6-модуль кеңесік қазақсанды қайа қҰру әрекеттері 1-Бөлім. Қазақстандағы қайта құру саясаты


 Одақтас  елдердің  егемендік  туралы  Декларацияны  қабылдауы



жүктеу 440,26 Kb.
Pdf просмотр
бет22/25
Дата12.05.2020
өлшемі440,26 Kb.
#30350
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
6-модуль

2. Одақтас  елдердің  егемендік  туралы  Декларацияны  қабылдауы. 

Мұндай  жағдай  өзге  республикаларда  да  орын  алды.  Осыған  байланысты 

Кеңес  Одағы  елдерінде  ұлттық  толқулар  күшейді.    1990  ж.  бірқатар 

республикалар, ең алдымен,  Балтық  елдері біржақты  түрде  өзін-өзі  анықтау 

және  тәуелсіз  ұлттық  мемлекеттерді  құру  туралы  мәлімдеді.  Экономикалық 

реформалардың  сәтсіздігі,  орталықтың  елді  дағдарыстан  шығара  алмауы 

республикалардың  саяси  элиталарын  тығырықтан  шығудың  өз  жолдарын 

іздестіруге  итермеледі.  1988-1990  жж.  Одақтас  республикаларда  ұлттық 

қозғалыс  күшейіп,  Сумгаиттегі,  Таулы  Карабахтағы,  Вильнюстегі, 

Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мәселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары 

жоқтығын  айқындады.  Кеңес  басшылары  ұлт  мәселесінің  байыбын  терең 

түсінбеді, ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп 

бере алмады. Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, 

өздерінің  егеменді  мемлекет  болуы  жөніндегі  талаптарын  қойды.  Міне, 

осының  нәтижесінде  1988  ж.  қараша  –  1989  ж.  мамыр  айлары  аралығында 

Балтық  жағалауындағы  Эстония,  Литва,  Латвия  республикалары  өздерінің 

егемендігі  туралы  алғашқы  құжаттарын  қабылдады.      Сөйтіп,  олар  КСРО 

құрамынан  шығып,  жеке  тәуелсіз  мемлекетке  айналды.  Осыдан  кейін,  көп 

кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жж. егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның 

басқа республикалары да қабылдады.    

КСРО сияқты алып мемлекеттің есеңгірей бастаған  тұсында 1990 ж. 25 

қазанда  Қазақстан  өзінің  мемлекеттік  егемендігі  туралы  Декларация 

қабылдады.    Егемендік  Декларациясы  бас  құжатында  республикада 

мемлекеттік өкімет билігін алғаш рет он заң шығару, атқару және сот билігіне 

бөлу принципі бойынша жүзеге асыру енгізілді. Заң шығару билігін Қазақ КСР 

Жоғарғы  Кеңесі  жүзеге  асырса,  ең  жоғарғы  әкімшілік-атқару  билігі 

Республика  Президентіне  берілді,  ал  ең  жоғарғы  сот  билігін  Қазақ  КСР 

Жоғарғы Соты жүргізді. Он жеті баптан тұратын бұл Декларацияда негізінен 

мына мәселелерге мән берілді:  



КСРО  мен  ҚазКСР  арасындағы  қатынас  келісім-шарт  негізінде  жүзеге 

асады;  


Республика  әкімшілік-аумақтық  құрылымға,  саяси,  экономикалық, 

әлеуметтік  және  мәдени-ұлттық  құрылыстарға  байланысты  барлық 

мәселелерді дербес шешеді;  

Республика  өз  аумағында  Қазақ  КСР  заңдарын  бұзатын  КСРО 

заңдарының қолданылуын тоқтатуға құқылы;  

Қазақстанның өз шекарасындағы аумағына қол сұғылмайды, бөлінбейді 

және оның келісімінсіз өзгертілмейді; 

 Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  келісімінсіз  оның  аумағында  басқа 

мемлекеттердің  әскери  құрамалары,  олардың  әскери  базалары  орналаса 

алмайды;  

Қазақстан  өзінің  дербес  ішкі  әскерін,  мемлекеттік  және  қоғамдық 

қауіпсіздік  органдарын  ұстауға  құқылы.  Қазақ  КСР  халықаралық 

қатынастарда дербес, өзінің мүдделеріне сай сыртқы саясатын жүргізеді.  

Декларацияның  жаңа  одақтық  шарт  жасасу  және  Қазақ  КСР  жаңа 

Конституциясын қабылдау үшін негіз болып табылатындығы туралы арнайы 

бапта  көрсетілді.  Егемендік  алу  Қазақстанда  жалпы  демократиялық 

процестердің  барысын  шапшаңдатты,  мұның  өзі  елдегі  болып  жатқан 

оқиғалармен  тығыз  байланысты  еді.  1991  ж.  ортасынан-ақ    Қазақстан  басқа 

республикалармен  бірге  іс  жүзінде  орталыққа  оппозицияда  болды. 

Қазақстанның  бастамасы  бойынша  Белоруссиямен,  Украинамен,  Ресеймен 

және  басқа  республикалармен  бір-бірінің  егемендігін,  қалыптасқан 

шекараларды, 

орнатылып 

жатқан 


өзара 

пайдалы 


экономикалық 

байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды. 

1990  ж.  желтоқсанындағы  КСРО-ның  халық  депутаттарының  ІV  съезі 

КСРО-ны  сақтап  қалу  мен  оны  демократиялық  федаративтік  мемлекетке 

айналдыруды  ұсынды.      Онда  «Одақтық  келісімнің  ортақ  тұжырымдамасы 

және оған  келісу  тәртібі  туралы»  қаулы  қабылданды.  Құжатта  жаңартылған 

Одақтың  негізі  республикалық  декларацияларда  қаралған  азаматтар  мен 

халықтардың  теңдігі,  өзін-өзі  анықтау  құқығы  мен  демократиялық  даму, 

аумақтық  тұтастық сияқты  қағидалар  болатындығы  атап  өтілді.  М.Горбачев 

пен оның жақтастары Кеңес Одағын сақтап қалғысы келді. 

1991 ж. 23 сәуірде Нова-Огаревада, яғни КСРО Президентінің мәскеулік 

резиденциясында  М.Горбачевтың  9  одақтас  республикалармен  жаңа 




одақтастық келісім туралы келіссөздер өтті.    Билік пен басқару органдары 

құрылымында  өзгерістерді  жүргізу,  жаңа  Конституцияны  қабылдау  және 

сайлау  жүйесін  өзгерту  қарастырылды.  Келісімге  қол  қою  күні  20  тамызға 

белгіленді.  Бұл  жобаны  Армения,  Грузия,  Молдавия  және  Балтық 

республикаларынан  басқасы  қолдады.  Бұл  келіссөздер  консерваторларды 

шешуші әрекеттерге көшуге итермеледі, себебі жаңадан қойылатын келісім іс 

жүзінде  КОКП-ны  жоғарғы  билеуші  тобын  басты  биліктен,  қызметтері  мен 

артықшылықтарынан  айырар  еді.  Сонымен  қатар,  1991  ж.  тамызына  дейін 

РСФКР-дың  басшылығына  радикалдық  өзгерістерді  талап  еткен  жаңа 

тұлғаның келуі де өз әсерін тигізді. 1991 ж. 12 маусымында РСФКР-дың халық 

депутаттарының  І-съезінде  Ресейдің  мемлекеттік  егемендігі  туралы 

Декларация қабылданды. Ол заңды түрде республикалық заңдардың одақтас 

республикаларға қарағанда басымдығын бекітті. РФ-ның бірінші Президенті 

болып Б.Н. Ельцин тағайындалды. Өз кезегінде декларацияның қабылдануы 

жағдайында  кейінгі  Кеңес  Одағының  даму  мәселесі  күн  тәртібіндегі  басты 

мәселеге айналды. 




жүктеу 440,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау