66-шығарылым Арнайы өндіріс бұйымдарын


-разряд Жұмыс сипаттамасы



жүктеу 2,76 Mb.
бет13/17
Дата16.02.2018
өлшемі2,76 Mb.
#9819
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әскери және арнайы машиналардың қарапайым тораптары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету, демонтаждау, жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. Әмбебап құрылғыларды қолданып, 12-14 квалитет (5-7 класс дәлдігі) бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу және келтіру. Ілестіру және пісіру бойынша бөлшектер мен тораптарды құрастыру. Бұранданы белгілер мен плашкалармен кесу. Қарапайым бөлшектерді белгілеу. Кескіш және слесарлық құралдарды қайрау және түзету. Машиналар мен агрегаттарға май, отын, су құю. Күрделі емес тораптар мен агрегаттарды машинаның сыртына және ішіне орнату.

Білуге тиіс: жөнделетін тораптардың, механизмдер мен агрегаттардың, әскери және арнайы машиналардың құрылғысы мен міндеті; қарапайым тораптар мен агрегаттарды бөлшектеуге, құрастыруға, реттеуге және сынауға қойылатын техникалық шарттар; белгілеуші, кесуші, электр, пневматикалық және бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын қолдану ережесі; дәнекерлеу тәсілдері, сымдар мен тростарды жетілдіру; шектеулер мен әдіптер, квалитеттер (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлығын параметрлері (өңдеу тазалығының класы) туралы негізгі мәліметтер; орындалатын жұмыс көлемінде металл технологиясы туралы негізгі мәліметтер; жөнделетін қарапайым тораптар мен бөлшектердің сызбалары.

Жұмыс үлгілері

1. Әуе баллондары, сыртқы бактар, ЗИП, қосалқы трактар, тіркеме тростар – машиналарға орнату.

2. Қарулар жинағыш – түсіру, бөлшектеу, құрастыру және орнына салу.

3. Алынбалы-салынбалы бронь, бронь тығындары, түптегі және қозғалтқыштағы люктердің қақпақтары – түсіру және келтіріп орнына салу.

4. Кардан біліктері – түсіру, бөлшектеу.

5. Сөндіргіштер және қозғалтқыштың шығарынды құбырлары – түсіру және орнату.

6. Металл және резеңке-металл шынжыр табандар – бөлшектеу.

7. Жалюзи, жалюзи торлары - түсіру, бөлшектеу.

8. Қалқыма машиналардың кингстондары – түсіру, бөлшектеу.

9. Жетекші және бағыттаушы доңғалақтар, тірек және ұстап тұратын каткалар – бөлшектеу.

10. Бронь тасымалдағыш доңғалақтар – түсіру және орнату, шиналарды демонтаждау және монтаждау.

11. Қарапайым кронштейндер – жасау.

12. Корпус қақпақтарының табақтары – орнату, бекіту.

13. Командир мен жүргізушінің люктері, атылған гильзаларды лақтыратын люктер – түсіру, бөлшектеу.

14. Люк қақпақтарын жабатын механизмдер – түсіру және орнату.

15. Су астында жүргізуге арналған жабдықтар – түсіру, бөлшектеу, құрастыру.

16. Мотор далдалары, қанаттар, кронштейндер, шынжыр табан астына қойылатын сөрелер – түсіру, бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және келтіріп орнату.

17. Мұнара погоны – тығыздағышты орнату.

18. Едендер мен платформалар – түсіру, бөлшектеу.

19. Байқау аспаптары – түсіру.

20. Картоннан, парониттен, резеңкеден жасалған арнайы астарлар – жасау.

21. Резеңке астарлары – корпус пен мұнараға жабыстыру.

22. Доңғалақтары бар машиналардың рессорлары – бөлшектеу, құрастыру, орнату.

23. Рычагтар, тығыздама құрсаулары, сателлиттер, манжеттер – бөлшектеу, құрастыру.

24. Экипажға арналған орындықтар – түсіру, бөлшектеу.

25. Айналатын еденнің тумбасы – орнату.

26. Тартымдардың тіркеме құрылғылары – түсіру, бөлшектеу.

27. Қатты және жұмсақ тазалайтын фильтрлер – бөлшектеу, құрастыру.

28. Дюритті шлангтар – герметикалығына сынау.

29. Экрандар (бүйір қалқандары) – түсіру.


138. Әскери және арнайы машиналарды жөндеуші слесарь

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жеңіл танктерді, артиллериялық тартқыштарды, бронь тасымалдағыштар мен арнайы машиналарды агрегаттар мен тораптарға бөлшектеу. Стендте техникалық қызмет көрсету, бөлшектеу, құрастыру, реттеу, сынау, күрделілігі орташа агрегаттар мен тораптарды орнату және орталықтау. Әмбебап аспаптарды қолданып, 11-12 квалитет (4-5 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу, жасау және келтіру. Құрастыру жұмыстарын орындау кезінде бөлшектер мен тораптарды жону, ысқылау және түзету. Бөлшектер мен тораптарды пісіретін және салатын жерлерін белгілеу. Корпус пен мұнара бөлшектерінде тесіктер тесу және жазу. Күрделігі орташа тораптарды құрастыру және сынау кезінде анықталған ақауларды жою.

Білуге тиіс: жөнделетін машиналардың күрделілігі орташа тораптары мен агрегаттарының құрылғысы, міндеті, жұмыс істеу принципі; әскери және арнайы машиналарды бөлшектеуге қойылатын техникалық шарттар мен нұсқаулықтар, күрделілігі орташа агрегаттарды орнату және орталықтау, құрастыру, реттеу және сынау; машиналардың тораптары мен агрегаттарын құрастыру, сынау және реттеу кезінде пайда болатын ақауларды жою тәсілі; жөндеу кезінде қолданылатын әмбебап және арнай ы құрылғылардың құрылғысы; слесарлық-құрастыру құралы және бақылау-өлшеу аспаптары; шектеулер мен әдіптер, квалитеттер (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлық параметрлері (өңдеу тазалығының кластары); сызу және металл технологиясының негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Машиналардың тәжірибелік үлгідегі агрегаттары мен тораптары – оларды орнатқаннан және орталағаннан кейін бекіту.

2. Гидравликалық амортизаторлар, желдеткіштер, гитарлар, негізгі және бортты фрикциондары, айналымның планетарлық механизмдер – бөлшектеу.

3. Балансирлер, домалақтары бар құрастырылатын балансирлер – құрастыру, жөндеу, бөлшектеу.

4. Әуе баллондары және ППО – жөндеу, құрастыру, сынау.

5. Мұнаралар, погондар, кішкене мұнаралар, айналма механизмдер – түсіру, бөлшектеу.

6. Цилиндр блоктары – түсіру.

7. Иінді біліктер, блоктардың қалпақшалары, айдамалағыштар – бөлшектеу.

8. Кардан біліктері – жөндеу, құрастыру, реттеу.

9. Бұрамалар – бөлшектеу, құрастыру, сынау, орнату.

10. Ауа тазалағыштар, қыздыру қазандықтары – жөндеу, орнату.

11. Балансирлердің төлкелері – орнату.

12. Металл және резеңке-металл шынжырлы табандар – құрастыру.

13. Суатқыш қозғалтқыштар, 765 типтік бұйымдардың есіктері-бактары – түсіру, құрастыру.

14. Қуаты 100 л.с. дейін бір қатарлы іштен жанатын қозғалтқыштар – бөлшектеу.

15. Тісті дискілері – тістерді шаблондар бойынша келтіру.

16. Картерлер – бергіш мойынтіректер бойынша тесіктерді жөндеу.

17. Төменгі картер – үстіңгі картермен тігу.

18. Қалқыма машиналардың кингстондары – құрастыру, тоқтату.

19. Жетекші және бағыттағыш доңғалақтар, тірейтін және ұстап тұратын дөңгелектер – құрастыру.

20. Бронь тасымалдағыштың корпусы – жөндеу.

21. Арнайы машиналардың кузовтары – орнату және шассиге бекіту.

22. Дөңгелегі бар машиналардың жетекші көпірлері – бөлшектеу.

23. Айдамалағыштар, иінді біліктер, блоктардың қалпақшалары – бөлшектеу.

24. Су, май, отын басқылағыш сорғылар – бөлшектеу, құрастыру.

25. Жоғары қысымды отын сорғылары – бөлшектеу.

26. Тіреу мойынтіректері – иінді білікке орнату.

27. Байқау аспаптары – орнату.

28. Басқару жетектері, түзеткіш және ауыспалы біліктер, тізгінді қораптар, жылдамдық вилкалары, кулистер, мұнара бекіткіштері, сервомеханизмдер – түсіру, бөлшектеу, құрастыру.

29. 915 типтік бұйымдардың пневматикалық рессорлары – түсіру, бөлшектеу, құрастыру.

30. Жүргізушінің отындығы – орнату және салу.

31. Гидравликалық және пневматикалық тежегіштер – түсіру.

32. Артиллериялық тартқыштардың тіркеме құрылғылары – орнату, құрастыру.

33. Шынжыр табан машиналардың жүретін бөлігі – түсіру.


139. Әскери және арнайы машиналарды жөндеуші слесарь

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа және ауыр танкілердің агрегаттары мен тораптарын және шасси жөнделген арнайы машиналарды бөлшектеу. Әскери және арнайы машиналардың күрделі әрі жауапты тораптары мен агрегаттарына техникалық қызмет көрсету, құрастыру, реттеу және сынау. Негізгі агрегаттар мен механизмдерді орталықтап, жеңіл танктерді, артиллериялық тартқыштар мен бронь тасымалдағыштарды құрастыру және стационарлы сынақтар жүргізу. 7-10 квалитет (2-3 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және келтіру. Танктер мен бронь тасымалдағыштардың корпустары мен мұнараларын жөндеу. Күрделі тораптарды, агрегаттар мен машиналарды бөлшектеу, күрделілігі орташа тораптар мен агрегаттарды құрастыру және сынау.

Білуге тиіс: жөнделетін агрегаттардың және әскери әрі арнайы машиналардың конструкциясы, құрылғысы, жұмыс істеу принципі, техникалық сипаттамасы; орнатуға қойылатын техникалық шарттар мен нұсқаулықтар, негізгі агрегаттар мен механизмдерді орталықтау және жеңіл танктерді, САУ, артиллериялық тартқыштар мен бронь тасымалдағыштарды стационарлық сынау; механика негіздері және металдарды өңдеудің технологиясы; шектеулер мен әдіптердің, квалитеттің (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлық параметрлерінің (өңдеу тазалығының класы); күрделі монтаждау сызбалары және технологиялық карталар.

Жұмыс үлгілері

1. Қозғалтқыштардың аспалы агрегаттары – қозғалтқышты машинадан алмай ауыстыру және реттеу.

2. Май және отын бактары, сумен әрі маймен істейтін радиаторлар – сынау, машинаның ішінде монтаждау.

3. Машиналарда торсиондармен теңгеру – монтаждау.

4. Кіші мұнаралар – жөндеу, құрастыру және машинаға орнату.

5. Бронь тасымалдағыштар, САУ жеңіл танкілер – жалпы құрастыру және стационарлы сынау.

6. Генератор жетегінің біліктері – генератор білігімен біліктестігін тексеру.

7. Негізгі, жүк, аралық беріліс қораптарының, планетарлық механизмдердің біліктері – тістегершіктер мен мойынтіректердің іліністерін реттеп құрастыру.

8. Кардан біліктері – орнату.

9. Қалқыма машиналардың ескіш бұрамалары – бейінді қалпына келтіру және теңгеру.

10. 765 типтік бұйымның есіктері-бактары – құрастыру, сынау.

11. Іштен жанатын қозғалтқыштар бір қатарлы (бензинді) – құрастыру, реттеу.

12. Дизельді және У-секілді іштен жанатын қозғалтқыштар, автоматты және планетарлық беріліс қораптары, гидро басқарылатын – бөлшектеу.

13. Қозғалтқыштар, беріліс қораптары, жеңіл танктердің, бронь тасымалдағыштардың, артиллериялық тартқыштардың – орнату, орталау.

14. Фрикцион конустары, конустың тістегершіктер, бұрамдық жұптар, мойынтіректердің ұяшықтары – жұптарды іріктеу, ысқылау, келтіру және жону.

15. Шынжырлы табан машиналарының корпустары – сынауға дайындау және герметикалығына сынау.

16. Корпус пен мұнара – ТШ және сызбаға сәйкес бөлшектер мен тораптарды келтіру әрі толықтай салыстырып тексеру.

17. Командирдің, жүргізушінің, атылған гильзаларды лақтыратын люктер – құрастыру, сынау, келтіріп орнату.

18. Жоғары қысымды отын сорғылары – бөлшектеу.

19. Май, су, отын басқылайтын сорғылар – сынау.

20. Су астында жүргізуге арналған жабдықтар – орнату, сынау.

21. Бортты берілістер – тістегершіктердегі саңылаулар бойынша және мойынтірек сақиналарын картер ұяшықтарына іріктеу.

22. Погондар - монтаждау.

23. Желдеткіш пен компрессордың жетектері – құрастыру.

24. Басқару жетектері – орнату және реттеу.

25. Жылдамдықты реттегіш, әмбебап (гидравликалық) – құрастыру, орнату.

26. Шынжырлы табан машиналардың жүріс бөлігі – монтаждау.

27. Барлық типтегі эжекторлары – құрастыру, орны бойынша келтіріп орнату.


140. Әскери және арнайы машиналарды жөндеуші слесарь

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. әскери және арнайы машиналардың ерекше күрделі әрі жауапты агрегаттары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету, құрастыру, реттеу, сынау және тапсыру. Күрделі әрі ауыр танктерді, САУ, артиллериялық тартқыштарды және олардың базасында жөнделген машиналарды құрастыру, негізгі агрегаттар мен механизмдерді орталау және орнату, стационарлық сынау. Стендтерде тәжірибелі тораптар мен агрегаттарды толық құрастыру, реттеу және сынау. 6-7 квалитет (1-2 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу, келтіру және жетілдіру. Ерекше күрделі конфигурациялы бөлшектер мен тораптарды статистикалық және динамикалық теңгеру. Негізгі агрегаттарды, механизмдер мен машиналарды құрастыру және сынау кезінде анықталған ақауларды жою. Тапсыру құжаттарын толтырып, машиналарды ТББ тапсыру.

Білуге тиіс: барлық модельдегі әскери және арнайы машиналардың конструктивтік ерекшеліктері, олардың техникалық және пайдалану сипаттамалары; құрылғысы, жұмыс істеу принципі; тәжірибелі агрегаттар мен машиналардың міндеті; орташа және ауыр танктерді, САУ құрастыруға және сынауға қойылатын техникалық шарттар; металл технологиясының негіздері; сынақ стендтердің құрылғысы; машиналарды ТББ тапсыру тәртібі.

Жұмыс үлгілері

1. АДУ-2с типтік қысым автоматтары – құрастыру, сынау.

2. Гидравликалық амортизаторлар, желдеткіштер, негізгі және бортты фрикциондар, айналымның планетарлық механизмдері, борт берілістері, борт редукторлары, суатқыш қозғалтқыштар, беріліс қораптары – құрастыру, реттеу және сынау.

3. Мұнара - монтаждау.

4. Ауа таратқыш – орнату және реттеу.

5. Цилиндрлердің гильзалары – ысқылау және орнату.

6. Дизельді және У-секілді қозғалтқыштар – құрастыру.

7. Қуаты 100 л.с. артық бензинді қозғалтқыштар – реттеу және сынау.

8. Қозғалтқыштар, беріліс қораптары, бортты планетарлық трасмиссиялар және орташа және ауыр танктердің негізгі редукторлары – орнату, реттеу және орталықтау.

9. Бронь корпустар мен мұнаралары – ТШ және сызбаға сәйкес толық салыстырып тексеру.

10. теңгерім кронштейндері, тежегіш асты фундаменттері, беріліс қораптарының тіректері мен гитары, артжүйе бекіткіштерінің цапфтары, зеңбіректің көтергіш механизмдерінің кронштейндері – жөндеу, орны бойынша келтіріп ауыстыру.

11. Тәжірибелік үлгідегі түрлі жүйелердің клапанды механизмдері – құрастыру, реттеу.

12. Танктердің көтергіш және айналма механизмдері – құрастыру, реттеу, сынау.

13. Айдағыштар - құрастыру.

14. Жоғары қысымды отын сорғылары, форсункалар – стендте реттеу, сынау.

15. Үстіңгі және астыңғы картердегі қозғалтқыштардың берілстері – құрастыру, реттеу.

16. Мұнара погондары - құрастыру.

17. Басқару жетектері – құрастырылған машинада толық реттеу, саңылауларды, еркін жүрістерді және рычагтағы күшейткіштерді өлшеу.

18. Жаппай талқандайтын қарудан, өртке қарсы жабдықтардан қорғайтын автоматтық жүйе, отынмен, ауамен, маймен қоректену жүйесі – салқындату, монтаждау, сынау.

19. Танктердің жүретін бөлігі – шектер бойынша салу.

20. Шатундар –салмағы бойынша жинақтау.
141. Әскери және арнайы машиналарды жөндеуші слесарь

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тәжірибелік эксперименталды машиналарды, ерекше күрделі әрі жауапты тораптар мен механизмдерді 6-квалитет (1-класс дәлдігі) бойынша құрастыру, реттеу, орталықтау. Әскери машиналардың ерекше күрделі арнайы тораптарын, механизмдері мен аспаптарын құрастыру, реттеу және сынау. Эксперименталды машиналар мен механизмдерді құрастыру және реттеу кезінде анықталған ақауларды жою. Пайдалану сипаттамасын түсіріп машиналардың дұрыс құрастырылғанын тексеру.

Білуге тиіс: тәжірибелі машиналар мен механизмдердің конструктивтік ерекшеліктері, құрылғысы, кинематикалық схемасы және құрастыруға, реттеуге және орталықтандыруға қойылатын техникалық шарттар және аспаптар мен жүйелердің ерекше күрделі арнайы механизмдері; машиналардың дұрыс құрастырылуын тексеруге және пайдалану сипаттамасын түсіруге арналған нұсқаулықтар.

Жұмыс үлгілері

1. Қозғалтқыштардың газ таратқыштары – орнату, реттеу.

2. ГТД-100 типтік газтурбиналық, 5 ТДФ типтік дизелдік қозғалтқыштар – құрастыру, реттеу.

3. Автоматтық, планетарлық, гидробасқарылатын беріліс қораптары – құрастыру, реттеу, сынау.

4. Арнайы жабдықтар (тұрақтандырғыш жүйелер, инфрақызыл техника аспаптары) - құрастыру, реттеу және сипаттамасын түсіріп сынау.
142. Қару-жарақтарды жөндеу жөніндегі слесарь

1- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Артиллериялық және атыс қару-жарақтарының, бомба тастағыш құрылғылар мен торпедалық аппараттардың жекелеген қарапайым тораптары мен агрегаттарын демонтаждау, бөлшектеу және құрастыру. Бөлшектер мен тораптарды жуу, тазалау, коррозиясын кетіру, майлау. Қабыршақтарды, пісіру жіктерін кескішпен шабу, қол арамен кесу; шаблондар бойынша жазықтықты, фаскалар мен радиустерді аралау. Бұрандаларды, гайкаларды, болттар мен шпилькаларды айдау. Дәлдікті талап етпейтін бөлшектерде белгілер және плашкалар бойынша қолмен бұрандалар кесу. Әр түрлі материалдардан жасалған қарапайым астарларды жасау. қысқа және ұзақ уақытқа сақтауға бөлшектер мен тораптарды сырттай консервациялау (қайта консервациялау). Негізгі емес бөлшектер мен конструкцияларда белгі және контур бойынша пневматикалық әрі электрлік машинкалармен тесіктерді бұрғылап тесу және бұрғылап қайта кеңейту.

Білуге тиіс: артиллериялық және атыс қару-жарақтың, бомба тастағыш құрылғылар мен торпедалық аппараттардың қарапайым тораптары мен агрегаттарының міндеті және құрылғысы; қарапайым слесарлық және өлшегіш құралдың міндеті және қолдану ережесі; жөндеу кезінде қолданылатын металдардың, материалдардың, майлардың және жуғыш құрамдардың атауы және таңбалануы; шектеулер мен әдіптердің, квалитеттің (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлық параметрлерінің (өңдеу тазалығының класы) жүйелері туралы қарапайым мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

1. Болттар, гайкалар – бұранданы айдау, механикалық өңдегеннен кейін қырларын өңдеу.

2. Білікшелер, табақтар, қалқаншалар – майысқан жерлерін түзету.

3. Бөлшектер – гальваникалық жабынға дайындау, жарықтарды пісіру бойынша бітеу.

4. Бөрене ұстағыштар – жуу.

5. ППШ оқпанды қораптар – трубкалы осьті және кесілген чектерді жөндеу.

6. Кронштейндер C-13 – қайта консервациялау және уақытша консервациялау.

7. Пулемет майлағыштарының қақпақтары – бұрғылау және жаққыштың сынған өзекшесін ауыстыру.

8. Табақты материал – қол қайшыларымен, қол аралармен тік сызықты кесу.

9. Орағыштар, қақпақтар, АКС-3М типтік кронштейндер – бұйымнан түсіру, бөлшектеу, құрастыру.

10. Бітеу тесіктер – белгі бойынша бұранда кесу.

11. Бөлшектер мен тораптардағы тесіктер – штифт бойынша ұңғылау.

12. Пистолет – қапсырмаларды құрастыру.

13. Миномет плиталар – жарықтарды пісіру бойынша бітеу.

14. АК дүмбілері – арматураны алу.

15. ДП, ДТ және РПД типтік пулеметтер – қайтарушы-ұрыс серіппелерін рамамен біріктіру және серіппенің сынған ұшын толтыру, оқпан қорабының үстіңгі бағыттағыштарын тазалау, қосқыш қапсырманы орнату.

16. ДП жапқыш рамалар – жаңа поршеньді бағыттағыш өзекшеге салу.

17. Рессорлар және рессорлау механизмі – бөлшектеу.

18. Минометтердің тарельдері – түзету.
143. Қару-жарақтарды жөндеу жөніндегі слесарь

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Атыс қаруларын бөлшектеу және құрастыру, минометтерді бөлшектеу. Артиллериялық және атыс қару-жарақтың, торпеда аппараттары мен бомба тастағыш қондырғылардың қарапайым тораптарын, агрегаттары мен механизмдерін бөлшектеу, құрастыру, реттеу және сынау. Әмбебап құрылғыларды қолданып 12-14 квалитет (5-7 класс дәлдігі) бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу және келтіру. Бөлшектерді іліктіріп және пісіріп құрастыру. Бөлшектердің фигуралық бөлшектерін калибр және шаблон бойынша аралау. Қарапайым бөлшектерді белгілеу. Бұрғылау және бұранда кескіш станоктар мен престерде жұмыстарды орындау. Жөнделетін бөлшектер мен тораптарды трафарет бойынша таңбалау. Күрделі емес тораптар мен бұйымдарды сызбалар және айрықшалықтары бойынша жинақтау. Электр тізбектің күрделі емес учаскелерін дәнекерлеу.

Білуге тиіс: жөнделетін артиллериялық және атыс қаруларының, торпедалық аппараттар мен бомба тастағыш қондырғылардың құрылғысы және жұмыс істеу принципі; жөнделетін және құрастырылатын тораптар мен механизмдерге қойылатын техникалық шарттар; слесарлық, бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғыларды қолдану ережесі; бөлшектерді белгілеу ережесі; бөлшектерді термиялық өңдегеннен және пісіргеннен кейін өзгерістерді орнына келтіру тәсілі; шектеулер мен әдіптердің, квалитеттің (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлық параметрлерінің (өңдеу тазалығының класы) жүйелері туралы негізгі түсінік; қарапайым бөлшектерге арналған сызбалар мен схемалар; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника және металл технологиясы жөнінде негізгі мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

1. Автоматтар – бөлшектерді жөндеу.

2. ЭК-48 типтік агрегаттар, АОС, КВСБ механизмдер, коллиматорлы нысаналар – ұшақта демонтаждау, бөлшектеу.

3. Бронь қалпақшалары және амбразурлық қақпақтар – жөндеу.

4. Артжүйелерді броньдау – орнату.

5. 5 "В" типтік блоктар, атыс қаруларының бөлшектері – ванналарда жуу.

6. Винтовкалар, карабиндер, пистолеттер – бөлшектеу және құрастыру.

7. Қол гранатометтері – бөлшектеу және құрастыру.

8. Винтовкалар, карабиндер – магазин ілгіштерін салу, мылтықтың аузын жону және ажарлау, ұрыс личинкасы мен бекітпені құрастыру.

9. СГ-82 гранатометтері – бөлшектеу.

10. Салмақтайтын жүктер – монтаждау.

11. Жартылай автоматты жарақтары бар бекітпелер мен бекітпе тораптары – бөлшектеу.

12. Бекітпе сынасы – соқпа механизмді құрастыру.

13. Минометтердің доңғалақтары – екпінді болдырмау.

14. Бекітпе қораптары, бергіштер, магазин қораптарының қораптары, магазин қораптары – түзету.

15.Көтергіш механизмнің кронштейндері – түзету.

16. Кронштейн – жөндеу, құрастыру.

17. M-160, M-140 минометтер – бөлшектеу.

18. АК автоматтарын, СКС карабиндерін, ДП РПД типтік пулеметтерді іске қосатын механизмдер – құрастыру, келтіру, реттеу.

19. Автоматтардың дүмбілері – бөлшектеу.

20. Қол пулеметтердің нысаналары – жөндеу.

21. Пулеметтер, шор қондырғылары, РП-1 электрлік қосқыштар, пулеметтердің турельді қондырғылары – бұйымнан түсіру.

22. РПД, СГ, ПКП типтік пулеметтер – қарауылдың сақтандырғышын келтіру және салу, соштардың құрастыру және реттеу, бекітпе рамалардың өзекшелерін ауыстыру.

23. HP-30, HP-23, АМ-23 типтік зеңбіректер - консервациялау.

24. Штепсельді ажыратқыштар – сымдарды дәнекерлеу.

25. Катапульттелетін орындықтар – демонтаждау және бөлшектеу.

26. Пулемет станоктары – бөлшектеу.

27. Нысана станциялары, кассета ұстағыштар, ПБД-48, МВН-48 – тораптарға бөлшектеу.

28. Штормды бекіткіштер, 37у мен 38у бұйымдарының біріктіргіш жәшіктері, 31у бұйымның траверздері, аппараттардың айналуын шектегіштер, май құбырлары – бөлшектеу.

29. Мылтық аузының тежегіштері – түсіру.

30. Зеңбірек бекіткішінің тартқыштары – орнату.

31. Бүйірлі және көлденең деңгейлер – құрастыру, реттеу.

32. ЗУ-23, ЗПУ-2, ЗПУ-4 типтік зенитті қондырғылар, ДШК, ДТ, РПД, ДП пулеметтер – бөлшектеу.

33. Шомполдар – түзету.

34. Қадақтар – түзету, жүзін қайрау және сапты келтіру.

35. ДШК, СГ пулеметтерінің қалқандары – станоктарға келтіру.


144. Қару-жарақтарды жөндеу жөніндегі слесарь

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Артиллериялық жарақты және шағын калибрлі, ірі калибрлі пулеметтің, торпедалық аппараттар мен бомба тастағыш қондырғыларды бөлшектеу. Күрделілігі орташа қарулардың тораптарын, агрегаттар мен механизмдерін бөлшектеу, құрастыру және реттеу. Әмбебап құрылғыларды қолданып, 11-12 квалитет (4-5 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және келтіру. Қысымы 20 кг/см2 дейін тораптарды, агрегаттар мен механизмдерді пневматикалық және гидравликалық сынау. Күрделілігі орташа бөлшектер мен тораптарды белгілеу, жону, ысқылау. Әр түрлі қоспалармен дәнекерлеу. Құрастыру және сынау кезінде анықталған ақауларды жою. Арнайы теңгеру станоктарында, призмалар мен роликтерде қарапайым конфигурациялы негізгі бөлшектерді статикалық теңгеру.

Білуге тиіс: артиллериялық жарақтың және шағын калибрлі, ірі калибрлі пулеметтің, торпедалық аппараттар мен бомба тастағыш қондырғылардың конструкциясы және жұмыс істеу принципі; күрделілігі орташа тораптарды, агрегаттар мен механизмдерді құрастыруға, реттеуге қойылатын талаптар; өңделетін металдардың механикалық қасиеті және термиялық өңдеудің олардың өзгеруіне әсері; қатты және жұмсақ дәнекердің, флюстердің, протравтардың құрамы және оны дайындау тәсілі; шектеулер мен әдіптер, квалитет (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлық параметрлері; күрделілігі орташа бөлшектержі белгілеу тәртібі; электр жабдықтардың принциптік монтаждау схемалары және оларды пайдалану ережелері; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника мен механика негіздері.

жүктеу 2,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау