МС.15.Есептер шығарудың жалпы тәсілдерін қорытындылау.
Стерженьдерінің материалы XIV.1, б-суретіндегі диаграммаға бағынышты бір рет статикалық анықталмаған жүйені есептейік (ХІV.4, а-сурет).
Есептің статикалық жағы (ХІV.4, а-сурет). немесе 2N1 + + N2 – P = 0.
XIV.15
Есептің геометриялық жағы (ХІV.4, б-сурет)
XIV.16
Есептің физикалық жағы
XIV.17
Алынған теңдеулерді бірге шешіп
XIV.18
XIV.19
екенік көреміз.
Зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік ұсыныстар.
Әр зертханалық сабақтың дайындалуын тақырыптың негізгі ережелерінің қайталауынан бастау қажет және бақылау сұрақтарына жауап беру керек.
Оқулықпен жұмыс істеу кезінде қарастырыл отырған тақырып бойынша есептерді шешу қажет. Есептерді өз бетімен шешу керек, себебі осы кезде алған теориялық білімдері жақсы меңгеріледі және бекітіледі.
Барлық талап етілген есептерді өз бетімен шығару, одан кейін оқулықтарда және оқу әдістемелік нұсқауларында шығарылып көрсетілген есептерге талдау жасау өте пайдалы
Типтік есептерді біз аудиториялық практикалық сабақтарда шешеміз. Үй тапсырмаларын орындау кезінде туындаған сұрақтарға студенттердің оқытушы қол астындағы өздік жұмысы (ОСӨЖ) кезінде жауап бере аламын.
Қаратырылатын материалдарды толық меңгеру үшін әр тақырып бойынша қысқаша конспек жасау керек, оған негізгі анықтамаларды, барлық формулаларды және олардың ішіндегі шамалардың физикалық мәнін талдау жасай отырып жазу керек.
Әр тақырыптар бойынша есептердің шешімдерін және барлық жазбаларды практикалық сабақтарға арналған жеке дәптерге жазу керек.
Өздеріңіздің өз бетімен дайындалған материалдарыңыз одан әрі емтихан алдындағы пәнді қайталау кезінде үлкен көмекші құрал болып табылады, сонымен қатар іс жүзінде анықтама ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Студенттердің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
Әрбір студентке пәнді оқу барысында жеке үй тапсырмалары беріледі. Үй тапсырмалары пәннің негізгі бөлімдерінің барлығын қамтиды және теориялық білімдері қандай деңгейде меңгерілгенін және сол теориялық білімдері практикалық есептерді шешуге қолдана алатындығын көрсетеді.
Әдістемелік ұсыныстар
Әрбір тапсырма А4 формат беттерде орындалу және есептеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сай рәсімделіп жазылуы қажет. Өздік жұмыс анық жазуымен жазылу керек. Есептеу - графикалық жұмыстың сыртқы бетінде студенттің аты-жөні, мамандығы, курсы, тобы, вариант номері және тапсыру уақыты көрсетулі керек.
Есептерді шешу кезінде оларға қысқаша түсініктемелер беріледі, есептерде қолданатын барлық формулар міндетті түрде көрсетіледі және қажетті сызбалады масштабын ескеріп орындалады. Үй жұмысының соңында пайдаланылған әдибеттерге сілтеме жасау қажет.
Тапсырмаларды орындауды оны тапсырудың соңғы күніне қалдырмаңыз. Сізге бұл жағдайда күрделірек есептерді шешу кезінде қиыншылықтар туындайды.
Егер сіз тапсырма жұмыстарын орындағанда белгіленген графикті ұстансаңыз, есептерді шешу кезінде туындаған сұрақтарға ОСӨЖ өткізу кезінде жауап бере аламын.
Есептерді шығаруға қажетті жетіспейтін параметрлерді берілген оқулықтың қосымша кестелерінен немесе басқа анықтамалық оқулықтардын алуға болады.
«Материалдар кедергісі» пәнінен сұрақтар
1.Салыстырмалы бойлық деформация.
2.Салыстырмалы көлденең деформация
3.Көлденең деформация коэффицентi
4.Созылу кезiндегi серпiмдi деформацияның толық потенциалды энергиясы
5.Созылу кезiндегi серпiмдi деформацияның меншiктi потенциалды энергиясы.
6.Сыртқы күштер әсерiнен болатын ұзарту (қысқару)
7.Өз салмағының әсерiнен болатын ұзару (қысқару)
8.Созылу (қысылу) кезiндегi берiктiк шегi
9.Созылу (қысылу) кезiндегi берiктiк шарты
10.Бойлық күштiн мүмкiндiк мәнi
Достарыңызбен бөлісу: |