2. Флегматик темпераментiбасым оқушының ерекшелiктерi. Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тiлейтiн, сенiмдi, тұрақты, бiр қалыпты. Флегматик темпераментiндегi бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мiнездi, көрсе қызар емес, мәселенi тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бiр iстi бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезiмдерi сырт әлпетiнен көрiнбейдi десе де болады. Ол оқушының дауыс екпiнi баяу келедi, аптықпай, асып-саспай сөйлейдi, сөзi ым-ишаралармен ерекшеленiп тұрмайды. Флегматик темпераменттегi балалардың көпшiлiгi мектепке келгеннен кейiн оқу дағдыларын меңгеруде өзiнiң икемдiлiктерiн жақсы керсетедi.
Достарыңызбен бөлісу: |