5В090200 – туризм мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы (орта білім негізінде оқитын студенттер үшін) Қарағанды 2016-2017



жүктеу 0,72 Mb.
бет1/2
Дата21.12.2017
өлшемі0,72 Mb.
#5165
  1   2

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




5В090200 – ТУРИЗМ
МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
(орта білім негізінде оқитын студенттер үшін)

ҚАРАҒАНДЫ 2016-2017

Элективті пәндер каталогы Қарағанды экономикалық университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған № _5__ хаттама «_31__»___03___2016 ж.

Каталог өзіне элективтік пәндер тізімін (таңдау бойынша компонентті), сондай-ақ мамандық бойынша олардың бағдарламаларының қысқаша курсын қосады. ҚҚЭУ оқытушылары мен студенттеріне арналған.

СТУДЕНТКЕ ЕСКЕРТПЕ
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің құрметті студенті!

Сіздердің алдарыңызға Элективтік оқу пәндерінің каталогы ұсынылуда.Бұл жүйеленген аннтотацияланған элективті оқу пәндерінің тізбесі. Ол сіздерге оқудың жеке кеңістігін өзіндік, жылдам, иілгіш және жанжақты қалыптастыру мүмкіндігін жасау мақсатымен құралған. Бұл сіздердің жеке оқу жоспарларыңызды жасау үшін көмекші болып табылады.

Оқытудың кредитті техгологиясы кезінде барлық оқу пәндері 3 циклға бөлінеді – Жалпы білім беру (ЖББ), Базалық (БП) және Профильденген (ПП). Бұл циклдардың әрқайсысының ішіндегі оқу пәндері 2 түрге бөлінеді – Міндетті компонент және Таңдау бойынша компонент (элективтік, яғни таңдамалы оқу пәндері).

Міндетті компонент пәндері мамандық бойынша білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен бекітілген және берілген мамандықтың барлық студенттерімен оқытылады.



Элективтік оқу пәндері Сіздерге оқу үшін кафедралармен ұсынылады. Элективтік оқу пәндерінің тізбесінен сіздер өздеріңізге қызықтыларын таңдап алуларыңызға болады. Сонымен, Сіздің жеке оқу жоспарыңыз оқу пәндерінің әр циклы бойынша өзіне 2 бөлімді қосады: Міндетті компонент және Таңдау бойынша компонент (элективті оқу пәндері).

Өздеріңіздің жеке оқу жоспарларыңызға қосу үшін элекивті оқу пәндерінің Каталогы көмегімен қалай таңдау қажет?

  1. Тізімнен өзіңіздің курсыңыз бен оқу семестріңізді тауып алыңыз.

  2. Типтік оқу жоспарымен элективті оқу пәндеріне барлығы қанша кредит бөлінетінін біліңіз.

  3. Элективті оқу пәнінің тізімімен танысыңыз. Оқу пәндері сәйкес нөмірімен таңдау бойынша курстарға біріктірілгендігіне көңіліңізді аударыңыз. Элективті пәндердің әр тобынан тек қана бір элективті оқу пәндерін таңдауға болады.

  4. Сіздерді қызықтырған элективті оқу пәндерінің түсініктемелерін оқыңыз және өзіңіздің таңдауыңызды жасаңыз.

  5. Сідердің таңдаған кредит саны Типтік оқу бағдарламасы бойынша талап етілген санға сәйкес келетіндігін тексеріңіз.

  6. Сіздерге элективті оқу пәндерін таңдауға көмекті сіздің эдвайзеріңіз жүзеге асырады.



