4 курс емдеу ісі фельдшер 400 тест


~ Леопольдтың 4 тәсілін көрсетіңіз: 4



жүктеу 287,13 Kb.
бет2/2
Дата26.01.2022
өлшемі287,13 Kb.
#35205
1   2
4-курс-Фельд

~ Леопольдтың 4 тәсілін көрсетіңіз:


4

2

1

3

| 4+


| 1

| 2


| 3

| 5


~ Суретте дәрігер... тексеруді жүргізіп жатыр.

| леопольдтың 4 тәсілін+

| леопольдтың 3 тәсілін

| басты қарауды

| вастен белгісін анықтауда

| леопольдтың 1 тәсілін



~ Суретте дәрігер ... тексеріп жатыр.

| диагональды конъюгатаны+

| қасаға биіктігін

| кіші жамбас шығаберісінің тік өлшемін

| кіші жамбасқа кіреберістің тік өлшемін

| бастың орналасуын



~ Сыртқы акушерлік тексеруден кейін суреттегі жағдай анықталды:

| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,таза бөкселік.I позиция, артқы түр+

| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,таза бөкселік.I позиция, алдыңғы түр

| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,таза бөкселік.IІ позиция, артқы түр

| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,таза бөкселік.IІ позиция, алдыңғы түр

| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,таза бөкселік.I позиция



~ Сыртқы акушерлік тексеруден кейін суреттегі жағдай анықталды:

| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,аралас.IІ позиция, артқы түр+

| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,аралас.I позиция, алдыңғы түр

| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,аралас.I позиция, артқы түр

| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,аралас.IІ позиция, алдыңғы түр

| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату, бөкселік.IІ позиция,артқы түр



~ Сыртқы акушерлік тексеруден кейін суреттегі жағдай анықталды:

| Нәрестенің тік жатуы.Толық аяқпен келу.I позиция, алдыңғы түр+

| Нәрестенің тік жатуы.Толық аяқпен келу.IІ позиция, артқы түр

| Нәрестенің тік жатуы.Толық аяқпен келу.I позиция, артқы түр

| Нәрестенің тік жатуы.Толық аяқпен келу.IІ позиция, алдыңғы түр

| Нәрестенің тік жатуы.Толық аяқпен келу.I позиция,артқы түр



~ Сыртқы акушерлік тексеруден кейін суреттегі жағдай анықталды:

| Нәрестенің тік жатуы.Жартылай аяқпен келу.IІ позиция, артқы түр+

| Нәрестенің тік жатуы.Жартылай аяқпен келу.I позиция, алдыңғы түр

| Нәрестенің тік жатуы.Жартылай аяқпен келу.I позиция, артқы түр

| Нәрестенің тік жатуы.Жартылай аяқпен келу.IІ позиция, алдыңғы түр

| Нәрестенің тік жатуы.Аяқпен келу.I позиция,артқы түр



~ Қайта босанушы әйел 5 сағаттан бері босану кезеңінде.Толғағы әр 2-3 мин.40-50 сек. дейін,орташа күште.PV: жатыр мойны жайылған,ашылуы 7 см.,қағанақ қабығы бүтін.Бас кіші жамбасқа орныққан.Оқша жік оң жақ қиғаш өлшемде,кіші еңбек алдынан сол жақта.Мүйіс анықталмайды.Босану қарқыны:

| жақсы+


| тым күшті

| қанағаттанарлық

| жеткіліксіз

| босану әрекетінің әлсіздігі бар



~ Қайта босанушы әйел 5 сағаттан бері босану кезеңінде.Толғағы әр 2-3 мин.40-50 сек. дейін,орташа күште.PV: жатыр мойны жайылған,ашылуы 7 см.,қағанақ қабығы бүтін.Бас кіші жамбасқа орныққан.Оқша жік оң жақ қиғаш өлшемде,кіші еңбек алдынан сол жақта.Мүйіс анықталмайды.Босанатын әйел жатыр мойны ашылуының ... фазасында

| белсенді+

| латентті

| бәсеңдеу

| ерте латентті

| прелеминарлы



~ Алғаш босанатын 22 жастағы әйел 4 сағаттан бері босану кезеңінде.Мерзіміне жеткен жүктілік жамбас өлшемдері 25-28-31-21см.Келе жатқан бөлігі басы,кіші жамбас кіреберісіне орныққан.Нәрестенің жүрек соғысы 130 рет мин.айқын,ырғақты.Толғағы әр 4-5 минутта,40 секундтан,орташа күште.PV: жатыр мойны жайылған,ашылуы 3 см.Қағанақ қуығы бүтін.Келе жатқан бөлігі басы кіші жамбас кіреберісіне орныққан.Оқша жік сол жақ қиғаш өлшемде,кіші еңбек алдынан оң жақта. Босанудың І кезеңінің ... фазасы.

| латентті+

| белсенді

| бәсеңдеу

| ерте латентті

| прелеминарлы



~ Босанудың екінші кезеңінің басталуындағы қынаптық зерттеуде дәрігер қасаға байламының төменгі жиегі,сегізкөздің 3 омыртқасы және мықын сүйектерінің осьтері бос екендігін анықтады.Бас ... орналасқан.

| үлкен сегментпен кіші жамбасқа кіреберісте+

| кіші жамбас кіреберісіне орныққан

| кіші сегментпен кіші жамбасқа кіреберісте

| кіші жамбас қуысында

| жамбас түбінде



~ Қынаптық зерттеуде анықталынды:жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ. Бас бүкіл сегізкөз ойпаңымен қасаға байламын алып жатыр,отырғыш бұдырларымен құйымшақ ұшы пальпацияланады.Оқша жік оң жақ қиғаш өлшемде,кіші еңбек алдынан сол жақта. Бас ... орналасқан.

| кіші жамбастың тар бөлігінде+

| үлкен сегментпен кіші жамбасқа кіреберісте

| кіші жамбастың кең бөлігінде

| жамбас түбінд

| кіші жамбастың шыға беріс жазықтығында



~ Босанған әйелде босанғаннан кейін 10 мин. кейін бала жолдасының бөліну белгілері бар. Қан шығыны 150мл. және жалғасуда. Сіздің амалыңыз қандай?

| бала жолдасын сырттан шығару әдістерін жасау+

| наркоз беру, бала жолдасын қолмен бөлуді жасау

| т/а 1 мл окситоцин ерітіндісін енгізу

| 500мл физиол.ерітіндіде окситоцина 5 бірлік күре тамырға тамшылатып енгізуді бастау

| іштің төменгі жағына мұз қойып,күшененуді сұрану



~ Бөлініп шыққан бала жолдасын қарағанда оның бүтіндігі күмәнді және қан шығыны 200мл. Сіздің амалыңыз қандай?

| жансыздандырумен бірге жатыр қуысын қолмен тексеріп шығу+

| ешқандай шара қажет етілмейді

| үлкен кюреткамен жатыр қуысын қыруды жасау

| іштің төменгі жағына мұз қойып,жатырды жиыратын заттарды салу

| антибиотиктер,жатырды жиыратын заттарды тағайындау

~ Перзентханаға босанушы әйел босанудың екінші кезеңінде келіп түсті. Сыртқы акушерлік тексеру нәтижесінде ұрықтың шүйдесімен жатуының алдыңғы түрі анықталған.

Босану биомеханизімінің бірінші қосымша кезеңі қандай?

| кіреберіс жазықтыққа бастың орнығуы+

| ұрық басының ішкі бұрылысы

| ұрық басының әлсіз иілуі

| жамбас қуысына бастың түсүі

| ұрық басының жаруы мен жарып шығуы

~ 29 жастағы науқас стационарға 3 сағат бұрын пайда болған ішінің төменгі жағындағы ауырсынуға және жыныс жолдарынан жағылып келетін қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Анамнезінен: алдыңғы екі жүктілік жатыр қуысын қайталап қырумен жүрген өзіндік түсікпен аяқталған, соңғы етеккірі екі ай бұрын болған.

Айнамен қарағанда: жатыр мойны көгерген, аздап қанды бөлінділер көрінеді. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны сақаталған, сыртқы ернеу саусақ ұшын жібереді, жатыр 7 апталық жүкітілікке сәйкес ұлғайған, қосалқылары анықталмайды, күмбездері терең.

Сіздің диагнозыңыз қандай?

| Жүктілік 7 апта. Жүктіліктің үзілу қаупі+

| Жүктілік 7 апта. Көпіршік тығыны.

| Жүктілік 7 апта. Жолдағы түсік

| Жүктілік 7 апта. Толық емес түсік

| Жүктілік 7 апта. Септикалық түсік

~ 29 жастағы әйелде жүктіліктің 34-35 аптасы, аяқтарында және беттеріндегі ісінумен перзентханаға келіп түсті. АҚ 170/110 мм сын бағ көтерілуіне байланысты желке аймағындағы ауырсыну және мұрнымен тыныс алудың қиындауы болды, диурез төмендеген. Эхографиялық зерттегенде фетометриялық мәліметтердің екі аптаға кешігуі, қағанақ суының жеткіліксіздігі анықталды, допплерометрияда екі жақтағы жатыр артериясында қанмен қамтамасыз етілу резистенттілігі жоғарылаған және ұрық-жатыр қан айналымының жағдайы нашар. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны «жетілмеген».

Диагнозы қандай?

| Жүктілік 34-35 апта. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. Плацентарлы жетіспеушілік. Нәрестенің құрсақішілік дамуының жетіспеушілігі. Аз сулылық+

| Жүктілік34-35 апта. Жеңіл дәрежедегі преэклампсия. Плацентарлы жетіспеушілік. Нәрестенің құрсақішілік дамуының жетіспеушілігі. Аз сулылық.

| Жүктілік 34-35 апта. Гипертониялық ауру. Плацентарлы жетіспеушілік. Нәрестенің құрсақішілік дамуының жетіспеушілігі. Аз сулылық.

| Жүктілік 34-35 апта. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. Плацентарлы жетіспеушілік. Нәрестенің құрсақішілік дамуының жетіспеушілігі.

| Жүктілік 34-35 апта. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. Нәрестенің құрсақішілік дамуының жетіспеушілігі. Аз сулылық. Нәрестенің құрсақішілік инфекциясы.

~ 30 жастағы қайта жүкті әйел әйелдер кеңес орнында: ІІІ жүктілік 30-31 апта. Артериалды гипертензия. Асқынған акушерлік анамнез диагнозымен тіркеуде тұрады. Анамнезінен: алдыңғы екі жүктілігі артериалды қысымның көтерілуімен, ісікпен асқынған. Осы жүкті әйел қандай қауіп тобына кіреді?

| преэклампсия+

| мерзімінен асып босану

| анемияның ауыр дәрежесі

| бүйрек жетіспеушілігі

| босағаннан кейінгі септикалық аурулар

~ Босанғаннан кейінгі бөлімде 29 жастағы бірінші босанудан кейінгі әйелде босанғаннан кейінгі 3-тәулікте сүт бездерінің қатаюы, сүтті сығудың қиындауы байқалды. 5-тәулікте қалтырау, t =39ºC, бастың ауруы, жалпы әлсіздік, оң жақ сүт безінде қатты ауырсыну пайда болды. Анамнезінен: қағанақ суының мерзімінен ерте кетуіне байланысты босануды қоздыру жүргізілген. Объективті: оң жақ сүт безінің жоғарғы квадрантының ортасында флюктуациясы бар қатаюы анықталады, терісі қызарған, ұстағанда ыстық. Емізіктерде тілінулер байқалады.Қолтықасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынулы.

Осы патологияның дамуында ерекше орынды не алады?

| патологиялық лактостаз және емізіктердегі тілінулер+

| босану әрекетінің әлсіздігі

| қағанақ суының ерте кетуі

| босануды қоздыру

| сұйықтықты көп ішу

~ 24 жастағы босанған әйелде босанғаннан кейінгі 4-тәулікте дене қызуы t =40ºC, ішінің төмен жағында бірден ауырсыну, іштің кебуі, үлкен дәретке отыру ауырсынулы, іш пердесінің тітіркену симптомы оң нәтижелігі анықталды. Жатыр(түбі кіндіктен 1 елі төмен) ұлғайған, ауырсынулы, пішіні анықталмайды, қимылы шектелген. Артқы күмбез салбырап тұр. Болжамды диагнозы қандай?

| пельвиоперитонит+

| жіті оофорит

| эндометрит

| параметрит

| метрит

~ Босану бөлмесінде 36 жастағы әйелде, босанғаннан 1 сағаттан кейін жатырдың сыртқы уқалауында босану жолдарынан 350 мл ұйымалаларымен бірге қан шықты.

Қан кетудің себебі болып табылады:

| жатыр гипотониясы+

| плацентаның жатуы

| плацентаның бітісіп өсуі

| босану жолдарының жұмсақ тіндерінің жыртылуы

| плацентаның жартылай сіресе жабысуы

~ 25 жастағы босанған әйелде босанғаннан кейінгі 5-тәулікте жыныс жолдарынан бөлінділер қанды, іріңді, жағымсыз иісті, пальпацияда жатыр ауырсынулы, t =38ºC, тамыр соғысы 100 рет мин. Тері қабаттары қызарған, құрғақ. Болжамды диагнозы қандай?

| эндометрит+

| жіті оофорит

| жіті сальпингит

| параметрит

| метрит

~ 30 жастағы босанаған әйелде босанғаннан кейінгі 8 тәулікте, қалтырап жатыр, t =40ºC. Ішінің төменгі жағында ауырсыну, ішектері кепкен. Жатыры ұлғайған, оң жаққа қарай ығысқан, жұмсақ. Қынаптық тексерген кезде сол жақ қосалқылары аймағында жіті

ауырсынулы инфильтрат анықталады.

Болжамды диагнозы қандай?

| жіті сальпингоофорит+

| пельвиоперитонит

| эндометрит

| параметрит

| миометрит

~ Жас әйелде 5-апталық жүктілік кезінде ішінде қатты ауырсыну, бас айналуы, айқын әлсіздік және тері жабындысының бозғылттығы пайда болған. Шұғыл лапаротомия кезінде құрсағында жиналған қан анықталған. Оң жақ жатыр түтігі күрт ұлғайған, қанмен сіңбеленген, оның қабырғасыда жиектері тегіс емес ақау анықталады.Қан кету себебі?

| түтіктің жарылуы+

| жартылай түтіктік аборт

| толық түтіктік аборт

| пиосальпинкс

| көпіршіктік кірме

~ 26 жастағы жүкті әйел патология бөліміне басының ауыратынына, құлағының шуылдауына шағымданып түсті.Объективті тексеруде анықталды: аяғының тізе буына дейін ісінуі қан қысымының 175/115мм. сн.бғ. дейін жоғарылағаны.Жалпы зәр анализінде белоктың деңгейі 3,8 г/л. Белок алмасуын қалыпқа келтіру мақсатымен 5% ды альбумин ерітіндісі көк тамырдан енгізеді. Осы препаратты енгізудің негізгі мақсаты болып табылады:

| плазманың онкотикалық және коллоидты осмотикалық қысымын жоғарылатып айналмалы қан көлемін жоғарылату+

| электролиттік алмасуды реттеу

| қышқыл сілтілі жағдайды коррекциялау

| газдардың алмасуын жақсарту

| шеткі қан айналымды жақсарту

~ 25 жастағы босанушы әйел ай- күніне жетіп босану үйіне келіп түсті.Босанушы әйелде босану барысы өте қарқынды түрде көрініс беріп, кенеттен қалтырап, дене қызуы 41° градусқа дейін көтеріліп, тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері тез арада дамып, қан қысымы төмендеп кетті. Тез арада өкпе ісінуінің клиникалық симптомдары пайда болды.

Босану барысында қандай асқынулар дамыды?

| қағанақ суының эмболиясымен+

| жатырдан профузды қанның кетуімен

| эклампсияның ұстамасымен

| бүйрек үсті безінің жіті жетіспеушілігімен

| өкпе артериясының тромбоэмболиясымен

~ Қызбала 17 жаста, кенеттен іші қатты ауырып, қысқа мерзімге есін жоғалтуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Анамнезінде: етеккірі 12 жастан, тұрақты, 28 күн сайын, 3-4 күннен, ауырсыну сезімімен. Соңғы етеккірі – 2 апта бұрын. Жыныстық қатынаста болмаған. Қарағанда: боп-боз, АҚҚ 80/40 мм с.б.б., ЖЖЖ 110 соққы минутына, төменгі жақта іші қатыңқы, аздап ауырсынады, іш тітіркендіру симптомы аздап оң мәнді. Зәр шығаруы еркін, үлкен дәреті болған.

Болжамды диагнозы қандай?

| аналық без апоплексиясы+

| жіті аднексит

| аналық без кистасының бұратылуы

| жамбас көктамырларының тромбозы

| жіті аппендицит

~ Әйел 30 жаста, есін жоғалтуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Туыстарының айтуына қарағанда, жедел жәрдем келгенге дейін құрысу ұстамасы болған, гипотензивті дәрілер мен транквилизатор қабылдаған. Созылмалы гломерулонефрит және гипертониялық аурумен сырқаттанады. Қарағанда: ес-түссіз жағдайда, АҚҚ 180/100 мм с.б.б., пульсі 100 соққы минутына, тыныс алу жиілігі 1 минутта 30, аяқтары мен іш беткейінде айқын ісіктер байқалады. Жүктіліктің 32 аптасы. Болжамды диагнозы қандай?

| эклампсия+

| эпилепсия

| жіті бүйрек жетіспеушілігі

| жіті миокард инфаркті

| гипертониялық криз

~ Гинекологиялық тексеруде 30 жасар әйелде сол жақ қосалқыларының аймағында, жатырдың алдыңғы бетінде тығыз, тегіс беткейлі біркелкі емес, көлемі 12х10 см, қозғалмалы, ауырсынусыз түйін табылды. Сіздің диагнозыңыз қандай?

| Дермоидты киста+

| Сактосальпинкс

| Тубоовариалды түзіліс

| Цистаденома

| Фолликулярлы киста

~ 6 жасар қызда сыртқы жыныс мүшелерінің қышынуы, ауырсынуы, кіші дәреттен кейін ашып ауырсыну сезіміне шығымданады. Тексеруден кейін мына диагноз қойылды: Бейарнамалы вульвовагинит. Егер бұл ауруды емдемесе, қандай асқынуға алып келеді?

| қынап атрезиясына+

| келлоидты тыртыққа

| кандиломаға

| полипке

| синехияға

6 жасар қыздың шағымы: жыныс мүшелерінің қышынуы, ауырсынуы, кіші дәреттен кейін ашып ауырсыну сезімінің болуы. Обьективті:сыртқы жыныс мүшелері қызарған ісінген, қасылған іздер байқалады, қыздық пердесі бүтін, қынап кіреберісінде іріңді бөлінді анықталады. Ректальді тексеруде: патология анықталмады.

| бейарнамалы вульвовагинит+

| вульвит

| вагинит

| бактериальді вагиноз

| ішек құртты немесе паразитарлы инвазия

~ 7 жасар қыздың шағымы: қынаптан ретсіз қанды бөлінділер байқалды. Тексеруден кейінгі қойылған диагноз: Аналық бездің гормон бөлуші ісігі. Сіздің амалыңыз қандай?

| оперативті ем+

| гормоналды ем

| химиотерапия

| симптоматикалық ем

| сәулелік ем

~ 14 жастағы науқаста етеккірі 6-8 апта сайын, 8-10 күннен, көп мөлшерде, іртік-іртік болып, ауырсынусыз келеді. Әлсіздікке, басының айналуына шағымданады. Анамнезінен кішкентай жасынан бастап мұрыннан қан кетубайқалған. Гинекологиялық статусы: сыртқы жаныс мүшелері дұрыс дамыған, түктенуі әйел типті, қыздық перде бүтін. Тік ішектік-қынаптық тексергенде, жатыры қалыпты көлемді, ауырсынусыз, жатыр қосалқылары екі жақта да ұлғаймаған, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділер бөлінуде. Диагнозы: «Ювенильді жатырдан қан кету, рецидивті ағым» Бұл жағдайда емнің қандай түрі қолданылады?

| жатыр қуысын қыру+

| гормональды гемостаз

| лапаротомия, жатырдың ампутациясы

| жатыр мойнының электростимуляциясы

| лапаротомия, екі жақты овариоэктомия

~ 16 жасар қыз диета сақтап 1 ай ішінде 15 кг. азған соң , етеккірінің келмеуіне шағымданып келді. Менархе 14 жастан, қалыпты, әр 25 күнде 4 күннен, қалыпты көлемде. Бойы 168 см. дене массасы-47 кг. Екіншілік жыныс белгілері қанағаттанарлық. Сүт бездері жақсы дамыған, бөлінділер жоқ. Сыртқы жыныс мүшелері әйел типтес. Қыздық перде бүтін. Ректальді зерттеуде: жатыр қалыптыдан кішірейген, дұрыс қалыпты, қозғалмалы, қосалқылары анықталмайды. Диагноз: Гипоталамо-гипофизарлы аменорея. Қандай ем қолданасыз?

| физиоемдеу+

| үзбей гормон қабылдау

| циклдік витаминдік ем

| салмағын қалыпқа келтіру

| циклдік гормоналды ем

~ 20 жастағы әйел әйелдер кеңес орнына өзін жүкті деп санап тізімге тұруға келді (етеккірдің кешігуі 10 күн). Қараған кезде: жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, ауырсынусыз, АҚ 120/80 мм сын бағ.

Гинекологиялық тексерген кезде: айнамен қарағанда-жатыр мойны таза, бөлінділер ақ. Жатыры ұлғаймаған, оң жақтан жатыр түтігі ұлғайған, қынап кілегейі көгерген. Кіші жамбас мүшелерін УДЗ дамып жатқан түтіктік жүктілікке ұқсас өзгеріс анықталған.

ӘКО дәрігерінің амалы:

| науқасты жедел түрде ауруханаға жатқызу+

| ӘКО қайта келуді белгілеу

| кульдоцентез жасау

| қанда ХГ титрін анықтауға әйелді жіберу

| тізімге алу+бақылау

~ 22 жастағы босанған әйел, босанғаннан кейінгі 4 тәулікте нәрестесімен бірге қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылып жатыр, нәрестені тек емшек сүтімен қоректендіреді. Оған шыққаннан кейін контрацепцияның қандай түрін ұсынуға болады?

| лактационды аменорея әдісін+

| ырғақты әдісті

| тосқауылды әдісті

| жатырішілік контрацепцияны

| қосарланған оральді контрацепцияны

~ 23 жастағы бірінші босанушы, 30 минут бұрын үйінде болған бір реттік эклампсия талмасынан кейін жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді. Жүктілік 37-38 апта, жағдайы ауыр, есі кіресілі-шығасылы. Тері қабаттары бозғылт, аяқтарында ісік, АҚ 150/100 мм сын. бағ., тамыр соғысы 98 рет мин. Қандай белгілерге байланысты диагноз қойылды?

| құрысу және кома+

| гипертермия

| анурия және ісіктер

| ісіктер және қыжылдаудың болуы

| диарея және құсу

~ 24 жастағы жүкті әйел перзентханаға операциядан кейінгі тыртықтың ауырсынуына шағымданып түсті. Анамнезінен бірінші жүктілігі преэклампсия, плацентаның ажырауы бойынша жасалынған кесар тілігімен аяқталған. Қазіргі жүктілігі екінші, мерзімі 32-33 апта. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 120/70 мм.сб.бағ.., пульсі 80 рет минутына, температурасы 36,7. Ұрықтың орналасуы ұзына бойлық, басы кіші жамбас қуысының кіре берісінде, жүрек соғуы 136 соққы минутына, анық, ырғақты. Операциядан кейінгі тыртық аймағында аймақтық ауырсыну, «шұңқыр» сиптомы анықталды. Жүргізу амалы қандай?

| жіті кесар тілігі+

| босануды қоздыру

| жоспарлы кесар тілігі

| босану жолдары арқылы

| босануды стимуляциялау

~ 24 жастағы қайта босанушы әйел әйелдер кеңес орнына 10-11апталық жүктілікпен тіркеуге тұрды. Анамнезінен: бірінші жүктілігі ешқандай асқынусыз мерзімінде босанумен аяқталған, соматикалық анамнезінде өзгерістер жоқ. Тексеру барысында өзгерістер анықталған жоқ. Жүктіліктің қалыпты ағымында әйелдер кеңес орнына қанша рет келуі қажет:

| жүктілік бойына 4 рет+

| айына 1 рет

| жүктілік бойына 14-16 рет

| 2 аптада 1 рет

| айына 2 рет

~ 25 жастағы алғаш босанушы әйелде босанудың 10 сағат бойы болғанымен перзентханаға түсті. Сулар кетпеген. Босанушы әйел аяқ астынан бозғылт түсті болып, ішінде қатты ауырсыну сезімінің пайда болғанына шағымдалды. Жатыр тұрақты тонуста. Ұрық жүрек соғысы минутына 100-110 рет, түйық, анық емес. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының ашылуы 6 см, қағанақ қуығы бүтін, ұрық басы кіші жамбастың тар бөлігінде орналасқан.Босануды жүргізу амалын таңдаңыз?

| Лапаротомия. Кесар тілігі операциясын жасау+

| Амниотомия. Қуыстық акушерлік қысқыштарды салу

| Консервативті. Босануды табиғи жолымен аяқтау

| Амниотомия. Ұрықтың жіті гипоксиясын емдеу

| Эпизиотомия. Ұрықтың жіті гипоксиясын емдеу

~ 26 жастағы қайта босанатын әйел босанудың екінші кезеңінде перзентханаға келіп түсті. Ұрық таза құйрығымен орналасқан. Алдыңғы құйрығы туылғанынан кейін босану қызметінің екіншілік әлсіздігі және ұрықтың құрсақішілік жіті гипоксия белгілері дамыды. Акушердің амалын анықтаңыз?

| ұрықты жамбасынан тартып шығару+

| классикалық қол әдісін қолдану

| акушерлік қысқыштар салумен босандыру

| ұрықтың вакуум экстракциясын қолдану

| лапаротомия, кесар тілігі операциясын пайдалану

~ 26 жастағы қайта босанушы әйел, әйелдер кеңес орнына 9 апталық жүктілікпен тіркеуге тұрды. Анамнезінен: артериалды гипертензия диагнозымен участкелік терапевте тіркеуде тұратыны анықталды. Алдыңғы жүктілігі ауыр дәрежедегі преэклампсиямен асқынған, соған байланысты жүктілік 32 аптасында медициналық көрсеткіш бойынша үзілген. Тіркеуге алған уақытта әйелде ешқандай шағымдар жоқ. АҚ=120/80 мм сын. бағ. Осындай патологиясы бар жүкті әйелді қандай мерзімде бірінші рет стационарға жатқызу қажет ?

| 12 аптаға дейін+

| 24 аптаға дейін

| 36 аптаға дейін

| 28 аптаға дейін

| 38 аптаға дейін

~ 27 жастағы жүкті әйел әйелдер кеңес орнына жыныс жолдарына крем тәрізді «балықтың» иісі бар көп мөлшердегі бөлінділерге, қынап аймағындағы қышыну, ашуға шағымданып келді. Сіздің диагнозыңыз қандай?

| бактериалды вагиноз+

| трихоманадты кольпит

| гонореялы кольпит

| кандидозды кольпит

| хламидиялы кольпит

~ 28 жастағы, ауыр преэклампсиямен, 33-34 апталық жүктілік мерзіміндегі жүкті әйел магнезиалды терапия қабылдаумен жүктілікті үзуге дайындалуда. Жағдайы тұрақты емес. АҚ 180/110мм. сб.бағ., беттің майда бұлшық еттерінің құрысып тырысулары бар. Магнезальды терапияны қанша уақытқа жалғастыру қажет?

| босанудан кейін 24-48 сағат+

| босанудан кейін 10-12 сағат

| босанудан кейін 13-24 сағат

| босанудан кейін 2 сағат

| босанудан кейін 7 тәулік

~ 30 застағы науқас әйелдер кеңес орнына 3 күннен бері қынап аймағындағы қышыну, ашуға, басының ауырсынуына, t =38ºC шағымданып келді. Қараған кезде: қынаптан көлемі 2-3 см домалақ пішінді қызарған везикулалар анықталады. Сіздің диагнозыңыз қандай?

| генитальді герпес+

| сүйір бұрышты кандиломалар

| генитальді туберкулез

| сифилис

| фурункулез

~ Қайта жүкті әйел, 29 жаста, ауыл тұрғыны, жатырында екі тыртығы бар, жүктіліктің 36 аптасында стационарға жіберілді. Анамнезінен: бірінші жүктілігі ауыр дәрежелі преэклампсиямен асқынып, босану 36 апталық мерзімде операциямен аяқталған, екінші жүктілігі 37 апталық мерзімде жатырдағы тыртықтың ажырауына байланысты кесар тілігі операциясымен аяқталған. Әйел қандай жерде босануы тиіс?

| облыстық перинаталдық орталықта+

| ауылдық ауруханада

| қалалық перинаталдық орталықта

| қалалық перзентханада

| ұлттық ана және бала денсаулығын қорғау Орталығында

~ Босанғаннан кейінгі бөлімде 29 жастағы тұңғыш босанушы әйелде босанғаннан кейінгі 3-ші тәулікте сүт бездерінің қатаюы, сүт сығудың қиындауы болған. 5-ші тәулікте қалтырау, t =39ºC, бастың ауырсынуы, оң жақ сүт бездерінде ауырсыну белгілері пайда болды. Оң жақ сүт безінің сыртқы аймағында жұмсақ ошақтары бар ауырсынулы қатаю пальпацияланады, осы жерде тері қызарған, ыстық. Емізіктерде тілмелер анықталады. Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынулы. Лактацияны басуға қандай дәрі нәтижелі болып табылады?

| парлодел+

| бромкамфора

| гипотиазид

| фуросемид

| токоферол

30 жастағы қайта жүкті әйел әйелдер кеңес орнында: ІІІ жүктілік 30-31 апта. Артериалды гипертензия. Асқынған акушерлік анамнез диагнозымен тіркеуде тұрады. Анамнезінен: алдыңғы екі жүктілігі артериалды қысымның көтерілуімен, ісікпен асқынған. Осы жүкті әйел қандай қауіп тобына кіреді?

| преэклампсия+

| мерзімінен асып босану

| анемияның ауыр дәрежесі

| бүйрек жетіспеушілігі

| босанғаннан кейінгі септикалық аурулар

~ Әйелдер кеңес орнына 30 жастағы әйел профилактикалық тексерілуге келген. Шағымдары жоқ. Соматикалық сау. Айналармен тексергенде қынаптың шырышы қызғылт, жатыр мойнында айқын шекаралары бар ақшыл аймақтар анықталады. Бөлінділер шырышты. Кеңейтілген кольпоскопияда көлемі 0,5*0,5 см, алдыңғы және артқы ернеулерде орналасқан 3 ақшыл аймақтар анықталды, Люголь ерітіндісімен өңдегенде, йодқа теріс реакция берді. Бұл жағдайда жатыр мойнының қандай патологиясы болуы ықтимал?

| лейкоплакия+

| эрозия

| жатыр мойнының обыры

| эритроплакия

| дисплазия

~ Босану бөлімінде 32 жастағы босанатын әйел жатыр. Анамнезінен: төртінші жүктілігі және төртінші босануы. Босану ешқандай ауытқуларсыз өтті, жетілген 4500 г салмақтағы қыз бала туылды. Босанудың үшінші кезеңі белсенді түрде жүргізілді, 10 минуттан соң бала жолдасы бөлініп, туылды. Жалпы қан шығыны 250 мл. 20 минуттан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер бөліне бастады. Обьективті жатыры жұмсақ, сыртқы массаж жасағанда 350 мл сұйық қан және ұйымалар шықты. Осы жағдайда қандай әрекеттер дұрыс болып табылады?

| жатырды тексеру және жұдырықпен уқалау+

| күту амалы

| жатыр аймағына мұз қою

| жатырдың сыртқы массажы

| лапаротомия, гистерэктомия

~ Босанғаннан кейінгі 3-ші тәулікте нәрестенің тері қабаттары сарғыш түсті, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған, жалпы билирубин деңгейі 51 мкмоль/л, Hb 186 г/л.

Сіздің диагнозыңыз қандай?

| физиологиялық сарғаю+

| нәрестенің гемолитикалық ауруы, сарғаю түрі

| механикалық сарғаю

| гемолитикалық сарғаю

| обтурациялық сарғаю

~ 36 жастағы көп босанушы әйелден босанудан кейін 1 сағаттан кейін, сыртқы массаж кезінде босану жолдарынан 350 мл ұйыған қан бөлінді. Осы патологияның себебі қандай?

| жатырдың гипотониясы+

| плацентаның төмен орналасуы

| плацентаның бітісуі

| босану жолдарының жұмсақ тіндерінің жыртылуы

| плацентаның жартылай тығыз жабысуы

~ Босанушы босанудың екінші кезеңінде. Күшенулер 1–2 мин. 50-55 сек. Күшенулер арасында ұрықтың жүрек соғысы минутына 150 рет. Ұрықтың басы бұтаралықты жарып шығуда. «Ана қауіпсізді» бағдарламаға сәйкес босану әдісін анықтаңыз?

| бұтаралықты қорғамау+

| перинеотомия жасау

| бұтаралықты қорғау

| эпизиотомия жасау

| пудендалды анестезия жүргізу

~ Нәресте туылғаннан кейін әйелдің жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 125/85мм.сб.бағ.., пульс 90соққы мин. Алдын алу шара ретінде 10б окситоцин б/е енгізілді. Босанудың үшінші кезеңін жүргізу неге байланысты болады?

| қан шығынының көлеміне плацентаның бөліну белгілеріне+

| босанудың ұзақтығына

| қан шығынының көлеміне

| нәрестенің жағдайына

| сусыз кезеңнің ұзақтығына

~ 38 жастағы науқас гинекология бөліміне менструацияға байланыссыз қанды бөлінділерге шағымданып түскен. Қойылған диагноз: «Репродуктивті жастағы дисфункционалды жатырдан қан кету» Емді неден бастау қажет?

| жатыр қуысын қырудан+

| жатырдың ампутациясынан

| гормональды гемостаздан

| алмастырушы гормональды терапиядан

| антибактериальды терапиядан

~ Мерзімі жеткен жүктілігі бар алғаш босанушы қағанақ суының кетуіне және босану әрекетінің басталғанына 5 сағат болғанына байланысты перзентханаға түсті. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының ашылуы 5 см., қағанақ қуығы жоқ, ұрықтың көз шарасы, мұрын түбірі, ауызы пальпацияланады, бет сызығы оң жақ қиғаш өлшемде, иегі алдынан сол жақта. Мүйіс анықталмайды. Босандыру әдісін таңдаңыз?

| босану табиғи жолдар арқылы болуы мүмкін+

| кесар тілігі операциясы арқылы босандыру

| босандыруды ұрықты бұзушы операциямен аяқтау

| босануды белсендіріп, табиғи жолдар арқылы жүргізу

| акушерлік ұйқы - демалысын беру

~ 35 жастағы науқас, әйелдер кеңес орнына ішінің төменгі жағындағы сыздап ауырсынуға, ауырсынудың тік ішекке және бұтаралыққа берілуіне шағымданып келді. Ауырсыну етеккір кезінде күшейеді. Қынаптық тексергенде: жатырдың арт жағында екі жақтанда тығыздылығы қатты элластикалық d=3 см, жатырмен жабысқан құрылым анықталады. Пальпацияда жатыр ауырсынулы. Жүргізу амалы қандай?

| гормонотерапия+

| жатыр қосалқыларын алып тастау

| физиоем

| жатырды қосалқыларымен ампутация

| жатырды қосалқыларымен экстирпация

~ 25 жастағы әйел 5 күннен бері жыныс жолдарынан іріңді бөлінділердің бөлінуіне, кіші дәретке шыққанда ауырсыну сезімінің болуына шағымданады, дене қызуы қалыпты. Жыныстық қатынаста үнемі емес, үнемілік қатнаста болатын адамы жоқ. Айнамен қарағанда: жатыр мойнымен қынабы қызарған, «іріңді лента» түріндегі көп мөлшердегі кілегейлі-іріңді бөлінділер. Бимануалды тексергенде: жатыры және қосалқылары ұлғаймаған, ауырсынусыз. Ем үшін қандай антибиотик таңдаулы болып табылады?

| сумамед+

| цефтриаксон

| цефамезин

| ампициллин

| метрогил

~ Әйелдер кеңес орнына 30 жастағы әйел жүктілікке болдырмауға қарсы кеңес алуға келді. Анамнезінен: тұрмыста, жыныстық қатнаспен өмір сүреді, жыныстық қатынаспен бір адамммен тұрады. 2-жүктілік болған, екіншісі-жатырдан тыс жүктілік, соған байланысты тубэктомия жасалынған. Етеккірі әр 25-30 күнде, 7 күннен,көп мөлшерде ауырсынулы. Контрацепцияның қандай түрін тағайындауға болады?

| қосарланған оральді контрацептив+

| презерватив

| жатырішлік спираль

| спермицид

| ырғақты әдіс

~ 25 жастағы әйел 5 күннен бері жыныс жолдарынан іріңді бөлінділердің бөлінуіне, кіші дәретке шыққанда ауырсыну сезімінің болуына шағымданады, дене қызуы қалыпты. Жыныстық қатынаста үнемі емес, тұрақты қатынаста болатын адамы жоқ. Айнамен қарағанда: жатыр мойнымен қынабы қызарған, «іріңді лента» түріндегі көп мөлшердегі кілегейлі-іріңді бөлінділер. Бимануалды тексергенде: жатыры және қосалқылары ұлғаймаған, ауырсынусыз. Қандай тексеру аурудың этиологиясын анықтауға көмектеседі?

| бактериоскопиялық зерттеу+

| кіші жамбас мүшелерінің УДЗ

| биопсия

| кольпоскопия

| гистологиялық зерттеу

~ 25 жастағы Л. деген науқас етеккір келерден 5 күн бұрын жағдайның нашарлағынына: дене салмағының артуына, сүт бездерінің қатаюы және ауырсынуына,тітіркенгіштік, мазасының болмауына, бас ауырсынуына шағымданады. Етеккір бастала салысымен аталған шағымдар өздігінен жоғалады. Гинекологиялық зерттеуде патологиялық өзгерістер анықталмаған. Қандай синдром?

| менструция алды+

| посткастрационды

| климактерикалық

| аналық бездерінің біріншілік поликистозы

| аналық бездерінің екіншілік поликистозы

~ Қайта босанушы әйел, 26 жаста, босанғаннан кейінгі 5-ші тәулікте t =39ºC, қалтырау, ұйқысы бұзылған, қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған және ауырсынады. Сүт бездерін тексерген кезде: оң жақ сүт безінің жоғарғы сыртқы аймағында қызару анықталды. Терінің өзгерген аймағында тығыз, аз қимылдайтын инфильтрат анықталды.

Осы жағдайда қандай амал дұрыс болып табылады?

| хирургиялық ем+

| сүт бездерін сығу арқылы босату

| симптоматикалық ем

| инфузионды терапия

| зақымдалған аймаққа компресс

~ Науқас 46 жаста.Симптомдары: ұзақ көп мөлшердегі етеккір, жалпы әлсіздік, жиі зәр шығару, жатыр мойны эрозияланған. Жатыр 15-16 апталық жүктілікке сәйкес түйінді ісікке айналған.Cіздің болжамдаған операция көлемі қандай?

| жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы+

| консервативті миомэктомия

| жатырдың қосалқыларымен бірге қынапүстілік ампутациясы

| жатырдың қосалқыларынсыз қынапүстілік ампутациясы

| жатырдың қосалқыларынсыз экстирпациясы

~ Науқас 35 жаста. Шағымдары: жалпы әлсіздік, етеккірдің 1-ші күннен бастап көп мөлшердегі қанды бөліністер. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны цилиндірлік пішінді,ернеу жабық, жатыр жүктіліктің 8-9 аптасына сай ұлғайған, тығыз, қозғалмалы, ауру сезімі жоқ, қосалқылары анықталмайды. Осы кезеңдегі емдеу жоспары қандай?

| жатыр қуысын қыру+

| cимптоматикалық ем

| жатырдың қынап үстілік ампутациясы

| жатыр экстерпациясы

| эстроген-гестагенді препараттары

~ 43 жастағы әйел жатыр миомасымен 10 жылдан бері диспансерлік бақылауда тұр.Соңғы 2 жылда етеккірі көп мөлшерде және ауырсынып келеді. Бұл симптомдар не себептен болуы мүмкін?

| шырышасты миома+

| субсерозды түйін

| интерстициалді түйін

| шырыш атрофиясы

| фибринолитикалық белсенділігінің төмендеуі

~ 45 жастағы әйел: жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділерге, іштің төменгі жағында толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Жатыр қуысын диагностикалық мақсатпен қырғанда кюретканың «сырғу»симптомы анықталды. Сіздің диагнозыңыз қандай?

| интрамуралды миома, жатыр қуысына қарай өсуі+

| синехиялар

| ұрық қалдығының қалуы

| жатырдың даму ақауы

| эндометри полипі

~ Нәресте босана салысымен бірден басы артқа қарай қисайған, ісік аймағындағы тін жұмсақ, беткейлі орналасқан, бас сүйек тігістерімен шектелмейді.

Сіздің диагнозыңыз қандай?

| босану ісігі+

| гидроцефалия

| бас ми ісігі

| кефалогематома

| босану жарақаты

~ Мерзімі жеткен жүктілігі бар алғаш босанушы қағанақ суының кетуіне және босану әрекетінің басталғанына 5 сағат болғанына байланысты перзентханаға түсті. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының ашылуы 5 см., қағанақ қуығы жоқ, ұрықтың көз шарасы, мұрын түбірі, ауызы пальпацияланады, бет сызығы оң жақ қиғаш өлшемде, иегі алдынан сол жақта. Мүйіс анықталмайды. Босандыру әдісін таңдаңыз?

| босану табиғи жолдар арқылы болуы мүмкін+

| кесар тілігі операциясы арқылы босандыру

| босандыруды ұрықты бұзушы операциямен аяқтау

| босануды белсендіріп, табиғи жолдар арқылы жүргізу

| акушерлік ұйқы - демалысын беру

~ 19 жастағы науқас гинеколог-эндокринологқа келді, ол науқасқа: адреногенитальды синдром деген диагноз қойылды. Емді қашан белгілеу қажет?

| диагноз қойылған сәттен бастап+

| етеккір қызметі қалпына келгеннен кейін

| жүктілік жоспарланғаннан бастап

| босанғаннан кейін

| науқастың талғамы бойынша

~ 52 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, тәулігіне 10 ретке дейінгі тасуға, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне, ұйқының бұзылуына, ашуланшақтық жағдай, қорқыныш, үрей сезімінің болуына, тітіркенгіштіктің жоғырылауына, шағымданғыштықтың болуына шағымданады. Соңғы етеккірі 10 ай бұрын болған. Сіздің диагнозыңыз қандай?

| климактерикалық синдром+

| адреногениталды синдром

| Шихан синдромы

| посткастрационды синдром

| Ашерман синдромы

~ 28 жастағы науқас гинекология бөліміне соңғы 2 жылдан бері жүктіліктің 7-8 апталарында инфицирленген түсіктен кейін пайда болған жыныс жолдарынан бөлінетін қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Медициналық көмекке қаралған, жүктілік болмаған.

| репродуктивті кезеңдегі ановуляторлы дисфункционалды жатырдан қан кету+

| репродуктивті кезеңдегі овуляторлы дисфункционалды жатырдан қан кету

| перименопаузалды кезеңдегі қан кету

| қынаптың варикозды кеңейген тамырынан қан кету

| постменопаузалды кезең

~ 29 жастағы науқас келесі етеккірдің 3 ай кешігіп келуінен кейінгі жатырдан қан кетуге шағымданып келді. ХГ тест теріс. Бимануалды тексерген кезде және айнамен қараған кезде патологиялық өзгерістер анықталмаған. Гистероскоп бақылауымен бірге жатыр қуысын диагостикалық-емдік қыру жасалынды. Гистологиялық тексеру нәтижесі: эндометридің жәй гиперплазиясы. Сіздің диагнозыңыз қандай?

| дисфункционалды жатырдан қан кету+

| үзілген жүктілік

| эндометриоз

| жатыр миомасы

| көпіршік ауруы

~Репродуктивті жастағы әйелде етеккірдің тоқтауы жүктіліктің ... белгілеріне жатады.

| күмәнсіз+

| күмәнді

| анық

| нақты


| абсолютті

~ Ұрықтың ұзына бойына орналасуында... .

| ұрықтың ұзынша осі жатырдың ұзынша осімен сәйкес келеді+

| ұрықтың ұзынша осі жатырдың ұзыншы осімен тік бұрыш жасаумен қиылысады

| ұрықтың ұзынша осі жатырдың ұзыншы осімен сүйір бұрыш жасаумен қиылысады

| ұрықтың арқасы жатыр мойнының ішкі саңылауына қарап жатады

| ұрықтың арқасы жатырдың түбіне қарап жатады



~ Күткенмен болмаған етеккірдің бірінші күнінен артқа 14 күн есептеп, 274 күн косқанда, босанудың... бойынша болжамды мерзімі шығады.

| овуляция+

| етеккір

| ұрық қимылы

| алғаш келген күні

| декреттік демалыс

~ Соңғы етеккірдің бірінші күнінен артқа 3ай есептеп, 7 күн қосқанда, босанудың... бойынша болжамды мерзімі шығады.

| етеккір+

| овуляция

| ұрық қимылы

| алғаш келген күні

| декреттік демалыс

~ Егер соңғы етеккір 3 наурызда басталса, болжамды босану уақыты... .

| 10 желтоқсанда+

| 30 желтоқсанда

| 10 қаңтарда

| 1 желтоқсанда

| 10 қарашада

~ Егер соңғы етеккір 1 қаңтарда басталса, болжамды босану уақыты... .

| 17 қазанда+

| 6 қыркүйекте

| 11 қарашада

| 21 желтоқсанда

| 3 қазанда

~ Жатыр саңылауының толық ашылуында ұрықтың басы...

| кіші жамбас қуысының кез келген жазықтығында болуы мүмкін+

| кіре беріске кіші сегментімен қондырылады

| кіре беріске үлкен сегментімен қондырылады

| жамбас түбінде болады

| кең бөлігінің жазықтығында болады.

~ Мерзімі жетіп,босануға келген босанушыға партограмма толтырылды.

Партограммаға қандай мәліметтер керек?

| жамбас жазықтықтары бойынша ұрық басының өту уақыты+

| босанушының өмірлік анамнезінің ерекшеліктері

| ауру тарихының ерекшеліктері

| жатыр мойнының жетілу уақыты

| аллергологиялық анамнезінің ерекшеліктері

~ Жатыр қатерлі ісіктің алғашқы белгілері қандай?

| ақ түсті сұйықтық бөлінуі, қан кету, ауырсыну+

| асцит, гепатомеголия

| іштің үлкеюі

| дененің сарғаюы, тәбет төмендеуі

| ЭТЖ жоғарылауы, лейкоциттердің көбеюі

~ Нәресте туылғаннан кейін босанушы әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. ҚҚ 125/85 сн.бағ., пульс минутына 90 соққы. Босанудан кейінгі қан кетуді алдын алу мақсатында бұлшықетке 10 ЕД окситоцин енгізілді. «Ана қауіпсізді» бағдарламаға сәйкес босанудың 3 кезеңінің жүргізілуі неге байланысты болады?

| қан жоғалту дәрежесіне+

| босанудың ұзақтығына

| плацентаның бөліну белгілеріне

| нәрестенің жағдайына

| сусыз кезеңнің ұзақтығына

~ 25 жастағы босанушы әйел ай- күніне жетіп босану үйіне келіп түсті.Босанушы әйелде босану барысы өте қарқынды түрде көрініс беріп, кенеттен қалтырап, дене қызуы 41° градусқа дейін көтеріліп, тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері тез арада дамып, қан қысымы төмендеп кетті. Тез арада өкпе ісінуінің клиникалық симптомдары пайда болды.

Босану барысында қандай асқынулар дамыды?

| қағанақ суының эмболиясымен+

| жатырдан профузды қанның кетуімен

| эклампсияның ұстамасымен

| бүйрек үсті безінің жіті жетіспеушілігімен

| өкпе артериясының тромбоэмболиясымен

~ 26 жастағы жүкті әйел патология бөліміне басының ауыратынына, құлағының шуылдауына шағымданып түсті.Объективті тексеруде анықталды: аяғының тізе буына дейін ісінуі қан қысымының 175/115мм. сн.бғ. дейін жоғарылағаны.Жалпы зәр анализінде белоктың деңгейі 3,8 г/л. Белок алмасуын қалыпқа келтіру мақсатымен 5% ды альбумин ерітіндісі көк тамырдан енгізеді.

Осы препаратты енгізудің негізгі мақсаты болып табылады :

| плазманың онкотикалық және коллоидты осмотикалық қысымын жоғарылатып айналмалы қан көлемін жоғарылату+

| электролиттік алмасуды реттеу

| қышқыл сілтілі жағдайды коррекциялау

| газдардың алмасуын жақсарту

| шеткі қан айналымды жақсарту

~ Жас әйелде 5-айлық жүктілік кезінде ішінде қатты ауырсыну, бас айналуы, айқын әлсіздік және тері жабындысының бозғылттығы пайда болған. Шұғыл

лапаротомия кезінде құрсағында жиналған қан анықталған. Оң жақ жатыр түтігі күрт ұлғайған, қанмен сіңбеленген, оның қабырғасыда жиектері тегіс емес ақау анықталады.Қан кету себебі?

| түтіктің жарылуы+

| жартылай түтіктік аборт

| толық түтіктік аборт

| пиосальпинкс

| көпіршіктік кірме

~ Қызбала 17 жаста, кенеттен іші қатты ауырып, қысқа мерзімге есін жоғалтуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Анамнезінде: етеккірі 12 жастан, тұрақты, 28 күн сайын, 3-4 күннен, ауырсыну сезімімен. Соңғы етеккірі – 2 апта бұрын. Жыныстық қатынаста болмаған. Қарағанда: боп-боз, АҚҚ 80/40 мм с.б.б., ЖЖЖ 110 соққы минутына, төменгі жақта іші қатыңқы, аздап ауырсынады, іш тітіркендіру симптомы аздап оң мәнді. Зәр шығаруы еркін, үлкен дәреті болған.

Сіздің диагнозыңыз қандай?

| аналық без апоплексиясы+

| жіті аднексит

| аналық без кистасының бұратылуы

| жамбас көктамырларының тромбозы

| жіті аппендицит

~ Анамнезінде жүктілікті көтере алмаушылығы бар 25жастағы ерте мерзімдегі жүктілігі бар әйел ішінің төменгі бөлігінде тартып ауырсынуына және жыныс жолдарынан жағынды қанды бөліністерге шағымдалды. Осыған орай жүкті әйел арнайы көмекті қандай жерден алады?

| әйелдер кеңес орнынан+

| фельдшерлік - акушерлік пунктінен

| емханадан

| облыстық перинаталдық орталықтан

| жанұялық – дәрігерлік амбулаториядан

~ 6 жасар қызға: Аллергиялық вульвовагинит болжам диагнозы қойылды. Сіздің амалыңыз қандай?

| седативті әсерлі дәрілер, ванночкалар+

| гормондар, ванночкалар

| витаминдер, ванночкалар

| токолитиктер, ванночкалар

| антибиотиктер, ванночкалар

~ Әйел 30 жаста, есін жоғалтуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Туыстарының айтуына қарағанда, жедел жәрдем келгенге дейін құрысу ұстамасы болған, гипотензивті дәрілер мен транквилизатор қабылдаған. Созылмалы гломерулонефрит және гипертониялық аурумен сырқаттанады. Қарағанда: ес-түссіз жағдайда, АҚҚ 180/100 мм с.б.б., пульсі 100 соққы минутына, тыныс алу жиілігі 1 минутта 30, аяқтары мен іш беткейінде айқын ісіктер байқалады. Жүктіліктің 32 аптасы.

Сіздің диагнозыңыз қандай?

| жүктіліктің екінші жартысының токсикозы+

| ми-қанайналымының жіті бұзылысы

| жіті бүйрек жетіспеушілігі

| жіті миокард инфаркті

| гипертониялық криз

~ Перзентханаға жүктіліктің 25-26 апта мерзіміндегі қайта босанушы әйел ұйқыдан тұрғаннан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Анамнезінде бір босану және екі медициналық түсік.Сыртқы тексеру кезінде жатыры мерзіміне сай, пальпацияда жатыр қозулы емес екендігі анықталды. Нәрестенің жатуы жамбаспен, жүрек соғысы анық, ырғақты минутына 140 ретке дейін. Жыныс жолдарынан аздап қанды бөлінділер. Ультрадыбыстық зерттеу мәліметтерінен – плацента ішкі ернеуді толық жауып жатыр. Сіздің диагнозыңыз қандай?

| Жүктілік 25-26 апта. Плацентаның толық жатуы. Жүктіліктің үзілу қаупі+

| Жүктілік 25-26 апта. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы. Жүктіліктің үзілу қаупі.

| Жүктілік 25-26 апта. Плацентаның жартылай жатуы. Жүктіліктің үзілу қаупі.

| Жүктілік 25-26 апта. Плацентаның толық жатуы. Жолдағы түсік.

| Жүктілік 25-26 апта. Жатыр мойнының обыры. Жүктіліктің үзілу қаупі.

~ 29 жастағы әйел, ішінде толғақ тәрізді ауырсыну, жыныс жодарынан қанды бөлінділер, бас айналу, әлсіздік шағымдарымен жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді. Анамнезінен: 3 жылдан бері етеккір қызметінің бұзылысы және созылмалы қабыну аурымен гинкелогта бақылауда тұрады, 2 ай бұрын қабынуға қарсы ем алған, соңғы етеккірі 1,5 ай бұрын болған.Объективті: жағдайы ауыр, АҚ 100/60 мм сын бағ., тамыр соғысы 108 рет минутына, әлсіз, дене қызуы 37,20 С. Гинекологиялық тексеруде: жатыр аздап ұлғайған, ауырсынусыз, жұмсарған, жатыр мойнына қарай ығыстырғанда ауырсынулы, қосалқылар аймағы ауырсынулы, күмбездері жайылған, жыныс жолдарынан задап қанды бөлінділер. Сіздің диагнозыңыз қандай?

| Үзілген жатырдан тыс жүктілік. Геморрагиялық шок+

| Жатыр қосалқыларының қабынуының асқынуы

| Үзілген жатырлық жүктілік. Геморрагиялық шок.

| Етеккір қызметінің бұзылысы. Қан кету. Геморрагиялық шок

| Дисфункционалды жатырдан қан кету.

~ Алғаш босанушы, 22 жаста, 4 сағат бойы босануда. Мерзімі жеткен жүктілік, жамбас өлшемдері 25-28-31-21см. Ұрық басымен кіші жамбастың кіреберісіне қондырылған. Ұрық жүрек соғысы минутына 120 рет, анық, ырғақты. Толғақтар 5-6 минут сайын, 40 секундтан, күші орташа. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны жайылған, ашылуы 3см. Қағанақ суы кетпеген. Сагиталды жігі сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Диагнозын анықтаңыз?

| Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі. Босанудың I кезеңі, белсенді фаза+

|Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы, I позиция, алдыңғы түрі. Босанудың I кезеңі, латентті фаза

| Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі. Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы

| Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңінің әлсіздігі. Басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі

| Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы. 1 позиция, артқы түрі. Босанудың I кезеңі, белсенді фаза

~ 26 жастағы қайта босанушы әйел, әйелер кеңес орнына 9 апталық жүктілікпен тіркеуге тұрды. Анамнезінен: Артериалды гипертензия диагонзымен участкелік терапевте тіркеуде тұратыны анықталды. Алдыңғы жүктілігі ауыр дәрежедегі преэклампсиямен асқынған, соған байланысты жүктілік 32 аптасында медициналық көрсеткіш бойынша үзілген. Тіркеуге алған уақытта әйелде ешқандай шағымдар жоқ. АҚ=120/80 мм сын. бағ. Осындай патологиясы бар жүкті әйелді қай мерзімде бірінші рет стационарға жатқызу қажет ?

| 12 аптаға дейін+

| 24 аптаға дейін

| 36 аптаға дейін

| 28 аптаға дейін

| 38 аптаға дейін

~ Перзентханада босанғаннан кейінгі бөлімде кесар тілігі операциясымен босанған әйелде үшінші тәулікте перитонит және нәрестесінде омфалит анықталды. Ауруханаішілік инфекцияны төмендетуде қандай шара басты болып табылады?

| қолды тазалап жуу және бір ретті сүлгіні қолдану+

| мекемені циклді дезинфекциялау

| қызметкерлер мен келушілердің киімі мен аяқ киімдерін ауыстыру

| бөлмелерді кварцтау

| маскалы тәртіпті сақтау

~ Қайта жүкті әйел, 29 жаста, ауыл тұрғыны, жатырында екі тыртығы бар жүктіліктің 36 аптасында стационарға жіберілді. Анамнезінен: бірінші жүктілігі ауыр дәрежелі преэклампсиямен асқынып, босану 36 апталық мерзімде операциямен аяқталған, екінші жүктілігі 37 апталық мерзімде жатырдағы тыртықтың ажырауына байланысты кесар тілігі операциясымен аяқталған. Әйел босануға көмектесудің қай деңгейінде босануы тиіс?

| облыстық периналдық орталықта+

| ауылдық ауруханада

| қалалық периналдық орталықта

| қалалық перзентханада

| ұлттық ана және бала денсаулығын қорғау орталығында

~ 24 жастағы қайта жүкті әйел әйелдер кеңес орнына 10-11апталық жүктілікпен тіркеуге тұрды. Анамнезінен: бірінші жүктілігі ешқандай асқынусыз мерзімінде босанумен аяқталған, соматикалық анамнезінде өзгерістер жоқ. Тексеру барысында өзгерістер анықталған жоқ. Жүктіліктің қалыпты ағымында әйелдер кеңес орнында қанша рет болу қажет:

| жүктілік бойынша 4 рет+

| айына 1 рет

| жүктілік бойынша 14-16 рет

| 2 аптада 1 рет

| айына 2 рет

~ Перинаталды өлім көрсеткіші қалай есептеледі?

| өлі туылғандар саны + туылғаннан кейінгі алғашқы 7 тәулікте өлгендер саны/ жаңадан туылған нәрестелер х 1000+

| өлі туылғандар саны + туылғаннан кейінгі алғашқы 168 сағатта өлгендер саны х 1000

| туылғаннан кейінгі алғашқы 7 тәулікте өлгендер саны/ жаңадан туылған нәрестелер х 1000

| интранаталды өлгендер саны/ жаңадан туылған нәрестелер х 1000

| өлі туылғандар саны/ жаңадан туылған нәрестелер саны х 1000

~ Әйелдер кеңес орнында болашақ әкелерге және жүктілерді босануға дайындық сабақтары ұйымдастырылған. Бұл сабақтар кіммен жүргізіледі?

| аймақтық акушер-гинекологпен+

| кеңес орнының психологымен

| арнайы дайындалған акушеркамен

| кеңес орнының терапевтімен

| кеңес орнының меңгерушісімен

~ Анамнезінде жүктілікті көтере алмаушылығы бар 25жастағы ерте мерзімдегі жүктілігі бар әйел ішінің төменгі бөлігінде тартып ауырсынуына және жыныс жолдарынан жағынды қанды бөліністерге шағымдалды. Осыған орай жүкті әйел арнайы көмекті қай жерден алады?

| әйелдер кеңес орнынан+

| фельдшерлік - акушерлік пунктінен

| емханадан

| облыстық перинаталдық орталықтан

| жанұялық – дәрігерлік амбулаториядан

~ Облыстық балалар ауруханасында болған 6 айлық бала өлімі туралы мәлімет балалар емханасына келіп түсті. Диагнозы: Туа пайда болған жүрек ақауы. Бұл жағдай қандай өлім көрсеткішіне жатады?

| нәресте өлімі+

| интранаталды өлім

| перинаталды өлімі

| постнаталды өлім

| антенаталды өлім

~ БДЖДСҰ (ВОЗ) тірі туылу критерийлеріне өтуге байланысты перинаталды өлім көрсеткіші өте жоғарылады. Бұл өлім көрсеткішін төмендету мақсатында қандай шаралар жүргізу қажет?

| ұрықтың денсаулығына қауіпті жағдайларды ерте анықтау+

| перинаталды өлім себептерінің анализін жүргізу

| жүкті әйелдің демалу және тамақтану тәртібтерін сақтау

| жүктілікіті сақтау сұрағын уақытылы шешу

| жүкті әйелдермен санитарлы-ағарту жұмысын жақсарту

~ Мерзімі жеткен жүктілігі бар босанушы әйел перзентханаға босануға түсті. Құжаттар мен бірге партограмма толтырылды. Партограмма нені белгілейді?

| ұрық басының жамбас жазықтықтарынан өтуі+

| босанушының өмір анамнезін

| аурудың анамнезін

| жатыр мойнының жетілу дәрежесін

| аллергиялық анамнезін

~ Мерзімі жеткен жүктілігі бар қайта босанушы перзентханаға келіп түсті. 30 минут бойы ретті босану қызметінің басталуы анықталды. Сулар кетпеген. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 140 соққы. Босану қызметінің қалыптығын белгілеу үшін қынаптық тексеруді партограмманың ережелері бойынша жүргізу қажет. Босану кезінде қынаптық тексерудің жиілігін анықтаңыз?

| 4 сағат сайын+

| 6 сағат сайын

| 5 сағат сайын

| 3 сағат сайын

| 2 сағат сайын

~ 25 жастағы босанушы 34 – 35 апталық жүктілігімен 2 сағат бойы босану қызметінің басталуымен және жыныс жолдарынан қан кету шағымдарымен перзентханаға келін түсті. Ең бірінші босанудың қандай асқынуының жоқтығын анықтау қажет ?

| плацентаның ажырауын+

| плацентаның төмен жатуын

| жатыр мойынының жыртылуын

| қынаптың жыртылуын

| бұтаралықтың жыртылуын

~ Босанудың бірінші кезеңінің басталуын қандай белгілер мәлімдейді?

| ретті толғақтың басталуы, жатыр мойнының қысқаруы мен жайылуы+

| жағылмалы қанды бөлінділердің болуы, ретсіз толғақтың басталуы

| ретсіз толғақтың басталуы, қағанақ суының кетуі

| қағанақ суының кетуі, жағылмалы қанды бөлінділердің болуы

| бастың кіші жамбас қуысына орнығуы, қағанақ суының кетуі

~ Мерзімі жеткен жүктілігі бар бірінші босанушы әйел перзентханаға келіп түсті. 5 сағат бойы іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну сезімінің пайда болғанына шағымдалды. Сулар кетпеген. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 130 рет минутына.

Партограммада қандай өзгерістер болады?

| жатыр мойнының қысқаруы мен жайылуы+

| толғақтардың сиреуі мен әлсіреуі

| қағанақ суларының кетуі

| бел аймағындағы ауырсынудың күшеюі

| ұрық жүрек соғысының сиреуі мен әлсіреуі

~ Мерзімі жеткен жүктілігі бар қайта босанушы, босану әрекеті басталғанынан 2 сағаттан кейін келіп түсті. Толғақ 5-6 минут сайын, 20-25 секундтан. Қағанақ қуығы бүтін. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 130 рет минутына. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны жайылған, ашылуы 2 см., қағанақ қуығы бүтін. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне орныққан. Мүйіс анықталмайды. Босанудың қандай фазасына бұл акушерлік жағдай жатады?

| латентті фазасына+

| белсенді фазасына

| баяу фазасына

| әлсіз фазасына

| босану фазасына

~ Перзентханаға босанушы әйел босанудың екінші кезеңінде келіп түсті. Сыртқы акушерлік тексеру нәтижесінде ұрықтың шүйдесімен жатуының алдыңғы түрі анықталған.

Босану биомеханизмінің бірінші негізгі кезеңі қандай?

| ұрық басының әлсіз иілуі+

| ұрық басының ішкі бұрылысы

| кіреберіс жазықтыққа бастың орнығуы

| жамбас қуысына бастың түсүі

| ұрық басының жаруы мен жарып шығуы

~ Перзентханаға босанушы әйел босанудың екінші кезеңінде келіп түсті. Сыртқы акушерлік тексеру нәтижесінде ұрықтың шүйдесімен жатуының алдыңғы түрі анықталған.

Босану биомеханизмінің бірінші қосымша кезеңі қандай?

| кіреберіс жазықтыққа бастың орнығуы+

| ұрық басының әлсіз иілуі

| ұрық басының ішкі бұрылысы

| жамбас қуысына бастың түсүі

| ұрық басының кесіп, жарып шығуы

~ Нәресте туылғаннан кейін босанушы әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. ҚҚ 125/85 сн.бағ., пульс минутына 90 соққы. Босанудан кейінгі қан кетуді алдын алу мақсатында бұлшықетке 10 ЕД окситоцин енгізілді. «Ана қауіпсіздігі» бағдарламаға сәйкес босанудың 3 кезеңінің жүргізілуі неге байланысты болады?

| қан жоғалту дәрежесіне+

| плацентаның бөліну белгілеріне

| босанудың ұзақтығына

| нәрестенің жағдайына

| сусыз кезеңнің ұзақтығына

~ Босанушы босанудың екінші кезеңінде. Күшенулер 1–2 мин. 50-55 сек. Күшенулер арасында ұрықтың жүрек соғысы минутына 150 рет. Ұрықтың басы бұтаралықты жарып шығуда. «Ана қауіпсіздігі» бағдарламаға сәйкес босану тактикасын анықтаңыз?

| бұтаралықты қорғамау+

| перинеотомия жасау

| бұтаралықты қорғау

| эпизиотомия жасау

| пудендалды анестезия жүргізу

~ 26 жастағы қайта босанатын әйел босанудың екінші кезеңінде перзентханаға келіп түсті. Ұрық таза құйрығымен орналасқан. Алдыңғы құйрығы туылғаннан кейін босану қызметінің екіншілік әлсіздігі және ұрықтың құрсақішілік жедел гипоксия белгілері дамыды. Акушердің тактикасын анықтаңыз?

| ұрықты жамбасынан тартып шығару+

| классикалық қол әдісін қолдану

| акушерлік қысқыштар салумен босандыру

| ұрықтың вакуум экстракциясын қолдану

| лапаротомия, кесар тілігі операциясын пайдалану

~ 25 жастағы алғаш босанушы әйелде босанудың 10 сағат бойы болғанымен перзентханаға түсті. Сулар кетпеген. Босанушы әйел аяқ астынан бозғылт түсті болып, ішінде қатты ауырсыну сезімінің пайда болғанына шағымдалды. Жатыр тұрақты тонуста. Ұрық жүрек соғысы минутына 100-110 рет, түйық, анық емес. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының ашылуы 6 см, қағанақ қуығы бүтін, ұрық басы кіші жамбастың тар бөлігінде орналасқан. Клиникалық диагнозды анықтаңыз?

| жүктілік 39-40 апта.Босанудың 2 кезеңі. Плацентаның ажырауы. Ұрықтың жіті гипоксиясы+

| жүктілік 39-40 апта.Босанудың 1 кезеңі. Плацентаның ажырауы. Ұрықтың жедел гипоксиясы

| жүктілік 39-40 апта.Босанудың 2 кезеңі. Ұрықтың жедел гипоксиясы

| жүктілік 39-40 апта. Босанудың 1 кезеңі. Плацентаның ажырауы. Ұрықтың созылмалы гипоксиясы

| жүктілік 39-40 апта.Босанудың 2 кезеңі. Ұрықтың созылмалы гипоксиясы

~ 25 жастағы алғаш босанушы әйелде босанудың 10 сағат бойы болғанымен перзентханаға түсті. Сулар кетпеген. Босанушы әйел аяқ астынан бозғылт түсті болып, ішінде қатты ауырсыну сезімінің пайда болғанына шағымдалды. Жатыр тұрақты тонуста. Ұрық жүрек соғысы минутына 100-110 рет, түйық, анық емес. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының ашылуы 6 см, қағанақ қуығы бүтін, ұрық басы кіші жамбастың тар бөлігінде орналасқан. Босануды жүргізу тактикасын таңдаңыз?

| амниотомия, қуыстық акушерлік қысқыштарды салу+

| лапаротомия, кесар тілігі операциясын жасау

| консервативті, босануды табиғи жолымен аяқтау

| амниотомия, ұрықтың жіті гипоксиясын емдеу

| эпизиотомия, ұрықтың жіті гипоксиясын емдеу

~ 27 жастағы бірінші босанатын әйел жүктілігі 37-38 апта, босанудың екінші кезеңінде перзентханаға келіп түсті. Бақылау барысында ұрықтың жүрек соғуының 90-100 соққыға дейін сиреленуі және оның күшенулер арасында қалыпты деңгейіне түспейтіні анықталды. Қынаптық тексеруде: ұрық басы кіші жамбастың тар бөлігінде, сагиталды жік оң қиғаш өлшемінде, кіші еңбек сол жақ алдынан орналасқан.

Ұрық басының қондырылу түрін және дамыған асқынуды атаңыз?

| шүйдемен қондырылуы, алдыңғы түрі. Ұрықтың жіті гипоксиясы+

| шүйдемен қондырылуы, артқы түрі. Ұрықтың жіті гипоксиясы

| шүйдемен қондырылуы, алдыңғы түрі. Ұрықтың созылмалы гипоксиясы

| асинклитикалық қондырылуы, алдыңғы түрі. Ұрықтың жіті гипоксиясы

| бастың алдымен қондырылуы, алдыңғы түрі. Ұрықтың жіті гипоксиясы

~ Босанушы әйел 30 минут бойы босанудың 2 кезеңінде. Толғақтар 2-3 минут сайын, 50-55 секундтан. Толғақтардан тыс жатыр толық босамайды, пальпациялауда төменгі бөлігінде қатты ауырсынуы байқалады. Жамбас өлшемдері 26-27-33-18см. Ұрық жүрек соғысы минутына 100 рет, түйық, анық емес. Механикалық кедергіге байланысты қуықтың катетеризациясын жүргізуге мүмкіндік болмады. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының толық ашылуы, ұрық басымен кіші жамбастың кіреберісіне қондырылған, ұрық басында үлкен босану ісігі анықталады. Клиникалық жағдайды және осыған байланысты асқынуды анықтаңыз:

| Жалпақрахитті жамбас. Клиникалық тар жамбас. Ұрықтың жіті гипоксиясы. Жатырдың жыртылу қаупі+

| Жалпы біріңғай тарылған жамбас. Клиникалық тар жамбас. Ұрықтың жіті гипоксиясы. Жатырдың жыртылу қаупі

| Жай жалпақ жамбас. Клиникалық тар жамбас. Ұрықтың жіті гипоксияся. Жатырдың жыртылу қаупі

| Анатомиялық тар жамбас. Ұрықтың жіті гипоксиясы. Дискоординацияланған босану қызметі

| Жалпы тарылған жамбас. Ұрықтың жіті гипоксиясы. Босану қызметінің ауытқуы

~ 23 жастағы бірінші босанушы үйінде болған бір ретті эклампсия талмасынан кейін жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді. Жүктілік 37-38 апта, жағдайы ауыр, есі кіресілі-шығасылы. Тері қабаттары бозғылт, аяқтарында ісік, АҚ 150/100 мм сын. бағ., тамыр соғысы 98 рет мин. Қандай белгілерге байланысты эклампсия диагнозы қойылды?

| құрысу және кома+

| гипертензия

| анурия және ісік

| ісіктер және аузында ащы сезімнің болуы

| диарея және құсу

~ 29 жастағы әйел, ішінде толғақ тәрізді ауырсынудың болуына, жыныс жодарынан қанды бөлінділерге, басының айналуына, әлсіздік шағымдарымен жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді. Анамнезінен: 3 жылдан бері етеккір қызметінің бұзылысы және созылмалы қабыну аурымен гинкелогта тізімде тұрады, 2 ай бұрын қабынуға қарсы ем алған, соңғы етеккірі 1,5 ай бұрын болған. Объективті: жағдайы ауыр, АҚ 100/60 мм сын бағ., тамыр соғысы 108 рет минутына, толымы әлсіз, дене қызуы 37,20 С. Гинекологтың тесеруінен кейін: жатырдан тыс жүктілік болжам диагнозы қойылды.

Төменде аталған көрсеткіштердің қайсысы осы диагнозды растайды?

| қанда хорионды гонадотропин деңгейінің жоғарылауы+

| қанда эстроген деңгейінің төмендеуі

| қанда эстроген деңгейінің жоғарылауы

| қанда хорионды гонадотропин деңгейінің төмендеуі

| қанда гестагендер деңгейінің төмендеуі

~ 29 жастағы науқас стационарға 3 сағат бұрын пайда болған ішінің төменгі жағындағы ауырсынуға және жыныс жолдарынан жағылып келетін қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Анамнезінен: алдыңғы екі жүктілік жатыр қуысын қайталап қырумен жүрген өзіндік түсікпен аяқталған, соңғы етккірі екі ай бұрын болған. Айнамен қарағанда: жатыр мойны көгерген, аздап қанды бөлінделер көрінеді. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны сақаталған, сыртқы ернеу саусақ ұшын жібереді, жатыр 7 апталық жүкітілікке сәйкес ұлғайған, қосалқылары анықталмайды, күмбездері терең, қанды жағынды бөлінділер.

Қандай диагноз?

| Жүктілік 7 апта. Жүктіліктің үзілу қаупі+

| Жүктілік 7 апта. Көпіршік ауруы

| Жүктілік 7 апта. Жолдағы түсік

| Жүктілік 7 апта. Толық емес түсік

| Жүктілік 7 апта. Септикалық түсік

~ 29 жастағы әйелде жүктіліктің 34-35 аптасы, аяқтарында және беттеріндегі ісінумен перзентханаға келіп түсті. АҚ 170/110 мм сын бағ көтерілуіне байланысты желке аймағындағы ауырсыну және мұрнымен тыныс алудың қиындауы болды, диурез төмендеген. Эхографиялық зерттегенде фетометриялық мәліметтердің екі аптаға кешігуі, қағанақ суының жеткіліксіздігі анықталды, допплерометрияда екі жақтағы жатыр артериясында қанмен қамтамасыз етілу резистенттілігі жоғарылаған және ұрық-жатыр қан айналымының жағдайы нашар. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны «жетілмеген».

Диагноз:


| Жүктілік 34-35 апта. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. Плацентарлы жетіспеушілік. Нәрестенің құрсақішілік дамуының жетіспеушілігі. Аз сулылық+

| Жүктілік34-35 апта. Жеңіл дәрежедегі преэклампсия. Плацентарлы жетіспеушілік. Нәрестенің құрсақішілік дамуының жетіспеушілігі. Аз сулылық

| Жүктілік 34-35 апта. Гипертониялық ауру. Плацентарлы жетіспеушілік. Нәрестенің құрсақішілік дамуының жетіспеушілігі. Аз сулылық

| Жүктілік 34-35 апта. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. Плацентарлы жетіспеушілік. Нәрестенің құрсақішілік дамуының жетіспеушілігі

| Жүктілік 34-35 апта. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. Нәрестенің құрсақішілік дамуының жетіспеушілігі. Аз сулылық. Нәрестенің құрсақішілік инфекциясы

~ 29 жастағы әйелде жүктіліктің 34-35 аптасы, аяқтарында және беттеріндегі ісінумен перзентханаға келіп түсті. АҚ 170/110 мм сын бағ көтерілуіне байланысты желке аймағындағы ауырсыну және мұрнымен тыныс алудың қиындауы болды, диурез төмендеген. Эхографиялық зерттегенде фетометриялық мәліметтердің екі аптаға кешігуі, қағанақ суының жеткіліксіздігі анықталды, допплерометрияда екі жақтағы жатыр артериясында қанмен қамтамасыз етілу резистенттілігі жоғарылаған және ұрық-жатыр қан айналымының жағдайы нашар. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны «жетілмеген».

Қай амалды таңдаған дұрыс?

| кесар тілігі отасы арқылы тез арада босандыру+

| босану мерзіміне дейін гестозды емдеу

| нәрестенің өмір сүру қабілетіне дейін гестозды емдеу ары қарай кесар тілігі

| жіті жағдайда босануды қоздыру және босануды белсендіру

| нәрестенің өмір сүру қабілетіне дейін гестозды емдеу

~ Перзентханаға 26 жастағы жүкті әйел басының ауруы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға және жатырының қатаю шағымдарымен жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Тамыр соғысы 89 тер минутына, АҚ 105/70 мм сын бағ., бетінде, аяғында, ішінде ісіктер анықталады. Жатыры мерзіміне жеткен жүктілік сай, жатыр бірден қатайған, ауырсынулы, нәрестенің жүрек соғысы тұйық, минутына 100 ретке дейін.

Диагноз?


| Жүктілік 38-39 апта. Преэклампсия. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы. Геморрагиялық шок. Нәрестенің жедел құрсақішілік гипоксиясы+

| Жүктілік 38-39 апта. Преэклампсия. Плацентаның жатуы. Геморрагиялық шок. Нәрестенің жіті құрсақішілік гипоксиясы.

| Жүктілік 38-39 апта. Преэклампсия. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы. Нәрестенің жіті құрсақішілік гипоксиясы.

| Жүктілік 38-39 апта. Преэклампсия. Жатырдың жыртыла бастауы. Нәрестенің жіті құрсақішілік гипоксиясы.

| Жүктілік 38-39 апта. Преэклампсия. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы. Нәрестенің жіті құрсақішілік гипоксиясы.

~ Перзентханаға жүктіліктің 25-26 апта мерзіміндегі қайта жүкті әйел ұйқыдан тұрғаннан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Анамнезінде бір босану және екі медициналық түсік. Сыртқы тексеру кезінде жатыры мерзіміне сай, пальпацияда жатыр қозулы емес екендігі анықталды. Нәрестенің жатуы жамбаспен, жүрек соғысы анық, ырғақты минутына 140 ретке дейін. Жыныс жолдарынан аздап қанды бөлінділер. Ультрадыбыстық зерттеу мәліметтерінен – плацента ішкі ернеуді толық жауып жатыр.

Сіздің жүктілікті жүргізудегі амалыңыз?

| сақтаушы ем+

| жіті түрде кесар тілігі

| табиғи жолдар арқылы босандыру

| босануды қоздыру және босануды белсендіру

| жоспарлы түрде кесар тілігі

~ Перзентханаға жүктілікиің 25-26 апта мерзіміндегі қайта босанушы әйел ұйқыдан тұрғаннан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Анамнезінде бір босану және екі медициналық түсік.Сыртқы тексеру кезінде жатыры мерзіміне сай, пальпацияда жатыр қозулы емес екендігі анықталды. Нәрестенің жатуы жамбаспен, жүрек соғысы анық, ырғақты минутына 140 ретке дейін. Жыныс жолдарынан аздап қанды бөлінділер. Ультрадыбыстық зерттеу мәліметтерінен – плацента ішкі ернеуді толық жауып жатыр. Диагнозы қандай?

| Жүктілік 25-26 апта. Плацентаның толық жатуы. Жүктіліктің үзілу қаупі+

| Жүктілік 25-26 апта. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы. Жүктіліктің үзілу қаупі.

| Жүктілік 25-26 апта. Плацентаның жартылай жатуы. Жүктіліктің үзілу қаупі.

| Жүктілік 25-26 апта. Плацентаның толық жатуы. Жолдағы түсік.

| Жүктілік 25-26 апта. Жатыр мойнының обыры. Жүктіліктің үзілу қаупі.

~ 26 жастағы қайта жүкті әйел әйелдер кеңес орнының дәрігерінің жолдауымен гинекология бөліміне: Жүктілік 9 апта. Жүктіліктің үзілу қаупі. Үйреншікті жүктілікті көтере алмаушылық.Гинекологиялық анамнезінің ауытқуы диагнозымен келді.

Осы триместрде қандай ем жүктілікті көтере алмаушылықтың патогенетикалық негізделген емі болып табылады?

| гормоналды ем+

| хирургиялық ем

| физиотерапиялық ем

| токолитиктерді қолдану

| спазмолитиктерді қолдану

~ 26 жастағы қайта босанушы әйел әйелдер кеңес орнының дәрігерінің жолдауымен гинекология бөліміне: Жүктілік 14 апта. Жүктіліктің үзілу қаупі. Үйреншікті жүктілікті көтере алмаушылық. Асқынған гинекологиялық анамнез диагнозымен келді.

Осы триместрде қандай ем жүктілікті көтере алмаушылықтың патогенетикалық негізделген емі болып табылады?

| хирургиялық ем+

| физиотерапиялық ем

| гормоналды ем

| токолитиктерді қолдану

| спазмолитиктерді қолдану

~ 29 жастағы әйел, ішінде толғақ тәрізді ауырсыну, жыныс жодарынан қанды бөлінділер, бас айналу, әлсіздік шағымдарымен жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді. Анамнезінен: 3 жылдан бері етеккір қызметінің бұзылысы және созылмалы қабыну аурымен гинкелогта бақылауда тұрады, 2 ай бұрын қабынуға қарсы ем алған, соңғы етеккірі 1,5 ай бұрын болған.Объективті: жағдайы ауыр, АҚ 100/60 мм сын бағ., тамыр соғысы 108 рет минутына, әлсіз, дене қызуы 37,20 С. Гинекологиялық тексеруде: жатыр аздап ұлғайған, ауырсынусыз, жұмсарған, жатыр мойнына қарай ығыстырғанда ауырсынулы, қосалқылар аймағы ауырсынулы, күмбездері жайылған, жыныс жолдарынан задап қанды бөлінділер. Диагнозыңыз қандай?

| Үзілген жатырдан тыс жүктілік. Геморрагиялық шок+

| Етеккір қызметінің бұзылысы. Қан кету. Геморрагиялық шок

| Жатыр қосалқыларының қабынуының асқынуы

| Үзілген жатырлық жүктілік. Геморрагиялық шок.

| Дисфункционалды жатырдан қан кету.

~ Қайта жүкті әйел мерзіміне жеткен жүктілікпен, қағанақ суының кетуімен перзентханаға келіп түсті. Анамнезінде нәрестенің жіті гипоксиясына байланысты 2 жыл бұрын кесар тілігі отасы болған, босанғаннан кейінгі кезең эндометритпен асқынған.

Амал қандай?

| жіті түрде кесар тілігі отасын жасау+

| босануды қоздыру

| жоспарлы кесар тілігі отасы

| босануды табиғи жолдар арқылы жүргізу

| босануды белсендіру

~ 33 жастағы алғаш жүкті әйел, жүктіліктің 32 апта мерзімінде ес түссіз жағдайда жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді. Күйеуінің айтуына қарағанда жүкті әйелде үйінде құрысулар болған, жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, аяқтарында айқын ісік, АҚ 180/120 мм сын. бағ., анурия. Ұрықтың жүрек соғысы тұйық, 130 рет мин. Жатыр мойны артқа қарай ығысқан, тығыз, жатыр мойны өзегі жабық, қағанақ қуығы бүтін. Диагнозыңыз қандай?

| Жүктілік 32 апта. Эклампсия. Жіті бүйрек жетіспеушілігі. Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы+

| Жүктілік 32 апта. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Жіті бүйрек жетіспеушілігі. Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы

| Жүктілік 32 апта. Гипертониялық криз. Жіті бүйрек жетіспеушілігі. Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы

| Жүктілік 32 апта. Гипертониялық криз. Жіті бүйрек жетіспеушілігі

| Жүктілік 32 апта. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы. Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы

~ 25 жастағы жүкті әйел әйелдер кеңес орны дәрігерінің жіберуімен гинекология бөліміне келіп түсті. Жағдай қанағаттанарлық, шағымдары жоқ. Ультрадыбыстық зерттеудің мәліметтері: бұзылмаған ұрық жұмыртқасы жатыр түтігінің ампулярлы бөлігінде орналасқан. Емдеу амалы қандай?

| Лапаротомия. Ұрық жұмыртқасын түтік бүтіндігін бұзбай алып тастау+

| Лапаротомия. Ұрық жұмыртқасын түтік бөлігімен алып тастау

| Лапароскопия. Түтікті аналық безімен бірге алып тастау

| Лапароскопия. Ұрық жұмыртқасын түтік бөлігімен алып тастау

| Лапаротомия. Ұрық жұмырқасын жатыр түтігін кесу арқылы алып тастау

~ 30 жастағы қайта жүкті әйел әйелдер кеңес орнында: ІІІ жүктілік 30-31 апта. Артериалды гипертензия. Асқынған акушерлік анамнез диагнозымен тіркеуде тұрады. Анамнезінен: алдыңғы екі жүктілігі артериалды қысымның көтерілуімен, ісікпен асқынған. Осы жүкті әйел қандай қауіп тобына кіреді?

| преэклампсия+

| босағаннан кейінгі септикалық аурулар

| мерзімінен асып босану

| анемияның ауыр дәрежесі

| бүйрек жетіспеушілігі

~ 35-36 апталық жүктілгі бар әйел ішіндегі ауырсыну, жыныс жолддарынан қанды бөлінділер шағымдарымен перзентханаға жеткізілді. Жүктіліг гестозбен асқынған. Объективті: жалпы жағдайы орташа дәрежеде, тамыр соғысы 90 рет минутына. АҚ 130/90-140/90 мм сын бағ. Жатыры жүтілік мерзіміне сай ұлғайған, қатайған, нәрестенің жүрек соғысы 160-170 рет минутына, тұйық. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны сақталған. Жыныс жолдарынан аздап қанды бөлінділер, нәрестенің басы аздап кіші жамбас кіреберісіне орныққан. Сіздің диагнозыңыз қандай?

| Жүктілік 35-36 апта. Преэклампсия. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы. Нәрестенің жіті гипоксиясы+

| Жүктілік 35-36 апта. Преэклампсия. Плацентаның жатуы.

| Жүктілік 35-36 апта. Преэклампсия. Нәрестенің құрсақішілік гипотрофиясы. Жатырдың жыртылуы.

| Жүктілік 35-36 апта. Нәрестенің құрсақішілік гипотрофиясы. Плацентаның жатуы.

| Жүктілік 35-36 апта. Жатырдың жыртылуы. Нәрестенің созылмалы құрсақішілік инфекциясы.

~ 34 жастағы жүкті әйел,перзентханаға жүрек айну, құсу, ішіндегі ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен: бірінші жүктілігі нәрестенің жамбаспен жатуы, босану әрекетінің біріншілік әлсіздігі бойынша кесар тілігі отасымен аяқталған, екінші жүктілігі- асқынусыз медициналық түсікпен аяқталған. Осы жүктілігі үшінші, мерзімі 37 апта. Перзентханаға жүрек айнуға, құсуға, ішінің ауырсынуына шағымданып түсті. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 120/70 мм сын бағ., тамыр соғысы 80 рет минутына, дене қызуы 36,7., нәрестенің жатуы тік, басы кіші жамбас кіреберісіне орныққан, жүрек соғысы 136 рет минутына, анық, ырғақты. Отадан кейінгі тыртық орнында жергілікті ауырсыну бар. Жүргізу амалы қандай?

| жіті түрдегі кесар тілігі+

| күту амалы

| токолитиктерді қолдану

| босануды қоздыру

| жоспарлы кесар тілігі

~ 28 жастағы Л. деген жүкті әйел, жүктіліктің 33-34 аптасы, ауыр дәрежедегі преэклампсиямен, магнезиалды терапия қабылдап жатыр, жүктілікті үзуге дайындалып жатыр. Жағдайы тұрақсыз, АҚ 180/110-130/100 мм сын бағ., мимикалық бұлшықеттердің аздап құрысуы байқалады. Магнезиалды терапияны қанша уақыт жалғастыру қажет?

| босанғаннан кейін 24-48 сағатқа дейін+

| босанғаннан кейін 10-12 сағатқа дейін

| босанғаннан кейін 13-24 сағатқа дейін

| босанғаннан кейін 2 -4 сағатқа дейін

| босанғаннан кейін 7-9 сағатқа дейін

~ 24 жастағы жүкті әйел, перзентханаға отадан кейінгі тыртық орнында ауырсынудың болуына шағымданып түсті. Анамнезінен: бірінші жүктілігі преэклампсия, плацентаның мерзімінен бұрын сылынуына байланысты кесар тілігімен аяқталған. Осы жүктілігі екінші, мерзімі 32-34 апта. Жалпы жағдайы қанағттанарлық, АҚ 120/70 мм сын бағ., тамыр соғысы 80 рет минутына, дене қызуы 36,7. Нәрестенің жатуы тік, басы кіші жамбас кіреберісіне орныққан, жүрек соғысы 136 рет минутына, анық, ырғақты. Отадан кейінгі тыртық орнында жергілікті ауырсыну бар, «ниша» симптомы оң.

Жүргізу амалы қандай?

| жіті кесар тілігі+

| босануды қоздыру

| жоспарлы кесар тілігі

| табиғи жолдар арқылы босандыру

| босануды белсендіру

~ Босану бөлмесінде 25 жастағы босанған әйел жатыр. Босанғаннан кейінгі 2 сағаттан кейін жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 120/80 мм. сын. бағ., тамыр соғысы 80 рет минутына. Жыныс жолдарынан қанды бөлінділер. Жатыр түбі деңгейі қай жерде орналасқан?

| кіндік деңгейінде+

| кіндіктен 2 елі жоғарыда

| қасаға деңгейінде

| кіндіктен 2 елі төмен

| қасағадан 2 елі жоғарыда

~ Босанғаннан кейінгі бөлімде 29 жастағы тұңғыш босанушы әйелде босанғаннан кейінгі 3-ші тәулікте сүт бездерінің қатаюы, сүт сығудың қиындауы болған. 5-ші тәулікте қалтырау, t =39ºC, бастың ауырсынуы, оң жақ сүт бездерінде ауырсыну белгілері пайда болды. Оң жақ сүт безінің сыртқы аймағында жұмсақ ошақтары бар ауырсынулы қатаю пальпацияланады, осы жерде тері қызарған, ыстық. Емізіктерде тілмелер анықталады. Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынулы.

Осы жағдайда қандай амал дұрыс болып табылады? Лактацияны басуға қндай дәрі нәтижелі болып табылады?

| парлодел+

| гипотиазид

| бромкамфора

| фуросемид

| токоферол

~ Босану бөлімінде 32 жастағы босанатын әйел жатыр. Анамнезінен: 4 –ші жүктілігі және 4-ші босануы. Босану ешқандай ауытқуларсыз өтті, жетілген 4500 г. салмақтағы қыз бала туылды. Босанудың үшінші кезеңі белсенді түрде жүргізілді, 10 мин. соң бала жолдасы бөлінді және туылды, жалпы қан шығыны 250 мл. 20 минуттан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер бөліне бастады. Жатыры жұмсақ, сыртқы массаж жасағанда 350 мл. сұйық қан және ұйымалар шықты. Жасалынған шаралардан нәтиже болмағанда және қан кету мөлшері 1000 мл. болғанда, Сіздің амалыңыз қандай?

| лапаротомия, гистерэктомия+

| жатырдың сыртқы массажы

| құрсақ аортасын басу

| жатыр қуысына тампон қою

| жатырды тексеру және жұдырықпен уқалау

~ Апгар шкаласы бойынша 6-7 баллмен туылған нәрестеде шартсыз рефлекстерінің пайда болуы, көз алмасының көлденең нистагмы анықталады. Жүргізу амалы қандай?

| «ана және бала» бөліміне ауыстыру+

| жан сақтау бөліміне ауыстыру

| нәрестенің біріншілік реанимациясын жүргізу

|тыныштандырушы терапия

|аппаратты дем алуға ауыстыру

~ Гинекология бөлімінде 26 жастағы науқас қосалқыларының іріңді қабынуымен жатыр. Осы жағдайда қандай амал көрсетілген?

| іріңді қуысты тазалау және оған антибиотик енгізу+

| қосалқыларды алып тастау

| пирогеналмен терапия

| іш-сегізкөз әдісі бойынша цинкпен электрофорез

| жатырды қосалқыларымен бірге ампутациясы

~ Қынаптық тексеруде науқаста анықталды: сыртқы ернеуі жабық, жатыр аздап ұлғайған, жұмсарған, оң жақ қосалқылар аймағында жұмсақ, ауырсынулы құрылым анықталады, жатыр мойнына қарай қимылдатқанда ауырсыну сезіледі. Болжам диагноз:

| пиовар+

| прогрессирлеуші түтіктік жүктілік

| апоплексия

| созылмалы аднекситтің асқынуы

| аналық без кистасы

~ 26 жастағы науқас, етеккірі 17 жастан аз мөлшерде, сирек. Осы науқаста етеккір бұзылысының қай түрі?

| гипоопсоменорея+

| меноррагия

| метроррагия

| альгодисменорея

| менометроррагия

~ 35 жастағы науқас, әйелдер кеңес орнына ішінің төменгі жағындағы сыздап ауырсынуға, ауырсынудың тік ішекке және бұтаралыққа берілуіне шағымданып келді. Ауырсыну етеккір кезінде күшейеді. Қынаптық тексергенде: жатырдың арт жағында екі жақтанда тығыздылығы қатты элластикалық d=3 см, жатырмен жабысқан құрылым анықталады. Пальпацияда жатыр ауырсынулы. Жүргізу амалы:

| гормонотерапия+

| физиоем

| жатыр қосалқыларын алып тастау

| жатырды қосалқыларымен ампутация

| жатырды қосалқыларымен экстирпация

~ 27 жастағы жүкті әйел әйелдер кеңес орнына жыныс жолдарына крем тәрізді «балықтың» иісі бар көп мөлшердегі бөлінділерге, қынап аймағындағы қышыну, ашуға шағымданып келді. Жүргізу амалы:

| антибиотиктер+эубиотиктер+

| физиоем

| антисептикалық ерітінділермен спринцерлеу

| саңырауқұлаққа қарсы дәрілер

| вирусқа қарсы терапия

~ 25 жастағы әйел 5 күннен бері жыныс жолдарынан іріңді бөлінділердің бөлінуіне, кіші дәретке шыққанда ауырсыну сезімінің болуына шағымданады, дене қызуы қалыпты. Жыныстық қатынаста үнемі емес, тұрақты қатынаста болатын адамы жоқ. Айнамен қарағанда: жатыр мойнымен қынабы қызарған, «іріңді лента» түріндегі көп мөлшердегі кілегейлі-іріңді бөлінділер. Бимануалды тексергенде: жатыры және қосалқылары ұлғаймаған, ауырсынусыз. Қандай тексеру аурудың этиологиясын анықтауға көмектеседі?

| бактериоскопиялық зерттеу+

| кіші жамбас мүшелерінің УДЗ

| биопсия

| кольпоскопия

| гистологиялық зерттеу

~ 25 жастағы әйел 5 күннен бері жыныс жолдарынан іріңді бөлінділердің бөлінуіне, кіші дәретке шыққанда ауырсыну сезімінің болуына шағымданады, дене қызуы қалыпты. Жыныстық қатынаста үнемі емес, үнемілік қатынаста болатын адамы жоқ. Айнамен қарағанда: жатыр мойнымен қынабы қызарған, «іріңді лента» түріндегі көп мөлшердегі кілегейлі-іріңді бөлінділер. Бимануалды тексергенде: жатыры және қосалқылары ұлғаймаған, ауырсынусыз. Болжам диагноз:

| гонорея +

| трихоманиаз

| бактериалды вагиноз

| вагинальды кандидоз

| хламидиоз

~ 32 жастағы науқаста гинекология бөлімінде «Фолликуланың персистенциясы типі бойынша ановуляторлы жатырдан қан кету» диагнозымен жатыр. Осы кездегі гиперэсрогенияда ... бөлінуі тежеледі.

| фолликулостимулдаушы гормонның+

| прогестеронның

| ингибиннің

| хорионалды гонадотропиннің

| лютеиндеуші гормонның

~ 32 жастағы науқаста гинекология бөлімінде «Фолликуланың персистенциясы типі бойынша ановуляторлы жатырдан қан кету» диагнозымен жатыр.Фолликул персистенциясы кезіндегі эндометридің морфологиясына тән:

| гиперплазия+

| секреция

| атрофия

| регенерация

| пролиферация

~ 52 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, тәулігіне 10 ретке дейінгі тасуға, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне, ұйқының бұзылуына, ашуланшақтық жағдай, қорқыныш, үрей сезімінің болуына, тітіркенгіштіктің жоғарылауына, шағымданғыштықтың болуына шағымданады. Соңғы етеккірі 10 ай бұрын болған. Әйелдер кеңес орнында: климактерикалық синдром деген диагноз қойылған. Қандай шараны қолдану нәтижелі болады:

| орын басушы гормональді терапия+

| диета және су процедуралары

| емдік дене шынықтыру

| гомеопатикалық дәрілер

| қосарланған оральді контрацептивтер

~ 25 жастағы Л. деген науқас етеккір келерден 5 күн бұрын жағдайның нашарлағынына: дене салмағының артуына, сүт бездерінің қатаюы және ауырсынуына,тітіркенгіштік, мазасының болмауына, бас ауырсынуына шағымданады. Етеккір бастала салысымен аталған шағымдар өздігінен жоғалады. Гинекологиялық зерттеуде патологиялық өзгерістер анықталмаған. Диагноз: Етеккір алдындағы синдром. Осы жағдайда қандай гормон этиологиялық факторға кіреді?

| прогестерон+

| эстроген

| андроген

| глюкокортикоидтар

| кортизол

~ 15 жасар науқас гинекологиялық стационардан: Ювенильді жатырдан қан кету диагнозымен шығарылды. Қан кетуді тоқтату мақсатында, гормоналды гемостаз ретінде Новинет сызбасы бойынша қолданған. Әрі қарай сіздің амалыңыз

| емді Новинетпен жалғастыру+

| циклдік витаминдік ем

| физиоем

| диспансерлік тіркеуге алу

| симптоматикалық емді жалғастыру

~ 15 жасар қыз әйел кеңес орнына етеккірінің жоқтығына шағымданып келді. Тексеру нәтижесінде жатырдың жоқтығы анықталған. Даму ақауы қалай аталады?

| аплазия+

| атрезия

| агенезия

| гипоплазия

| гинатрезия

~ 6 жасар қызда сыртқы жыныс мүшелерінің қышынуы, ауырсынуы, кіші дәреттен кейін ашып ауырсыну сезіміне шығымданады. Диагноз қойылды: Бейарнамалы вульвовагинит. Бұл ауруды емдемесе, қандай асқыну дамуы мүмкін?

| синехиялар+

| келлоидты тыртық

| кандилома

| полип


| қынап атрезиясы

~ 6 жасар қызға: Аллергиялық вульвовагинит болжам диагнозы қойылды. Сіздің амалыңыз қандай?

| иммуномодуляторлар , десенсибилизациялаушы дәрілер, булаушылар+

| антибиотиктер, қызыл маймен тампондар

| гормондар, зәр айдаушы дәрілер, қызыл маймен тампондар

| витаминдер, антибактериалды маймен тампондар

| токолитиктер, зәр айдаушы дәрілер, антибактериалды маймен тампондар

~ 45 жастағы әйел: жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділерге, іштің төменгі жағында толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Жатыр қуысын диагностикалық мақсатпен қырғанда кюретканың «сырғу»симптомы анықталды. Сіздің диагнозыңыз қандай?

| интрамуралды миома, жатыр қуысына қарай өсуі+

| ұрық қалдығының қалуы

| синехиялар

| жатырдың даму ақауы

| эндометри полипі

~ Науқас З. 40 жаста, шағымдары: іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауру сезімі, жыныс жолдарындағы көп мөлшердегі қанды бөлініс. Анамнезінен: жатыр миомасымен 5 жылдан бері бақылауда тұрады. Айнамен қарағанда: жатыр мойны өзгерген диаметрі 6 см жіңішке аяқшалы түзіліс көрінеді. Қынаптық тексергенде: жатыр қалыптыдан үлкейген, қозғалмалы, сезімтал, қосалқылары анықталмайды.Сіздің диагнозыңыз қандай?

| туылған субмукозды миоматозды түйін+

| жатыр мойнының миомасы

| цервикальді өзектің полипі

| жатыр мойны рагі

| жүрістегі түсік

~ Науқас 35 жаста. Шағымдары: жалпы әлсіздік, етеккірдің 1-ші күннен бастап көп мөлшердегі қанды бөліністер. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны цилиндірлік пішінді,ернеу жабық, жатыр жүктіліктің 8-9 аптасына сай ұлғайған, тығыз, қозғалмалы, аурырсынусыз, қосалқылары анықталмайды. Емдеу амалы қандай?

| жатыр қуысын қыру+

| жатырдың қынап үстілік ампутациясы

| cимптоматикалық ем

| жатыр эктерпациясы

| эстроген-гестагенді препараттары

~ Гинекологиялық стационарға 30 жастағы науқас түсті.Тексеруде клиникалық диагнозы : Аналық без кистомасы. Науқас операциялық емге келісім берді. Құрсақ қуысын ашқанда,сол жақ аналық безде жұқа қабырғалы киста, жылтыр, тегіс беткейлі, көлемі 12х10. Қандай көлемдегі операция жасалынады?

| цистэктомия+

| қынап үсті қосалқыларымен бірге ампутациясы

| цистэктомия, оң жақты овариоэктомия

| қынап үстілік сол жақ қосалқыларымен жатыр ампутациясы

| жатыр экстрипациясы сол жақ қосалқыларымен

~ Әйелдер кеңес орнына жыныстық қатынаста болмаған 25 жасар әйел келді. Соңғы аптада ішінің төменгі бөлігінде ауырсыну сезімі байқалған. Ректалды тексеруде: жатырдың алдыңғы бетінде көлемі 8-7-6 см, қозғалмалы, тегіс беткейлі, консистенциясы тығыз эластикалы түйін анықталды. Қандай амал жалғасады?

| УДЗ-ге жіберу+

| стационарға жіберу

| жыныстық инфекцияларға тексеру

| гормондардын деңгейін анықтау

| онкоцитологияға жағынды алу

~ Әйел 18 жаста, 37-38 апта мерзіміндегі бірінші жүктілікпен перзентхананың қабылдау бөліміне өздігінен келді. Шағымдары: бас ауруы, жүрек айнуы, асқазан тұсының кернелуі және аяқтарының ісінуінің бірден күшеюі. Жүктілік бойынша әйелдер кеңесінде есепте тұрмайды. Анамнезінен: бұрын мұндай шағымдар мазаламаған, аяқтарының ісінуі соңғы айда пайда болған. Объективті: АҚҚ 170/100 мм с.б.б., бетінің айқын ісінуі, аяқтарында жайылған ісіктер байқалады.

Қабылдау бөлімі дәрігерінің іс-әрекеті қандай болуы керек?

|қабылдау бөлімінде интенсивті терапия жүргізіп, реанимация бөліміне жатқызу+

| жүкті әйелдер патологиясы бөліміне жатқызу

| реанимациялық бөлімге жатқызу

|гипертониялық кризді қайтарғаннан кейін жүкті әйелдер патологиясы бөліміне жатқызу

| гипертониялық кризді қайтарғаннан кейін әйелдер кеңесіне жіберу

~ Жүкті әйел, 20 жаста, әйелдер кеңесінде дәрігердің қабылдауында еріксіз зәр шығарып, есінен танып, еденге құлап түсті. АҚҚ 120/80 мм с.б.б., пульсі минутына 92 соққы, аяқ-қолдарын көтергенде ұстап тұра алмайды. Тыныс алу жиілігі минутына 24. Қарау кезінде аузынан көбік бөлініп, тонико-клоникалық ұстама орын алды.

Бірінші кезекте қандай дәрі-дәрмекті қолданылады?

| реланиум+

| магний сульфаты

| лазикс

| ГОМК


| кордиамин

~ Әйел 23 жаста, 2-3 апталық жүктілікпен, оң жақ мықын аймағының қатты ауырсынуына, құсуына шағымданып, әйелдер кеңесіне келді. Қарағанда: температурасы 37,80С, пульсі минутына 98соққы, тілі құрғақ, жабындымен жабылған. Жатыр түбі кіндіктен көлденең екі саусақ жоғары пальпацияланады. Іштің оң жағында, әсіресе төменгі бөліктерінде бірден ауырсыну, құрсақ бұлшықеттерінің қорғаныс тітіркенуі байқалады. Щеткин-Блюмберг, Ситковский симптомдары оң мәнді. Болжам диагнозы қандай?

| жіті аппендицит+

| жіті андексит

| жіті холецистит

| жатырдан тыс жүктілік

| оң жақ бүйрек шаншуы

~ 7 жасар қыздың шағымы: қынаптан ретсіз қанды бөлінділер байқалды. Тексеруден кейінгі қойылған диагноз: Гормон бөлуші аналық бездің ісігі. Сіздің амалыңыз қандай?

| оперативті ем+

| гормоналды ем

| химиоем

| симптоматикалық ем

| саулелік ем

~ 25 жастағы Л. деген науқас етеккір келерден 5 күн бұрын жағдайның нашарлағынына: дене салмағының артуына, сүт бездерінің қатаюы және ауырсынуына,тітіркенгіштік, мазасының болмауына, бас ауырсынуына шағымданады. Етеккір бастала салысымен аталған шағымдар өздігінен жоғалады. Гинекологиялық зерттеуде патологиялық өзгерістер анықталмаған.Қандай синдром туралы айтылған?

| предменструальды+

| климактерикалық

| посткастрационды

| аналық бездерінің біріншілік поликистозы

| аналық бездерінің екіншілік поликистозы

~ 22 жастағы босанған әйел, босанғаннан кейінгі 4 тәулікте нәрестесімен бірге қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылып жатыр, нәрестені тек емшек сүтімен қоректендіреді. Шығарылғаннан кейін оған контрацепцияның қай түрін ұсынуға болады?

| лактационды аменорея әдісін+

| қосарланған оральді контрацептивтер

| ырғақты әдісті

| тосқауылды әдісті

| жатырішілік контрацепцияны

~ Нәрестеде босанғаннан кейінгі 4-ші тәулікте кіндік жарасынан серозды бөлінділер, жеңіл қызару, кіндік сақинасының аздап инфильтрациясы анықталады. Жүргізу амалы қандай?

| кіндік сақинасын жергілікті өңдеу+

| антибактериальды терапия

| инфузионды терапия

| хирургиялық ем

| физиоем

~ Науқастың кіші ернеуінде ауырсынулы сұр-сары жабындымен жабылған жара анықталады. Болжам диагнозы қандай?

| генитальды герпес+

| шиқан


| біріншілік мерез

| крауроз



| сыздауық



жүктеу 287,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау