48 беттің -сі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0,95 Mb.
бет2/6
Дата14.11.2017
өлшемі0,95 Mb.
#297
1   2   3   4   5   6

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное пособие для студ. Высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. –М.:Гуманист. Изд.центр ВЛАДОС, 2003. -416 с.

2. Мудрик А. В. Социальная педагогика: учебное пособие /Под ред. В. А. Сластенина. - М.: 1999.-С.19-24.

3.Мустаева Ф. А. Социальная педагогика. –М.: «Академический Проект», Екатеринбург: «Деловая книга», 2003. -528 с.

4. Қоянбаев Р. М., Қоянбаев Ж. Б. Педагогика. - Алматы, 2000. - 327 б.

5. Рюриков Н. Мед и яд любви. −М., 1990. - 450 с.

6. Педагогика. −Алматы: Нұрлы Әлем, 2003. - 366 б.

7. Жарықбаев Қ. Б. Жантануға кіріспе: хрестоматия. –Алматы: Дарын. 2005.-191 б.


Дәріс 3. Әлеуметтік-педагогиканың жалпы әдiстерi

Дәріс жоспары:

1.Әлеуметтік зерттеу әдістері туралы түсінік

2.Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу әдістерінің түрлері және оларға сипаттама

3.Тәрбие әдістері, олардың түрлері және сипаттамалары

4.Әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда көмек беру әдістері және мазмұны
«Әдіс» ұғымын грек тілінен аударғанда «жол», «тәсіл» деген мағынаны білдіреді. Әдіс проблемасы - әлеуметтік педагогикада ең өзекті мәселелердің бірі, өйткені тұлғамен тәрбиелік жұмыс жүргізудің құралы көп жағдайда әлеуметтік-педагогикалық ықпал етудің тиімділігіне байланысты.

Әлеуметтік педагогикадағы әдістерді үлкен үш топқа біріктіріп, классификациялауға болады деп көрсетеді ғалым Ф.А.Мустаева өзінің «Әлеуметтік педагогика» деп аталатын кітабында. Олар мынадай:

1.Зерттеу әдістері;

2.Тәрбие әдістері;

3. Әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда көмек беру әдістері.

Ғылыми зерттеу әдістері – бұл ғылыми теориялардың байланыстылық, қатынас, тәуелділік заңдылықтарын орнату мен орналастыру мақсатында ғылыми ақпараттарды алудың тәсілдері. Зерттеу әдістерін қолдану әлеуметтік педагогиканы ғылым ретінде дамыту мен жетілдіру үшін маңызды.

Ғылыми зерттеу жұмысының екі түрі бар. Олар: эмпирикалық және теориялық.

Эмпиризм - бұл философиялық ілім, ол ғылымның бір ғана көзінен алынған білім. Эмпирикалық таным практикалық тәжірибені, шындық болмысты зерттеуге негізделеді.

Теориялық зерттеуде жоғарыдағы әдістермен қоса абстрактілеу, идеяландыру, модельдеу және т.б. әдістер қолданылады. Сонымен бiрге логикалық, анализ-синтез, индукция-дедукция әдістері де қолданылады. Эмпирикалық зерттеуде бақылау, баяндау, эксперимент сияқты зерттеу әдістері қолданылады.

Енді әлеуметтік-педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістеріне жеке-жеке тоқталып өтелік:

Бақылау әдісі педагогикалық құбылыстарды тікелей қабылдау негізінде танып білу тәсілі. Бақылау әдісінің негізгі функциясы бақылау объектісі мен әлеуметтік педагог арасындағы тікелей және қайтымды байланыстар жағдайындағы зерттеліп отырған процес туралы мәліметтерді іріктеп, таңдап алудан тұрады.
Педагогикалық экспенимент зерттеу басында қойылған ғылыми болжамның негізділігі мен дұрыстығын айқындауда дәлелді тексеру мен ғылыми-объективтілікті қамтамасыз ететін зерттеудің кешенді әдістерінің бірі.

Педагогика ғылымында экспериментті жүргізу табиғи және лабораториялық жолмен іске асырылады.

Әлеуметтік педагогикадағы зерттеу әдістері жүйесінде сұрау әдістерінің орны ерекше. Оларға сұхбат, интервью, анкета әдістері жатады.

Әлеуметтік педагогика бойынша ғылыми зерттеулерде моделдеу әдістері де жиі қолданылады. Жалпылама түрде алғанда модель зерттеу пәнінің функциясының, нақтылы қырларының, элементтерінің жүйесі ретінде айқындалады.


Әлеуметтік педагогикада озат педагогикалық тәжірибелерді зерделеу мен қорыту әдісі үлкен қолданысқа ие.

Әлеуметтік-педагогикалық ғылымдағы мәліметтерді өңдеу үшін зерттеудің математикалық әдістері қолданылады. Оларға ранжирлеу (жинақталған мәліметтерді нақтылы заңдылықпен орналастыру, өсу немесе кему ретімен орналастыру, әрбір зерттелген нәтиженің орнын анықтау), шкалалау (педагогикалық құбылыстың жекелеген қырына баға беруде сандық көрсеткіштерді ендіруге мүмкіндік беретін әдіс) және т.б. әдістер жатады.

Әлеуметтік педагогиканың екінші тобын тәрбие әдістері құрайды.

«Әдіс» деген сөз гректің «методос» деген сөзінен шыққан. «Метод» деген ұғым «белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары» деген мағынаны білдіреді.

Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері - сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері болып бөлінеді.

Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:

• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер;

• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрі бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина және В. С. Сластенин жасаған тәрбие әдістерін жіктеуде бірізділік байқалады.

Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа жіктеледі:

• қоғамдық сананы қалыптастыру мақсатында қолданылатын әдістер;

• баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында қолданылатын әдістер;

• баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін ынталандыру мақсатында қолданылатын әдістер;

• мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасауды, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.

Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістеріне мыналар жатады: этикалық әңгіме; әңгімелесу; пікірталас; лекциялар; өнеге; көз жеткізу (ситуация).

Мадақтау әдісі дегеніміз - тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжым алдында қолдайтынын жария етуі.

Тәрбие әдістерінің бұрынан келе жатқан түрі - жазалау әдісі кеңінен танымал, әрі өте күрделі әдіс. Жазалау тәрбиеленушілердің теріс қылықтарының алдын алу мен қайта тәрбиелеуге бағытталған жеке тұлғаның немесе ұжымның нақтылы бір талаптарын қоюдың формасы ретінде қолданылады.



«Жарылыс» әдісі. А. М. Макаренко ең алғаш бұл әдістің мәні мен қолданылу мақсатын аша отырып, осылайша ат қойған.

Әлеуметтік педагогиканың тәрбие әдістерінің үшінші тобына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету әдістері жатады.Оған психологиялық кеңес беру, аутотренинг, қызметтік ойындар және т.б. жатады.



Психологиялық кеңес беру психологиялық-педагогикалық қызмет пен әлеуметтік жұмыс қызметіндегі ең кеңінен тараған әдістердің бірі болып табылады.

Аутотренинг – клиенттерді бұлшықеттерін релаксация жасауға, өзін-өзі сендіруге ерік жігерін бағыттай алуға, зейінін бір орталыққа шоғырландыруды дамытуға және ерікті ақыл-ой белсенділігін басқара білуге бейімдейтін психотерапиялық әдіс.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг топтағы адамдармен өзара қарым-қатынасқа түсуде өзін-өзі танып білу білігі мен дағдыларын қалыптастырудың топтық әдістерінің жиынтығын құрайды.

Қызметтік ойындар - нақтылы бір қызмет түрінің әлеуметтік мазмұнын, қайта жасаудың, тәжірибе типіне тән сипаттағы қарым-қатынас жүйесін моделдеудің формасы.

Тұжырым:

1.Кез келген ғылым саласы секiлдi әлеуметтік педагогика ғылымының да өз дамуында қолданатын зерттеу әдiстерi бар және олар өзiндiк ерекшелiкке ие.

2.Әлеуметтік педагогика ғылымының зерттеу әдiстерi жалпы педагогика ғылымының зерттеу әдістерін пайдаланады: теориялық және эмпирикалық әдiстер. Теориялық әдiстерге барлық теория жүзiнде қарастырылатын әрекеттердi, ал эмпирикалық әдiске барлық практикалық-әрекеттiк негiзде жүргiзiлетiн әдiстердi жатқызамыз.

3.Әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдiстерi ғылымның дамуына және орын алып отырған проблемаларды шешудiң жолдарын анықтау мақсатына қызмет етуi тиiс.

4.Әлеуметтік педагогикалық әдiстердi қолдануда басқа ғылымдар байланысы назардан тыс қалмайды. Мысалы, тәрбие әдістері, тарихи шолу мен жүйелеу әдістері, психологиялық кеңес беру әдістері, статистикалық мәлiметтердi пайдалану, салыстырмалы талдаулар жасау, математикалық есептеулер мен жобалаулар педагогика салалары арасындағы және ғылымаралық байланысты қамтамасыз етедi.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Зерттеу әдiсi ұғымына, әлеуметтiк-педагогикалық зерттеудiң негiзгi әдiстерiне сипаттама берiңiз.

2.Әлеуметтендiрудiң қозғаушы күшiнiң негiзгi көзi тұлғаның өмiрлiк сұранысы мен әлеуметтiк мүмкiндiгiнiң арасындағы қарама-қайшылықтар деп айтуға бола ма?

3.Әлеуметтiк зерттеу әдiстерi iшiндегi эксперимент пен тәжiрибелiк жұмыстың айырмашылығы неде деп ойлайсыз?

4.Әлеуметтiк-педагогикалық зерттеу жұмысын ұйымдастырудың негiзгi кезеңдерiн атаңыз.

5.Әлеуметтiк педагогикадағы теориялық және эмпирикалық танымның рөлiн ашып көрсетiңiз.



Пайдаланылған әдебиеттер

1.Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 2004.

2.Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаева Р. М. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 2002.

3.Мустаева Ф. А. Социальная педагогика. –М.: «Академический Проект», Екатеринбург: «Деловая книга», 2003. -528 с.

4.Сухомлинский В. А. Балаға жүрек жылуы. Шығармалар толық жинағында. -Алматы, 1984. - 476 б.

5.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. −Алматы: Білім, 2003. -280 б.

6. Баласағұн Ж. Құтты бiлiк. -Алматы:Жазушы, 1986. -358 б.

7. Көбеев С. Баланы семьяда тәрбиелеу. - Алматы: Мектеп, 1965.-67 б.

8. Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттары. - Алматы: Ғылым, 1975. - 305
Дәріс 4. Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен негізгі принциптерi

Дәріс жоспары:

1.Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары және оның мазмұндық алғышарттары

2.Әлеуметтендіру принциптері, оладың түрлері және оларға сипаттама

3.Баланы қоғамға бейімдеу мен ендіруде әлеуметтендіру принциптерін басшылыққа алудың жолдары


Қазіргі таңда әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық және құрылымдық мәселелерін жасауда қолданылып жүрген негізгі тұжырымдамалық идеялар Б. А. Грушин, Р. Г. Гурова, С. Н. Иконников, В. Г. Лисовский, Ю. В. Торсуев және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Бұл зерттеулерде тәрбиенің әлеуметтік детерминанттылығы және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты тұлғаның әлеуметтенуі жайлы эмпирикалық зерттеулердің талдаулары берілген.

В. С. Бестужев-Лада, Б. С. Гершунский, В. А. Караковский, М.Н. Скаткин, В. А. Ядов т.б. әлеуметтік-педагогикалық болжам жасау мәселелерін шешуде әлеуметтік педагогика ғылымына үлкен үлес қосқан.

В. И. Журавлев, Б. Т. Лихачев, В. Г. Разумовский, Г. П. Будановалардың зерттеулерінде жастардың еңбекке, отбасылық өмірге, білім алуға, қоғамдық іс-әрекет пен дем алуға дайындығы жан-жақты әрі терең қарастырылған.

Психология мен әлеуметтік психологияда тұлғаның психологиялық құрылымы мен рефлексивтік белсенділіктің түрлеріне, формаларының заңдылықтарына іс-әрекет психологиясы мен тұлға ерекшеліктері, идентификациялаудың әлеуметтік-психологиялық механизмдері (эмпатия, еліктеу, сендіру т.б) жатады. Бұл орайда Б. Т. Ананьев, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Б. Ф. Ломов, В. М. Мерлин, Л. И. Анциферова, И. Н. Семенов және т.б айтуға болады.

Соңғы жылдарда философияда қоғамда адамның алатын орны, адамдағы биологиялық пен әлеуметтіліктің арақатынасы, тұлға дамуының әлеуметтік мәдени детерминациясы, адамның іс-әрекеттік болмысы әлеуметтік қоғамның негізгі сфераларын талдау, гуманистік концепция мазмұнын түсіну мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Бұл бағыттағы зерттеулер ретінде М. Н. Берулова, Л. П. Буева, Л. Н. Коган, И. И. Резвицкий, И. Н. Семенов, Э. Г. Юдин, К. А. Шварцман т.б еңбектерін атауға болады.

Әлеуметтік педагогиканың принциптері – бұл, тұлғаның қалыптасу және даму процесінің базалық принциптерін түсіну ғана емес, сондай-ақ оларды практикалық тұрғыда жүзеге асыру. Ондай принциптер қатарына – гуманитарлық, дамудың әлеуметтілігі, жүйелілік, поляризация және тәжірибе жатады.

1. Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі принципi. «Гумандылық», «гуманизм» ұғымдары латынның «адамдық» деген сөзінен аударылғанда «адамға деген құрмет» деген мағынаны білдіреді. Гуманизм қағидасы мынадай ережелерді сақтауды қажет етедi:


  • қоғамдағы барлық балалардың дене, материалдық және әлеуметтік жағдайына карамай оларға деген дұрыс қарым-қатынас пен құрмет болуға тиіс;

  • әрбір баланың бойындағы «мен» ұғымының қалыптасуы мен дамуына көмектесу, айналадағы адамдарға құрметпен қарау;

  • мейірімділік пен қайырымдылықты гуманизмнің алғашқы басқышы ретінде түсіну.

Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі, бағыттылығы принципi - адамның өмiрiн, оның дене, психикалық және адамгершiлiктiк саулығын, сондай-ақ рухани байлықтарын адамның жоғары құндылықтары ретiнде мойындау. Әлеуметтендiру процесiндегi педагогикалық

ықпалдың негiзгi мақсатының өзi оны тек танып қана қоймай, сол құндылықтарға қол жеткiзу болып табылады.

Тәрбиені ізгілендіру идеясы Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде бастау алып, ол барлық елдер педагогтары тарапынан насихатталып келеді.

Әлеуметтік педагогиканың ізгіліктілік принципі ізденушілік және практикалық іс-әрекетте төмендегідей үш идеямен байланысты болады:

- адамды жоғары әлеуметтік құндылық ретінде тану;

- адамды қоғамдық дамудың мақсаты ретінде мойындау;

-адамды қоғамдық өмірдің жалпы барлық салаларын кез келген әлеуметтік-педагогикалық жобалар мен технологияларды бағалаудың жоғарғы критериі ретінде тән алу.

Әлеуметтік педагогика үшін әлеуметтілік принципі - адамның интегралдық әлеуметтік болмысына, тұлғаның көп аспектілі қалыптасу және даму процесінің әлеуметтік

детерминациясы мен қызмет ету жағдайындағы тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты үш аспектіде принципиалдық маңызға ие.

Жүйелілік принципінің мазмұны төмендегі қағидалар арқылы айқындалады:


  • тұлғаның қалыптасу және даму процесін зерттеу және қамтамасыз етуде пәнаралық қатынасқа бағдарлану;

  • тұлғаның өмір сүру деңгейі мен әлеуметтендірудің барлық құрылымдық компоненттерінің субординациясы мен координациясының логикасын мазмұндық тұрғыдан қарастыру;

  • жүйелілік қатынас негізінде әлеуметтік-педагогикалық технологияларды жасау.

Поляризациялау принципі әлеуметтендіру процесінің өзін диалектикалық бірлікте қарастыруды, қарама-қайшылықтар бірлігі ретіндегі тұлға болмысының табиғатын, оның өмір сүруінің жекелік деңгейін түсіндіруді мақсат етеді.

Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау тұжырымдамасы. Жалпы тұжырымдамалар ғылыми білімді дамыту формалары ретінде бірнеше ерекшеліктерге ие. Ең алдымен белгілі бір ғалымның дүниетанымдық жеке ұстанымын білдіреді. Сондай-ақ, ол теорияны құрастырудың алғашқы сатысы саналады. Осындай дүниетанымдық ұстанымдар мен әдіснамалық нұсқаулар негізінде кейбір пән аясындағы бастапқы теориялық категориялар бірігуі нәтижесінде әдіснамалық тұжырымдар пайда болады. Мұндай бірігу негізінен олардың арасындағы қажетті байланыстарды айқындау негізінде жүзеге асырылады. Мұндай процедураны толық деңгейде жүзеге асыру түбінде концепцияның теорияға айналуына септігін тигізеді.

Әлеуметтік педагогика ғылымындағы әлеуметтендіру принциптері тәрбие принциптерімен тығыз байланыста қарастырылады. Осы тұста педагогикалық тәрбие принциптері мен М. А. Галагузованың әлеуметтік педагогикалық принциптер тұрғысындағы көзқарастары жақын келеді.

Солардың біразын қарастырып көрейік:

Әлеуметтендірудегі тәрбиенің халықтығы принципі. Қазақ халқы бала тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берiп, балаларды оның тек ата-анасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелегендiгi белгiлi. Сондықтан ата дәстүрінің бірі – дүниеге келген балаға бүкіл ауыл, тума-туысқандар болып көңіл бөлу болып табылады. Азан шақырып атын қойғаннан ер жетіп отау тіккенге дейінгі бала өмірінің әрбір белесі мен асқан асуы туыстар тарапынан атаусыз, ескерусіз қалған емес. Бала өміріне байланысты отбасында болатын қуаныштардың барлығын қадірменді ақсақалдар мен игі жақсылар балаға деген жақсы тілегін айтып, ақ батасын беріп, үй иелерінің қуанышын бөліскен. Міне, сондықтан да бала тәрбиесі бұрынғы қазақ ауылында бір үй адамдарының тілек-талабы мен мүдделерінің деңгейінен асып түсіп, қоғамдық, әлеуметтік сипатқа ие болған.

Әлеуметтендiрудiң мәдениетке байланыстылығы принципі. Тәрбиенің мәдениетке байланыстылығы қағидасын алғаш немiс педагогы А. Дистерверг ендірді. Ол бала

тәрбиесінде оның өмір сүрген жері мен уақытын, мәдениет және болашақта өмір сүруге тиісті болатын жері ескерілуі керек деді.



Әлеуметтендiрудегi жеке-даралылық принципi. Мұнда әрбiр индивид дене жағынан және интеллектуалдық мүмкiндiгi бойынша қайталанбайтын тұлға ретiнде қарастырылады. Сондықтан, оларды тәрбиелеу немесе өмiрлiк әрекеттерге бейiмдеу қызметiнiң мазмұндық және уақыттық аспектiлерi әртүрлi болып келедi, соған сәйкес соңғы алынатын нәтижесi де бiр-бiрiнен ерекшеленедi.

Ол адамның гендік ерекшелігіне, тұлғаның өмірлік мақсаттары мен ұстанған позицияларына да байланысты болады.

1.Әлеуметтік тәрбие тұлғаны қоғам талабына сай етіп қалыптастыруды көздегендіктен, ол тәрбие үрдісімен сабақтасып жүзеге асырылады. Сондықтан әлеуметтендіру үрдісі де нақты заңдылықтарға бағынып, принциптерге сүйенеді.

2.Әлеуметтік педагогика ғылымының негізгі принциптері адам тәрбиесін жүзеге асыруда басшылыққа алынатын тәрбие принциптерімен тығыз байланыста болады.

3.Әлеуметтендіру принциптері әлеуметтік педагог қызметін тиімді ұйымдастырудың шарттарын қамтамасыз етеді.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Әлеуметтендірудің статусы дегенде нені түсінесіз?

Баланың әлеуметтендіру процесiне педагогикалық ықпал ететiн негiзгi принциптердi атаңыз және оларға сипаттама берiңiз.

2.Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау тұжырымдамасының негізіне қандай идеялар алынғандығын дәлелдеңіз.

3.Әлеуметтендiру принциптерін жекелеген ғалымдардың көзқарастары бойынша топтап, ерекшеліктеріне байланысты сипаттаңыз.

4.Әлеуметтендiру принциптерінің қазақ тәрбиесіндегі негізін салыстырмалы түрде дәлелдеп көрсетіңіз.



Пайдаланған әдебиеттер

1.Андреева Г. М. Социальная психология. учебник для высших учебных заведений. - Москва 2001

2.Мудрик А. В. Социальная педагогика. учебник для педагогичеких вузов /под. ред. В. А. Сластенина. - М., 2000.

3.Социальная педагогика: курс лекций: учеб. пособие для студ высш.учеб заведений / под ред М. А. Галагузовой. М.: Гуманит изд центр АЛАДОС, 2001. -414 с.

4.Рожков М. И. Концепция социального закаливания детей // Современные концепции воспитания: Материалы конференций. – Яраславль. 2000.

5.Субъект действия, взаимодействия, познания. Психологические, философские, социокультурные аспекты. - Москва, Воронеж, 2001

5.Мищик Л. И. Социальная педагогика \Социальная работа http:// soc pedagogika.narod.ru. ghja

6.Құнанбаев А. Қара сөз, поэмалар. /құрастырған К. Серiкбаева. - Алматы, Ел, 1992. - 272 б.

7. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Ана тiлi, 1992. - 160 б.


Дәріс 5.Әлеуметтік педагогтің кәсіби қызмет жүйесі

Дәріс жоспары:

1. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет және оның жүйесі туралы түсінік

2. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі функциялары

3. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің құрылымы

4. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің міндеттері
«Әлеуметтік педагог» мамандығының аталуының өзі «педагог» сөзінен туындайды. Сондықтан әлеуметтік педагог мамандарын педагогикалық оқу орындарында дайындап шығарады. Бұл екі мамандықты да теңестіріп отыратын нәрсе - олардың екеуінің негізгі назарының объектісі бала және оның дамуы мен әлеуметтік қалыптасуы болуында. Соған қарамай, бұл мамандықтар бір-бірінен ерекшеленеді де. Оқытушы өзінің негізгі білім

берушілік қызметін орындаса, ал әлеуметтік педагог оқушының қоғамға бейімделуін басты назарда ұстайды.

Әлеуметтік педагогтің қызметінің объектісі - әлеуметтендіруге мұқтаж болып табылатын балалар мен жастар болады. Бұған бойында әртүрлі интеллектуалдық, педагогикалық, психологиялық ауытқулары бар балалар (көзі көрмейтін, естімейтін, ақыл-есі

кемтар және т.б. балалар) да жатады. Әлеуметтік педагогтің қызметінің мақсаты - баланың дұрыс өсіп жетілуі мен дамуына психологиялық мүмкіндіктерді жасау.

Маманданудың негізіне әлеуметтік педагог қызметінің бағыттарына икемділік танытқан тип тұлғалары алынады. Осыған байланысты мынадай мамандарды ажыратып көрсетуге болады:

-девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар;

-мүгедектермен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар;

-жетім балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар;

-қашқын балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар және т.б.

Әлеуметтік педагогтің бүгінгі таңда қызмет ету салалары өте ауқымды. Олар: білім беру мекемелері, жастар ісі жөніндегі комитет мекемелері, денсаулық сақтау мекемелері (балалар ауруханалары, психикалық ауру балалардың арнайы ауруханалары, наркоман балалар санаторийлері және т.б.), халықты әлеуметтік қорғау мекемелері, ішкі істер бөлімі жүйесіне қарайтын мекемелер (балаларға арналған интернаттар мен тәртіп бұзушы балалар колониясы және т.б.).

Жоғарыдағы талаптарды ескере отырып, әлеуметтік педагогтың мынадай негізгі қызметтерін(функцияларын) бөліп көрсетуге болады:

1. Тәрбие берушілік;

2. Диагностикалық қызмет;

3. Ұйымдастырушылық;

4. Алдын ала болжау қызметі;

5. Әлеуметтік-терапевтік;

6. Делдалдық қызмет;

7. Реттеушілік қызмет;

8. Қорғаушылық қызмет;

9. Алдын алушылық қызмет.

Бұл қызметтер белгілі бір құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Құралдарға барлық іс-әрекеттер, пәндер, құрал-саймандар, әдіс-тәсілдер, формалар мен технологиялар жатады.

Әлеуметтік педагог мамандық ерекшелігі бойынша байқағыштық, жағдаяттардан тез шығуға қабілетті болу, интуиция және т.б. қасиеттерге ие болуы керек. Ал жеке адам ретіндегі қасиеттері:

1. Ізгіліктілік қасиеті (мейірімділігі, жоғары сезімталдығы, адалдығы, әділдігі және т.б.);

2. Психологиялық мінезділігі (психикалық процестерге жоғары деңгейде талдау жасай білуі, тұрақты психологиялық көңіл-күйде болуы, ерік күші мен көңіл күйін басқара бiлуi және т.б.);

1.Психоаналитикалық қасиеті (өзін-өзі бақылай білуі, өзіне-өзі сын көзбен қарай білуі, өзіне-өзі дұрыс баға бере білуге қабілетті болуы);

2.Психологиялық-педагогикалық қасиеті (тез тіл тапқыштық, көпшіл болу, салмақтылық және т.б.).



Әлеуметтік педагогтың өз қызметін атқару барысында білуі тиіс бірқатар міндеттері айқындалған. Олар:

  • отбасы тәрбиесінің бүгінгі күнгі мәселелері мен қиындықтарын, отбасы өмірінің психологиясы мен этикасын, бүгінгі отбасы дамуының тенденцияларын білуі тиіс;

  • балалардың, жасөспірімдер мен жастар тұлғасының даму заңдылықтарын, олардың сұраныстары мен қызығушылықтарын, мотивтері мен оларды қанағаттандыру деңгейлерін білуі тиіс;

  • балаларды қорғаудың әлеуметтік-құқықтық және мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізін, мүгедек балаларды қорғау, кәмелетке толмағандар құқығын қорғау, балалық пен аналық құқықтарды реттейтін құқықтық актілерді білуі тиіс;

  • отбасыларына көмек көрсету мәселелері бойынша қоғамдық мекемелер мен мемлекеттік институттар жүйесінің функцияларын білуі тиіс;

  • әлеуметтік ортада, мектепте, отбасында, тұрғылықты мекенжайда, бірлестіктерде, топтарда және т.б. жерлердегі жұмыстың ерекшелігін білуі тиіс;

  • жұмыс ұйымдастырылатын ортаның экологиялық, демографиялық, әлеуметтік-педагогикалық ерекшелігін білуі тиіс;

  • тұлғаны және ол өмір сүретін микроортаны диагностикалаудың әдісі мен әдістемесін білуі тиіс;

  • отбасыларымен, әртүрлі топтар мен әртүрлі категориядағы адамдармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің әдісі мен әдістемесін білуі тиіс;

  • отбасындағы бос уақытты ұйымдастырудың, қарым-қатынастың, отбасындағы балалардың, жасөспірімдер мен ересектердің бос уақыттарын ұйымдастырудың принциптерін білуі тиіс;

  • еңбек заңдарының негіздерін білуі тиіс.

Сонымен қатар, әлеуметтік-педагогикалық қызметте маманның меңгеруі тиіс және бойынан табылуы тиіс қабілеттіліктеріне де бірқатар талаптар қойылады. Олар төмендегідей:

  • балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығын анықтау және олардың ақыл-ойының, дене және таланты жағынан дамуына жағдай туғыза білуі тиіс;

  • әртүрлі әлеуметтік мәдени жағдайда білім беру процесін ұйымдастыру;

  • отбасылық-тұрмыстық жағдайда тәрбиеге оң ықпал жасау, отбасыларына кәсіби көмек беру;

  • әлеуметтік қауіпті отбасыларымен, ондағы педагогикалық қараусыз қалған жасөспірімдермен байланыс орната отырып, өзара түсіністік табу, оларға көмек пен қолдау көрсету;

  • балалардағы девиантты мінез-құлықтың пайда болуын диагностикалау және байқалған девиантты мінез-құлықты коррекциялау және үйрету;

  • клиенттерді түсіністікпен тыңдай білу және өткір тақырыптардағы талқылауларды позитивті эмоционалды көңіл-күймен түсіндіру;

  • табысты кәсіби қызметке мүмкіндік туғызатын қарым-қатынасты қалыптастыру және дамыту;

  • балалар мен жастардың өз проблемалары бойынша мәселелерін өз күштерімен шешуге күш салуына белсенділіктерін қалыптастыру;

  • отбасының беріктігін сақтауда және оларға бала тәрбиесінде нақтылы педагогикалық көмек көрсетуде әлеуметтік институттардың мүмкіндіктерін пайдалану;

  • әлеуметтік институттар арасында байланыстар орнату;

  • кәсіби қызметте әлеуметтік зерттеулер әдістерін пайдалану.

Тұжырым:

1.Әлеуметтік педагогикалық қызметке деген көзқарас бүгiнгi қоғамда екiжақты деп қарастыруға болады. Бiрiншiден, көпшiлiк нарық талаптарына сай бiлiм мен қабiлеттiң көзi тәрбиеші еңбегiне байланысты екендiгiн түсiнiп, оған жоғары баға берсе, екiншiден мамандық таңдау мен әлеуметтiк мәнi бойынша әлеуметтік педагогикалық мамандықтың мәртебесi анағұрлым төмендедi.

2.Бүгiнгi қоғамда сапалы бiлiм алу бiлiм берушi тұлғаның жеке басының сапасына да байланысты екендiгiн көрсеттi. Өйткенi бiлiмдi меңгеруде оқытушымен қарым-қатынасқа түсу, жеке басының өнегесi, аудиторияға әсерi және т.б. көптеген факторлар маңызды.

3.Бүгiнгi әлеуметтік педагог маманы өз қызметiнiң мазмұнын қоғам талаптарына сай жаңа технологиялармен толықтырумен қатар жеке басының дамуында да әлеуметтендiрушiлiктi жүзеге асыруы тиiс. Өйткенi бүгiнгi қоғам талаптары әлеуметтік педагогтар алдына адамды қоғамға ендіруде немесе тұлғаны қоғам талабына сай қалыптастыруда үлкен жауапкершiлiктердi жүктейдi.

жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау