6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Басымдық (лат. dominans – басымдық, үстемдік ету)



жүктеу 438,51 Kb.
бет176/228
Дата21.12.2022
өлшемі438,51 Kb.
#40731
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   228
Документ (2)

Басымдық (лат. dominans – басымдық, үстемдік ету) – 1) үстемдік етуші идея; бір нәрсенің негізгі бөлігі немесе оның маңызды құрамдас бөлігі; 2) физиологияда – адамның және жануарлардың орталық жүйке жүйесіндегі белгілі бір аймағының күшті қызу нәтижесінде басқаларына уақытша басымдық танытып, үстемдік көрсетуі. 
Бата беру – жақсы тілек білдіру
Бек – феодалдық иелік қожасы, ру мен тайпа басшысы.
Беклер бегі – ханның арнайы жарлығымен аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқаратын әскери қызметкер.
«Бесеудің хаты» - қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекинге жолдаған хаты (1932 жыл 4 шілде). Бастапқыда И.В.Сталинге арнап жазылған хат қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі саналады.
Бесжылдық, бесжылдық жоспар – Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік – экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы. Бірінші бесжылдық жоспары 1929-1932, Екінші бесжылдық жоспары 1933-1937 жылдарға арналды.
Бескіл – түрік тілдес тайпа
Би – әділдігі әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам.
Бифас – екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш құрал.
Боғдыхан – қытай императорының монғол тіліндегі атауы.
Болос – кейінгі полеолитте жіпке байланып, оқ есебінде қолданылған жомалақ тастар, Бұл тастар лақтырған кезде жануарлардың мойнына немесе аяқтарына оралып, құлататын өте тиімді қару болған.
Болыс әкімшілік-аумақтық бөлік, сондай-ақ осы бөлікті басқарушы лауазымды қызмет иесі.
Большевизм – В.И.Ленин бастаған саяси қозғалыс пен саяси ойдың ағымы. РСДЖП ІІ съезінде (1903 ж.) басқарушы органдарды сайлау кезінде В.И.Лениннің жақтастары көпшілік дауысқа ие болып, большевиктер деп атала бастады.
Боз – мақта матадан тоқылған кездеме.
Бөрі – ежелгі түрік қағанатының дербес жасағының атағы.
Буржуазиялық революция – негізгі міндеті феодалдық құрылыс пен оның сарқыншақтарын жою, буржуазия билігін орнату, буржуазиялық мемлекет құру болатын әлеуметтік революция.

жүктеу 438,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   228




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау