мұндағы - сұйықтың тығыздығы, - сұйыққа батырылған дененің көлемі.
Сұйықтар қозғалысын ағыс деп, ал қозғалыстағы сұйық бөлшектерінің жиынтығын ағын деп атайды. Сұйықтар, не газдар ағынында бағыты ағыс
жылдамдығымен бағыттас болатын сызықтар жүргізуге болады. Мұны ағын сызықтары дейді. Сұйықтың ағын сызықтарымен шектелген бөлігін ағын түтігі дейді. Қозғалыс кезінде сұйықтар сығылмайды және ішкі бөлшектердің арасында үйкеліс болмайды деп қарастыратын болсақ, онда мұндай сұйықты идеал сұйық деп атайды. Ағысты сипаттайтын барлық шамалар, ағын сызықтарының формасы мен орналасуы, сұйықтың әрбір нүктесіндегі жылдамдық уақыт өтуімен өзгермейтін болса, ондай ағысты стационарлық ағыс деп атайды.
уақыт ішінде көлденең қима арқылы көлем сұйық ақсын. 1 секундта қимасы арқылы сұйық көлемі, ал қимасы арқылы сұйық көлемі ағады. Сұйық сығылмайтын болса, онда 1 секундта қимасынан қанша сұйық өтсе, қимасынан да сонша сұйық ағып өтеді, яғни
Достарыңызбен бөлісу: |