5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет23/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30

46 

 

шаруашылық  тәуекел  деп  аталады.  Қазіргі  уақытта  тәуекелдің  даму  ықтималдығы  саяси 



жағдайдың  айқынсыздығымен,  экономикалық  ортаның  тұрақсыздығымен,  күтілетін 

нәтижеге қол жеткізу және залалдың алдын-алу кепілдігінің болмауымен байланысты.  

Әкімшілік-әміршілдік  басқару  тұсындағы  экономикалық  жүйеде  кәсіпорын  үшін 

өндірістің көлемін, шикізат пен материал жеткізілімдерінің көлемін, тауар айналымын, баға 

деңгейін,  пайданы,  т.б.  мемлекет  анықтаған.  Әкімшілік-әміршілдік  жүйедегі  шаруашылық 

сферасы  бастаманың  көтерілуіне    шек  қойды  және  тәуекел  іс-әрекеттерге  баруға  жол 

берілмеді. Басқарудағы тәуекелдің теориялық негіздері бұл жүйеде зерттелмеген. 

 

Жағдай  нарықтық  экономикада  түбегейлі  өзгерді.  Тәуекел  нарықтық  экономиканың 



негізгі  сипатының  бірі  болып  табылады.  Өйткені  мемлекеттік  реттеу  кәсіпкерлік  қызмет 

үшін  норма  белгілеумен  және  салық  жүйесін  енгізумен  шектеледі.  Нарық  жағдайында 

тәуекел  алаңы  кеңиді.  Оның  үстіне  бәсекелік  ортаның  болуы  кәсіпкерлердің  және 

менеджердің тәуекелді шешім қабылдауын ынталандырады. 

Нарықтық экономикадағы тәуекел табиғаты келесі факторлармен байланысты: 

-  шаруашылық қызметтің мемлекетпен аз реттелуі; 

-  кәсіпорынның сыртқы ортамен өзара әрекетіндегі кездейсоқ факторлар ролінің күшеюі; 

-  кәсіпкердің жеке меншікке, иелік етуі

-  тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестік күрес.  

Тәуекел –  бұл зиянның туындау қаупі. Тәуекелге бара отырып, кәсіпкер (менеджер)  

пайда алуды көздейді. Қаражат жұмсай отырып, кеткен шығынның орнын жабатындай табыс 

алуға тырысады. 

Тәуекелдің пәні материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық, интеллектуалдық  

ресурстарды жоғалту болып табылады. 

Теория мен практикада «шығын», «зиян», «жоғалту» ұғымдарының арасында айырмашылық 

бар.  Кез-келген  ұйымның  шаруашылық  қызметі  шығындармен  байланысты.  Зиян  – 

қызметтің соңғы нәтижесі. Ал, жоғалту – кездейсоқ фактор салдарынан күтілетін пайда мен 

нақты пайда арасындағы айырма.  

Тәуекел түрлері әр алуан.  Оларды белгілі бір сипаттары бойынша жіктеуге болады. 

 

Тәуекелдің жіктелуі: 



І Туындау көзі бойынша:  

 



кәсіпкерлік қызмет пен байланысты – өндірістік, коммерциялық, қаржылық; 

 



жетекшінің психологиялық ерекшелігі; 

 



саяси жағдай; 

 



табиғи жағдай. 

ІІ Пайда болу себебі бойынша: 

 



ақпараттың жетіспеуі; 

 



болашақтың анық болжанылмауы; 

 



бәсекелестердің, іскерлік серіктестердің әрекеттері. 

ІІІ Сақтандыруға қатысы бойынша: 

 



сақтандыру қажет етілетін

 



сақтандыруды қажет етпейтін. 

Өндірістік  тәуекел  өнімді  және  тауарды  өндірумен,  қызмет  көрсетумен,  жұмыстарды 

орындаумен  (жобалық-конструкторлық,  болжамдау)  байланысты.  Тәуекел  себептері  жаңа 

өндірістік жобаны, жаңа технологияны игерумен, өнімнің өзіндік құнының артуымен, өндіріс 

көлемінің күрт өсуімен немесе төмендеуімен байланысты болуы мүмкін.  



Коммерциялық  тәуекел  нарықтағы  сату  көлемінің  төмендеуі,  жүк  тасымалдау 

тарифтерінің  артуы,  валюта  бағамының  ауытқуы,  айналым  шығындарының  артуы,  сатып 

алушылардан түсетін түсімнің болмауы салдарынан орын алуы мүмкін. 

Қаржылық  тәуекел  ұйымның  банктермен  өзара  байланысы  барысында  туындайды.  Бұл 

ұйымның меншігіндегі активтері мен қарыз құралдарының арақатынасына байланысты. 




47 

 

Тәуекелдің  туындау  көздеріне  жетекшінің  психологиялық  ерекшеліктерін  де  жатқызуға 



болады.  Мысалы,  кейбір  адамдар  консерватор  (өзгеріске  көп  бара  бермейтін,  әрекет 

жасамайтын) болуы, ал енді біреулері авантюраға (тәуекелге жиі бару) бейім болуы мүмкін.  



Саяси тәуекелдер импортқа шек қойылуымен, саяси төкерістермен т.б. байланысты.  

Кәсіпорынның  инвестициялық  саясатты  жүргізген  кездегі  тәуекелі  де  әркелкі.  Бұл 

инфляциямен,  салынған  қаражатты  дисконттаумен,  инвестицияны  өндіріске  салу  немесе 

банкте сақтау арқылы тапқан пайданы салыстырумен т.б. байланысты. 

Ал, бағалы қағаздарға қаражат салу барысында орын алатын тәуекелдер бағалы қағазды 

дұрыс  таңдамаумен,  бағалы  қағаз  құнының  төмендеуімен,  эмитенттің  дивиденд  төлей 

алмауымен, инфляция салдарынан бағалы қағаздан түсетін табыстың азаюымен байланысты 

болады. 


Тәуекел деңгейлері мен олардың салдарын қарастыралық. 

Тәуекел деңгейлері: 

  неғұрлым ықтимал деңгей,  

  «қалыпты» деңгей (допустимый уровень),  

  қауіпті деңгей,  

  аса қауіпті деңгей.  

Ықтималдығы жағынан ең төменгісі аса қауіпті деңгей болып табылады. 

«Қалыпты»  тәуекел  салдарынан  кәсіпорын  өз  пайдасынан,  қауіпті  тәуекел  салдарынан 

сатудан түкен түсімінен айырылады. Ал, аса қауіпті тәуекел кәсіпорынды мүлкінен айырады, 

банкроттыққа әкеледі.  



2.  Залалдың алдын-алу үшін басқару шешімін қабылдау барысында тәуекелді талдап,  

оның салдарын анықтау қажет. 

Тәуекелді талдау сатылары: 

1)  тәуекелге ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды анықтау

2)  анықталған факторларды талдау; 

3)  тәуекелдің нақты түрін қаржылық жағынан  бағалау; 

4)  қаржылық тұрақтылық пен салынған қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау; 

5)  тәуекелдің «қалыпты» деңгейін белгілеу; 

6)  таңдалған тәуекел деңгейі бойынша жекелеген операцияларды талдау; 

7)  тәуекелді төмендету іс-шараларын әзірлеу. 

Тәуекелге ықпал ететін балық факторларды шартты түрде  объективті және субъективті 

деп бөлуге болады. 

Субъективті  факторларға  сол  ұйымды  тікелей  сипаттайтын  факторларды  жатқызуға 

болады.  Атап  айтқанда,  өндірістік  потенциал,  техникалық  қарулану,  еңбекті  ұйымдастыру, 

еңбек өнімділігі, мамандану деңгейі, қаупсіздік техникасы т.б. 

Объективті  факторлар  ұйым  қызметінен  тәуелсіз  болады  (инфляция,  саяси  және 

экономикалық дағдарыс, т.б.). 

Тәуекелді  сандық  тұрғыдан  талдау  барысында  түрлі  әдістер  қолданылады.  Олардың 

арасындағы  кең  таралғандары:  статистикалық,  аналитикалық,  эксперттік  бағалау  әдісі, 

аналогтарды пайдалану т.б.  

Құндылықтардың  түрлі  жүйелерін  қалыптастыратын  әр  елдің  мәдениеті  тәуекел 

жағдайындағы  экономикалық  іс-әрекетке  айтарлықтай  ықпал  етеді.  Біреулері  тәуекелді  іс-

әрекетті қолдаса, екіншілері бұл жағдайда сақтық танытады. Бір елдің мәдениетінде шешім 

қабылдау  барысында  нақты  позиция  ынталандырылса,  екіншісінде  ымыраға  бейімділік 

қолдау  табады.  Мәселен,  жапондық  менеджментте  консенсуқа  қол  жеткізу  маңызды. 

Консенсус  –  латын  тілінен  аударғанда    «екіұшты»  сұрақ  бойынша  жалпы  келісімге  келу 

деген  макғынаны  білдіреді.  Батыс  елдерінде  тәуекелге  бейімделу  жеке-дара  бағдарлану, 

сыртқы  ортаны  басқару,  іскерлік  қатынастарды  нақты  функциялармен  шектеу,  іскерлік 

байланыста  келісім-шарттық  әрекет  ету  мерзімі  шеңберінде  ғана  болады.  Ал,  шығыс 

елдерінде  тәуекел  жағдайындағы  экономикалық  іс-әрекет  коллективизмге,  сыртқы  ортамен 




жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау