37 шығарылым Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері


- разряд Жұмыстар сипаттамасы



жүктеу 0,51 Mb.
бет3/6
Дата19.11.2018
өлшемі0,51 Mb.
#20749
1   2   3   4   5   6

7- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Ағаш бөліктеріндегі ағаштарды үю, таңдау және трельдеу; бұтақтардан тазалау және солқылдақ шыбықтарды қырқып кесу; ағаш бөліктерінде, тиеу пункттерінде, жоғарғы және аралық қоймаларда түбірлер мен осмолды таңдау, тамырымен жұлу бойынша жұмыстарды орындау кезінде әр түрлі жүйелердің ағаш дайындайтын машиналарын басқару. Ағаш дайындайтын машиналардың жабдығы мен механизмдерін реттеу, олардың олқылықтарын анықтау және жою. Ағаш дайындайтын машиналарға, тіркеме және аспалы құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеудің барлық түрлеріне қатысу.

Білуге тиіс: ағаш дайындайтын машиналардың, тіркеме және аспалы құрылғылардың құрылымы; ағаш дайындайтын машинаның қозғалтқышының жұмыс істеу қағидасы және оны реттеу ережесі; ағаш дайындайтын машинаның электро-, пневмо- және гидрожабдығының құрылысы; ағаш кесулерде жүктерді тасу және қозғалыс ережесі; жанатын- майлайтын материалдардың сорттары мен отынның негізгі түрлері; ағаш дайындайтын машиналардың механизмдері мен жабдықтарының ақаулықтарын табу және жою әдістері; технологиялық жоңқаға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар.

Кәсіби орта білім қажет.


15. Ағаш дайындайтын машинаның машинисті

8-ші разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Операциялар кешенін орындау кезінде, электрондық жүйемен жабдықталған түрлі жүйедегі ағаш дайындайтын машиналарды басқару: ағаштарды құлату, кесу, қармау, бұтақтарын кесу, іске жарамды сортименттерінің максималды түрде шығуын есепке ала отырып, солқылдақ шыбықтарды сұрыптар мен сортименттерге белгілеп, кесу. Ағаш кесу жұмыстарын орындау кезінде автоматтық өртке қарсы жүйе мен өлшеу компьютері үшін кубатуралы бағдарламаны қолдану. Ағаш дайындайтын машинаның басқару жүйесі мен механизмдерін реттеу. Ағаш дайындайтын машинаның жабдықтары мен механизмдеріндегі ақаулықтарды анықтау және жою. Ағаш дайындайтын машинаның басқару жүйесі, механизмдері мен тораптардың техникалық қызмет көрсетуі және жөндеудің барлық түрлеріне қатысу. Ағаш дайындайтын машиналар жабдықтары мен механизмдеріне жанар-жағар май материалдарын құю.

Білуге тиіс: жабдықтардың механизмдері, торап құрылысы және ағаш дайындайтын машинаны басқарудың жүйелері; ағаш өңдейтін машина қозғалтқышының жұмыс істеу қағидасы және оны реттеу ережелері; электроника мен электротехниканың негіздері; ағаш дайындайтын машинаның қысым-, гидро және электр жабдығы; ағаш дайындайтын машинаның механизмдер мен тораптарын және басқару жүйесін реттеуге қойылатын техникалық шарттар; ағаш кесу жұмыстарды орындаудың оңтайлы әдістері; дайындалатын сортименттерге қойылатын техникалық талаптар, техникалық шарттар және мемлекеттік стандарттар; солқылдақ шыбықтарды сортименттерге оңтайлы бөлудің тәсілдері; ағаш кесетін жердегі қозғалыс және жол жүру ережелері; жанар-жағар май материалдарының сұрыптары және отынның негізгі түрлері.

Орта кәсіби білім талап етіледі.


16. Трельдеу машинасының машинисті

6-шы разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Ағашты құлату, пакеттеу, ағаш пакеттерін, шайыр, томарды, ағаш кесетін жердегі ағаш химиялық өнімдерді трельдеу және келтіру, бұтақтарды кесу, алаңдарды дайындау бойынша жеке немесе кешенді операцияларды орындау кезінде ілмелі немесе тіркеу жабдығымен жабдықталған түрлі жүйедегі трельдеу машиналарын басқару. Трельдеу машинасы жабдықтары мен механизмедерін іске қосу, тоқтату және реттеу, олардың ақаулықтарын анықтау және жою. Техникалық жабдықтау және трельдеу машинасы мен қолданылатын жабдықтардың жөндеу жұмыстарына қатысу. Трельдеу машинасына жанар-жағар май материалын құю.

Білуге тиіс: ілу және тіркеу жабдықтарының түрлі жүйедегі трельдеу машиналардың құрылымы; трельдеу машиналар қозғалтқыштарының жұмыс істеу қағидасы және оларды реттеу ережелері; электротехника негіздері; трельдеу машинаның қысым,- гидро және электр жабдықтарының құрылысы; трельдеу машиналардың механизмдері мен тораптарын реттеуге қойылатын техникалық шарттар және олардың пайдалану деректері; ағаш кесетін жұмыстарды орындау әдістері; жол жүру ережелері; отынның негізгі түрлері және жанар-жағар май материалдарының сұрыптары; қолданылатын жабдықтар мен трельдеу машиналардың ақаулықтарын анықтау және жою әдістері.
17. Трельдеу және тиеу жабдығының монтажнигі

4- ші разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Сұрыптау жолдарын монтаждау және тиеу мен түсіру алаңдарының құрылымы. Діңгектер мен басқа трельдеу, тиеу, түсіру, сұрыптау және шоғырлау құрылғыларының жабдықталуы. Шығырлы терльдеу, ағашты тиеу, ағаш тасу жылжымалы құрамын түсіру, ағашты судан итеріп шығарып, шоғырлау кезіндегі қанатты-блокты жүйенің монтажы. Полиспасттар мен трельдеу шығырларының блоктарын жөндеу.

Білуге тиіс: жүктеу және трельдеу жабдықтарының құрылғыларының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, олардың монтажына қойылатын техникалық шарттар; қолданылатын жинақтау және өлшеу аспаптарының міндеттері; жинақтау жұмыстарын орындаудың тиімді тәсілдері; айлақтар мен барабандардан қанаттарды тарқату әдістері; құбылған шығыр блоктары мен қанаттардың жүк көтеруі.
18. Трельдеу және тиеу жабдығының монтажнигі

5- ші разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Ағашты судан итеріп шығару және шоғырлау, ағашты суға домалату, қат-қаттау, сұрыптау бойынша жабдықтар, тиеу, трельдеу қондырғылары, қанатты крандар, тиеу әуе-трельдеу қондырғылары және трельдеу жабдықтары мен тораптарын монтаждау. Тиеу эстакадасын, тиеу қондырғысын, ағаш тасымалдағышты тексеру. Стационарлы шығырдың монтажы. Жылжымалы шығырлар мен электр станцияларын орнату. Қанаттарды бекіту, қанаттар мен жүк асып қоятын арқандарды қиыстыру. Жобалы өлшемге дейін көтергіш қанаттарды тарту. Трельдеу және тиеу құрылғылары мен шығырлары діңгегінің аралық тірегінің тростық тартпаларын бекіту және керу.

Білуге тиіс: жиналатын құрылғылары мен тораптардың құрылымдық ерекшеліктері; ағаш қоймалары, жүктеу және өңдеу алаңдарына, сұрыптау жолдарына, қанаттарды бекітуге, шығырларды монтаждауға, жылжымалы электр станцияларын орнатуға қойылатын техникалық талаптар; монтаждалған жабдықты жиынтық сынаудан өткізу, жөнге келтіру, іске қосу, жүргізіп жаттықтыру және байқау ережелері.
19. Ағаш материалдарын үюші- аударушы

2- ші разрядд

Жұмыстар сипаттамасы. Тақтай, бөрене, шпал, шпал кесінді, қабық, қылқан жапырақтары және басқа ағаш материалдарын арбаға немесе тасымалдағышқа тиеу. Тасымалдағышпен ағаш материалдарының біркелкі орналасып, түсуін реттеу. Үйінді мен кептелісті болдырмау. Тасымалдағыштар бөтен заттарды алып тастау. Ағаштар мен қыртыс тақтайды өңдеу және қалайтын жерлерге ауыстыру. Кесілгеннен кейін шайырды жартылай қатты арқанға байлап текшеленген отынға немесе ағаш кесетін жердегі контейнерлерге немесе ішкі қоймаларға қалау. Үйіндіге түсіргеннен кейін шайырды қат-қаттап қалау. Ағаш өңдейтін станоктардан ағашты орнынан алмастыру, ағаш тасымалдағыштардан, арбалардан аудару, ағашты қалау. Ағаш тасымалдауышты қарау және тазалау.

Білуге тиіс: ағашты өңдеу және бөлу кезінде қолданатын тасымалдау құралдарының құрылысы; ағаш сортименттері және оларға қойылатын мемлекеттік стандарттар; ағаш материалдарын қоймаға қаттау ережелері; томарлар мен шайырларды үйінді мен текшеленген отынға қалау ережелері.

20. Ағаш материалдарын үюші- аударушы

3- ші разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Жүктеу пункттері мен қоймаларында ағаштың кезеңдік және операция аралық запастарын құру, шығыр немесе трактордың көмегімен тарқату-тіркемемен ағаш таситын автокөліктер мен тар табанды темір жолдардың тіркеуіне 10 куб.м көлемді ірі пакеттегі ағаштар мен солқылдақ шыбықтарды тиеу кезінде бағаналарды бекіту, арқандау, буманы жасау, қанаттарды бұзып тасу. Тақтай, бөрене, шпал, шпал кесінді, қабық, қылқан жапырақтары және басқа ағаш материалдарын арбаға немесе тасымалдағышқа тиеу. Тасымалдағышпен ағаш материалдарының біркелкі орналасып, түсуін реттеу. Үйінді мен кептелісті болдырмау. Тасымалдағыштар бөтен заттарды алып тастау. Жылжымалы құрамда жүкті қалау және байлау. Жүкті тиеу орнына ауыстыру. Төсемдерді, бағаналарды дайындау оларды орнату. Ағаш тасу жолдарының жылжымалы құрамынан ағаш, шайыр, томар, ағаш химиялық өнім, ағаш дайындамаларының қалдықтары және басқа ағаш материалдарын механизмделген түрде түсіру кезінде чокерлер, арқаннан ағыту және жүкті текшеленген отынға қатарлап қалау. Шайырдың кесектерін стандартты және стандартты емеске сұрыптау, оны топырақтан, көгергеннен, күйгеннен, тастардан тазалап, стандартты кесектерді текшеленген отынға қалау. Қатарланған отынды дөңгелетіп кеңейту және дөңгеленген ағашты ағаш тасымалдағышқа, шпал кесетін станоктарға, пилорамаларға даналап беру. Ағашты оны қыздыру орнына ауыстыру (ашық секциялы дәнекерлеу бассейні)Таратушы ағаш тасымалдағыштарға ағашты қолмен лақтыру. Өлшемдері мен сұрыптары бойынша сұрыптап, ағаш шикізатын секционды бассейнге беру. Шпалдар мен кесілген ағаш дайындамаларын түрлер мен сұрыптары бойынша қалау. Ағаш өңдейтін станоктардан ағашты орнынан алмастыру, ағаш тасымалдағыштардан, арбалардан аудару, ағашты қалау.

Білуге тиіс: жүкті қат-қабат қып үйіп жаю, тиеу және түсіру ережелері; ағашты өндіріске беру ережелері; ағашты тиеу және түсіру әдістері; ағаш материалдарын таңбалау және маркалау ережелері; ағаштың сортименттері және оларға қойылатын мемлекеттік стандарттар; қатарлап үю, түсіру, тиеу және ағаш шикізатын беру кезінде қолданатын құрылғылар мен аспаптардың құрылысы мен міндеттері.
21. Ағаш материалдарын үюші- аударушы

4-ші разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Жүктеу пункттері мен қоймаларында ағаштың кезеңдік және операция аралық запастарын құру, шығыр немесе трактордың көмегімен тарқату-тіркемемен ағаш таситын автокөліктер мен тар табанды темір жолдардың тіркеуіне 10 куб.м көлемді ірі пакеттегі ағаштар мен солқылдақ шыбықтарды тиеу кезінде бағаналарды бекіту, арқандау, буманы жасау, қанаттарды бұзып тасу. Тіреулерді бекіту. Ағашты түсіру кезінде арқандарды ағыту. Үйілген солқылдақ шыбықтар мен ағаштардың бұтақтары мен ұшар бастарын қию. Жүк арту қондырғыларын бөлшектеу және жинақтауға қатысу. Жылжымалы құрамға өрім тал пакетін қалауға қатысу. Қатарланған ағаштың қалыптастыру және жайып салу бойынша жұмыстарды орындау. Қатарлап үйілген отынды жайып салу кезінде шығырдың көмегімен шоқты қаю.

Білуге тиіс: ірі габаритті ағаштар мен солқылдақ шыбықтарды үюдің әдістері мен ережелері; қанаттар мен блоктардың жүк көтеруі; қанаттарды қиысып келтірудің және кесудің әлістері; діңгектерді керіп бекітудің әдістері; ілмелердің құрылысы; блоктар мен қанаттарды бекітудің әдістері; қатарлап үйілген ағаштарды жаю, қалау және құру әдістері.
22. Бұталарды шабушы

3- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Ағаштардың бұтақтары мен ұштарын қолмен балтамен шабу. Құлату кезінде зақымданған орманды жас шыбығын және орман маңын шабу. Шабылған бұтақтар мен ұшын, шабылған жас шыбықты және орман маңын үйіндіге жинап қою, бұтақтарды бір уақытта шабу кезінде оларды өртеу. Балтаны қайрау және түзету.

Білуге тиіс: бұтақтарды шабу ережесі мен тәсілдері; балтаны қайрау және түзету ережесі; ағаш материалдарына техникалық шарттар мен мемелекеттік стандарттар; бұтақтарды қауіпсіз жағу тәсілдері;бұтақтар мен ағаштардың ұштарын бензомоторлы және электромоторлы араларымен және бұтақ кескіштермен кесу; бір уақытта моторлы арамен және бұта кескіштермен кесу кезінде өртеу; отын қоспасын құру және онымен бензомоторлы арамен бұтақ кескішті дайындау; қолданылатын жабдықты ақусыз күйінде ұстау және оған ағымдағы жөндеу жүргізу.
23. Бұталарды шабушы

4- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Ағаштардың бұтақтары мен ұштарын бензомоторлы және электромоторлы аралармен және бұтақкескіштермен шабу. Құлату кезінде зақымданған орманды жас шыбығын және орман маңын шабу. Шабылған бұтақтар мен ұшын, шабылған жас шыбықты және орман маңын үйіндіге жинап қою, бұтақтарды бір уақытта шабу кезінде оларды өртеу. Балтаны қайрау және түзету. Отын қоспасын құру және онымен бензомоторлы араны және бұтақкескішті дайындау. Қолданылатын жабдықты ақаусыз күйде ұстау және оған ағымдағы жөндеу жүргізу.

Білуге тиіс: бензомоторлы және электромоторлы аралардың бұтақ кескіштердің құрылысы және оларды пайдалану ережесі; қолданылатын жабдықты ақусыз күйінде ұстау және оған ағымдағы жөндеу жүргізу ережесі; бұтақтарды қауіпсіз жағу тәсілдері.
24. Қабықтаушы

3- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Дөңгелек ағашты, кесілген материалдарды, қайрақтарды қабықтау және дөңгелек ағашты тақырлау, шпалдарды қолдық және механикаландырылған аспаппен жете қабықтау.

Білуге тиіс: қабықтау құралын қайрау ережесі; ағаш материалдарына мемлекеттік стандарттармен қойылатын талаптар; механикаландырылған аспаптың құрылысы және пайдалану ережесі.
25. Қабықтаушы

4- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Бункерлік, барабандық қорап сыдыратын қондырғыларда және дисктік станоктарда қысқа және ұзақ уақытқа дөңгелек орманды қабықтау. Шпалоправалық станоктарда шпалды жете қабықтау. Қызмет көрсететін станоктар мен қондырғылардың жұмысын қадағалау, олардың жұмыс органдарын ауыстыру. Сынықтарын жоюмен қолданылатын жабдықты қарау. Дөңгелек ағашты қабықтау үшін қолданылатын қондырғылар мен станоктарға ай сайын техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеудің барлық түрлеріне қатысу.

Білуге тиіс: қолданылатын қондырғылар мен станоктардың белгіленуі, құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, олардың жұмыс органдарын алу және ауыстыру ережесі; дөңгелек ағаш материалдарды қабықтау сапасына қойылатын талаптар.
26. Қабықтаушы

5- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Әр түрлі жүйелердің роторлық станоктарында қысқа және ұзақ уақытқа дөңгелек ағашты қабықтау. Ағаш материалдарын толық қабықтауға қайтару. Оның жұмысы барысында роторлық қабықтау станогын басқару. Қабықтау станоктарының жұмыс органдарын ауыстыру (пышақтарды, қабыалғыштарды, фрездерді және т.б.). Роторлық қабықтау станогын реттеу, жөндеу ақауларын жою. Роторлық қабықтау станогына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеудің барлық түрлеріне қатысу.

Білуге тиіс: роторлық қабықтау станогының белгіленуі, құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; роторлық қабықтау станогының жұмыс органдарын реттеу, тексеру және орнату ережесі; механика, электротехника және гидравлика негіздері; дөңгелеу ағаш материалдарын қабықтау сапасына қойылатын талаптар; роторлық қабықтау станогының жұмыс режимі.
27. Автоматтандырылған ағаш транспортерінің операторы

4- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Домалақ ағаш материалдарының белгіленуін анықтау, сотименттер бойынша ағаш материалдарын сорттау кезінде ағаш жинақтағыштар бойынша бөлу кезінде ағаш транспортерінің автоматтандырылған сортын басқару; сортау маңының бойында ағаш материалдарын жылжытуды және берілген ағаш жинақтағыштарға әртүрлі құрылғыларды тастауда қадағалау. Жекелеген тораптардың жұмысын, автоматтандырылған ағаш транспортердің электрлік және жарық дыбыстық жүйелерін қадағалау. Автоматтандырылған ағаш транспортерін реттеу және жөндеу. Автоматтандырылған ормантранспортерін сынау жүргізуге және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: ағаш жұмыстары туралы негізгі мәліметтер; ағаштың ақаулары; дайындалатын сортименттерге қойылатын талаптар; оларға мемелекеттік стандарттар мен техникалық сырттар; жыныстары мен сорттары бойынша домалақ ағаш материалдарын сорттау тәсілдері; түйіндер мен жүйелерді құрылысы, жұмыс істеу қағидасы, техникалық пайдалану ережесі, автоматтандырылған ағаш транспортерінің механизмдерін реттеуге техникалық шарттар.
28. Манипулятордың операторы

4- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Лакпен немесе тушпен бояу. Гидравликалық манипулятордың көмегімен солқылдақ шыбықтардың будасын бөлу және оларды қырқып кесетін қондырғының түсетін ағаш транспортеріне даналап беру. Солқылдақ шыбықтарды берудің біркелкілігін бақылау. Гидравликалық манипуляторд басқару, ақаусыз күйде ұстау және механизмдерін дұрыс пайдалану. Гидравликалық жүйенің, тежегіш құралының электр жабдығының жұмысын, гидравликалық манипулятордың түйіндерінің бекіту сенімділігін қадағалау. Гидравликалық манипуляторды жөндеу мен реттеуге қатысу.

Білуге тиіс: гидравликалық манипулятордың механизмдері мен жүйелерінің жұмыс істеу қағидасы және техникалық пайдалану ережесі.
29. Қырқып кесу қондырғысының операторы

5- разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Жарамды сортименттердің барынша үлкен шығымын ескерумен солқылдақ шыбықтарды қырқып кесу қондырғыларында (көпаралыдан басқа) белгілеу және қырқып кесу. Солқылдақ шыбықтарды түсіру және беру механизмдерін, қырқып кесу түйіндерін, іріктеу, қысқартып кесетін және лақтыратын құрылғыларды ақаусыз күйде ұстау және дұрыс пайдалану. Жекелеген түйіндердің жұмысын, қырқып кесу қондырғысының гидравликалық, пневматикалық және электрлік жүйелерінің, сондай-ақ солқылдақ шыбықтарды белгілеудің электрлік және басқа жүйелерінің жұмысын қадағалау. қырқып кесу қондырғысын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: ағаш жыныстары, ағаш мүкістері туралы негізгі мәліметтер; дайындалатын сортименттерге қойылатын техникалық талаптар, оларға стандарттар мен техникалық шарттар; сортименттерде солқылдақ шыбықтарды ұтымды байлау тәсілдері; қырқып кесу қондырғысының механизмдерінің, түйіндері мен жүйелерінің құрылысы; электро, механика, пневмо-, гидро- және электр жетектің негіздері.

30. Қырқып кесу қондырғысының операторы

6-разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Жарамды сортименттердің барынша үлкен шығымын ескерумен солқылдақ шыбықтарды көпаралыдан қырқып кесу қондырғыларында (басқа) белгілеу және қырқып кесу. Қырқып кесу қондырғысының түйіндерін жөндеу және реттеу, оны жөндеу кезінде анықталған ақауларды жою. Қырқып кесу қондырғысын жөндеуге және сынау жүргізуге қатысу.

Білуге тиіс: ағаш жыныстары, ағаш мүкістері туралы негізгі мәліметтер; дайындалатын сортименттерге қойылатын техникалық талаптар, оларға стандарттар мен техникалық шарттар; сортименттерде солқылдақ шыбықтарды ұтымды байлау тәсілдері; қырқып кесу қондырғысының механизмдерінің, түйіндері мен жүйелерінің құрылысы; электро, механика, пневмо-, гидро- және электр жетектің негіздері; қырқып кесу қондырғысының түйіндері мен агрегаттарын реттеуге техникалық шарттар, олардың пайдалану деректері; қырқып кесу қондырғысының механизмдерін жинау және реттеу тәсілдері; бөлшектердің ақауларының алдын алу шаралары.
31. Бұтақ кесу қондырғысының операторы

4-разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Ағаштар будасын тарту және оны бұтақ кесетін қондырғының осіне бұрышпен беру. Ағаштардың будасын манипулятормен бөлу, бұтақ кесетін қондырғыға даналап беру; ағаштардың діңдерін қондырғы арқылы өткізу; тасу жылдамдығын реттеу және қондырғысының кесетін органдарын басқару. Кесілген солқылдақ шыбықтарды науаға итеруге арналған механизмдерді басқару. Солқылдақ шыбықтарды ағаштардың будасынан бункерлік түрлі бұтақ кесетін стационарлық қондырғысының кесені құралымен алып тастау. Бұтақ кесетін қондырғының механизмдері мен түйіндері ақаусыз күйде ұстау және дұрыс пайдалану. Бұтақ кесетін қондырғының жұмыс журналын жүргізу.

Білуге тиіс: бұтақ кесетін қондырғының механизмдері мен түйіндерінің белгіленуі және жұмыс істеу қағидасы; оның электрлік сызбасы, бұғаттау және элктрлік қорғау қағидасы; гидравлика мен электротехника негіздері.

Агрегаттарды реттеу мен жөндеу және бұтақ кесетін қондырғының түйіндерін жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде - 5-разряд.


32. Ара түзеуші

3-разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Қолдық араларды тістерін қайрау, тарту, фугалау, түзету, кесу, қысқартып кесік және қалыпқа келтіру. Қол аралардың рамаларын даярлау, қиыстырып келтіру, құрастыру. Араларды дәнекерлеу. Қабықтау күректерін түзету, қайрау, жөндеу.

Білуге тиіс: қолдық ағаш шабатын құралды дайындауға арналған металдар мен абразивті материалдардың негізгі қасиеттері; ағаш шабатын құралды қайрау мен түзеуге арналған станоктарды пайдалану ережесі.
33. Ара түзеуші

4-разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Ара шынжырларын қайрау, түзету және жөндеу. Қырқып кесу агрегаттары мен қондырғыларының араларын қайрау, тегістеу, тарту. Ара шынжырлары мен қырқып кесу агрегаттары және қондырғыларының араларын қайрауға арналған станоктарды жөндеу, орнату және дайындау.

Білуге тиіс: ара шынжырлары мен қырқып кесу агрегаттары және қондырғыларының араларын қайрауға арналған станоктарды қайрау, тегістеу, тарту ережесі; ара шынжырлары мен қырқып кесу агрегаттары және қондырғыларын дайындау үшін қолданылатын металдардың негізгі қасиеттері; ара шынжырларын қайрауға арналған станоктардың, аралардың құрылысы және оларды орнату ережесі.
34. Арашы

3-разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Бөренелерді белгілеу және қолмен брустар мен тақтайға аралау. Бөренелерді бойлай аралауға арналған араны қайрау және түзеу.

Білуге тиіс: бөренелерді бойлай аралау ережесі; ағаш материалдарына техникалық шарттар; бөренелерді бойлай аралауға арналған араларды қайрау және түзеу ережесі.
35. Солқылдақ шыбықтарға белгі қоюшы

4-разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Жарамды сортименттердің ең үлкен шығымын ескерумен және оларға мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес солқылдақ шыбықтарды белгілеу. Ірі мөлшерлі және едәуір бағалы солқылдақ шыбықтарды қырқып кесуге қатысу.

Білуге тиіс: ағаш жыныстары, ағаш мүкістері туралы негізгі мәліметтер; ағаш материалдарын қойылатын техникалық талаптар, оларға мемлекеттік стандарттар; солқылдақ шыбықтарды дұрыс бөлу ережесі.
36. Қырқып кесуші

3-разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес және берілген мөлшерлер мен сортименттер бойынша дөңгелек аралау станоктарында, циркульды араларда алдын ала белгілеуден кейін ұзындығын қысқаға көлденең аралау (қырқып кесу). Дөңгелек аралау станогының ақаусыздығын қадағалау және араларды ауыстыру.

Білуге тиіс: ағаш материалдарына техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; ағаш жыныстары туралы негізгі мәліметтер; қолданылатын жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу қағидасы, реттеу және жөндеу ережесі.
37. Қырқып кесуші

4-разряд

Жұмыстар сипаттамасы. Жарамды сортименттердің ең үлкен шығымын ескерумен мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес солқылдақ шыбықтар мен бөренелерді элктр- немесе бензомоторлы аралармен немесе басқа конструкциялы аралармен қырқып кесу. Кесектерін кесу. Қырқаларын (бөренелерді) электроаралармен, безоаралармен және басқа конструкциялы аралармен фанер, оттықтар, катушкалар, шаңғы дайындамаларын, баланстар жасауға арналған кесінді ағштарға белгілеу және аралау. Осмолды, шырша және емен түбірін және ағаш дайындамаларының қалдықтарын электрлік - немесе бензомоторлы аралармен қырқып кесу, түбірлі осмолды слешерлік қондырғыларда белгілеу және қырқып кесу .Ара мен ара шынжырларын қайрау, орнату және ауыстыру. Отын қоспасын құру және бензомоторлы араны дайындау. Араны, ара шынжырларын, жұмыс кабелін ақаусыз күйде ұстау және дұрыс пайдалану, әр түрлі конструкциялы араларға ағымдағы жөндеу жүргізу.

Білуге тиіс: ағашың мүкістері мен қасиеттері; дайындалатын сортименттерге қойылатын техникалық талаптар, оларға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар; солқылдақ шыбықтарды сортименттерге ұтымды бөлу тәсілдері; отын қоспасын дайындау және бензомоторлы араларды дайындау тәсілдері.
жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау