|
4 дәріс. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу
|
бет | 2/2 | Дата | 20.10.2022 | өлшемі | 26,21 Kb. | | #39751 |
| 4 апта Жумагалиева КарақатПенмаус шарикті автоқаламға ұқсас, оның ұшындағы жазу түйірінің орнына жылжу мөлшерін тіркейтін түйін (торап) орналастырылған.
Инфрақызыл маустың әдетгегі маустан айырмашылығы — оның жүйелік блокпен өткізгіш сымсыз байланыс құрылғысы болуында.
Джойстик(терте) — кішкене рычагты манипуяятор, ол экрандағы жылжитын объектілерді басқару үшін қолданылатын енгізу құрылғысы.
Графикалык деректерді енгізу құрылғысы.
Графикалық ақпаратты енгізу үшін, сканерлерді. графикалық планшеттерді (дигитайзерлерді) және цифрлық фотокамераларды қолданады. Сканерлердің көмегімен таңбалық ақпаратты да енгізуге болады. Бұл жағдайда алғашқы деректер графикалық түрде енгізіледі, бейне тану бағдарламалары оны өндейді.
Планшетті сканерлер келесі принцип бойынша жұмыс істейді: арнайы элементтер
материалдың бетінен шағылған жарық сәулесін белгілейді.
— Қол сканерлерінің планшетті сканерден айырмашылығы, созу қолмен орындалады.
Бұл жағдайда бір қалыптылығы мен дәлдігі жеткілікті дәрежеде болмайды.
— Барабандық сканерлер. Бұл типті сканерлерде алғашқы материал өте жоғары жылдамдықпен айналатын барабанның цилиндр сияқты бетіне бекітіледі. Өте жоғарғы сапалы сканерлеуге жетуге болады.
Штрих-сканері. Бұл штрих-код түрінде кодталған деректерді енгізуге арналған қол сканерінің бір түрі. Саудада қолданылады,
Формалар сканерлері «қолдан» толтырылған стандартты формалардан деректерді енгізуге арналған құрылғы. Сканердің бұл түрі халық санағын жүргізгенде, сайлау нәтижелері мен анкет мәліметтерін өндеуде қажет болады. Сканерлеудің жоғары дәлдігі керек емес, тез әрекеттілігі — оның негізгі параметрі.
Графикалық планшеттер (дигитайзерлер)- көркемдік графикалық ақпараттарды енгізуге арналған.
Цифрлық фотокамералар. Олар сканерлер сияқты графикалық деректерді қағаз бетінен емес, тікелей қоршаған ортадан қабылдайды.
Пернетақта (Клавиатура)
Пернетақта — компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 102 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылғысы болып табылады.
Пернетақтаның әрекеттерінің принциптері:
1. Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.
2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар үзу береді.
3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, үзу нөмірі бойынша үзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.
4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.
5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.
Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікке бөлуге болады:
басу пернетақтасы (алфавитті-цифрлық және таңбалық пернелер)
функционалды пернелер: Ғ1 -Ғ12
арнайы операциялар пернелері: Еntег, Еsс, Таb6, Сtгl, Аlt, ВаскSрасе
меңзерді басқару және редакциялау пернетақтасы
сандық пернетақта.
Функционалдық пернелер — олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар коипьютердің күрделі операцияларын тез орындайды. Әр түрлі программаларда әр түрлі қызмет атқарады.
Символдық пернелер — пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.
Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Цифрлық-қосымша пернетақта. Nam Lоск арқылы қосылып ажыратылады.
Еntег -енгізу пернесі-белгілі бір әреккетті аяқтағанда басылады.
Бос орын-символдарды бір-бірінен ажыратады.
немесе ВаскSрасе пернесі алдыңғы символды өшіреді.
Shift бұл кіші әріптерді үкен етуге және керісінше орындауға болады.
Сарs Lоск — үлкен әріптер енгізіледі.
Dеlеtе — меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.
Кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады-Сtгl Аlt.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|