№66 (29297) 9 Суір, ДҮйсенбі 2018 жыл



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет15/16
Дата19.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#20721
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

9 СƏУІР 2018 ЖЫЛ

15

Республикалық  меншік  объектілерін  сату 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 

9  тамыздағы  №  920  қаулысымен  бекітілген 

Жекешелендіру  объектілерін  сату  қағидасына 

сəйкес жүзеге асырылады.



Аукционның өткізілу күні мен уақыты: 2018 

жылғы  25 сəуірде Астана уақыты бойынша 

сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Павлодар мемлекеттік мүлік жəне 

жекешелендіру департаменті бойынша 

(Павлодар қ., академик Сəтбаев к-сі, 136.)

Сауда-саттықтың бағасын көтеру əдісімен 

аукционға қойылады: 

Теңгерім  ұстаушы:  «Павлодар  облысының 

прокуратурасы»  ММ,   Павлодар  қ.,  Лермонтов 

көшесі, 3:

1. Лада-21703 автокөлігі, м.н. 022РК14, 2010 

ж.ш. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 618 300 теңге. 

Кепілдік жарнасы – 92 745 теңге.

Теңгерім ұстаушы: ШЖҚ РМК «ҚАЗСУШАР», 

«Қ.Сəтбаев ат. Канал» филиалы, Шідерті а., Ленин 

көшесі, 8:

2. Уаз-31512 автокөлігі, м.н. 338AF01, 1994 

ж.ш. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 124 700 теңге. 

Кепілдік жарнасы – 18 705 теңге.

3. КАВЗ-3976 автокөлігі, м.н. 299AF01, 1993 

ж.ш. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 301 200 теңге. 

Кепілдік жарнасы – 45 180 теңге.

4. Дт-75 мл бульдозері, м.н. Z382AFD, 1997 

ж.ш. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 708 600 теңге. 

Кепілдік жарнасы – 106 290 теңге.

Сауда-саттықтың  бағасын  төмендету 

əдісімен аукционға қойылады: 

Теңгерім ұстаушы: «Қазаэронавигация» ШЖҚ 

РМК Павлодар филиалы,  Павлодар қ., Əуежай:

1. УАЗ-20069 автокөлігі, м.н 742AD14, 2006 

ж.ш. Бастапқы (алғашқы)  бағасы – 358 000 теңге. 

Минималды бағасы – 179 000 теңге. Кепілдік жар-

насы – 53 700 теңге.

Анықтама үшін телефон: 8 (7182) 32-50-94.

Аукционның өткізілу күні мен уақыты: 2018 

жылғы 26 сəуір Астана уақыты бойынша 

сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне 

жекешелендіру департаменті бойынша 

(Ақтөбе қаласы, Ш. Қалдаяқов көшесі, 33):

Сауда-саттықтың бағасын көтеру əдісімен 

аукционға қойылады:

Теңгерім ұстаушы – «Ақтөбе облысының про-

куратурасы» ММ, тел: 8 (7132) 90-14-15.

1. Skoda Octavia A4  маркалы  автокөлік, м/н 

021РК04, 2007 ж.ш. Бастапқы  (алғашқы) бағасы – 

976 000  теңге. Кепілдік жарнасы – 146 400  теңге.  

Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Ө.Сеитов көшесі, 6-үй.

2. Toyota Camry 3.5 6at  маркалы  автокөлік, 

м/н  013РК04,  2007  ж.ш.  Бастапқы    (алғашқы) 

бағасы – 367 000  теңге. Кепілдік жарнасы – 55 

050  теңге.  Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Ө.Сеитов 

көшесі, 6-үй.

3.  ВАЗ-21214    маркалы    автокөлік,  м/н 

029РК04, 2008 ж.ш. Бастапқы  (алғашқы) бағасы 

– 447 000  теңге. Кепілдік жарнасы – 67 050  теңге. 

Мекенжайы:  Ақтөбе  қаласы,  Ө.Сеитов  көшесі, 

6-үй.

Теңгерім  ұстаушы  –  «КА  -168/2  Мекемесі» 



РММ, тел: 8 (7132) 50-71-06.

4. ВАЗ-21074  маркалы  автокөлік, м/н D838BY, 

2007  ж.ш.  Бастапқы    (алғашқы)  бағасы  –  198 

000    теңге.  Кепілдік  жарнасы  –  29  700    теңге.  

Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Чекалин көшесі, 44-үй.

Анықтама  телефоны:  8  (7132)  54-44-54, 

56-70-72.

Аукционның өткізілу күні мен уақыты: 2018 

жылғы 11 мамыр  Астана уақыты бойынша 

сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік мүлік жəне 

жекешелендіру департаменті

(ОҚО, Шымкент қ., Ғ.Иляев к-сі, 24)

Сауда-саттықтың  бағасын  төмендету 

əдісімен  аукционға қойылады:

Теңгерім ұстаушы – «ҚР Инвестициялар жəне 

даму  министрлігі  Көлік  комитетінің  Оңтүстік 

Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инс-

пекциясы» РММ.

1. ВАЗ-21213 автокөлігі, м/н 433AF, 2008 ж/ш. 

ОҚО, Шымкент қ., Молдағұлова к-сі, 4. Алғашқы 

(бастапқы) бағасы – 616000 теңге, кепілдік   жарна-

сы – 92400 теңге, ең төменгі бағасы – 308000 теңге.

Теңгерім ұстаушы – «ҚР Энегетика министрлігі 

Мұнай-газ  кешеніндегі  Экологиялық  реттеу, 

бақылау жəне мемлекеттік инспекция комитетінің 

Оңтүстік  Қазақстан облысы бойынша Экология 

департаменті» РММ

2. ВАЗ-21213 автокөлігі, м/н 594АО13, 2001 

ж/ш. ОҚО, Шымкент қ., Диваев к-сі,110. Алғашқы 

(бастапқы) бағасы – 386000 теңге, кепілдік   жарна-

сы – 57900 теңге, ең төменгі бағасы – 193000 теңге.

Теңгерім ұстаушы – ҚР АШМ Орман шаруа-

шы лығы  жəне  жануарлар  дүниесі  комитеті 

«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» 

РММ.


3.Shevrolet  Niva    автокөлігі,  м/н  Х799NN, 

2007  ж/ш.  ОҚО,  Шымкент  қаласы,  Иляев  к-сі, 

24. Алғашқы (бастапқы)  бағасы  – 342000 теңге, 

кепілдік жарнасы – 51300 теңге, ең төменгі бағасы 

– 171000 теңге.

Анықтама  үшін  телефондар:  8  (7252)  

210159, 212922 

Сауда-саттыққа  қатысушыларды  тіркеу  ха-

барлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі 

жəне аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын 

аяқталады,  содан  соң  қатысушылар  берген 

өтінімдерін кері қайтара алмайды.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна-

лар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы 

бірыңғай оператордың шотына төленеді: Кепілдік  

жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» 

АҚ; БСН:050540004455; КНП: 171; Кбе:16; 

Банк  атауы:  «Казкоммерцбанк»  АҚ;  ЖСК 

КZ529261501102032004; БСК: KZKOKZKX;

« А с т а н а   Б а н к і »   А Қ ;   Ж С К 

КZ914500339860000351; БСН: ASFBKZKA.



Назар аударыңыз! Қатысушының хабарла-

мада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-

ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шо-

тына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада 

көрсетілген  кепілдік  жарнаның  сауда-саттық 

басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім 

веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы 

үшін негіз болып табылады.



Аукционға қатысу үшін мыналарды:

1)  жеке  тұлғалар  үшін:  жеке  сəйкестендіру 

нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің 

атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру 

нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші 

басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болса);

3)  кепілдік  жарнаны  қайтару  үшін  екінші 

деңгейдегі  банктегі  есеп  айырысу  шотының 

деректемелерін;

4)  байланыс  деректерін  (пошталық  мекен-

жайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, 

тізі лім нің  веб-порталында  алдын  ала  тіркелу 

қажет. 


Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде 

қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-

порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға  қатысушы  ретінде  тіркелу  үшін 

объект  бойынша  қатысушының  ЭЦҚ  қойылған 

сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-

порталында тіркеу қажет.

Тізілімнің  веб-порталы  автоматты  тексеру 

нəтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында 

көрсетілген қатысушының электронды мекенжайы-

на өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас 

тарту себептері туралы электрондық хабарлама 

жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің 

веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аук-

цион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға 

дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін 

пайдалана  отырып,  аукцион  залына  кіреді. 

Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы 

құнын аукцион залында автоматты түрде орна-

ластыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы 

хабарламада көрсетілген Астана уақыты бойын-

ша басталады.

Аукционды  өткiзу  кезiнде  жекешелендiру 

объектiсiнiң  бастапқы  бағасы  жекешелендіру 

объектісінің алғашқы бағасына тең болады.

Бағаны көтеру əдісін қолдана отырып аук-

ционды өткізу тəртібі:

1) егер аукцион залында аукцион бастал ған 

сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушы-

лардың бірде-біреуі қағидаға сəйкес белгіленген 

қадамға  жекешелендіру  объектісінің  бастапқы 

бағасын  арттыру  жолымен  жекешелендіру 

объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, 

онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аук-

цион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған 

сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылар-

дың  бірі  қағидаға  сəйкес  белгіленген  қадамға 

жекешелендіру  объектісінің  бастапқы  бағасын 

арттыру жолымен жекешелендіру объектісін са-

тып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы 

баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиыр-

ма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі 

жекешелендіру  объектісінің  ағымдағы  құнын 

арттыру  жолымен  жекешелендіру  объектісін 

сатып  алу  ниетін  растамайтын  болса,  онда 

жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы 

растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал 

осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион 

өткізілген болып танылады. 

Жекешелендіру  объектісі  бойынша  бағаны 

көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған 

ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру  объектісінің  бастапқы 

бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына 

өскен  жағдайда  ғана  жекешелендіру  объектісі 

бойынша  бағаны  көтеру  аукционы  өткізілген 

болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның 

екі  қадамға  көтеруді  кемінде  екі  қатысушы 

жүзеге асырады.

Бағаны төмендету əдісін қолдана отырып 

аукционды өткізу тəртібі:

1) егер аукцион басталған кезден бастап екі ми-

нут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукци-

онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін 

растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің 

бастапқы  бағасы  қағидаға  сəйкес  белгіленген 

қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде 

қатысушылардың  бірде-біреуі  жекешелендіру 

объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, 

жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған 

бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

Жарияланған баға бойынша жекешелендіру 

объектісін сатып алу ниетін бірінші болып раста-

ған қатысушы бағаны төмендету аукционы ның 

жеңім пазы болып танылады жəне осы жекеше-

лендіру  объектісі  бойынша  аукцион  өткізілген 

болып танылады;

3)  егер  жекешелендіру  объектісінің  бағасы 

белгіленген  ең  төменгі  мөлшерге  жетсе  жəне 

қатысушылардың  бірде-бірі  жекешелендіру 

объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аук-

цион өткізілмеген болып танылады.

Əрбір  сатылған  жекешелендіру  объектісі 

бойынша  аукцион  нəтижелері  сауда-саттық 

нəтижелері  туралы  электрондық  хаттамамен 

ресім деледі,  оған  сатушы  жəне  жеңімпаз  ЭЦҚ 

пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi 

тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сауда-саттық нəтижелері туралы хаттама аук-

цион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының 

жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша 

сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін 

белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-

сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-

порталында  жасалады  жəне  сатушы  мен  сатып 

алушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сауда-саттық 

нəтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен 

бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде 

оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға 

сауда-саттық нəтижелері туралы хаттамаға қол 

қойған  күннен  бастап  күнтізбелік  бес  күннен 

аспайтын  мерзімде  қол  қоюға  сатып  алу-сату 

шартының жобасын ұсынады.

Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  Iс  Басқармасы, 

010000, Астана қаласы, Мəңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер 

үйі,  12-кіреберіс, 

Қазақстан  Республикасы  Президенті  Іс 

Басқармасының  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы 

«Қараөткел»  республикалық  мемлекеттік  кəсіпорнының 

директоры  бос  лауазымы  орнына  конкурс  жариялайды. 

Кəсіпорынның  орналасқан  мекенжайы:  Астана  қаласы, 

Мəңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі.

Кəсіпорын  қызметінің  мəні  мен  мақсаты  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  Іс  Басқармасына  жəне  оның  ве-

домстволарына жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмек 

көрсету саласындағы қызмет болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

- біліктілік талаптарына сай келетін жоғары білім

- кəсіпорын саласына ұқсас экономика саласындағы басшылық 

лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

- мемлекеттік кəсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды 

реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік актілерін, кадр 

менеджменті мен персоналды басқарудың қазіргі заманғы əдістерін, 

экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің негіздерін, 

мемлекеттік кəсіпорын, мемлекеттік сатып алу жəне сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы білу.



Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі: 

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)  еңбек  кітапшасының  (ол  болған  кезде)  немесе  еңбек 

шартының  көшірмесі  не  соңғы  жұмыс  орнынан  жұмысқа 

қабылданғаны  жəне  еңбек  шартының  тоқтатылғаны  туралы 

бұйрықтардан үзінді;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық 

құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 

23  қарашадағы  №907  бұйрығымен  бекітілген  нысан  бойынша 

денсаулық  жағдайы  туралы  анықтама  (нормативтік  құқықтық 

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген).

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру 

жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн iшiнде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан 

Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына (1127 каб.) өткізу 

қажет. 

Телефоны: 8(7172) 74-16-07.

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми-зерттеулерді 

бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс 

өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018 

жылғы  9  сəуірде  2018-2020  жылдарға  арналған  ғылыми-зерттеулерді 

бағдарламалық-нысаналы  қаржыландыруға  арналған  конкурс  жария-

лайды. 

Конкурс  бағдарламалық-нысаналы  қаржыландырудың  келесі  басым 



бағыттары бойынша өткізіледі:

1. Агроөнеркəсіптік кешенді тұрақты дамыту жəне ауыл шаруашылығы 

өнімінің қауіпсіздігі;

2.  Табиғи  ресурстарды,  оның  ішінде  су  ресурстарын  геологиялық 

ұтымды пайдалану. Қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, 

қауіпсіз бұйымдар жəне құрылғылар.

 Конкурстық құжаттама  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы 

министрлігінің www.mgov.kz сайтында орналастырылған.

Жауапты  тұлға  Ғылыми-технологиялық  жəне  техникалық  саясат 

департаментінің  бас сарапшысы А.Қ.Өскенбаев болып табылады, теле-

фоны 8 (7172) 55-59-73.

Конкурстық  құжаттама  жəне  өтінім  даярлау  мəселелері  бойынша  

түсініктемені мына телефондар арқылы алуға болады: (8-7172) 55-59-73; 

55-59-31.

Өтінімдерді тіркеу жəне ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» 

АҚ (is.ncste.kz) ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center: 

8-727-355-50-01 (ішкі нөмірлер 217, 218, 219, 221, 222, 223, 224, 226, 227, 

228, 232, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі-жұма, сағат 9.00-ден 

18.30-ға дейін.

Бағдарламалық-нысаналы  қаржыландыру  конкурсына  қатысу  үшін 

конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес қалыптастырылған қажетті 

құжаттар конвертпен (оның беттік жағында тиісті орында: жолдаушының ме-

кенжайы, заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ə, конкурстың, 

ғылымды дамытудың басымдығы мен ғылыми зерттеулердің бағытының 

атауы  көрсетіледі),  Қазақстан  Республикасы  Ауыл  шаруашылығы 

министрлігіне Астана қаласы 010000, Кенесары көшесі 36, қабылдау туралы 

хабарламамен пошта арқылы ұсынылады. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 

сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен 

бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарастырылады.



Қарағанды  облысының  əкімдігі  «Қарағанды 

облысының  экономика  жəне  бюджеттік  жоспарлау 

басқармасы»  ММ  тұлғасында  «Мемлекеттік-жекешелік 

əріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 

көзделген мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің жергілікті 

жобаларын  консультациялық  қолдап  отыру  бойынша 

заңды  тұлғаны  айқындау  жөніндегі  құзыретті  іске  асыру 

мақсатында мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын 

консультациялық қолдап отыру бойынша қызмет көрсетуге 

өтінімдер қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Өтінімдер хабарландыру жарияланған сəттен бастап 5 

жұмыс күні ішінде Қарағанды қаласы, Əлиханов көшесі, 13 

үй, 333 кабинетте жəне upr_econ@krg.gov.kz электронды ме-

кенжайына қабылданады.

Кассовый аппарат Меркурий-180 ФKZ, заводской номер №10155764 ИП «Кенжибаева 

У.Т.», ИИН 551205450559 в связи с утерей считать недействительными.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұжымы газет қызметкері 

Абдулмахмұд Қанатұлы Пошатаевқа анасы



Манап Қамбарқызы ПОШАТАЕВАНЫҢ

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Егер сіз «Ег

емен Қ


азақст

ан» 


газетіне жарнам

а бергіңіз к

елсе, 

мына т


елефондарға х

абарласыңыз:



Астана 37-64-48, 37-60-49. Э

лектронды пошта: advert@egemen.kz

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-1

1. Электронды пошта: adv@egemen.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің аумақтық 

департаменттері республикалық меншік объектілерін сату бойынша www. gosreestr. kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің

 веб-порталында аукцион өткізетіндігін хабарлайды

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

QS Агенттігінің 2018 жылы 

жүргізген дербес бағалау нəти-

желері  бойынша  ҚазҰУ  «QS 

Stars  Development  Road  map» 

халық аралық  рейтингісінің 

«Төрт  жұлдыз»  артықшылық 

белгісін  Қазақ станда  бірінші 

болып  иеленген  Орталық  Азия 

аймағындағы жалғыз универси-

тет болды.

0-ден 5 жұлдызға дейінгі QS 

рей тингісі жоғары оқу орын дары-

ның кең ауқымды қызметін бел-

гілейтін жəне университет тер дің 

жоғары халықаралық стан дарт-

тарға  сəйкестігін  анықтайтын 

50-ден  астам  көрсеткіштерді 

ке  шен ді  талдау  нəтижесінде 

анықталады.

ҚазҰУ-ге QS «Төрт жұлдыз» 

артықшылық  белгісінің  таға-

йындалуы  университеттің 

жоғары халықаралық беделі мен 

жаһандық  ғылыми  жəне  білім 

беру кеңістігінде көшбасшылық 

орынға  ие  екендігінің  дəлелі. 

Артықшылық  жұлдыздары 

университеттің мықты тұстарын 

көрсетеді  жəне  серіктестер 

мен  оқуға  түсемін  деушілерге 

жоғары  оқу  орнын  таңдауға 

жəрдемдеседі.

Осылайша,  ҚазҰУ  бірқатар 

көр сеткіштері бойынша «5 жұл-

дыз»  иеленді,  атап  айтқанда, 

білім беру қызметтерін көрсету, 

ин тер национализациялану  дең -

гейі,  инфрақұрылым  жəне  ин-

клюзивті  білім  беру  жүйесін 

дамыту. 


ТМД елдерінде QS-тың төрт 

жұлдызы тек бес университетке 

берілгендігін атап өту қажет, олар 

–  əл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ 

жəне Ресейдің төрт университеті.

АЛМАТЫ

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ



Артықшылық

белгісін иеленді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––



ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде тұңғыш рет 

QS Stars – «Трт жұлдыз» артықшылық белгісіне ие болды.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

JARNAMA

(Соңы. Басы 1-бетте)

Ағылшын  тілді  семантика-

лар арқылы нысанға элиталық, 

қазақша  айтқанда  ақсүйектік 

мəн  үстеу  үрдісі  тұрғын-үй-

лерге ғана қатысты емес, елор-

дадағы  үлкенді-кішілі  сауда 

орталықтары мен түрлі қоғамдық 

орындар атауы арасында да кең 

етек  жайған.  Мысалы,  2ГИС 

қалалық  ақпараттық  орта-

лығына  Астана  аумағы  бой-

ынша  141  ойын-сауық,  сауда 

орталығы  тір келіпті.  Festival 

Avenue, Мечта, Магнит, Москва, 

Лаванда, Адлан, Интерьер City, 

Домашний,  Радуга,  Citrum, 

Armada, Happy, Караван сияқты 

40  пайызға  жуық  кешен  атауы 

өзге тілде аталған. Елестетіңізші, 

Н.Назарбаев  атын дағы  халық-

аралық əуежайынан түсе қалған 

жолаушы заулатып отырып қала 

орталығына  келіп  кіргенде, 

ең  алдымен  MEGA  Silk  Way, 

қытайлық  үлгі дегі  «Пекин 

палас»,  «Москва»,  «Санкт-

Петербург»,  «Абу-Даби  пла-

за»  сынды  зəулім  ғимараттар 

көзге түседі. Таң ғалатыны жоқ, 

қисапсыз «тауэр», «палас», «пла-

за», «хаус» сынды қосымшалар 

кез  келген  дамыған  елдердің 

үлкен қалаларында толып жатыр. 

Алайда  Егемен  Қазақстанның 

жаңа  астанасы  –  ел  дамуының 

жаңа философиясының көрнекі 

бейнесі  емес  пе?  Олай  болса 

жоғарыдағы  композициялық 

ала-құлалық  ел  орталығының 

ішкі сəулеті мен безендірілуіне, 

көркемдік  тұтастығына  айтар-

лықтай  нұқсан  келтіреді  деп 

ойламайсыз  ба?  Осыған  орай, 

қаладағы  нысан  атын  қоюдың, 

бекітудің заңдылығы мен нақты 

талаптарын  білгіміз  келіп,  Ас-

тана  қаласының  сəулет,  қала 

құрылысы жəне жер қатынастары 

басқармасына  хабарластық. 

Басқарма  «Қазақстан  Респуб-

ликасындағы  Тіл  туралы» 

заңында көрсетілген мына бап-

тарды  алға  тартты.  «Заңның 

19-бабына  сəйкес  бірлескен, 

шетелдік  ұйымдардың  атау-

лары  мемлекеттік  тілде  жəне 

орыс  тілінде  транслитера-

ция  арқылы  жазылуы  керек. 

Қазақ станда  мемлекеттік  тіл 

–  қазақ  тілі.  Атауы  ағылшын 

əрпімен  тіркелген  куəлікте 

мін детті  түрде  кириллицаға 

транслитерация болу керек», деп 

жауап берді басқарма басшысы 

Т.Қышқашбаев. Оның сөзінше, 

меншік  иелері  кəсіпорын  атау-

ларын  Астана  қаласының 

Əділет  департаментінде  өзі 

қала ған тілде тіркетіп алып, бас-

қарманың  қойған  талаптарын 

ескере бермейтін көрінеді. «Осы 

тұрғыда үлкен қиындықтар бар. 

Негізінде  Əділет  департаменті 

қызметкерлері  заңның  талап-

тарын  нақты  сақтап,  ағылшын 

тілінде  жазылған  маңдайша 

атау ларын  тіркемеу  керек», 

деген  басқарма  басшысы 

жауапкершілікті  Əділет  де-

партаментіне  артқанымен, 

нысан  атын  қоюдың,  оның 

ішінде  елордасы  Астана  ғима-

раттарының  атауын  бекітуге 

қатысты  нақты  бір  талаптарды 

атамады.  Байқағанымыздай, 

Астана  əкімдігі  əзірге  сыртқы 

жарнама  мен  көрнекі  ақпарат 

мəтіндерінің  грамматикалық 

жəне  стилистикалық  қате-

ліктерін түзетумен ғана шектеліп 

отыр. 


Ендеше  басқа  басқа,  дəл 

осы  Қазақстан  тəуелсіздігінің 

бойтұмарындай  болған  Аста-

надағы  ғимараттарға  атау 

беру,  қайта  атау  мен  өзгерту 

кезінде  тарихи,  географиялық, 

табиғи жəне мəдени ерекшелікті 

ескеруді  ұмытпағанымыз  аб-

зал.  Өйткені  мұның  артында 

жаһанданудан  бұрын,  бүгінгі 

əлемдік  өркениет  биігіне  ұм-

тылған  қуатты  Қазақстанның 

жасампаздығы жатыр. Бұл тарап-

та Елбасымыздың өзі айрықша 

мəн  беріп,  елорда  төріндегі 

кейбір  ғимараттардың  эскизін 

сызып  қана  қоймай,  қазақша 

ұтымды  атаулар  қой ғаны 

баршамызға мəлім. «Бəйтерек» 

монументі,  «Ақорда»  рези-

денциясы,  Тəуелсіздік  сарайы, 

«Хазірет  Сұлтан»  мешіті, 

«Астана  Арена»  стадионы, 

«Хан  Шатыр»  ойын-сауық 

орталығы  тəрізді  оқ  бойы  да-

раланып  тұрған  ғимараттар 

сəулетімен  ғана  емес,  тауып 

қойылған  айбарлы  атауымен-

ақ  халқымыздың  жүрегінен 

орын  тапты.  Бұл  –  еліне  деген 

ілтипаты  ерекше  Мемлекет 

басшысының бас болып барлық 

сəулетшілерге, инвесторлар мен 

құрылысшыларға  көрсеткен 

үлгісі екені анық.

Астанадағы атаулар

Ала-құлалықтан қайтсек арыламыз? 



Атырауда өзен

вокзалы салынады

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

Атырау десе мұнайдан кейін 

балық еске түседі. Бірақ өңірде 

бірде-бір  балық  мейрамха-

насы  жоқ.  Қала  əкімі  Серік 

Шəпкенов кəсіпкерлермен кез-

десуде  осы  жайтқа  тоқталды. 

«Бұрынғы  өзен  вокзалын 

қалпына  келтіріп,  балық  мей-

рамханаларын  ашуды  қолға 

алу  керек»,  –  деді  шаһар  бас-

шысы. Бұл ұсынысқа жергілікті 

кəсіпкерлер  де  қызығушылық 

танытып отыр. 

« А м а н г е л д і »   Ж Ш С 

ди рек торы  Сəбит  Сағидуллин 

əкім  дік  берген  өзен  трамвай-

лары  жүре тін  екі  айлақты  алға 

қарай  абат тан дырғылары  келе-

тіндерін  айтады.  Мемлекет-

жекеменшік  əріптестігі  аясын-

да  жоспарланған  жұмыстар 

қатарында өзен вокзалын салу да 

бар.  Қазір вокзал құрылысының 

ж о б а с ы   ə з і р л е н у д е .   Қ о с 

құрлықты бөліп жатқан Жайық 

өзе нінде  вокзалдың  болуы 

мұнайлы  мекенге  туристер 

тартуға  оң  ықпалын  тигізері 

сөзсіз. 

АТЫРАУ



жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау