдамдықпен суға енеді. Ауаның орташа кедергі күшін табыңдар.
205. 25 м Биіктіктен ағаш сынығы 2,5 с ішінде құлап түсті. Ауаның орташа кедергі күші ауырлық күшінің қандай бөлігі болады?
206. Массасы m болат құйманы судан қатаңдығы к арқанмен а үдеумен көтереді. Болаттың тығыздығы ρ1, судың тығыздығы ρ2. Арқанның х ұзаруын табыңдар. Судың кедергі күші ескерілмейді.
16. К өлбеу жазықтық бойымен қозғалыс.
Б нұсқасы
207. Егер қозғалыс кедергі коэффициенті 0,05-ке тең болса, массасы 600 кг вагонетканы көлбеулік бұрышы 200 эстекада бойымен көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?
208. Көлбеу жазықтық көкжиекке а=300 бұрыш жасай орналасқан. µ үйкеліс коэффициентінің қандай мәндерінде жүкті сүйреп шығару тік жоғары көтеруден гөрі қыйындау болады?
209. Массасы 4 т автомобиль 0,2 м/с2 үдеумен тауға көтеріліп барады. Егер еңістік 0,02 және кедергі коэффициенті 0,04 болса, тарту күшін табыңдар.
210. Үйкеліс коэффициенті µһ0,2 білеуше көлбеулік бұрышы а=300 көлбеу жазықтық бойымен қандай а үдеумен сырғып барады?
С нұсқасы
211. Ұзындығы 13 м, биіктігі 5 м көлбеу жазықтықта массасы 26 кг жүк жатыр. Үйкеліс коэффициенті 0,5. Жүкті жоғары көтеру үшін, жазықтықты бойлай жүкке қандай күш әсер етуі тиіс? Төмен түсіру үшін ше? Рым,282.
212. Лобораториялық жұмыстар жүргізу кезінде мынандай мәліметтер алынды: көлбеу жазықтықтың ұзындығы 1 м, биіктігі 20 см, ағаш білеушенің массасы 200 г, білеуше жоғары қарай қозғалған кездегі динамометр арқылы өлшенген тарту күші 1 Н. Үйкеліс коэффициентін табыңдар.
213. Ұзындығы 50 см, биіктігі 10 см көлбеу жазықтық үстінде массасы 2 кг білеуше жатыр. Жазықтыққа параллель орналасқан динамометрдің көмегімен ағаш білеушені көлбеу жазықтық бойымен жоғары көтеріп, сонан кейін сүйреп төмен түсірді. Динамометр көрсетулерінің айырмасын табыңдар.
214. Арбашаны көлбеулік бұрышы а болатын көлбеу жазықтықтың үстінде ұстап тұру үшін, көлбеу жазықтық бойымен жоғары қарай бағытталған Ғ1 күшін жұмсау керек. Ал, жоғары қарай сүйреп шығару үшін Ғ2 күшін жұмсау қажет. Кедергі коэффициентін табыңдар.
17. Шеңбер бойымен қозғалыс.
Б нұсқасы
215. Массасы 2 т автомобиль қисықтық радиусы 40 м дөңес көпірден 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтеді. Автомобиль көпірдің ортасына қандай күшпен қысым түсіреді?
216. Массасы 50 кг бала әткеншек теуіп тұр. Әткеншек аспасының биіктігі 4 м. Теп-теңдік қалпынан 6 км/ссағ жылдамдықпен өткен кезде, бала орындыққа қандай күшпен қысым түсіреді?
217. 39-суретте көрсетілген мезетте жіптің керілу күші
неге тең екендігін анықтаңдар. Жүктің массасы α
m=100 г, жылдамдығы υ=2 м/с, бұрышы а=600, жіптің
ұзындығы ℓ=40 см.
υ 39-сурет
С нұсқасы
218. Велосипедпен жарысатын жолда радиусы 40 м айналма бар. Жолдың осы аралығы көкжиекке 400 бұрыш жасай көлбеген. Мұндай көлбеулік қандай жылдамдықпен жүруге есептелген?
219. Егер резеңкенің топыраққа үйкеліс коэффициенті 0,4 болса, мотоциклші радиусы 100 м доға жасап, горизонталь жазықтықта қандай максимал жылдамдықпен жүре алады?
220. Ұзындығы ℓ= 60 см жіпке ілінген жүк бір қалыпты қозғалып, горизонталь жазықтықта шеңбер сызып шығады. Егер қозғалыс кезінде жіппен вертикаль арасында а=300 бұрыш пайда болса, жүк қандай жылдамдықпен қозғалады?
18. Байланыстырылған бірнеше денелердің қозғалысы.
Б нұсқасы
221. Жылжымайтын блоктан асыра тасталған жіпке массасы m және 2m жүктер ілінген. Егер а) массасы үлкен жүкті алақанмен көтере ұстап, жүйенің қозғалуына бөгет жасаса, б) массасы кіші жүкті ұстап тұрса, в) жүйені еркімен жіберсе, жіптің керілу күші қандай болады?
222. Массасы 27,2 т вертолет 15,3 т жүкті арқанмен жоғары қарай 0,6 м/с2 үдеумен көтереді, Вертолеттің тарту күшін және жүк тарапынан вертолеттің тіркеу механизіміне әсер ететін күшті табыңдар.
С нұсқасы
223. 40-суретте массасы 400 г білеуше массасы 100 г жүктің әсерінен тыныштық күйден шығып, 2 с ішінде 80 см жол жүрді. Үйкеліс коэффициентін табыңдар.
224. 42-суретте байланысқан m1=0.19 кг, m2=0,27 кг, а=220 екі дене қандай үдеумен қозғалады және жіптің тартылыс күші Ғт неге тең? Үйкелісті ескермеңдер. Мына жағдайда программаны құрастырыңдар: егер массасы m2-ге тең дене оңға қарай қзғалса (төмен ), онда а.>0.
ІІІ тарау. Сақталу заңдары
19. Дененің импульсі. Импульстің өзгеруі .
Импульстің сақталу заңы
А нұсқасы
225. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 10 т жүк таситын автомобильдің жылдамдығы 25 м/с , ал массасы 1т-ға тең. Жеңіл автомобильдің импульстері неге тең?
226. Массасы 160т шайбаның импульсі массасы 8 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсіне тең болу үшін, шайба қандай жылдамдықпен ұшуы тиіс?
227. Болаттан және қорғасыннан жасалған, көлемдері бірдей екі дене бірдей жылдамдықпен қозғалып барады. Осы денелердің импульстерін салыстырыңдар.
228. Массасы 2000 т поезд түзу сызықты қозғалып, жылдамдығын 36 км/сағ –тан 72 км/ сағ-қа дейін арттырады. Импульс өзгерісін табыңдар.
229. Массасы 20 кг, тыныш тұрған арбаның үстінде массасы 60 кг адам тұр. Егер адам, арбаның үстінде арбамен салыстырғанда 1 м/с жылдамдықпен жүре бастаса, арба жермен салыстырғанда қандай жылдамдықпен қозғалады?
Б нұсқасы
230. Массасы 100 г шар горизонталь жазықтыққа еркін түсті. Соқтығысу мезетіндегі оның жылдамдығы 10 м/с. Абсолют серпінді және абсолют серпінсіз соққылар кезіндегі импульс өзгерісін табыңдар. Егер серпінсіз соққы 0,05 с , ал серпіндінікі -0,01 с-қа созылса, соққы кезінде шарға әсер ететін орташа күшті есептеңдер.
231. Материялы0 н8ктен34 0оз5алысы х=5-8t+4t2 теңдеуімен сипатталады. Оның массасы 2 кг деп алып, бастапқы уақыттан 2 с және 4с өткеннен кейінгі импульсті табыңдар.
232. Массасы 0,8 кг жылдамдығының х осіне проекциясы 2 м/с болатын дене массасы 0,8 кг ,жылдамдығының проекциясы – 2 м/с болатын денемен өзара әсерлеседі. Екеуінің қозғалысын бір қозғалыс ретінде қарастырып, өзара әсерлесуден кейінгі жылдамдықтарының проекциясын υх анықтаңдар. Денелердің қозғалыс троекториясы х осімен дәл келеді.
233. Аңшы жүзіп бара жатқан қайықта тұрыа оның қозғалыс бағытына қарай мылтық атты. Егер іле-шала екі рет атқаннан кейін қайық тоқтап қалған болса, қайықтың жылдамдығы қанадай еді? Аңшының қайықпен қоса алғандағы массасы 200 кг, зарядтың массасы 20 г. Бытыра мен дәрі газының ұшып шығу жылдамдыы 500 м/с.
С нұсқасы
234. Массасы 1 кг материялық нүкте шеңбер бойымен 10 м/с жылдамдықпен бір қалыпты қозғалып барады. Периодтың төрттен біріндегі, периодтың жартысындағы , бүтін периодтағы импульс өзгерісін табыңдар.
235. Массасы 750 т кемеден, ол қозалып бара жатқан жаққа қарсы бағытта, көкжиектен 600 бұрыш жасай, зеңберектен оқ атылды. Егер массасы 30 кг снаряд кемеге қатысты 1 км/с жылдамдықпен ұшып шықса, кеменің жылдамдығы қанша өзгереді?
236. Массасы 200 кг, жылдамдығы 1 м/с қайықтан массасы 50 кг бала горизонталь бағытта қозғалып суға сүңгиді. Егер бала, қайықтың: а) артқы жағынан 4 м/с жылдамдықпен секірсе; б) Тұрмыстық жағынан 2м/с жылдамдықпен; в) Тұрмыстық жағынан 2 м/с жылдамдықпен секірсе, қайықтың жылдамдығы қандай болады?
237. 10 м/с жылдамдықпен қозғалып бара жатқан бильярд шары 1 тыныштықта тұрған массасы сондай шарға 2 соғылды. Соқтығысқаннан кейінгі шарлардың ажырау қалпы 43-суретте көрсетілген. Шарлардың соқтығысқаннан кейінгі жылдамдықтарын табыңдар.
20. Мееханикалық жұмыс. Кинетикалық және потенциалдық энергия
А нұсқасы
238. 2 км биіктіктен түсіп келе жатқан массасы 20 мг жаңбыр тамшысына әсер ететін ауырлық күшінің істейтін жұмысы қандай болады?
239. Ұзындығы 5 м, көлденең қимасы 100 см2 болат бөренені көтергіш кран горизонталь жатқан күйінен 12 м биіктікке көтереді. Кран қандай пайдалы жұмыс істейді?
240. Массасы 2 кг денені 1 м биіктікке 3 м/с2 үдеумен көтерген кезде адам қандай жұмыс істейді.
241. «Союз» сериялы ғарышкеменің массасы 6,6 т болса, оның орбита бойымен 7,8 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай?
242. Дененің импульсі 8 кгм/с, ал кинетикалық энергиясы 16 Дж. Дененің массасы мен жылдамдығын табыңдар.
243. Қандай биіктікте массасы 2 т жүктің потенциялдық энергиясы 10 кДж-ға тең?
244. 1,5 биіктікке көтерілген, массасы 300 кг-ға тең балғаның қаданы қаққанда соғылатын бөлігінің потенциалдық энергиясы қандай?
245. Балалар пистолетінің серіппесін 3 см-ге жиырған кезде 20 Н күш жұмсалады. Сығылған серіппенің потенциалдық энергиясын табыңдар.
246. Қатаңдығы 40 кН/м серіппені 0,5 см-ге созу үшін қандай жұмыс атқару қажет?
Б нұсқасы
247. Тереңдігі 5 м судағы көлемі 0,6 м3 тасты судың бетіне дейін көтерді. Тастың тығыздығы 2500 кг/м3. Тасты көтеруде істелген жұмысты табыңдар.
248. Массасы 10 т, двигателі сөндірулі автомобиль жол бойымен еңіске қарай жүріп келеді. Еңіс көкжиектен 40-қа тең бұрыш жасайды. 100 м жол жүргендегі ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.
249. Еркін түсіп келе жатқан дененің түсу уақытының бірінші және екінші жартысындағы істелеген жұмыстарды салыстырыңдар.
250. Бала массасы 100 г допты тік жоғары лақтырды да, лақтырған нүктеде оны қайтадан ұстап алды. Доп 5 м биіктікке көтерілді. Доп жоғары көтерілгендегі, төмен түскендегі және оның барлық жолындағы ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.
251. Әр метрінің массасы 400 г арқанмен массасы 8 кг суы бар шелекті тереңдігі 10 м құдықтан көтергенде қандай жұмыс істелуі тиіс?
252. Өзара перпендикуляр , 30 және 40 Н күштердің әсерімен дене 10 қашықтыққа қозғалды. Әр күштің істеген жұмысын және тең әсерлі күштің істеген жұмысын жеке- жеке анықтаңдар.
253. Хоккей шайбасымен салыстырғанда футбол добының массасы 3 есе көп, ал жылдамдығы 3 есе кем. Бұлардың кинетикалық энергиясын салыстырыңдар.
254. Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2-ден 8/с-қа дейін артты. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысын анықтаңдар.
255. Серіппені 4 мм-ге созу үшін 0,02 Дж жұмыс істеу қажет. Осы серіппені 4 см-ге созу үшін қандай жұмыс атқару керек.
С нұсқасы
256. Ұзындығы ℓ= 40 см жіпке ілінген, массасы m=100 г шар горизонталь жазықтықта шеңбер сызады. Егер шардың қозғалысында жіп вертикальмен тұрақты а=600 бұрыш тұрса, шардың Ек кинетикалық энергиясы қандай?
257. 44- суретте серіппенің ұзаруы мен созушы күштің шамасының арасындағы тәуелділік графигі берілген. 8 см-ге созылған серіппенің потенциялыдық энергиясын анықтаңдар. А бұрышының тангенсі мен графиктің ОА бөлігінің, астыңдығы жағындағы үшбұрыштың ауданының физикалық мағнасын анықтаңдар.
258. 0-ден 10 Н –ға дейін, 10-нан 20 Н-ға дейін, 20-дан 30 Н-ға динамометрдің серіппесін созғандағы, адамның атқаратын жұмыстарын салыстырыңдар.
259. 40 Н-ға есептелген динамометрдің қатаңдығы 500 Н/м серіппесі бар. Серіппені шкаланың ортасынан бастап соңғы бөлікке дейін созу үшін қандай жұмыс атқару керек?
21. Энергияның сақталу заңы. Ауырлық күші.
Серпінділік күші. Үйкеліс күші әсерінен энергияның түрленуі.
А нұсқасы
260.Массасы 0,5 кг дене 4 м/с жылдамдықпен тік жоғары қарай лақтырылған. Ең жоғары биіктікке дейін көтерілгенде ауырлық күшінің жұмысын, потенциалдық энергияның өзгерісін және кинетикалық энергияның өзгерісін анықтаңдар.
261. Массасы 400 г, 2 м биіктіктен құлап түскен дененің жерге ұрылғандағы кинетикалық энергисын анықтаңдар.
262. 5 м биіктіктен еркін түсіп келе жатқан, массасы 3 кг дененің Жер бетінен 2 м қашықтықтағы потенциалдық энергиясын анықтаңдар.
263. Серіппелі пистолетті атуға дайындағанда, қатаңдығы к серіппені ∆ℓ-ге жиырды. Массасы m снаряд горизонталь бағытта қандай жылдамдыққа ие болады?
264. Массасы 2 т автомобиль авариялық тежелуде 50 м жүріп барып тоқтады. Егер үйкеліс коэффициенті 0,4-ке тең болса, үйкеліс күшінің жұмысын және автомобильдің кинетикалық энергиясының өзгерісін табыңдар?
265. Үйкеліс коэффициенті 0,6 және 20 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автомобильдің s тежеуіш жолын табыңдар.
266. Егер массасы 1500 т поезд 150 кН тежеуіші күш әсерінен тежелгеннен кейін аялдамаға дейін 500 м жол жүріп барып тоқтаса, ол қандай жылдамдықпен келе жатқан?
Б нұсқасы
267. Массасы 50 г, тік жоғары қарай 30 м/с жылдамдықпен атылған жебенің, қозғала бастаған уақытынан 2 с өткендегі потенциалдық энергиясы мен кинетикалық энергияларының мәндері қандай болады?
268. Доп жерге соғылып, 2h биіктікке ыршып көтерілуі үшін, оны h биіктіктен қандай бастапқы υ0 жылдамдықпен түсіріп жіберу керек? Доптың жерге соғылуын абсолют серпінді деп есептеңдер.
269. Дене горизонтқа бұрыш жасай υ0 жылдамдықпен лақтырылды. Осы дененің h биіктіктегі жылдамдығын анықтаңдар.
270. Массасы 60 кг цирк артисі 4 м биіктіктен көтерілген тордың үстіне секіреді. Тор артиске қандай күшпен әсер етеді, егер оның иілуі 1 м-ге тең болса?
271. Ұзындығы ℓ, көлбеулік бұрышы а көлбеу жазықтықпен дене сырғанап келеді. Егер үйкеліс коэффициенті µ болса, жазықтық табанындағы дененің жылдамдығы қандай?
272. Массасы 10 кг шана биіктігі 4 м төбешіктен сырғанап түсті де, жолдың горизонталь бөлігіне келіп тоқтады. Шананы сырғанап түскен ізімен төбешікке сүйреп шыққан бала қандай жұмыс орындайды?
273. Массасы 80 кг парашетті әуеде қозғалыссыз тұрған тікұшақтан 200 м төмендеп, 50 м/с жылдамдыққа ие болады. Осы жолдағы ауаның кедергі күшінің жұмысын табыңдар?
274. Үстіндегі адамды қоса есептегендегі массасы 100 кг қолшана биіктігі 8 м, ұзындығы 100 м төбешіктен сырғанап түсті. Егер төбешіктің етегінде шананың жылдамдығы 10 м/с және бастапқы жылдамдығы нөлге тең болса, шана қозғалысынна орташа кедергі күші қандай болады?
С нұсқасы
275. Оқтың бастапқы жылдамдығы 600 м/с , ал массасы 10 г троекторияның жоғарғы нүктесіндегі кинетикалық энергиясы 450 Дж болса, оқ мылтықтың аузынан горизонтқа қандай бұрыш жасап шыққан?
276.Массасы m маятник вертикальдан а бұрышына ауытқылады. Маятник тепе-теңдік қалыптан өткен кездегі жіптің керілу күші қандай болады?
277. Массасы 15 т троллейбус 1,4 м/с2 үдеумен орнынан қозғалады. Егер кедергі коэффициенті 0,02-ге тең болса, жолдың алғашқы 10 метріндегі тарту күшінің жұмысы мен кедергі күшінің жұмысы қандай болатынын табыңдар. Троллейбус қандай кинетикалық энергия алады?
278. 46-суретте массасы 20 т автобус жылдамдығының графигі берілген. Егер кедергі коэффициенті 0,05-ке тең болса, Тарту күшінің 20 с ішінде атқаратын жұмысын есептеп шығарыңдар. Автобустың кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
279. Ұзындығы 36 м горизонталь жол бөлігінде, велосипедші педальды басуын тоқтатып, жылдамдығын 10-нан 8м/с –қа азайтты. Кедергі коэффицинетін анықтаңдар. Кинетикалық энергияның қанша пайызы ішкі энергияға айналады.
280. Массасы 50 т бензин таситын масшина ұзындығы 200 м, биіктігі 4 м өрге қарай 15 м/с жылдамдықпен көтеріліп келеді. Өрдің басына қарай жылдамдық 5м/с –қа дейін кемиді. Кедергі коэффициенті 0,09. Мыналарды анықтаңдар: а) потенциалдық энергияның өзгерісін; б) кинетикалық энергияның өзгерісін; в) кедергі күшінің жұмысын; г) тарту күшінің жұмысын; д) бензин таситын машинаның тарту күшін.
281. Массасы 9,6 г оқ Калашников пулеметі ұңғысынан 825 м/с жылдамдықпен атылды. 100 метрден кейін оқтың жылдамдығы 746 м/с-қа дейін, ал 200 метрден кейін 675 м/с-қа дейін кемиді. Бірінші және екінші жүз метр жолдағы ауаның кедергі күшінің жұмысын табыңдар?
22. Қуат. ПӘК-і.
Сұйықтар мен газдардың қозғалысы.
282. Ұшу жылдамдығы 2340 км/сағ болғанда дыбыс жылдамдығынан жоғары ұшатын ұшақтың тарту күші 22кН-ға тең. Осындай ұшу режиміне сәйкес ұшақ двигательдерінің қуатын табыңдар.
283. 900 км/сағ жылдамдықпен ұшу кезінде ИЛ-62 ұшағының барлық төрт двигателі 30 МВт қуат өндіреді. Осы режиммен жұмыс істегендегі бір двигательдің тарту күшін табыңдар.
284. Қуатын 25 кВт-ға дейін арттыра отырып, насостың двигателі 100 м3 мұнайды 6 м биіктікке 8 мин ішінде көтереді. Қондырғының ПӘК-ін табыңдар.
Б нұсқасы
285. Як-40 тың жерден ажырау жылдамдығы 175 км/сағ, ұшардағы екпін алу жолы 550 м, ұшу массасы 13,7 т, двигательдер саны 3, бір двигателінің тарту күші 4,7 кН болғанда осылар арқылы мынаны табыңдар.1) екпінмен қозғалған ұшақтың екпін алу үдеуін; 2) екпін алу уақытын; 3) жерден ажырағандағы кинетикалық энергияны; 4) екпін алу кезіндегі барлық двигательдердің тарту күштерінің жұмысын; 5) екпін алу кезіндегі орташа қуаты.
286. Құбырдың кең жеріндегі судың ағыс жылдамдығы 10 м/с. Диаметрі осыдан 4 м тар жеріндегі судың ағыс жылдамдығы қандай?
287. Су құбырында қимасы 4мм2 тесік пайда болды. Осы тесіктен вертикаль шапшып шыққан су 80 см-ге көтеріледі. Бір тәулік ішіндегі су шығыны қандай?
С нұсқасы
288. Массасы 1,4 т автомобиль, орнынан қозғалып 10 с уақыт ішінде 75 м жол жүреді. Қозғалысқа қарсы кедергі коэффициенті 0,05-ға тең. Мына шамаларды табыңдар: 1) екпін алу соңындағы жылдамдығын; 2) ие болған кинетикалық энергияны; 3) үйкелісті жеңу жұмысын; 4) орташа пайдалы қуатты.
289. Ауыл және орман шаруашылығында жұмысқа қолданылатын ұшақтың массасы 1т, ұшардағы екпін алу жолы 300 м, ұшу жылдамдығы 30 м/с, кедергі коэффициенті 0,03 болса, оның жылдамдық алардағы орташа пайдалы қуатын табыңдар.
290. Егер дене көлбеу жазықтықпен қозғалған кездегі үйкеліс коэффициенті 0,1-ге тең болса, ұзындығы 1 м, биіктігі 0,6 м көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін табыңдар. Рым,399.
ІV тарау
Механикалық тербелістер мен толқындар.
23. Серіппедегі жүк және математикалық маятниктің тербелісі
А нұсқасы
291. Қатаңдығы k=12.3 Н/м серіппеге ілінген массасы m=0.211 кг жүктің тербеліс периодын және жиілігін анықтаңдар.
292. Қатаңдығы k=93,2 Н/м серіппеге ілінген массасы m=1,97 кг жүктің тербеліс периодын және жиілігін анықтаңдар.
293. Серіппенің әсерінен массасы m=100 г жүк жиілігі ν = 2 Гц тербелістер жасайды. Серіппенің к қатаңдығын табыңдар.
194. Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8 с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықтаңдар.
295. Қатаңдығы 250 Н/м серіппеге 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасын табыңдар.
296. Ұзындығы 1м және 4 м маятниктердің тербеліс периодтарын табыңдар.
297. Ұзындығы 2м маятник 1 сағатта 1268 рет тербеледі. Ауырлық күшінің үдеуін табыңдар.
Б нұсқасы
298. Қатаңдығы 0,5 кН/м серіппеде тербеліп тұрған жүктің тербеліс амплитудасы 6 см, ең үлкен жылдамдығы 3 м/с –қа тең болса, оның массасы қанша?
299. Ұзындығы 2,45 м маятник 314 с ішінде 100 тербеліс жасайды. Осы маятниктің периодын және еркін түсу үдеуін табу керек.
300. Ұзындығы ℓ=4,9 м математикалық маятник t=5 мин. Уақыт ішінде неше (N) тербеліс жасайды.
301. Егер маяникті жерден айға апарса (ай бетінде еркін түсу үдеуі 1,6 м/с2) оның тербеліс периоды қалай өзгерер еді?
302. Бірдей уақыт ішінде математикалық маятниктің біреуі 10 , ал екіншісі 30 тербеліс жасайтын болса, олардың ұзындықтарының қатынасы қандай?
303. Ұзындығы 1 м маятник 1,1 м/с2 үдеумен жоғары және төмен қарай қозғалтсақ, онда оның тербеліс периоды қалай өзгеред?
С нұсқасы
304. Серіппеге ілінген мыс шар вертикаль тербелістер жасайды. Егер серіппеге радиусы дәл сондай алюминий шар ілсе, тербеліс периоды қалай өзгереді.
305. Егер серіппеде тербеліп тұрған жүкке, массасы 100 г кіртас ілсе, тербеліс жиілігі 1,41 есе кемиді. Серіппеге әуелгі ілінген жүктің массасы қандай?
306. Қатаңдығы 0,4 кН/м серіппеге бекітілегн массасы 640 г жүк, тепе-теңдіктен 1 м/с жылдамдықпен өту үшін, оны тепе-теңдік күйден қандай арақашықтыққа ауытқыту қажет.
307. Маятникті жерден айға апарса, оның тербелістер периоды қалай өзгереді. Ай массасы жерден 81 есе кем, ал жер радиусы айдікінен 3,7 есе үлкен.
308. Маятниктің бірі N1=10 тербеліс жасайды. Екіншісі дәл сондай уақытта N2 = 6 тербеліс жасайды. Маятниктердің ұзындықтарының айырмасы ∆ℓ=16 см. Маятниктердің ℓ1 және ℓ2 ұзындықтарын табыңдар.
309. Математикалық маятниктің h=3,2 км биіктіктегі тербеліс периоды, жер бетіндегі тербеліс периодына тең болу үшін оның ұзындығын қалай өзгерту керек.
24. Гормониялық тербелістің негізгі сипаттамасы
А нұсқасы
310. Дененің тербеліс жиілігі 2000 Гц. Оның тербеліс периоды неге тең болады?
311. Материялдық нүктенің тербелісінің жиілігі 440 Гц, ол 5 с уақыт ішінде қанша тербеліс жасайды
312. Материялық нүкте 1 мин уақыт ішінде 300 тербеліс жасайды. Осы тербелістің периоды мен жиілігін табыңдар?
313. Материялық нүкте 10 кГц жиілікпен тербеледі. Тербеліс периоды мен 1 мин ішіндегі тербеліс санын табыңдар?
314. Материялық нүкте 20 с уақыт ішінде 50 толық тербеліс жасайды. Тербеліс периодын табыңдар.
Б нұсқасы
315.Массаның қанат қағу тербеліс жиілігі 600 Гц, ал араның қанат қағу тербеліс периоды 5 мс. 1 мин ішінде қай жәндік қанатын көп қағады және қанша көп қағады.
316. x=0.4 cos5πt тербелмелі қозғалыстың теңдеуі берілген. Тербеліс амплитудасын және тербеліс периодын, t=0.1с –тан кейінгі ауытқуының шамасын табыңдар?
317. Амплитудасы xm=0.07м, жиілігі ν=200 Гц бастапқы фазасы нөлге тең гормониялық тербелістің теңдеуін жазу керек.
318. Амплитудасы 8 см –ге тең, 1 мин уақыт ішінде 60 тербеліс жасайтын гормониялық тербелістің теңдеуін жазыңдар?
319. Дененің гормониялық тербелісінің амплитудасы xm=15 см, периоды T=0,05 с, бастапқы фазасы нөлге тең. Жылдамдығы мен үдеуінің максималь мәндерін табыңдар.
С нұсқасы
320. Сантиметр мен өлшенген дененің координатасы, уақыт өтуімен ілесе, мына x=3,5 cos4πt түрде өзгереді. Тербелістер амплитудасы және дөңгелектік (циклдік) жиілік неге тең? Тербеліс басталғаннан 5 с өткендегі тербелістер фазасы неге тең.
321. Тербелістің амплитудасы 2 см. Егер нүкте x=xmcoswt заңымен тербеліс жасайтын болса, ауытқу 1 см-ге тең болу үшін тербеліс басынан есептегенде қанша уақыт керек болады?
322. Дене амплитудасы xm=5 см, периоды T=0,01 с, бастапқы фазасы нөлге тең гормониялық тербеліс жасайды. Тербеліс басталған соң t=1 с уақыттан кейінгі дененің жылдамдығы мен үдеуін табыңдар.
323. 1 мин ішінде 120 рет тербелетін гормониялық тербелістердің теңдеулерін жазыңдар. Амплитуда 5 см, ал тербелістердің бастапқы фазалары: 0,π/2, π,3π/2,2π.
324. Массасы 10 г дене гормониялық тербеліс жасайды. Тербеліс теңдеуі x=0.1 sin (6.28t+0.6) тербелісті тудырушы күштің амплитудасы мен дененің толық энергиясын есептеу керек.
26. Механикалық толқындар
А нұсқасы
325. Мұхиттардағы толқынның ұзындығы 270 м-ге дейін, ал периоды 13,5 с дейін болады. Осындай толқынның таралу жылдамдығын табыңдар.
326. Егер периоды 0,005 с тербеліс суда ұзындығы 7,175 м дыбыс толқынын тудырса, онда осы дыбыстың судағы жылдамдығы қандай болады?
327. Найзағай кезінде адам күннің күркірегенін найзағай жарқылынан 15 с-тан кейін естіген. Разряд одан қандай қашықтықта болған.
328. Дыбыс шағылатын бөгетке дейінгі қашықтық 68 м. Адам жаңғырықты қанша уақыттан кейін естіді.
329. Толқындардың таралу жылдамдығы 330 м/с, ал тербеліс жиілігі 256 Гц деп алып, бірдейфазаларда тұрған көршілес нүктелердің ара қашықтығын анықтаңдар.
330. Теңіздің кеме астындағы тереңдігін эхолот арқылы өлшегенде ультра-дыбысты жіберу және қабылдап алу мезеттерінің уақыт аралығы 0,6 с болып шықты. Теңізді кеме астындағы тереңдігі қандай?
Б нұсқасы
331. Көл суының бетінде толқын 6 м/с жылдамдықпен тарайды. Егер толқынның ұзындығы 3 м болса, онда су бетіндегі қалқыма тербелісінің периоды мен жиілігі қандай болады?
332. Балықшы қалтқы 10 с ішінде толқында 20 тербеліс жасағанын , ал көршілес толқын өркештерінің ара қашықтығы 1,2 м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?
333. Қозғалмай тұрған бақылаушының жанынан 10 с-та 4 толқын жалы өтті. Бөлшектердің тербеліс периоды қандай?
334. Ауаның температурасы 150С болғанда, адам дауысының шектік жиіліктері 64 Гц-тен 1300 Гц-ке дейінгі дыбыс толқындарының ұзындығын табыңдар.(дыбыстың жылдамдығы 340 м/с)
335. Дыбыстың судағы жылдамдығы 1450 м/с. Егер де тербеліс жиілігі 725 Гц болатын болса, қарсы фазада тербелетін ең жақын нүктелердің ара қашықтығы қандай болады?
С нұсқасы
336. Атылған оқ және оның дыбысы 680 м биіктікке бір мезгілде жетеді. Оқтың бастапқы жылдамдығын есептеңдер, оқтың қозғалысына қарсы кедергі ескерілмейді.Дыбыс жылдамдығы 340 м/с.
337. Суда пайда болған когерентті толқындардың екі жүйесі біріне-бірі қарама-қарсы таралады. Жүрістерінің айырмасы 1)6 м, 2) 6,25 болатын толқындардың түйіскен нүктелерінде нені байқауға болады? Толқын ұзындығы 50 см.
338. Тербеліс көзінен 12 м және 14 м қашықтьқтағы екі нүктенің тербеліс фазаларының айырмасын анықтаңыздар.Тербеліс периоды 0,4 с, ал тербелістің таралу жылдамдығы 10 м/с.
339 Тербеліс көзінен ара қашықтықтарының айырмасы 25 см болатын дыбыс толқынының екі нүктесінің фаза айырмасын табыңдар. Тербеліс жиілігін 680 Гц, ал дыбыстың тарау жылдамдығын 340 м/с деп алыңдар.
340. Көлде жүзіп бара жатқан катерден шыққан толқын жағалауға 1 мин-тан кейін келіп жетті. Ол толқынның көршілес жолдарының ара қашықтығы 1,5 м, ал жағаға бірінен соң бірі келіп соғылған екі толқын арасындағы уақыт 2 с болып шықты. Катер жағадан қандай қашықтықта өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |