Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. «Қамқорлық», «жетiм», «әлеуметтiк жетiм» ұғымдарының айырмашылығы мен ортақ сипаттарына түсінік беріңіз.
2. Ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларға кімдерді жатқызуға болады?
3. Жетiм балаларды қамқорлыққа алу мекемелерінің қызметіне сипаттама беріңіз.
4. Жетім балаларды асырап алу мен қамқорлыққа алудың жолдарын сипаттап түсіндіріңіз.
5. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелеріндегі әлеуметтік педагог қызметiнiң функциялары неден тұрады?
6. Бала асырап алған отбасыларымен жүргiзiлетiн әлеуметтiк-педагогикалық қызметтiң құрылымына кезеңді сипаттама беріп, түсіндіріңіз.
7. Әлеуметтiк педагог қызметiндегi әдiс-тәсiлдердің ерекшеліктері қандай?
8. Тәрбиесі қиын балалар мен жеткіншектер тәрбиесіндегі психолог пен әлеуметтік педагог функцияларын қалай ажыратып көрсетер едіңіз?
9. Тәрбиесі қиын жеткіншектің мінез-құлқының қалыптасуына себеп болған факторларды анықтау үшін диагностикалық карта құрастырыңыз (сұрақтар жүйесін, тексеру жағдаяттарын, бақылау обьектілерін және т.б.).
10. Микроауданның әлеуметтік-педагогикалық картасын жасау үшін оның зерттеу бағдарламасын дайындаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Мустаева Ф. А.Социальная педагогика. –М.: Академический Проект,Екатеринбург: Деловая книга,2003.-528 с.
2. Педагогика. − Алматы: Нұрлы Әлем, 2003. - 366 б.
3. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаева Р. М. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 2002.
4. Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное пособие для студ. высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. -416 с.
5. Мудрик А. В. Социальная педагогика. учебник для педагогичеких вузов /под. ред. В. А. Сластенина - М., 2000
Дәріс 15. Мемлекеттiк қамқорлыққа алу мекемелерiндегi әлеуметтiк-педагогикалық қызмет
Дәріс жоспары:
1. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелеріндегі әлеуметтік педагогикалық қызметтің қажеттілігі мен сипаты
2. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелерінің түрлері мен ерекшеліктері және жұмыс мазмұны
3. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелеріндегі әлеуметтік педагог қызметінің жүйесі
Егер бала асырап алынбаса немесе ешқандай отбасына қамқорлыққа берiлмесе, онда оның бiлiмi мен тәрбиесiмен мемлекеттiк мекемелер шұғылданады. Олар балалар үйi мен мектеп-интернаттарға орналастырылады.
Балалар үйi мен мектеп-интернаттардың айырмашылығы сонда, балалар үйiнде тұратын балалар сол жерге жақын аймақтағы мектепте бiлiм алады. Ал мектеп-интернатта балалар өмiр сүредi әрi оқып, бiлiм алады.
Жетiм балалар тәрбиесiмен шұғылданатын балалар үйiнiң бүгiнгi жаңа формасы отбасы типтi балалар үйi болып табылады. Мұнда ата-аналардың рөлiн әлеуметтiк дайындықтан өткен ата-ана тәрбиешi атқарады. Балалар үйiнде атқаратын қызметi қарапайым балалар үйiндегiдей болып қала бередi.
Балалар үйiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
- баланың қалыпты дамуын қалыптастыратын отбасылық жағдайға жақын қолайлы мүмкiндiктер жасау;
- балалар денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
- баланы әлеуметтiк қорғауды, оның дәрiгерлiк-педагогикалық және әлеуметтiк бейiмделуiн қамтамасыз ету;
- тәрбиеленушiлердiң қызығушылығы мен құқығын қорғау;
- балалардың бiлiм беру бағдарламасын меңгеруiн, тұлғаның қызығушылығына сәйкес лайықты бiлiм алуын қадағалау;
- тәрбиешiлердiң жалпы мәдениетiн қалыптастыру, оларды өмiрге бейiмдеу;
- балалардың өзiн-өзi дамытуы мен өзiн-өзi таныту сұранысын қалыптастыру;
- балалардың кәсiптi таңдауға және кәсiби бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруiне жағдай жасау.
Балалар үйiндегi балалар проблемасын кеңiнен зерттеген ғалымдар М.И.Лисина, В.С.Мухина, А.М.Прихожан, Е.О.Смирнова және т.б. болды.
Балалар үйiнде кездесетiн әртүрлi жастағы балаларға қысқаша сипаттама берейiк. Олар: мектепке дейінгі жастағы балалар, кіші мектеп жасындағы балалар, жеткіншек, жасөспірімдік жастағы балалар.
Мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн ересектермен қарым-қатынаста болып сұхбаттасу, жүздесіп көрісуге деген ынта, үлкеннің қамқорлығы мен мейірімін сезіну аса қажет. Әйтсе де, ересектер тарапынан мұндай мейірімнің жеткіліксіздігін ғалымдар зерттеулері көрсетуде.
Бұл жастағы балалардың қоғамдағы қарым-қатынасқа деген талпынушылығы, ересектерге деген ұмтылысынан болады, балалар ересектер тарапынан болған қарым-қатынасты және ұсынысты шын ықыласымен қабылдайды.
Балалар үйіндегі кіші мектеп жасындағы балаларға тән сипат балалар үйінің күнделікті тіршілігіндегі әрекет түрткісінің айқын байқалуында. Олар балалар үйінде өмір сүру ережелерін орындау, мектепте және балалар үйінде мінез-құлық талаптарын сақтау секілді әрекеттерді орындаумен ерекшеленеді.
Жасөспiрiмдiк шақта бұл себептер баланың өзiнiң «Менiнiң» қалыптасуында нақтылы бiр қиындықтарды туғызады. Балалар үйiнде тәрбиеленіп жатқан жасөспiрiмдердiң интеллектуалдық, мiнез-құлықтық сипаттамаларына қосымша олардың денсаулығына сәйкес проблема қосылады.
Балалар үйiндегi әлеуметтiк педагогтың қызметiне тоқталайық. Әлеуметтiк-педагогикалық қызметтiң мақсаты - балалар үйiндегi тәрбиеленушiлердi әлеуметтендiру болып табылады. Ол мақсат әртүрлi мiндеттердi жүзеге асыру негiзiнде орындалады.
Әлеуметтiк педагогтың қызметi баланың әлеуметтiк статусын анықтаудан басталады. Құжаттарды зерттеу, әңгiмелесу, тест жүргiзу жолымен әлеуметтiк педагог баланы танып бiледi, шешуге тиiс болған проблеманы бөлiп айқындайды. Әлеуметтiк педагог баланың дене және психикалық саулығы туралы, оның интернаттық мекемеге түскенге дейiнгi өмiрiнiң жағдайын, ата-аналары туралы мәлiмет жинайды.
Әлеуметтiк педагогтың келесi мiндетi - бала дамуының жеке бағдарламасын жасау, яғни ол баланың қазiргi жағдайын ескере отырып, оның балалар үйiнен кетерде қандай дәрежеде болуы керек екендiгiн елестетуi керек.
Балалар үйiнде орындайтын әлеуметтiк педагогтың тағы бiр маңызды мiндетi – әкiмшiлiк органдары тарапынан баланың қызығушылығы мен құқығын қорғау. Осы функцияны жүзеге асыра отырып, әлеуметтiк педагог тәрбиешiнiң тәрбие құқығын қорғайды. Сондай-ақ, әлеуметтiк педагог баланың тұрғын үй проблемасымен, алдағы уақыттағы баланың оқуын жалғастыруы мен жұмыспен қамтамасыз етiлуi мәселелерiмен айналысады.
Тұжырым:
1. Әлеуметтік педагог қызметінің қажеттілігі қоғамның бүгінгі нарықтық қатынас 7 кезеңіндегі құбылыстарға байланысты туындап отыр.
2. Әлеуметтік педагог қызметінің жүйесі қамқорлыққа алынған баланың өмірі мен әрекетіндегі қажеттіліктер мен мұқтаждықтардан туындайды.
3. Әлеуметтік педагогикалық қамқорлыққа алудың тиімділігі қамқорлыққа берілген баланың жас ерекшеліктері мен дара ерекшеліктеріне де байланысты.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1.Мемлекеттiк қамқорлыққа алу мекемелерiнің негізгі мiндеттерiн атаңыз.
2.Бүгінгі күнгі мемлекеттiк қамқорлыққа алу мекемелерiнің қандай типтерін атай аласыз? Соның ішіндегі отбасы типтi балалар үйiндегі жұмыс жүйесі туралы айтыңыз.
3.Балалар үйiнде орындайтын әлеуметтiк педагогтың қызметі мен мiндеттеріне сипаттама беріңіз.
4.Балалар үйiндегi әлеуметтiк-педагогикалық қызметтің негізгі функцияларын түсіндіріңіз.
5.Балалар үйiндегi әлеуметтiк педагог қызметін ұйымдастырудың әдiстерi мен формаларын түсіндіріңіз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное пособие для студ. высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. -416 с.
2.Мудрик А. В. Социальная педагогика. Учебник для педагогичеких вузов /под. ред. В. А. Сластенина - М., 2000
3.Мустаева Ф. А.Социальная педагогика. –М.: Академический Проект,Екатеринбург: Деловая книга,2003.-528 с.
4. Педагогика. −Алматы: Нұрлы Әлем, 2003. - 366 б.
5. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаева Р. М. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 2002.
3. Практикалық сабақтардың мазмұны
1-тақырып
Әлеуметтік педагогиканың пәні, міндеттері және негізгі категориялары.
Мақсаты: әлеуметтік педагогика пәні, мақсаты, міндеттері туралы түсінік қалыптастыру.
Сұрақтар:
1. Әлеуметтік педагогика саласының пайда болуы мен қалыптасуына тарихи шолу.
2. Әлеуметтік педагогика пәнінің мақсат-міндеттері және негізгі қызметтеріне сипаттама.
3. Әлеуметтiк педагогикалық теория мен практикасының нысандары.
2-тақырып. Әлеуметтік педагогиканың принциптері
Мақсаты: әлеуметтік педагогиканың принциптері, баланы әлеуметтендіру процесiне педагогикалық ықпал ететiн негiзгi принциптерге сипаттама беру.
Сұрақтар:
1. Әлеуметтік педагогиканың әрі ғылым, әрі тәжірибе ретіндегі принциптері.
2. Принциптер:табиғатқа сәйкестік, жекелік тұрғыдан қарау ,гумандық принцип,тұлғаға және әлеуметтікке тәуелдік, шарттылық принцип, мәдениетке сәйкес принципі, ортаға тәуелді.
3. Шарттылық принциптердің негізгі талаптары және өзара байланысы.
3-тақырып
Орта педагогикасы,оның мәні.
Мақсаты: ортаның әлеуметтіндіруге ықпалы, әлеуметтендірудің тетіктері, әлеуметтендіру институттары түсінік қалыптастыру.
Сұрақтар:
1.Орта әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторлар.
2.Орта өмірінің түрлі кезеңдері мен басқыштары.
3.Орта өмірінің түрлі кезеңіндегі оның жасына қарай әлеуметтендірудің ерекшеліктері.
4.Әлеуметтендірудің тетіктері, әлеуметтендіру институттары.
4-тақырып
П.Ф.Каптеревтің педагогикалық процесс жайлы ілімі.
Мақсаты: П.Ф.Каптеревтіің педагогикалық көзқарастары, педагогикаға қосқан үлесі, әлеуметтік педагогика туралы еңбектерімен танысу.
Сұрақтар:
1.П.Ф.Каптеревтің педагогикаға қосқан ой-пікірлері
2. П.Ф.Каптеревтің әлеуметтік педагогикамен байланысты еңбектері
5-тақырып
Әлеуметтік-педагогикалық процестің мәні
Мақсаты: әлеуметтік-педагогикалық процестің мәні, мазмұнын білу.
Сұрақтар:
1.Әлеуметтік педагогикалық процестің мәні мен мазмұны.
2.Әлеуметтік институттардың ұстамдары тұрғысынан әлеуметтік тәрбиенің негізгі бағыттары;бағытталған әлеуметтік тәрбие,әлеуметтік шарттық тәрбие,өзіндік ерекшелігі бар әлеуметтік тәрбие
6-тақырып
Тұлғаның әлеуметтік басталуының педагогикасы
Мақсаты: адамның өзі өмір сүретін қоғамындағы объектілік және субъектілік рөлін ажыратып түсіну, тұлғаның әлеуметтену процесiндегi ұлттық менталитеттiң алатын орынын ашып көрсету.
Сұрақтар:
1. Жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы.
2.Жеке тұлғаның әлеуметтік дамуы.
3.Тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік педагогиканың тигізетін әсері.
7-тақырып
Адамды әлеуметтендірудің негізгі концепциялары.
Мақсаты: әлеуметтендірудің концепцияларымен танысу.
Сұрақтар:
1.Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторлар.
2.Адам өмірінің түрлі, кезеңдері мен басқыштары.
3.Адам өмірінің түрлі кезеңіндегі оның жасына қарай әлеуметтендірудің ерекшеліктері.
4.Әлеуметтендірудің тетіктері, әлеуметтендіру институттары.
8-тақырып
Әлеуметтік тәрбиенің мәні мен мазмұны.
Мақсаты:
Сұрақтар:
1.Мектептен тыс мекемелердің әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктері.
2.Тәрбиелік күштерді интеграциялау.
3.Балалар мен жасөспірімдерге білім беру және тәрбиелеу ауқымындағы әлеуметтік саясатты белсендіру проблемалары.
9-тақырып
Отбасы - тұлға әлеуметтендірілуінің негізгі институты.
Мақсаты: бала тұлғасын әлеуметтендiруде отбасының рөлiн, отбасылық қарым-қатынастың типтерiн бөлу, тәрбие мен әлеуметтендіру ерекшеліктерін сипаттау; отбасына берiлген әртүрлi анықтамаларды салыстыру; отбасының маңызды қызметтерiн ата-бабаларымыздың тарихи дәстүрлерімен және бүгінгі күнгі жаңа дәстүрлермен салыстыру.
Сұрақтар:
1.Отбасы бала тәрбиелеудің негізгі тетіктері.
2.Қазіргі жағдайда отбасы тәрбиесінің қиындықтары.
3.Отбасындағы тәрбие типтері,ата-аналар беделі.
4.Макаренко бойынша балаларды тәрбиелеуде кері әсер ететін ата-аналардың беделінің түрлері.
5.Отбасының тәрбиелік мүмкіншіліктерін арттыратын жолдары.
10-тақырып
Тұлға әлеуметтендірілуіндегі мектептің ролі.
Мақсаты: мектептің әлеуметтендірушілік қызметінің мүмкіндіктерін ашу; мектептің типтерін, олардың типтеріне байланысты әлеуметтендіру мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтарды білу.
Сұрақтар:
1.Мектептегі гумандандыру мен демократияландыру-балалардың, жасөспірімдердің, жастардың дамуының, тұлғалық және әлеуметтік өзін көрсетудің шешуші шарттары.
2. Мектептен тыс мекемелердің әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктері.
3.Тәрбиелік күштерді интеграциялау.
4.Балалар мен жасөспірімдерге білім беру және тәрбиелеу ауқымындағы әлеуметтік саясатты белсендіру проблемалары.
11-тақырып
«Балалық кіші мәдениеттің» және баланың «әлеуметтік-мәдени әлемінің» мәні, оның әлеуметтік-мәдени әлеміне ықпал жасайтын факторлар.
Мақсаты: «Әлеуметтік мәдениет» атауы, баланың «әлеуметтік мәдени әлемі» түсінігін қалыптастыру.
Сұрақтар:
1. «Әлеуметтік мәдениет» атауы, баланың «әлеуметтік мәдени әлемі» түсінігі.
2.Балаға тән және дара әлеуметтік мәдени әлемі.
3.Баланың әлеуметтік-мәдениетінің негізгі әлеуметтік педагогикалық сапалық сипаттамалары.
4.Баланың, жасөспірімнің әлеуметтік мәдени әлемінің көріну ерекшеліктері және оны есепке алу қажеттілігі.
5.Баланың әлеуметтік мәдени әлеміне ықпал жасайтын факторлары.
12-тақырып
Балалар мен жасөспірімдердің ауытқушылық жүріс-тұрыстары - әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде.
Мақсаты: әлеуметтiк педагогикадағы «қалып» және «қалыптан ауытқу» ұғымдарына сипаттама, ауытқудың түрлерi және оның себептерiне сипаттама беру.
Сұрақтар:
1.Ауытқуланушы, делинквенттық, девианттық жүріс-тұрыс.
2. Адамда девианттық жүріс-тұрыстың қалыптасуы жайлы теориялар.
3.Девианттық жүріс-тұрыстың қалыптаса бастауының кезеңдері.Адамның жүріс-тұрысты қалыптастыруға ықпал жасайтын факторлар тобы.
4.Жасөспірімдік кезеңнің проблемалары.
5.Балалар мен жасөспірімдердің девианттық жүріс-тұрыстың алдын алуға және түзетудегі әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары.
13-тақырып
Конфликт, оларды шешудің әдіс-тәсілдері.
Мақсаты: конфликт туралы түсінік, конфликтінің туу себептері мен оны шешудің жолдарын қарастыру.
Сұрақтар:
1.Конфликт туралы түсінік.
2.Конфликтінің туу себептері мен оны шешудің жолдары.
3.Конфликтінің әлеуметтік ортаға тигізетін әсері.
4. Студенттердің өздік жұмыстары
4.1. Студенттің өздік жұмыстарының құрылымы:
СӨЖ №1 Әлеуметтік педагогика әлеуметтік философияның бір бөлімі ретінде.
СӨЖ №2 Принциптердің негізгі талаптары. Принциптер арасындағы байланыс.
СӨЖ №3 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың тиімділігін арттыруда өзіңіз тарапынан қандай дәстүрлі емес әдістерді ұсынар едіңіз.
СӨЖ №4 Ата-ана беделі.
СӨЖ №5 Тәрбиесі қиын жеткіншектің мінез-құлқының қалыптасуына себеп болған факторларды анықтау үшін диагностикалық карта құрастырыңыз (сұрақтар жүйесін, тексеру жағдаяттарын, бақылау обьектілерін және т.б.).
СӨЖ №6 Баланы әлеуметтік-педагогикалық қорғау.
4.2 Студенттік оқытушымен өздік жұмысытарының құрылымы:
СОӨЖ №1 «Әлеуметтік педагогиканың ғылыми-теориялық негіздері» кесте дайындау.
СОӨЖ №2 Тұлғаны диагностикалауәдістемелері.
СОӨЖ №3 Дүниежүзілік отбасы тәрбиесі тәжірибелерін ескере отырып, отбасының әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайын жақсартудың ғылыми жобасын ұсыныңыз.
СОӨЖ №4 Отбасының маңызды қызметтерiн ата-бабаларымыздың тарихи дәстүрлерімен және бүгінгі күнгі жаңа дәстүрлермен салыстыра отырып, сипаттаңыз.
СОӨЖ №5 Девиантты мінез-құлықты балалары бар ата-атаналарға олармен қандай бағытта және қалай жұмыс жүргізудің жоспарын дайындаңыз.
СОӨЖ №6 Қазақ халқында мінез-құлқы қалыпты талапқа сай келмейтін адамдардың әрекетін қандай әдістер арқылы алдын алған. Тәжірибелерден мысалдар келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |