5-сыныптарда қазақ тілі пәнін оқытудың жай-күйін тексеру
«Қазақ тілі пәнін оқытуда жеке тұлғаға бағытталған жұмыстардың орындалуы»
тақырыбындағы жан-жақты тексерудің қорытындысы бойынша
Анықтама
Тексеру мерзімі: сәуір
Бақылау түрі: пәндік, жеке
2022-2023 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес сәуір айында «Қазақ тілі пәнін оқытуда жеке тұлғаға бағытталған жұмыстардың орындалуы» тақырыбында жан-жақты тексеру жұмысы төмендегі өлшемдер бойынша жүргізілді.
Бақылау мақсаты: пән бойынша білім білік дағдыларының қалыптасуын, оқушы білімінің мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкестігі ; қазақ тілі сабақтарында интерактивті әдістер мен әдістерді қолдану, оқушылардың білім сапасын бағалау.
Бақылау обьектісі:
Мұғалімнің сабақ өту шеберлігі (жаңа технологияны қолдануы, көрнекі құралды пайдалану);
Үй тапсырмасының орындалуын қадағалау;
Жеке оқушымен жұмыс жүргізуі, сынып белсенділігі.
Улыкбанова Жансая Батихановна – жоғары білімді, педагог-модератор. Еңбек өтілі-10 жыл. «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін сын тұрғысынан ойлау арқылы дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында шығармашылық жұмыс атқарады.
5-6 сыныптарына сабақ береді. Сынып оқушылары толық оқулықпен қамтылған, кітаптары қапталған, ұқыпты ұсталынады. Мұғалім сабақ беру барысында оқушыдан үй тапсырмасының орындалуын талап етеді, сынып жұмысының орындалуын қадағалайды. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде көрнекіліктерді тиімді пайдаланады. Сабақтың әр кезеңінде қалыптастырушы бағалау арқылы кері бйлаыс жүргізіліп отырды.
«Сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында жұмыс атқарады. Қысқа мерзімді жоспарлары жүйелі жазылған.
Қазақ тілі мұғалімінің негізгі міндеті ол өз сабақтарында оқытудың тиімділік стандарттарын енгізуі керек. Қазақ тілі сабақтарында мұғалім оқушылардың әдеби тіл нормаларын қолдануына назар аудару, дәлелдеу дағдыларды барынша қолдана білуге баулу керек. Оқу бағдарламасында берілген мақсатты жеткілікті деңгейде меңгертеді.
Қысқа мерзімді жоспарлары жүйелі толық жазылған. Күнтізбелік жоспардың барлық бағыты толтырылған, сағат саны кезеңдері көрсетілген. Оқушының сынып жұмысын орындауда сынып толық қамтылды. Оқушыларды топқа бөлу арқылы сабақ өтеді. Сабақта топтық ережені оқушылар сақтайды. Мұғалімнің сабақ өту белсенділігі өте жақсы. Оқушының да сабаққа қатысу белсенділігі жоғары.
Жеке оқушымен жұмыстар жүргізеді. Мұғалім жаңа педагогикалық технологияны пайдаланады.
Оқушыларды топқа бөлу арқылы сабақ өтеді. Сабақта топтық ережені оқушылар сақтайды. Мұғалімнің сабақ өту белсенділігі өте жақсы. Оқушының да сабаққа қатысу белсенділігі орташа. «Қазақ тілі пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»
Қатысқан сабақтар жиыны төмендегідей сараланды:
Мақсаты:
Достарыңызбен бөлісу: |