Ішкі секреция бездері
Гипоталамус – аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдық реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздың гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.
Гипофиз – аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Гипофиз – сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы.
Алдыңғы бөліктің гормондары:
Қалқанша безінің өсіп жетілуіне әсер ететін тиреотропті гормон
Бүйрек үсті бездерінің жетіліп белсенділігін арттыратын адренокортикотропті гормон
Жыныс бездері жетілуін, дамуын жұмысын қалпына келтіретін гонодотропты гормондарды бөледі.
Өсу гормоны немесе самототропты гормон дейді. Бұл гормон көптеп бөлінгенде балалардың өсуі жылдамдайды, тым бойшаң болады.
Пролактин, лактин гормондары сүт безінен сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді.
Ортаңғы бөлікте меланоцитотропин гормоны бөлінеді.Меланоцитотропин тері жасушаларына рең беретін меланин пигментінің түзілуіне әсер етеді
Артқы бөліктің өзі гормон түзбейді, тек гипоталамуста түзілген вазопрессин, окситоцин гормондары қанмен гипофиздің артқы бөлігіне жиналады. Вазопрессин организмнің бүйректе қайта сіңірілуі арқылы зәр шығаруын азайтады. Окситоцин жатыр бұлшықеттерінің жиырылуын күшейтеді.
Гипофиз безінің бұзылуынан туындайтын ауытқулар:
Алыптылық – соматотропты гормонының тым көп бөлінінен туындайтын ауру. Өсу гормоны жас кезінде тым көп бөлінгендіктен бүкіл дене қарқынды өседі.
Акромегалия – көбінесе адамда есейген кезде сопатотропты гормонның тым көп бөлінуінен дененің жеке мүшелерінің (қаңқа сүйектері, аяқтары, мұрны) тез өсіп кетуі.
Гипофизарлық ергежейлік – қалыпты ақыл-естің дамуына қарамастан бойдың өспей қалуы. Кейде дене бітімі бір-біріне сәйкес болады, ал кейде дене бітімі сәйкессіздік тек жеке мүшелер ғана өспей қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |