6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қол аспаптары мен өрт сөндіру техникалық құралдар(өрт сөндіргіш, мотопомпа, бензинмоторлы ара, жарылғыш зат, антипирен, химикаттар) көмегімен орман өртін сөндіру. Өрт сөндірушіге бекіген парашют, түсіру құрылғысы, парашют-десанттық, жорықтық керек-жарақтар, өрт сөндірудің техникалық құралдарының жұмысқа даярлығын, жөнделуін, сақтығын қамтамасыз ету. Орман өртін сөндіруге даяр емес алаңдарға парашютпен секіру, ұшақ пен тікұшақтан түсіру құрылғылар көмегімен түсу. Көршілес авиаөртсөндіру топтарымен, ұшақ(тікұшақ) экипажымен, авиабөлімшемен радиобайланысты қамтамасыз ету. Физикалық, теориялық, іс жүзіндегі дайындықты жетілдіру, парашютпен үйрету және тәжірибе мақсатында секіру, түсіру құрылғыларын пайдаланып түсу. Өрттің шығу деңгей жоғары уақытта орман өрті орын алмағанда және маусымаралық кезеңдерде – авиабөлімшеде кезекшілікте болу, шаруашылық-құрылыс жұмыстарын жүргізу, парашют-десанттық және жорықтық керек-жарақтарды, өрт сөндірудің техникалық жабдықтарын жөндеу. Өртке қарсы іс-шараларға, орман өрттерінің шығу себептерін анықтауға, өрттің шығуына кінәлілерді табуға қатысу.
Білуге тиіс: қол құралдары, өрт сөндірудің техникалық аспаптары мен жару жұмыстарын қолданып орман өртін сөндірудің әдіс-тәсілдерін; авиаөрт сөндіру тобының парашютшы(десантшы)-өрт сөндірушінің жұмысын регламенттейтін ережелер мен нұсқаулықтарды; парашют, түсіру құралдары, өрт сөндірудің техникалық құралдарының материалдық жағын, қолдану, сақтау мен жөндеу ережелерін және олармен жұмыс істегендегі техникалық қауіпсіздік ережелерін; авиабөлімшеде қолданылатын жүк парашюттарын салу мен жинақтау ережелерін; авиаормансақтау жұмыстарын жүргізу мен технологиясын.
Орташа кәсіптік білім қажет.
Орман өртін сөндіргенде, шаруашылық-құрылыс т.б. жұмыстарда жедел топтың жұмысшылары мен жұмылдырылған жұмысшыларды басқарғанда, олардың техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзбауын қадағалауды жүзеге асырғанда, орман өртін сөндіруде жаңа техника мен технологияларды енгізу жұмыстарын ұйымдастырғанда-7-разряд.
Ескертпе. Орман өрттерінің орталықтарына түкенде тікұшақтан түсіру құралдарын қолданған өрт сөндірушілер «Десантшы-өрт сөндіруші» деп аталады.
14. Ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш шырынын ағызудағы көмекші жұмысшы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сыпырғыш пен сыпыртқыларды жасау, мүк даялау. Маттарды өру. Шабу, сал байлайтын орынды қабықтардан, қиындылардан, қоқыстан, қардан тазарту. Қатарларды қардан тазалау. Дөңгелек ағаштарды, томарларды осмолға шапқанда, шпал аралағанда және басқа жұмыстардан қалған қалдықтардан тазарту. Қалдықтарды арнайы орынға жинау, үйіп, өртеу. Аммонитті мөлшерлеп орау үшін крафт қағазынан немесе қағаз қаптардан пакет жасау, аммонитті пакеттерге бөліп салу. Ағаш ағызуда әр түрлі күрделі емес, қосымша, дайындық жұмыстарына қатысу. Разряды жоғарырақ ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш шырынын ағызудағы көмекші жұмысшының қадағалауымен басқа да ағаш дайындау, ағаш ағызу жұмыстарын жүргізу.
Білуге тиіс: сыпыртқы, сыпырғыш жасаудың, мүк даярлаудың, ағаш ағызуда қосымша жұмыстарды атқарудың тәсілдерін; ағаш дайындау мен ағаш ағызу жұмыстарынан қалатын қалдықтарды тазартудың, қатарларды қардан тазартудың ережелерін; аммонитті салуға арналған пакеттерді жасауға техникалық шарттарды; талдарды шабудың ережелерін; қолданылып жатқан құралдарды пайдалану ережелерін.
15. Ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш шырынын ағызудағы көмекші жұмысшы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сақтықпен қаралатын заттарды(сұйықтық, отқауіпті және улы заттар т.б.), күлдей материалдарды(үгілетін цемент, ұсақталған әк, гипс, улыхимикаттар т.б.) арту, түсіру, салу, оларды арбада тасымалдау, шаналар мен жеткізіп салатын құрылғыларда тасымалдау. Каррожабдықтар мен ағаш қазықшаларды жасау мен жөндеу. Ағызуға арналған орман аумағына каррожабдықты тасымалдау, жұмыс аяқталғаннан соң оны әкету және сақтау орындарына жеткізу. Сумайжылыту құрылғысына жанармай құю, су мен майды жылыту, қолданылып жатқан машиналарға маусымның суық кезеңінде жанармай құю, ағаш шабуда сумайжылыту жабдығын күту.
Білуге тиіс: ерекше сақтықты қажет ететін жүктерді және күлдей материалдарды тиеу, салу, шығару, тасу тәсілдерін; жүкті қабылдағанда ілеспе құжаттарды рәсімдеу тәртібін; жүктерді іріктеу тәртібін; каррожабдығын жасау мен жөндеудің техникалық шарттарын.
16. Ағаш дайындау жабдықтарын жөндеу слесарі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орман шаруашылық, ағаш даярлау құралдарының агрегаттарын, түйіндерін, электро-, гидрожабдықтарын, және қозғалтқыштарын, бақылау-өлшеу және арнайы аспаптарды, орман шаруашылық және ағаш даярлау жұмыстарына арналған машиналарды (трактор, ағаш даярлау машиналары, шығырлар, бұта кесу машиналары, салу құралдары мен крандарды) шабу машиналарын, қозғалмалы электростанцияларын, жол-құрылыс машиналарын, ағашты атыраулық топтастыру агрегаттарын, техникалық қызмет көрсетудің стационарлы және қозғалмалы құралдарын, әр түрлі маркалы бұта кесу құрылғыларын, тағы басқа да қолданылып жатқан машиналар мен жабдықтарды жөндеу, бөліктеу, сынау және оларға техникалық қызмет көрсету. Қолданылып жатқан аспаптарды, электромеханизмдер, станоктар, іріктеу құрылғыларын ткелей өндіріс орындарында, орман шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде, ағашты дайындағанда, ағызғанда жөндеу мен реттеу.
Білуге тиіс: орман шаруашылық, ағаш дайындау, жол-құрылыс машиналары, қолданылып жатқан құралдар, бақылау-өлшеу және арнайы аспаптардың құрылымы мен құрастыру ерекшеліктерін; қызмет көрсетіліп жатқан механизмдер, машиналар, жабдықтарды жөндеу және реттеу ережелерін; ағаш дайындау машиналарын сынау әдістері мен тәртібін, олардың ақауларын табу мен түзету тәсілдерін; сынау стендері мен диагностикалық жабдықтың құрылымын; ағаш дайындау машиналары мен жабдықтарына жоспарлы техникалық қызмет көрсетулер мен ағымдағы жөндеуді өткізудің ережелерін.
17. Ағаш дайындау жабдықтарын жөндеу слесарі
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орман шаруашылық, ағаш шабу құралдарының күрделі агрегаттарын, түйіндерін(трактор, ағаш даярлау машиналары, шығырлар, бұта кесу машиналары, салу құралдары мен крандарды), шабу машиналарын, техникалық қызмет көрсетудің стационарлы және қозғалмалы құралдарын, топтастыру агрегаттарын, әр түрлі маркалы бұта кесу құрылғыларын және басқа да ағаш дайындау жабдықтарын тікелей өндіріс орындарында, шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде, ағаш дайындағанда, ағаш ағызғанда техникалық қызмет көрсету, жөндеу, бөлшектеу, құрастыру, реттеу, сынау. Ағаш дайындау машиналарын, жабдықтарды, тракторлар және топтау агрегаттарына техникалық қызмет көрсету, ұзақ сақтауға қою. Ағаш дайындау машиналарын және жабдықтарын полигондарда жөндеу, құрастыру, қалпына келтіру, реттеу, кешенді сынақтар өткізу, техникалық талаптар бойынша қолдануға тапсыру. Қолданылып жатқан машиналар агрегаттары мен түйіндерінің электржабдықтарының ақауларын анықтау, жөндеу және реттеу. Қабылдау-тапсыру құжатнамасын рәсімдеу.
Білуге тиіс: ағаш дайындау машиналары, технологиялық, диагностикалық жабдықтардың құрылымы, құрастыру ерекшеліктері, кинематикалық және электрлік сызбаларын; ағаш дайындау машиналары мен жабдықтарының техникалық күйін бағалау әдістерін, ескірген тетіктерін қайта қалпына келтіру және беріктендіру тәсілдерін; ағаш дайындау машиналары мен жабдықтарына диагностика өткізу, техникалық қызмет көрсету, жөндеудің әдістерін, оларды ұзақ мерзімге сақтауға қою.
18. Ағашты шабу, тасу дайындығындағы тракторшы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қозғалтқыш қуаты 73,5 кВт (100 л.с.) дейін тракторларды, тарту жабдықтарын және әр түрлі жүйенің топтау агрегаттарын басқару: ағаш шабуды дайындағанда, ағаш жару, ағаш тиеу пунктарда, жоғарғы, орталық құралдарда жүктің барлық түрін(соның ішінде, арнайы және басқа үлкен емес жүктерді) тасымалдағанда, ағаш жару орындарынан ағашты шығарғанда; ағашты тиегенде және қатарлағанда; ағаш жару орындарын шабылған қалдықтардан, бұтақтар мен ағаш бастарынан тазартқанда; ағаш тасу жолдарын, ағаш тиеу орындарын тазартқанда; ағашты атыраулық топтауда және ағашты суға салғанда. Қозғалтқыш қуаты әр түрлі, қалдықтарды артудың механизацияланған құралдарымен жабдықталмаған, әр түрлі жүйе тракторлары негізіндегі қозғалмалы шабу және тасымалдау машиналарын басқару. Қолданылып жатқан машиналар, механизмдер, жабдықтарды реттеу, ақауларын анықтау және жою. Тракторларды, тарту жабдықтарын, шабу машиналарын, топтау агрегаттарына техникалық қызмет көрсету. Тракторлар, тарту жабдықтары, шабу машиналары, топтау агрегаттары, олардың тіркеме және аспалы құралдарын жөндеу.
Білуге тиіс: трактор, тарту жабдықтары, шабу машиналары, топтау агрегаттарының, олардың тіркеме және ілме жабдықтарының құрылымы мен құрылысын; трактор, тарту жабдықтары, шабу машиналары, топтау агрегаттарының қозғалтқыш, электро-, пневмо- және гидрожабдықтарының құрылымы, жұмыс істеу принципі, реттеудің ережелерін; ағашты шабудың ең дұрыс тәсілдерін; томарларды тамырымен жұлуды; ағаш шабуда жүктердің қозғалуы мен тасу ережелерін; отынның негізгі түрлері мен майлау материалдарының сорттарын; қолданылып жатқан ағаш дайындау машиналары, механизмдер, жабдықтардың ақауларын табу және жөндеу әдістерін, дабыл қағу жүйесін; шабу машиналарында пышақтарды орналастыру ережелерін; технологиялық жоңқаға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды.
Ағаш дайындағанда, осмол даярлау үшін томарларды жұлғанда қозғалтқыш күші 73,5 кВт (100 л.с.) асатын тракторды басқарғанда, ағаш, томарды бұталағанда, ағаш дайындау орнынан қоқыстарды шығарғанда кез келген қозғалтқыш күшті тракторды басқарғанда; кез келген қозғалтқыш күшті тракторлар негізінде құрылған, қалдықтарды салу механизациясы жабдықтары орнатылған қозғалмалы шабу машиналарын басқарғанда, шыбық пен ағаштарды бұталауға қатысқанда -6-разряд.
1986 жылы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары және бөлімдері бойынша олардың атауларын көрсете отырып, осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптері атауларының ТІЗБЕСІ
№ р/с
|
Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы
|
Раз-ряд-тар диа-пазо-ны
|
2002 жылы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымы және бөлімдері бойынша кәсіптер атауы
|
Раз-ряд-тар диа-пазо-ны
|
БТБА шы-ғары-лым
№
|
Бөлімнің қысқар-тылған атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
Аңшы
|
3-5
|
-
|
-
|
0
|
-
|
2.
|
Ағаш дайындау өндірісі мен ағаш ағызу бақылаушысы
|
3-5
|
Ағаш дайындау өндірісі мен ағаш ағызу бақылаушысы
|
3-5
|
37
|
Ағаш ағызу
|
3.
|
Орманшы
|
2-6
|
-
|
-
|
0
|
-
|
4.
|
Машинист- краншы
|
4-7
|
Машинист-краншы
|
4-7
|
37
|
Ағаш дайындау жұмыстары
|
5.
|
Парашютшы
(десантшы)- өрт сөндіруші
|
6-7
|
Парашютшы
(десантшы)- өрт сөндіруші
|
6-7
|
37
|
Орман-авиация-лық күзеті
|
6.
|
Ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш шырынын ағызудағы көмекші жұмысшы
|
1-2
|
Ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш шырынын ағызудағы көмекші жұмысшы
|
1-2
|
37
|
Ағаш дайындау жұмыстары
Ағаш ағызу
Ағаш шырынын ағызу
|
7.
|
Ағаш дайындау жабдықтарын жөндеу слесарі
|
5-6
|
Ағаш дайындау жабдықтарын жөндеу слесарі
|
5-6
|
37
|
Ағаш дайындау жұмыстары
|
8.
|
Ағашты шабу, тасу дайындығындағы тракторшы
|
5-6
|
Ағашты шабу, тасу дайындығындағы тракторшы
|
5-6
|
37
|
-"-
|
«АҒАШ ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ» бөлімі
1. Ағаштарды шабушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ағаштар, шөпшекті және басқа ұсақ ағаштар мен талдарды бекітілген мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес әр түрлі бензомоторлы аралармен аралау. Ағаш тасымалдауға жолдар, ағаш тиеу алаңдарын, ағаш шаруашылығының қоймаларын дайындағанда ағаштар мен томарларды шабу.
Ағаш шабу алаңдарында редукторсыз бензомоторлы аралармен ағаштарды құлату, бұтақтарды кесіп тастау, талдарды белгілеу, сортименттерді шабықтау жұмыстарын жүргізу. Әр түрлі бензомоторлы араларды, құлату гидравликалық клин мен басқа қосалқы аспаптарды жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету, ара шынжырларын ауыстыру, тазалау, майлау және жанармай құю. Ағаштарды құлатқанда – аралайтын ағаш маңын даярлау.
Білуге тиіс: әр түрлі бензомоторлы аралар мен құлату гидравликалық клиндерінің құрылымы мен қолданылуын; ағашты шабу орындарын ұйымдастырудың ережелері мен сызбаларын; шабуға ағаш таңдау ережелерін; дайындайтын сортименттерге техникалық талаптар; талдарды сортименттерге дұрыс бөлу тәсілдерін; ағаш құлату, бұтақтарды кесіп тастау, бұталарды белгілеу, сортименттерді шабықтау жұмыстарын жүргізудің дұрыс амалдарын; ағаш материалдарына мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар; ара шынжырларын және басқа кесу аспаптарын қайрау ережелерін; ағаш шабуда жұмыс орнын даярлаудың ережелерін.
2. Ағаш тасушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ағаш, орманхимия өнімдерін, томарлар мен каррожабдықтарды және т.б. орманнан атты шаналар, арбалармен тиеу және соңғы аялдамаларға тасу. Оларды тиеу, буу, түсіру, қатарлау немесе үю. Арбалар, шаналарды, әбзелдерді жөндеу. Аттарды күту.
Білуге тиіс: атқа, шана, арбаға түсетін жүктемені; жүктерді салу, байлау, түсірудің тәсілдерін; қоймалардағы қатарлардың орналасу сызбасы мен оларға ағаш материалдарын салу ережелерін; аттарды күту ережелерін; аттарды тамақтандырудың нормалары мен уақытын, мал дәрігерлігінің негіздерін.
3. Ағаш жарушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ағаш жару орындарынан басқа өндіріс орындарында отынды қолмен балтамен, сынамен шабу. Қол араларымен ағашты аралау. Отынды тасу, іріктеу, салу. Балта мен қол араларын қайрау және жану.
Білуге тиіс: отынды қолмен жару мен аралаудың амалдарын; ағаш түрлерін; отын көлемін, оны салудың тәртібін; балта мен қол араларын қайрау мен жанудың амалдарын.
4. Ағаш жарушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Механикалық колундардың барлық түрінде отынды, осмол, балансты жару, механикалық және электр жетектегі аралармен отынды аралау. Механикалық колун мен механикалық және электр жетектегі араларды қосу, тоқтату, реттеу, ағымдағы жөндеуден өткізу. Ағаш өнімдерін тасымалдау, іріктеу, салу.
Білуге тиіс: отын механизациялы жарудың тәсілдерін; ағашты механизациялы шабудың тәсілдерін; механикалық немесе электр жетекті механикалық колундар мен аралардың құрылымы мен қолдану ережелерін, олардың механизмдерін майлау тәсілдерін; ағаш өнімдеріне мемлекеттік стандарттар.
5. Даярлаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қабық пен қабақты түсіру, шабылған бұталардан қылқанжапырақтарды дайындау, іріктеу, бумаларға буу, бумаларды салу. Шыбық пен таяқтарды қолмен дайындау, оларды іріктеу, бумаларға жинау, тасымалдау және қатарлау. Қол сайманымен шыбықтар мен таяқтарды қабықтау. Қайың(моншаға арналған) сыпырғыштар мен қайың сыпыртқыларын жасау. Мелиоративті фашиналарды жасау. Қатқан мен маттарды өру. Ағаш өнімдерін қатарлау. Мүк дайындау. Сыпыртқы жасауға қонақ жүгеріні дайындау. Қол саймандарын қайрау және жану. әзірлеу.
Білуге тиіс: қабық, қабақ, қылқанжапырақ, шыбық, таяқ, сыпыртқы, сыпырғыш, фашина, қатқан, мат, мүкті даярлауға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; оларды даярлаудың, өңдеудің, орау мен сақтаудың тәсілдерін; қол саймандарымен қолдану ережелерін.
6. Даярлаушы
3-разряд
Жұмыстар сипаттамасы. Өсіп тұрған және шабылған ағаштардың қабығын түсіру. Қабықтарды жинау, іріктеу, кептіру, салу және престеу. Мочал даярлау(сулау, қабықтан тазарту, кептіру, іріктеу, бумаларға байлау) өсірп тұрған және шабылған ағаштардан қылқан жапырақтар дайындау. ын тазалау. Қонақ жүгеріден сыпырғыш жасау.
Білуге тиіс: қабық, мочал, қылқан жапырақ, қонақ жүгеріден сыпырғыш жасаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттарын; қабық пен мочалды дайындау, өңдеудің тәсілдері мен әдістерін.
7. Даярлаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өсіп тұрған ағаштар мен бұталардан, дәрілік шөптер, жемістер, жидектер, саңырауқұлақтан дәрілік шикізат дайындау(жинау, іріктеу, кептіру, салу, сақтау).
Білуге тиіс: Дәрілік шикізат, шөптер, жемістер, жидектер, саңырауқұлақтарға техникалық шарттар, мемлекеттік стандарттар, дайындау, өңдеу, орау, сақтаудың әдіс-тәсілдерін.
8. Ағаш тасымалындағы жүкшығыршы жұмысшы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электрқозғалтқыш немесе іштен жану қозғалтқыш жетектегі әр түрлі шығырларды ағаш, шыбықтарды тасымалдағанда, таудан түсіргенде басқару, техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеуден өткізу, құрастыру, бөлшектеу, сынақтан өткізу. Тасымалдау шығыршығының жетек механизмдерін реттеу, іске қосу, тоқтату, ақауларын анықтау және түзету. Шығыршықтарға техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеуден өткізу. Шығыршықтарды құрастыру мен бөлшектеу, оларды сынау. Жасалған жұмысты тіркеу журналын жүргізу.
Білуге тиіс: электрқозғалтқыш немесе іштен жану қозғалтқыш жетектегі әр түрлі шығырлардың пайдалану мақсатын, құрылымын, жұмыс істеу принципін, қозғалу мен бекіту ережелерін, ақауларын жою тәсілдерін, құрастыру мен бөлшектеу ережелерін; ағаш шабу орындарын әзірлеу сызбасын.
9. Ағаш тасымалындағы жүкшығыршы жұмысшы
6-разряд
Жұмыстар сипаттамасы. Ағаш бөліктерінен жоғарғы қоймаларға, ағаштарды, солқылдақ шыбықтарды, сортименттерді тиеу пункттеріне тасу (таудан түсіру) кезінде электрқозғалтқыш немесе іштен жану қозғалтқыш жетектегі әр түрлі шығырларды ағаш, шыбықтарды тасымалдағанда, таудан түсіргенде басқару, техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеуден өткізу, құрастыру, бөлшектеу, сынақтан өткізу және оларды ағаш тасымалындағы құралдарға тиеу (тар рельсті темір жолдардағы тізбектер, тімркемелерімен автомобильдер, шаналар және т.б.). Агрегатты жүкшығырлардың жетек механизмдерін реттеу, қосу және тоқтату. Шығыршықтарға техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеуден өткізу. Шығыршықтарды құрастыру мен бөлшектеу, оларды сынау. Жасалған жұмысты тіркеу журналын жүргізу.
Білуге тиіс: электрқозғалтқыш немесе іштен жану қозғалтқыш жетектегі әр түрлі шығырлардың пайдалану мақсатын, құрылымын, жұмыс істеу принципін, қозғалу мен бекіту ережелерін, ақауларын жою тәсілдерін, құрастыру мен бөлшектеу ережелерін; ағаш шабу орындарын әзірлеу сызбасын.
10. Ағашты қатарлау және тиеудегі жүкшығыршы жұмысшы
4-ші разряд
Жұмыстар сипаттамасы. Ағаштарды судан шығары, суға ағызу және тиеу – түсіру жұмыстары барысында, транспортер мен гидравликалық қайыққа будаларды сүйреп алып келу және қатарлау барысында шығырды жүргізу. Шығырға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы эөндеу жұмыстарын жүргізу. Жүк асып қоятын арқандар мен арқандарды дәнекерлеу. Қызмет көрсетіліп отырылған жабдықтың бөлшектенуі мен құрастырылуына қатысу.
Білуге тиіс: тиеу, түсіру, қатарлау, ағашты судан шығару мен суға домалату барысындағы шығырды жүргізу мен оның құрылымы; шығырды жұмыс орнында бекіту мен орналастырудың тәсілдері; арқандардың конструкциясы мен жүк көтергіштігі және шығырдың бағыттаушы блоктары; қызмет көрсетуші жабдықтың ақаулықтарын анықтау әдістері және оларды жою; арқандар мен жүк асып қоятын арқандарды дәнекерлеу әдістері.
11. Ағаш кесуші
2-ші разряд
Жұмыстар сипаттамасы. Бұталарды шабу және орман алдындағы талдар арасында қарды тазалау. Орманды қыстақ даярлаудан кейін қалған шыбын қалдықтарынан орманды тазарту. Дуалдарды үйме етіп жинау, щабын қалдықтарын жағу. Ормандағы осмолды жерден тазартып жинау. Осмолдарды үйме етіп жинау. Түбірлерді тамырларын жұлғаннан кейін домбықтау. Құрайларды жинау және орманның жүргізу жолына қалау. Түбірлік осмолды даярлау барысында түбір асты шұңқырларды себу және теңестіру. Жарылыстық жұмыстар жүргізі барысында қауіпті аймақты күзету.
Білуге тиіс: бұталарды шабу, талдар маңайындағы қарды тазалау ережесі; жарылыс жұмыстарын жүргізу ережесі.
12. Ағаш кесуші
3-ші разряд
Жұмыстар сипаттамасы. Ағызу деректемелерін даярлау - вицтер, ромжин, багровищелер, кокор және накуроктар, құрсауға арналған кольелер. Жоғары және төменгі қоймаларда, орманда ағаш жару. Ұзындықты домбықтау, енді, жарылған сортименттердің ағаштарды және басқа да дайындамаларды қалау. Дұрыс қалыптағы ағаш кесуші құралдың құрылымы, оны қайрау және түзеу.
Білуге тиіс: ағызушы деректемелерді даярлау тәсілдері; ағаштарды жару мен қалау, текшеленген отынға жарылған сортименттерді қалау, ұзындықты домбықтау; ағаш кесуші құралды жөндеу мен қайрау ережелері.
13. Ағаш кесуші
4-ші разряд
Жұмыстар сипаттамасы. Түбірлерді жерімен қоса аралау, моторсыз аралар көмегімен бұта және қурайдй даярлау. Араланатын ағаштардың жанында жұмыс орынын даярлау. Сәйкесінше еңбекті қорғау ережелерімен қарастырылған жағдайларда орманды дуалдаушыға дуалдау барысында көмек көрсету.
Білуге тиіс: ағаштарды дуалдау барысында жұмыс орнын даярлау, қурайды даярлау ережелері; моторсыз араның құрылымы, оны пайдалану және аралық шынжырларды қайрау ережелері.
14. Ағаш дайындайтын машинаның машинисті
Достарыңызбен бөлісу: |