7.Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Бөлімдері бірдей жай
бөлшектерді, бөлімдері әртүрлі жай
бөлшектерді қосуға, қосу
ережесін айта білуге үйрету. Қосудың
ауыстырымдылық және терімділік
қасиеттерін жай
бөлшектерді қосуда және өрнектерді
ықшамдауда
қолдана білуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау
қабілеті мен есептеу дағдыларын
жетілдіру. Белсенділіктерін
арттыру, оқушылардың пәнге
қызығушылығын арттыру,
дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге
жауапкершілікке өз
бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез
ойлап, тез қорытуға және сөйлеу
мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың көрнекіліктері:
1. Дидактикалық ойын «Күн» 2. Сабаққа қатысты сызбалар 3. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу алгоритмі 4. Тірек схемалары
Оқыту әдістері: Ой-толғаныс, дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, кубизм стратегиясы, іскерлік ойындар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.
II. Жаңа сабақтың мақсатын қою, онымен оқушыларды таныстыру.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1. Жаңа оқу материалдарын белсенді, саналы игеру үшін дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы бойынша кубизм стратегиясын негізге ала отырып төмендегі сұрақтарға жауаптар алынады. 1. Үлес деген не? 2. Жай бөлшек деген не? 3. Жай бөлшектің негізгі қасиетін тұжырымда. 4. Жай бөлшектерді қысқарту деген не? 5. Жай бөлшектердің ортақ бөлімі деген не? 6. жай бөлшектерді ортақ бөлімге қалай келтіреміз?
2. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу.
0
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу үшін алымдарын қосып бөлімінің өзін қалдырамыз.
3.Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу.
Мысал: ; ЕКОЕ (7;3) =21. ЕКОЕ-ні бөлімдерін бөліп, толықтауыш көбейіткіштерін табамыз. 21:3=7=3,21:3=7
Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу үшін ортақ бөлімге келтіреміз, ортақ бөлімін әр бөлшектің бөліміне бөліп тоықтауыш көбейткіштерін табамыз, толықтауыш көбейткіштерін бөлшектердің алымдарымен бөлімдеріне көбейтеміз де бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу ережесі бойынша қосамыз. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу алгоритимі. (Шаталов бойынша) Бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін табамыз.
Толықтауыш көбейткіштерін табамыз
Толықтауыш көбейткіштерін бөлшектің алымы мен бөліміне көбейтеміз.
Шыққан бөлімдері бірдей бөлшектерді қосамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |