Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:
шығармашылық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын, мазмұнын ескерту;
шығармашылқ тапсырмалар түрлі деңгейде болуы;
кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде берілуі;
білімі мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;
тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге өзгеруі;
оқушының жеке қабілеттерін ашатындай болуы және шығармашылық дербестігін дамытатындай дәрежеде болуы керек.
Жаңалыққа деген қызығушылық – басты ішкі талпыныс болып табылады. Оқушыларда жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді.
Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интеллекті дамытуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор болуы мүмкін. К.Д.Ушинский: «Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?»-деген. Ендеше, оқыту негізгі қызығушылық жағдайда болу керек. Сол себепті, білім алуға қызығушылықты дамыту үшін негізгі жағдайлар болғаны дұрыс. Олар:
-Оқушының өз бетімен ізденуге, жаңа білім «ашуға», проблемалық тапсырмалар шешуге тартылуы; оқу еңбегі басқа да еңбек түрлері сияқты әр салалы болуы керек;
-Бірізділік, біртекті ақпарат жалықтырады. Жаңа материалдың жас ерекшелігіне сай және оны игеру мүмкіншілігінің болуы;
-Әрі қарай жұмыс істеуге қызықтыру үшін игерілген білімінің жиі тексеріліп отырылуы;
-Оқу материалын бергенде мұғалім анық та эмоционалды болуы оқушыға, оның пәнге деген қызығушылығына жақсы әсер етеді.
Ақыл-ой ынтасы, қиындықты жеңу – балалардың ойлауын дамытады, оқуға қызығушылығын көтеріп, жағымды эмоциялық күй тудырады. Түсіндірумен қатар таным әрекетінің қарқынды басқа да түрлері пайдаланылса, білімді игеру мен ақыл-ойдың дамуы пәрменді болады.
Таным белсенділігі дәрежесі оқушының өзіне; тәрбиесіне, сана-сезіміне, еркіне, қызығушылығына байланысты. Егер балада бұл қасиеттер аз болса, оны қалыптастырып дамыту мұғалімнің кәсіби міндеті. Оқушының белсенділік дәрежесі оқытушының педагогтық шеберлігіне, қолданған әдіс-тәсілдеріне қайтарған жауабы тәрізді.
Мұғалім сабақ сапасын арттырып, оқушы белсенділігін үнемі көтеруге ерекше назар аударып, оқушының кез-келген сұрақ пен ұғымды талдай алуы үшін әр сабақта проблемалық оқытуды жиі қолдануы тиіс.
Оқушының белсенді ойлау әрекеті
Проблемалық ситуация
Ойлау, іздену
Оқушы
Ой қорытындысы
Проблема баяндау
Пікір-ой қапшығы
Өзіндік ой қорыту операциялары
Шығармашылық қабілетін дамыту
Шапшаң ойлау қабілетін дамыту
Оқушыны жеке тапсырмамен дағдыландыру
Терең білім негізінде қалыптастыру
Өзіндік ой қорыту
Жан-жақты дамыту
Проблемалық оқу оқушылардың шығармашылық белсенділігін күшейтудің ең тиімді құралы болып саналады. Мұның мәні оқушы жаңа материалды түсіну үшін толғанып, проблемалық ситуация жасауға жаңа жоспар жасап, мұғалімге проблемалық сұрақтар береді. Проблемалық оқытудың нәтижесі терең әрі берік білім берумен, жаңа оқу жұмыс тәсілін меңгерумен,терең ой, алғыр ақыл пайда болады. Оқушылармен өз біліміне және оқып үйреніп отырған материалға сын көзімен қарайтын болады.
Оқушының жаңа ұғымды бекітуі: ой қорыту, баланың өздігінен дербес әрекет етуіне жағдай жасау, сол әрекетті бастан өткізіп, оған өзіне қорытынды жасату, еңбек нәтижесін баланың өзі сезінетіндей болуы шарт.
Мұғалім оқушыларға мақсат қойып, оны орындау жолдарын іздеуге бағыттайды, өзінің әрекетіне көзбен қарауға, нәтижені талдауға үйретеді. Мұғалім қызықты тапсырмалар жүйесін жасап, тапсырманы шешудің қарапайым әдісінен күрделіге ауыстырады. Сабақ үстінде шығармашылық дербестіктің қалыптасуы үшін оқушылар мыналарға міндетті: мәселені талқылауда белсенділік көрсету, шапшаң ойлау, сұрақ қоя білу, өз пікірін терең білім негізінде қалыптастыру, шығармашылықпен дербес жұмыс істеу және мақсатқа жетуі.
Мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасап, баланың шығармашылық қабілетін ашып, оны алға қарай дамыту барысында сыныпта қабілетті, яғни дарынды, үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жүйелі жолға қою қажеттілігі туындайды.
Дарындылықтың табиғаты шексіз. Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тәне құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем турлы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.
Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет.Ендеше, мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есте ұстауы қажет:
-Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждықтарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;
-Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
-Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапалардың болатындығын мойындауы, әрі дамытуы керек. Ол үшін өзі де өзгеруі дәстүрлі оқытудың стереотиптерінен арылуы керек. Білім арқылы баланы дамытудың жаңа стратегиясы мен тактикасын таңдай алуы керек. Өзінің философиялық ұстанымдырын қайта қарағаны дұрыс.
Бұл тұрғыда, мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды, ол өз пәнін өте жетік біледі, бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Білімділігін баланы қорқытудың, оған үстемдік етуінің құралы етпейді. Демек, мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам, ғылым шешіп қойған, бірақ ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі. Оқу әрекетімен айналысады. Оқу үрдісінде инновациялық технологиялардың тиімділігін көреміз.
Дарынды бала дегеніміз – айрықша жетістіктерімен ерекшеленетін және іс-әрекет барысында сондай жетістіктерге ұмтылатын баланы айтамыз.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарды мынадай бөліктерге бөлуге болады:
Өзімнің іс-тәжірибемде тұлғаның таным белсенділігін анықтауда шығармашылық, деңгейлік тапсырмаларды орындату нәтижесінде үлгермеуші оқушыларды анықтап отырамын.
Достарыңызбен бөлісу: |