Бизнес және құқық факультеті

Мамандық 5В090200 – Туризм

Академиялық дәрежесі5В090200 – Туризм бакалавры
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР


Пәндер циклы

Пән коды

Пәннің атауы

Кредит саны

Семестр

1 курс

Таңдау бойынша курс 1

БП

ChR 1208

Адамзат дамуы

2

1

Rel 1208

Дінтану

Таңдау бойынша курс 2

БП

PTD 1219

Туристтік қызмет психологиясы

3

1

OP 1219

Психология негіздері

Таңдау бойынша курс 3


БП

DGYa 1210

Мемлекеттік тілде іс-қағаздар жүргізу

2



2

DDO 1210

Іс-қағаз жүргізу және іскерлік қарым қатынас

Таңдау бойынша курс 4

БП

TKR 1218

Туристік-өлкетану жұмысы

3

2

Kra 1218

Өлкетану

Таңдау бойынша курс 5


БП

Muz 1223

Мұражайтану

3

2

ITMK 1223

Әлем мәдениетінің тарихы мен теориясы


Таңдау бойынша курс 1
Адамзат дамуы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы

Постреквизиттері: Философия, Әлеуметтану

Мақсаты: АД тұжырымдамасының дамуы кейінгі 15 жылды қамтиды. Халық тек экономикалық дамудың қайнар көзі немесе құралы ғана емес, сонымен қатар «Адамзат капиталы» және экономикалық дамудың мақсаты болып табылады деген түсінік қалыптасты.

Курстың қысқаша сипаттамасы: АД тұжырымдамасының негізгі жағдайы және пайда болуы. АД өлшемі мен көрсеткіштері. Адам дамуының индексі (АДИ). Экономикалық өсу, АД және жұмыс бастылық. АД және өмір деңгейі. Кедейшілік және АД. Әлеуметтік қорғау және АД. Денсаулық және өмір жалғасы. АД –ның демографиялық аспектісі. Демография Мемлекеттін белгілеуші факторы. Білім және АД. АД – ның гендерлік аспектілері. Экологиялық қаупы бар аймақтар. Тұрақты дамудың экологиялық аспектілері. АД -ның қызығушылығындағы нәтижелі басқару.АД–на басты процестің әсері.

Күтілетін нәтижелер: АД теориясының тарихы; Адамның қызығушылығындағы басқару ұйымының әсері; АД өлшемінің жүйесі және оның компоненттері; Демографиялық, гендерлік және тұрақты дамудың экологиялық аспектісі.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аубакиров Е.Ж., Тутинова Н.Е.
Дінтану

Пререквизиттері:: Қазақстан тарихы

Постреквизиттері: Философия, Әлеуметтану

Мақсаты: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жүз отыздан астам ұлт тұрады, демек елде бірнеше діндердің өкілдері бар, олардың арасында бейбітшілік ел басының дүрыс әлуметтік саясатының нәтежесінде сақталып келеді. Аталған пән осы жолдың барысында демеу жасап келеді.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Дінтану пәні. Дінтанудың ертедегі формалары. Конфуция. Даосизм. Индуизм. Иудизм. Буддизм. Ерте хрестияншылдық. Провослав діні. Католизм. Протестантизм. Ислам. Дәстүрлі емес діни бағыттар. Діни экстремизм профилактикасының әдістері. Діни конфесиялармен әлеуметтік жұмыс.

Күтілетін нәтижелер: Басқа да гуманитарлық пәндермен бірге дін бүтін дүниетанымды құрастырды. Дінтануды меңгеру студенттерде ойлау қабілетін, өзіндік идея, ой-пікірлерін қалыптастыруының, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйренуге, өмірдің күрделі құбылыстары мен процестерін талдауға негіз салады.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Аубакиров Е.Ж., Тутинова Н.Е.
Таңдау бойынша курс 2
Туристтік қызмет психологиясы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы

Постреквизиттері: Туризмология негіздері, Туризм менеджменті

Мақсаты: Туристтік өндірістің тиімді жұмысы үшін тұлға қажеттіліктері, менеджмент негіздері, туризмдегі маркетингтің психологиялық білімі болуы қажет, студенттердің туризм менеджеріне қажетті психологиялық білімді игеруі.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Психология ғылым ретінде. Тұлға психологиясы. Тұлға теориялары. Темперамент және мінез түсініктері. Туризмдағы мотивация психологиясы. Туризмдағы мотивация психологиясы. Жарнамадағы психология рөлі. Жарнамалық амалдар психотехнологиясы. Жарнаманың психологиялық тиімділігі. Басқару психологиясының мақсаты, міндеті, мазмұны. Ұйым теориясы: түсінігі, мәні, функциясы. Ұйым басқаруындағы лидерлік. Туристтік топ кіші топ ретінде. Туристтік топтағы қарым-қатынас психологиясы. Туристтік топтардағы қақтығыс. Топқа әсер етудің әмбебап механизмдері.

Күтілетін нәтижелер: Туризм бойынша менеджердің кәсіби қызмет психология рөлін түсіну және даму перспективасын білу; адамдардың ерекшеліктерін кәсіби зерттеу әдістерін әртүрлі жағдайларда қолдана білу және клиентке психологиялық әсер етуді қолдану.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Кенжебаева С.К., Исина С.С.
Психология негіздері

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы

Постреквизиттері: Мейрамхана және қонақ үй мәдениеті

Мақсаты: Психологиялық мәдениетке ие болу арқылы яғни психология негіздерін біліп, тұлғааралық және кәсіби аймақтарда қолданатын дағды және психологиялық білімді дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Психология ғылым ретінде. Психологияның зерттеу әдістері. Тұлға психологиясы. Танымдық процесстер психологиясы. Психикалық жағдай. Кіші топ психологиясы. Лидерлік психологиясы. Іскерлік қатынас психологиясы. Қарым-қатынастың перрцептивті жағы. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы. Қарым-қатынастың интерактивті жағы. Қарым-қатынастағы әсер ету механизмдері. Қарым-қатынас бөгеттері. Келіссөз жүргізудің психологиялық аспекттері. Мотивация психологиясы. Еңбек қызметінің мотивтері. Қақтығыс психологиясы. Өмірлік қиын жағдайлардағы жүріс-тұрыс психологиясы.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені игеру, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлі, іскерлік қатынастар этикасы және психологиясы.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Кенжебаева С.К., Исина С.С.
Таңдау бойынша курс 3
Мемлекеттік тілде іс-қағаздар жүргізу

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Қазақ тілі

Постреквизиттері: Туризмдегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері

Мақсаты: Мемлекеттік тілде құжаттау және құжат жүргізу жүйесін оқып білу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Іс-қағаз жүргізу түсінігі. Құжаттау және құжат жүргізу жүйесі. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: формуляр, бланк, реквизиттер, текст. Ұйымдық – таратушы құжаттар: түрлері, сипаттамасы. Кадрлық және есеп-ақша құжаттары. Іс-қағаз жүргізуді ұйымдастыру. Іскерлік қарым қатынас: этика, технология, психология.

Күтілетін нәтижелер: Студенттердің мемлекеттік тілде құжаттау және құжат жүргізу жүйесін меңгеруі.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Ахметжанова Ж.Б.
Іс-қағаз жүргізу және іскерлік қарым қатынас

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Қазақ тілі

Постреквизиттері: Туризмдегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері

Мақсаты: Іс жүргізу және іскерлік қарым-қатынасты меңгеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Құжаттық іс жүргізу және құжат түсінігі. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: тұжырым, бланк, реквизит, мәтін.Ұйымдық таратушы құжаттар: түрі, мінездемесі. Кадрлық және есептік-ақша құжаттары. Құжаттық іс- жүргізуде ұйымдастыру. Іскерлік қарым- қатынас: этикалық (әдеп), технологиялық, психологиялық, ұлттық ерекшіліктері. Қазіргі таңдағы этикалық ережелер.

Күтілетін нәтижелер: Студенттердің құжат және құжат жүргізу жүйесінде білім алуы.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Ахметжанова Ж.Б.
Таңдау бойынша курс 4
Туристік-өлкетану жұмысы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Туристтік қызмет психологиясы

Постреквизиттері: Экскурсиятану

Мақсаты: Туризм кең кеңістікті дифференциациясы бар құбылыс. Бірақ, жан-жақтылық пен көп қырлылықты бола тұра, туризм демалудың басқа түрлерінен ажыратылады. Туризм – бұл кеңістікті құбылыс қана емес, елдің аумағы мен оның жеке аймақтарымен байланысты «кеңістікті тану».

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақстан Республикасы өлкетануының негізгі мәні мен мақсаттары. Өлкетану жұмысындағы қайнар көздер. Физикалы-географиялық зерттеулер. Өлкенің өсімдік және жануарлар әлемін қорғау мақсаттары. Экономикалы-әлеуметтік-географиялық зерттеулер. Өлкетанудың тарихи негіздері. Мұражайтану негіздері.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді игеру барысында студенттер келесідей білімдер мен дағдыларға ие болулары қажет: туристік-өлкетану жұмыстарының негіздерін білу және маңызын түсіну; туристік-өлкетану жұмыстары бойынша алған теориялық білімін практикада қолдана алу үшін негіз салу және қалыптасқан мәселелерді шешудегі ойларын көрсете алу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Матаева Б.Т., Жетписов С.У.
Өлкетану

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Туристтік қызмет психологиясы

Постреквизиттері: Экскурсиятану

Мақсаты: Қазақстан жоғары мектебінің алдына қойылған міндеттерді орындаудың маңызды жолдарының бірі болып тарихи өлкетану табылады. Өлкетану деп белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеп-тану ісін айтамыз.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Тарихи өлкетанудың міндеттері, пәні және әдістері. Орталық Қазақстандағы тарихи өлкетанудың қалыптасу кезеңі. Орталық Қазақстанның зерттеу жұмыстарымен айналысқан әйгілі саяхатшылар. Орыс саяхатшылары. Туған жер халқының шаруашылығы мен мәдениеті. Орталық Қазақстанның этнографиялық дерек көздері. Қарағанды қаласының тарихы. Көшелерінің атаулары. Қарағанды лагерінің тарихы. Орталық Қазақстан мұражайларының қоры мен қызметі. Теміртау қаласының тарихы және Бірінші Президенттің мұражайы. Орталық Қазақстанның атақты ғалымдары. Қарағанды қаласының ескерткіштері. Байқоңыр ғарыштық орталығы. Қарағанды экономикалық университеті және оның тарихы. Қарағанды қаласының көрнекті жерлері. Орталық Қазақстанның ескерткіштері мен архитекруралары.Туған өлкенің ауызша деректері.

Күтілетін нәтижелер: Студенттерге туған өлке тарихы бойынша блгілі бір ғылыми принциптерге негізделген нақты білім беру-басты міндет. Оқу-тәрбиелік міндеттермен қатар тарихи өлкетану қоғам мүддесіндегі міндеттерді ді шешеді.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Абдакимова М.К., Мустафин С.Ш.
Таңдау бойынша курс 5
Мұражайтану

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы

Постреквизиттері: Экскурсиятану

Мақсаты: Мұражайтанудың теориялық негіздерімен қатар, мұражай жұмысының әдістемесін игеру, мұражайтанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуын және әлемдік мұражай жүйесінің маңызын қарастыруда байқалады. Мұражай экспозициясы әсерінің сан қырлылығы және ойластырылған оның интерпретациясы қоғамда нақты бағдардың қалыптасуына әсер етеді, ағартушылық және білім беру қызметтерін атқарады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Мұражай - әлеуметтік-мәдени институт. Мұражайтану ғылыми пән ретінде. Мұражай заты және оның қасиеттері. Мұражай қайнар көздері. Мәдениет кеңістігіндегі мұражай. Мұражайлардың ғылыми қор жинау жұмысы. Мұражай экспозициясы. Мұражай және көрме. Мұражайлардың жұмыс бағыттары. Мұражай және ескерткіштер. Мұражай менеджменті. Мұражай коммуникациясы. Мұражай маркетингі. Мұражай ісіндегі ақпараттық технологиялар. Мұражайдың білім беруіндегі жаңа технологиялар.

Күтілетін нәтижелер: мұражайтанудың негіздерін білу және маңызын түсіну; мұражайтану бойынша алған теориялық білімін практикада қолдана алу үшін негіз салу және қалыптасқан мәселелерді шешудегі ойларын көрсете алу; мұражайлардың қызмет бағыттары туралы ақпараттарды жинау және ақпаратты-іздеу қызметінің нәтижесінде талдау жасай алу.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Матаева Б.Т., Жетписов С.У.
Әлем мәдениетінің тарихы мен теориясы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы

Постреквизиттері: Экскурсиятану

Мақсаты: Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау жүйесіндегі «Әлеуметтік жұмыс тарихы және теориясы» оқу курсы болашақ мамандардың оқитын басқа да пәндерімен байланысты, бұл оның негізгі ерекшелігі. Бір жағынан аталмыш курс әлеуметтік жұмысты әр-түрлі нұсқада қарастырып, өзіндік модель ойластыруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, мәселелерді терең қарастыратын пәндерге жалпы шолу жасайды.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Әлеуметтік жұмыс тарихының теоретико- әдістемелік мәселелері. Архаикалық кезеңдегі көмек және өзара көмек. Ежелгі әлем мемлекетіндегі филантропия және әлеуметтік көмек. Ортағасырлық (V-XV ғ.ғ.) дәуіріндегі әлеуметтік көмек және қайрымдылық. Қайырымдылық және діни нанымдар. Ресейдегі мемлекеттік көмек жүйесінің қалыптасуы. Жаңа кезең дәуіріндегі Батыс Шығысқа әлеуметтік көмек (XVIIғ. екінші жартысы - XIX ғ. бірінші жартысы). Әлеуметтік қайырымдылық, қамқорлық, меценаттықтың гүлденуі. ( XIX ғ.екінші жартысы – ХХғ.басы). АҚШ-та әлеуметтік жұмыстың тууы мен дамуы. Қазақстандағы әлеуметтік жұмыстың тууы мен дамуы. Қазақстандағы кеңес кезеңіндегі әлеуметтік қамсыздандыру. «Посткоммунистік»социумдағы әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттары:Қазақстан мен Рессейдің тәжірибесі. Әлеуметтік жұмыс қазіргі әлемдік феномен ретінде. Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет ретінде.

Күтілетін нәтижелер: Қазіргі талаптарға сай этнографиялық және демографиялық процестерді талдай білуге болашақ әлеуметтік қызметкерлерді үйрету;. Cтуденттерге, әлемдегі халықтардың этнографиялық және демографиялық жағдайын салыстырмалы түрде білу қажет; студенттерге, әлемдегі халықтардың шаруашылық-мәдени, тілдік, конфессиялық үлгілері мен таныстыру.

Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Сейфуллина Г.Р., Маханова Б.Р.

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР


Пәндер циклы

Пән коды

Пәннің атауы

Кредит саны

Семестр

2 курс

Таңдау бойынша курс 1



БП

OPDRDGB 2213

Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпкерлік іс-әрекет негіздері

3


3


OPDT 2213

Туризмдегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері

Таңдау бойынша курс 2


БП

Mik 2212

Микроэкономика

3

4


MSST 2212

Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм

Таңдау бойынша курс 3

БП

CC 2215

Баға және баға белгілеу

2

4

OB 2215

Бизнесті бағалау

Таңдау бойынша курс 4


БП

KRGS 2221

Ресторан және қонақ үй мәдениеті

3

4


MIG 2221

Әлемдік қонақжайлық индустриясы

Таңдау бойынша курс 5


ПП

RGH 2304

Мейрамхана және қонақ үй шаруашылығы

3

4


EPG 2304

Қонақжайлылық кәсіпорынның экономикасы

Таңдау бойынша курс 6


ББҚТ

OPK 2401

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет негіздері

2



4

TPRK 2401

ҚР Еңбек құқығы

жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау