Жұмыс реті. 1-тәжірибе. Крахмал золі– ерітіндісі. Ол үшін 0,5г крахмалды фарфор келісінде мұқият ұнтақтап , фарфор қабықшасына ауыстырып , 10 мл таза сумен араластырады да сосын оған тағы да 90мл таза су қосады. Енді осы қоспаны үздіксіз қозғап , араластыра отырып , баяу қыздырып , қайнатады. Нәтижесінде 0,5 процентті крахмал золі пайда болады, яғни оның жарық сәулесіне шағылыстырып қарағанда ылайланыңқырап көрінеді.
2-тәжірибе. Желатин золі. Сыйымдылығы 200 мл стаканға 0,5г желатинді ұнтақтап , салып, үстіне 50мл таза суды қосып ол ісіну үшін 30 минуттай қояды. Сосын оған тағы да 50мл су қосып , араластырады да оны стаканмен C шамасындағы жылы суға салып , толық ерітеді. Осылайша алынған желатин золін тұрақтандыру үшін оған формальдегид ерітіндісінің 2-3 тамшысын тамызады.
3-тәжірибе. Жұмыртқа альбулинінің золі. Көлемі 100 мл өлшеуіш колбадағы алдын ала ұнталған жұмыртқа альбулинінің 10г ұнтағын немесе тауық жұмыртқасының ақ затын салып, үстіне 40-50мл салқын таза су қосып, толық ерігенше мұқият араластырады. Сосын колбаға таза суды белгіге дейін қосса , ақ зат белок золі пайда болады.
4-тәжірибе. Казеин золі. Көлемі 50 мл өлшеуіш колбаға 0,1М натрий ацетатының 5мл ерітіндісін, 10мл таза су құяды да оған 0,2г ұнтақталған казеин қосады.Сосын оны 40-C қыздырып, араластыра қозғап, толық ерітеді. Колба салқындаған соң оған шекті сызық белгіге дейін таза су қосады. Мұндайда, әлсін ғана опалесцияланатын казеиннің коллоид ерітіндісі пайда болады.
5-тәжірибе. Гидрофильді ерітінділердің қыздыру мен электролит әсеріне тұрақтылығы. Жоғарыдағы тәжірибелерде алынған гидрофильді зольдердің ерітінділерін төрт пробиркаға 5мл құйып, қайнағанша қыздырады. Бұлардың арасында қандай зольдің қыздыруға тұрақты екенін анықтап, сипаттайды. Бір пробиркаға мұның алдындағы тәжірибеде алынған берлин лазурының 5мл золін қяды. Ал төрт пробиркаға 5 мл гидрофильді зольдің ерітінділерін қосады: крахмал, казеин, желатин және жұмыртқа альбулині. Енді осы бес пробирканың әрқайсысын бюреткадан аммоний сульфатының қаныққан ерітіндісін коллоид, ерітіндінің әрқайсысы ұйығанша қосып, оның әрқайсысына кеткен элетролит көлемін өлшейді.
Алынған нәтижелерді кестеге жинақтайды.
Золь
|
Ұйытуға кеткен электролит, мл
|
Берлин лазуры
|
|
Крахмал
|
|
Жұмыртқа альбулині
|
|
Казеин
|
|
Желатин
|
|
Бақылау сұрақтары:
1. Дисперсті жүйелер арасындағы коллоид ерітінділер қандай орын алады?
2. Коллоид ерітінділерді алудың қандай әдістері бар және олар неге негізделген?
3. Коллоид ерітіндісін алу үшін дисперстілікті жоғарылату жеткілікті ме?
4. Шекті концентрациялар заңының мәні не?
№ 2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Дәрумендерге тән сапалық реакциялар
А) Майда еритін витаминдерге тән сапалық реакциялар
Сабақтың мақсаты: майда еритін витаминдерге тән сапалық реакциялармен студенттерді таныстыру .
Әдістің принципі: сапалық реакциялар витаминдердің химиялық құрылыстарының айырмашылықтарына негізделген.
Құрал -жабдықтар: 1. пробиркалар; 2. су моншасы; 3. спиртовка; 4. балық майы; 5. концентрлі күкірт қышқылы; 6. концентрлі азот қышқылы; 7. тұз қышқылы мен анилин қоспасы(анилиннің 1/5 бөлігі);8. дистилденген су.
Жұмысты орындау барысы
жұмыс. А витамині
1.Күкірт қышқылымен реакция.
Құрғақ пробиркаға 3 тамшы балық майын және 1 тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызып жайлап араластырады. Егер А витамині бар болса, алғашқыда күлгін, сосын бірте бірте қызыл қоңыр түс пайда болады.
жұмыс. Д витамині
1.Анилинмен реакция
Құрғақ пробиркаға 1 мл балық майын, 1мл анилин мен тұз қышқылының қоспасын құйып, араластырады, араластыра отырып қыздырады, сөйтіп қайнағанша дейін жеткізіп, жарты минут қайнатады. Егер Д витамині болса, сары түсті эмульсия алғашында жасылтүске боялып, сосын қызыл түске ауысады.
жұмыс. Е витамині
1.Азот қышқылымен реакция
Құрғақ пробиркаға 2-3 тамшы балық майын тамызады. Бірінші пробиркаға 1-2 мл су, ал екіншіге сол мөлшерде концентрлі азот қышқылын құйып, екі пробирканын да су моншасында қайнап жатқан суға орналастырып, 10 минут қыздырады. Егер Е витамині болса, пробиркадағы витаминінің майлы қабаты алғашында қызғылт, сосон сары түске ауысады.
Тәжірибелі жасап болған соң 1-кестені толтырыңыз.
1-кесте
№
|
витамин аттары
|
қолданылған реактивтер
|
пайда болған түстер
|
|
ескерту
|
1
2
3
|
А
Д
Е
|
|
|
|
|
Қорытынды:
Б) Суда еритін витаминдерге тән сапалық реакциялар
Жұмыстың мақсаты: Суда еритін витаминдерге тән сапалық реакциялармен студенттерді таныстыру.
Әдістің принципі: сапалық реакциялар витаминдердің химиялық құрылыстарының айырмашылықтарына негізделген.
Құрал –жабдықтар:
Пробиркалар
Құм монша
Колба
Күлсіз фильтр
Асбест торы немесе асбет төселген плитка
Спиртовка
Натрий гидроксидінің 5% ерітіндісі
Диазореактив ерітіндісі+
В1 витаминінің 0,001% ерітіндісі
Сүт
В2 витаминінің 0,005 % ерітіндісі
Сумен сұйылтылған тұз қышқылының ерітіндісі (1:1)
Цинк (гранула түрінде)
Никотин қышқылы немесе амиді(ұнтақ түрінде)
Натрий гидрокорбанатының 10% ерітіндісі
Натрий гидросульфитінің 5% ерітіндісі
В12 витаминінің ампуласы(200 мкг-мл)
Концентрлі күкірт қышқылы
Пергидроль
Дистилденген су
Тиомочевинаның 10 % ерітіндісі
С витаминінің 0,5% ерітіндісі
Калий гексоцианоферраттың 1% ерітіндісі
Хлорлы темірдің 1% ерітіндісі
+А ерітіндісі: 100мл сыйымдылығы бар өлшегіш колбаға 0,9 г сульфанил қышқылын ерітедімелейді. де таңбаға дейін сумен үстелгіленге біраз уақыт өткеннен соң белгіленген таңбаға дейін сумен үстемелейді. Күңгірт ыдыста ерітінді ұзақ уақыт сақталады.
Б ерітіндісі: жаңа ғана дайындалған натрийдің 5% -і азотты қышқылы. Жаңа ғана дайындалған диазореактиві: Ішінде мұзы бар ыдысқа батырылған 50мл сыйымдылығы бар өлшеуіш колбаға 1,5 мл А ерітіндісінқұяды да, оған аз үлеспен 7,5 мл Б ерітіндісін қосады. Ерітіндінің көлемін белгленген таңбаға дейін су қосып жеткзеді. 15 минут өткеннен соң ерітінді пайдалануға дайын болады.
Жұмысты орындау барысы
1-жұмыс. В1 витамині
Құрғақ пробирканың ішінде 2 мл натрий гидроксиді мен 3 мл диазореактив ерітінділері араластырады. Пайда болған қоспаның жартысын екінші бір пробиркаға құйып алады. Бірінші пробиркаға 1-2 мл В1 витаминінің ерітіндісін, ал екінші пробиркаға 1-2 мл сүтті қосады. Пробиркаларда сары-қызғылт бояулардың пайда болғанын байқауға болады.
2-жұмыс. В2 витамині
Құрғақ пробиркаға 2 мл В2 витаминінің ерітіндісін құйып, оған 1 мл тұз қышқылын қосып, араластырады. Тең жартысындағы көлемін басқа бір пробиркаға құяды. Екі пробирканың біреуіне цинк металын тастайды, екі пробирканы да тығынмен жабады. Цинк қосылған пробиркадағы ерітіндінің түссізденуі 5-10 мин шамасында басталады.
3-жұмыс. В6 витамині
Құрғақ пробиркаға никотин қышқылының немесе оның амидінің аз ғана ұнтағын орналастырып, оған натрий гидрокорбанатының 1-2 мл ерітіндісін құяды. Араластырып болған соң натрий гидросульфитінің 1-2 мл ерітіндісін қосады.
4-жұмыс. С витамині
Бір пробиркаға 2-3 мл су, екіншісіне 2-3 мл С витаминінің ерітіндісін құяды. Екі пробиркаға да калийдің гексацианоферратын және хлорлы темірдің бірнеше тамшысын құяды. С витамині бар пробиркада көгілдір түс пайда болады.
Жасалған тәжірибені келесі кестеде тұжырымдаңыз.
2-кесте
№
|
Витамин аттары
|
Қолданылған реактивтер
|
Пайда болған түстер
|
Реакцияның химизмі
|
Ескерту
|
1
2
3
4
5
|
В1
В2
В5
В12
С
|
|
|
|
|
Қорытынды:
Өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар:
В тобындағы витаминдердің сипаттамасы: В1(тиамин) , В2 (рибофлавин), В3 (пантотен қышқылы), В5 (амид никотин қышқылы) , В6 (адермин, пиридоксин), В12 (кобаламин), Вс(фолий қышқылы), В15 (пангам қышқылы), Н (биотин).
С тобындағы витаминдердің сипаттамасы: С (аскорбин қышқылы), Р(цитрин, фланон).
Биохимия пәні, оның міндеттері.
Витаминдердің сипаттамасы.
Витаминдердің аталуы және жіктелуі.
Майда еритін витаминдер: А, Д, Е, К, Ғ.
№ 3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Ферменттердің биологиялық катализатор ретіндегі жалпы қасиеттері
Жұмыстың мақсаты: ферменттердің жалпы қасиеттерімен студенттерді таныстыру.
1-жұмыс. Температураға төзімділігі
Әдістің принципі: сыртқы орта температура өзгерістерінің сілекей амилазасының белсенділігіне тигізетін әсері.
Құрал- жабдықтар:
пробиркалар
штатин
стакан (50мл)
спиртовка
термосат (370с)
мұзы бар стакан
сұйылтылған слекей (дистилденген 20-25 мл сумен ауызды шайып стаканға құйып қояды)
натрий хлоридінің 0,3 % ерітіндісі
крахмалдың 1%ерітіндісі ( натрий хлоридінің 0,3 %-егі)
люголь реактиві ( жасалуы: 100 мл суда 20г калий иодидін және 10г иодидты ерітеді. егер крахмалмен реакцияға түсетін болса, онда дистилденген сумен 1:5 арақатынсында езеді).
Жұмыс барысы
Үш пробиркаға 2-3 мл сұйылтылған сілекейді (амилаза) құяды. Бірінші пробиркадағы сілекейді 1-2 мин қыздырып қайнатады, сонан соң барлық пробиркаларға 4-5 мл крахмал құяды. бірінші және екінші пробиркаларды 10 минутқа термостатқа (370с) орналастырады, үшінші пробирканы 10 мин мұзы бар стаканға батырып қояды, көрсетілген уақыттар өткен соң әр пробиркаларға Люголь реактивінің 1 тамшысын тамызады.
Жасалған тәжірибені 3-кестеге қорытындылап жазыңыздар.
3-кесте
пробирка №
|
фермент
|
тәжірибе шарты
|
субстрат
|
инкубация
|
йодпен беретін түс
|
1
2
3
|
крахмал
крахмал
крахмал
|
денатурланған фермент
денатурланған фермент
денатурланған фермент
|
|
10 мин 370с
10 мин 370с
10 мин 00с
|
|
Қорытынды:
2-жұмыс. рН-тың фермент белсенділігіне әсері
Әдістің принціпі: ортаның әр түрлі Нн мәндегі слекей амилазасының белсенділігі зерттеледі.
Құрал-жабдықтар:
пробиркалар
штатив
пипеткалар
термостат (370с)
екі сутегі алмасқан натрийдың 0,2 мерітіндісі
0,1м лимон қышқылының (с6н8о7 н2о) ерітіндсі (б)
буферлік ерітінділер:
а) рн мәні 5,0:5,5 мл а ерітндісімен 485мл берітіндісін араластыру арқылы алады.
б) рн мәні 6,8:772,5 мл а ерітіндісін 227,5 мл ерітіндісімен араластыру арқылы алады.
в) рн мәні 8,0:972,5 а ерітіндісін 27,5 мл б ерітіндісімен араластыру арқылы алады.
8. сұйылтылған слекей
9. крахмалдың 1% -тік ерітіндісі
10. Люголь ерітіндісі.
Жұмыстың орындалу барысы
Үш пробирканың әрқайсысында тиісті рН-тың мәніндегі (5,0; 6,8; 8,0) буферлік ерітінділерден 2-3 мл құяды. Барлық пробиркаларға 2-3 мл ден сұйылтылған сілекей(амилаза) және 4-5 мл крахмал ерітіндісін қосып араластырады да, инкубациялау үшін 10 мин термостатқа қояды (370с). сонан соң әр пробиркаларға Люголь реактивінен бір-бір тамшыдан тамызады.
Жасалған тәжірибені 4-кестеге тұжырымдап жазыңыз
4-кесте
пробирка номерлері
|
фермент
|
рН мәні
|
субстрат
|
инкубация
|
иодпен алынған түс
|
1
2
3
|
амилаза
амилаза
амилаза
|
5,0
6,8
8,0
|
крахмал
крахмал
крахмал
|
10мин 370с
10мин 370с
10мин 370с
|
|
Қорытынды:
Өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар:
Ферменттер туралы ұғым және оның қысқаша даму тарихы.
Ферменттердің биосинтезі және клеткадағы шоғырлануы.
Ферменттерді алу және тазалау әдістері.
Ферменттердің химиялық табиғаты және құрылысы. Коферменттер.
Ферменттердің жалпы қасиеттері.
№ 4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Ферменттердің әрекет ету механизмдері
Жұмыстың мақсаты: ферменттердің әрекет ету механизмдерін, олардың белсенділері (активаторы) мен бөгегіштерін (ингибиторы) зерттеу.
1-жұмыс. Белсенділер мен бөгегіштердің әсері
Әдістің принциптері: оң және теріс тиімділік (эффектролық) әсер көрсететін қосындылардың белсенділігі зерттеледі.
Құрал-жабдықтар:
Пробиркалар
Штатив
Пипеткалар
Термостат
Сұйытылған сілекей
Крахмалдың 1%-тік ерітіндісі
Натрий хлоридінің 1%-тік ерітіндісі
Мыс сульфатының 1%-тік ерітіндісі
Люголь реактиві
Жұмысты орындау барысы
Екі пробиркаға 4-5 мл крахмал ерітіндісін құяды. Бірінші пробиркаға 1-2 мл мыс сульфатының ерітіндісін қосады. Екі пробиркаға да 1-2 мл-ден сұйытылған слекей қосып, пробиркадағы қосындыларды араластырады да 10 минутке пробиркаларды термостатқа (370С) инкубацияға қояды. Сонан соң екі пробиркаға да 1 тамшы Люголь реактивін тамызады.
Байқалған құбылыстарды 5-кестеге тұжырымдаңыз.
5-кесте
Пробиркалар номерлері
|
Фермент
|
Эффектор
|
Субстрат
|
Инкубация
|
Иодпен алынған түс
|
1
2
|
Амилаза
Амилаза
|
|
Крахмал
Крахмал
|
10мин 370С
10мин 370С
|
|
Қорытынды:
2 – жұмыс. Қан каталазасының белсенділігін анықтау
Әдістің принципі:қан каталазасының әсерінен сутегінің асқын тотығы ыдырағанда бөлініп шыққан молекулярлық оттегінің мөлшері осы ферменттің белсенділігінің көрсеткіші.
Құрал – жабдықтар:
1. Пробиркалар
2. Штатив
3. Пипеткалар
4. Спиртовкалар
5. Плазмасы және клеткалары алынбаған бүтін, біртұтас қан
6. Сутегі асқын тотығының 3%-тік ерітіндісі.
Жұмыстың орындалу барысы
Екі пробиркаға 2-3 мл дистилденген су құяды да арқайсына 1-2 тамшы қан қосады. Ферментті бұзу үшін 1-пробирканы /бақылау/ қайнағанға дейін қызыдрады. 2-пробиркада /тәжірибе/ фермент белсенді. Екі пробиркаға да сутегі асқын тотығын ерітіндісінен 1 мл-ден құяды. 2- пробиркада оттегінің қатты бөлінгенін байқауға болады.
Байқалған құбылыстарды кестеге қорытындылап жазыңыз.
Пробирка номерлері
|
Реактивтер
|
Байқалған түстер
|
Қорытынды
|
№ 1
|
|
|
|
Қорытынды :
Өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар:
Ферменттің белсенді / активті/ және аллостерлі /өздік реттегіш/ орталықтары.
Ферменттердің әрекет ету механизмдері.
Ферменттердің аталуы, жіктелуі және қолданылуы.
№ 5 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Гормондарға сапалық реакциялар
Жұмыстың мақсаты: Инсулин, адреналин және фолликулин горомондарына сапалық реакциялармен танысу.
Әдістің принципі: Бұл тәсіл гормондардың химиялық құрылысына байланысты түрлі-түсті реакциялар беруіне негізделген.
Құрал – жабдықтар:
Пробиркалар
Пипеткалар
Спиртовкалар
Лакмус қағазы
Дистилденген су
Су моншасы
Инсулин ерітіндісі
Натрий гидроксидінің 30 %-і ерітіндісі / сілтілі/ немесе аммоний гидроксидінің 10 %-і ерітіндісі
Мыс сульфатының 1%-ті ерітіндісі
Адреналин ерітіндісі / ампула ішіндегі затты 100мл суға ерітеді/
Концентрлі азот қышқылы
Фолликуллин ерітіндісі /спирттегі/
Концентрлі күкірт қышқылы
Хлорлы темірдің 1%-ік ерітіндісі.
1-жұмыс. Инсулинге сапалық реакциялар
Жұмыстың орындалу барысы
Биурет реакциясы. Бұл реакция инсулиннің белоктық табиғатын дәлелдейді. Пробиркаға 1-2мл инсулин ерітіндісін және сілтілік реакцияға дейін /лакмус қағазының көмегімен/натрий гидроксидін қосады. Содан кейін 2-3 тамшы мыс сульфатының ерітіндісін қосады. Сұйық көгілдір түске боялады.
Ескерту : натрий гидроксидінің орнына 1 тамшы 10%-і аммоний гидроксиді ерітіндісін қосуға болады.
Концентрлі азот қышқылымен реакция. Пробиркаға 1 мл концентрлі азот қышқылын және қабырғасымен тамшылатып 1 мл инсулин ерітіндісін қосады. Екі сұйықтың бөлінген жерінде анық көрінетін сақина пайда болады.
Тәжірибелерді кестеге ықшамдап жазыңыз.
Пробирка номерлері
|
Реактивтер
|
Байқалған түстер
|
Әдістің принципі
|
Биурет реакциясы
Концентрлі азот қышқылымен реакция
Қорытынды :
2-жұмыс. Адреналингесапалық реакциялар
Жұмыстың орындалу барысы
Иодпен реакция. Бірінші пробиркаға 1-2мл су, ал екінші пробиркаға сол көлемде адреналин құяды. Екі пробиркаға да 2 тамшыдан иодтың ерітіндісін тамызады да , сәл ғана қыздырады. Адреналині бар пробирка қызыл түске боялады.
Хлорлы темірмен тәжірибе. Пробиркаға аздап адреналиннің судағы ерітіндісін құяды және оған бір тамшы хлорлы темір ерітіндісін қосады. Сұйық әуелі жасыл түске боялады, ал сілті қосқаннан кеін қызыл түске айналады.
Тәжірибелердің нәтижесін кестеге қорытындылап жазыңыз.
Пробирка номерлері
|
Реактивтер
|
Байқалған түстер
|
Әдістің принципі
|
Иодпен реакция
Хлорлы темірмен тәжірибе
Қорытынды:
3-жұмыс. Фолликулинге сапалық реакциялар
Жұмыстың орындалу барысы
Концентрлі күкірт қышқылымен реакция. Пробиркаға 1 тамшы фолликулин ерітіндісі және 5 тамшы концентрлі күкірт қышқылын құяды. Қоспаны ыстық суы бар стаканға 10-15мин батырып қояды. Пробиркадағы сұйық сары түске боялып,қыздырған кезде қызыл түске ауысып жасыл флуоресценция береді.
Тәжірибе қорытындысын кестеге толтырыңыз.
Пробирка номерлері
|
Реактивтер
|
Байқалған түстер
|
Әдістің принципі
|
Қорытынды:
Өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар
Гормондардың жалпы сипаттамасы, зат алмасудағы қызметі
Гормондардың зат алмасуына әрекет ету механизмі
Гормондардың жіктелуі
Қалқанша безінің гормондары
Қарбалас қалқанша безінің гормондары
Ұйқы безінің гормондары
Гипофиз / ми қабаты/ гормондары
Жыныс бездерінің гормондары
Бүйрек үсті бездерінің гормондары
Гормоноидтар
№ 6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Көмірсулар
Жұмыстың мақсаты: глюкозаны, фруктозаны, сахарозаны анықтау әдісімен танысу.
1 –жұмыс. Глюкозаның күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен тотығуы (күміс айна реакциясы)
Пробиркаға 1-2мл аммиак ерітіндісін құйыңдар, бастапқыда күміс оксидінің сұр түсті тұнбасы түзіледі, кейінен аммиак ерітіндісінің көптігінен еріп кетеді. Дайындалған күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісіне 2мл 20% глюкоза ерітіндісін, бірнеше тамшы 2%күйдіргіш натрды құйындар. Қоспаны ақырындап қыздырыңдар. Қыздыруды ыстық суы бар стақанда да жүргізуге болады.
Не байқалды? Бұл процессті қалай түсіндіруге болады?
Реакция теңдеуін жазыңдар.
2-жұмыс. Бал құрамындағы фруктозаны анықтау.
Пробиркаға 1мл бал ерітіндісін, 2мл Селиванов реактивтерін құйып ақырындап қыздырамыз. Фруктозид резорцитіне тән қызыл түс пайда болды.Бұл реакция ерітіндіде кетоздың оның ішінде фруктозаның барын анықтайды.
3-жұмыс. Сахарозаның гидролизденуі (инверция)
Пробиркаға 1-3мл сахароза ерітіндісін құйындар. Қоспаны 1-2мин қыздырыңдар, соңынан суытындарда екіге бөліндер. Бір пробиркаға қоспаның толық нейтрандалғанша құрғақ сода саласыңдар (көмір қышқыл газы шығып тоқталғанша). Алынған ерітіндіге Фелинг сұйықтығын қосып қыздырыңдар.
Не байқалды? Неге?
Екінші пробиркаға – Селиванов ерітіндісін қосып қыздырыңдар. Ерітінді түсі қалай өзгерді, неге?
Сахарозаның гидролизденуінің реакция теңдеуін жазыңдар. Инверция , инвертті қант дегеніміз не?
№ 7 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Лактозаны (сүт қанты) рефрактометрия әдісімен анықтау
Сабақтың мақсаты: Лактозаны анықтау әдісімен және рефрактометрмен танысу.
Әдістің прниципі: Сүттің сары суын бөліп, оның сыну көрсеткішін анықтайды. Тәжірибені
тұрақты температурада жүргізеді.
Құрал-жабдықтар:
Рефрактометр.
4 %-ті кальций хлоридінің ерітендісі.
Су моншансы.
Пробиркалар.
5 мл пипетка.
Воронка.
Фильтрлер.
1- жұмысты орындау тәртібі
Пробиркаға 5 мл сүт құйып, оған 5-6 тамшы 4 %-ті кальций хлоридінің ерітіндісін қосады.
Пробирканы жақсылап шайып, 10 мин су моншасында қайнап жатқан суға салып қояды.
Уақыт өткеннен кейін пробирканы судан алып, суытуға бөлме температурасында қалдырады.
Сүт сары суын құрғақ сүзгіш қағаз арқылы сүзеді.
Сүзілген сүт сары суының 2-3 тамшысын рефрактометрдің төменгі призмасына тамызып, оны призма бетіне тегістеп жаяды.
Жоғарғы призманы түсіріп шкала бойынша сыну көрсеткішін анықтайды.
Сыну көрсеткіші бойынша кестеден лактозаның проценттік мөлшерін анықтайды (кесте).
Лактозаның сүт сары суының сыну көрсеткішіне байланысты процент мөлшері
Сыну көрсеткіші
|
Лактоза ,%
|
Сыну көрсеткіші
|
Лактоза ,%
|
1,3400
1,3401
1,3402
1,3403
1,3404
1,3405
1,3406
1,3407
1,3408
1,3409
1,3410
1,3411
1,3412
1,3413
1,3414
1,3415
1,3416
1,3417
1,3418
1,3419
|
3,52
3,57
3,61
3,65
3,69
3,73
3,77
3,82
3,87
3,93
3,98
4,03
4,08
4,13
4,18
4,23
4,28
4,33
4,36
4,44
|
1,3420
1,3421
1,3422
1,3423
1,3424
1,3425
1,3426
1,3427
1,3428
1,3429
1,3430
1,3431
1,3432
1,3433
1,3434
1,3435
1,3436
1,3437
1,3438
1,3439
|
4,49
4,54
4,59
4,64
4,69
4,74
4,79
4,84
4,89
4,95
5,00
5,05
5,10
5,15
5,20
5,25
5,30
5,35
5,40
5,45
|
Өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар:
Көмірсулардың биологиялық маңызы.
Көмірсулардың асқорыту жолындағы өзгерістер.
Күйіс қайыратын малдардағы көмірсу алмасуының ерекшеліктері.
Анаэробтық тыныс алу механизмі. Гликолиз.
Гликолиз және спирттік ашудың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар.
№ 8 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Глюкозаны Бертран әдісімен анықтау
Жұмыстың мақсаты: глюкозаны Бертран анықтау әдісімен танысу.
Әдістің принципі: әдіс глюкозаның құрамындағы альдегид тобының сілтілік ортада мыс оксидін мыс оксидіне дейін тотықсыздануына негізделген.
Құрал-жабдықтар:
Фелинг сұйығы
Темір сульфатының ерітіндісі
0,1 Н КМnО4 ерітіндісі
Ыстық су
150 мл стақан
Бунзен колбасы
Шота фильтрі
Пипеткалар, өлшегіш цилиндр
Камовский насосы немесе су насосы
Электроплитка
1-жұмысты орындау тәртібі
150 мл колбаға 20 мл тәжірибелік ерітінді құйып, оның үстіне 40 мл Фелинг сұйықтығын құяды. Қоспаны 3 мин қайнатады, пайда болған қызыл түсті мыс оксидін тұнбаға түсіру үшін 2-3 мин колбаны бір жағына еңкейтіп қояды. Тұнба үстіндегі көк сұйықты Бунзен колбасына кигізілген Шота фильтрі арқылы өткізеді. Егер фильтр арқылы өте жай жүрсе, оны Камовский насосы арқылы тездетеді. Колбада және фильтрде қалған қызыл тұнбаны 3 рет ыстық дистилденген сумен жуады. Сөйтіп жуылған тұнбаны 5 мл Ғе2(SО4)3 ерітіндісінде ерітіп, фильтр арқылы өткізеді. Фильтрдің өзін 2-3 рет Ғе2(SО4)3 ерітіндісімен жуады. Алынған мыс оксидінің ерітіндісін 0,1 Н КМnО4 ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуге кеткен КМnО4 мөлшерін 6,36-ға көбейтіп, кесте бойынша глюкоза мг мөлшерін табады (кесте).
Кесте
Глюкозаны Бертран әдісімен анықтау
Глюкоза , мг
|
Мыс , мг
|
Глюкоза , мг
|
Мыс , мг
|
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
|
20,4
22,4
24,3
26,3
28,3
30,2
32,2
34,2
36,2
38,1
40,1
42,0
43,9
45,8
47,7
49,6
51,5
53,4
55,3
57,2
59,1
60,9
62,8
64,6
66,5
68,3
70,1
72,0
73,8
75,7
77,5
79,3
81,1
|
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
67
68
69
70
71
72
73
74
75
|
82,9
84,7
86,4
88,2
90,0
91,8
93,6
95,4
97,1
98,9
100,6
102,3
104,1
105,8
107,6
109,3
111,1
112,8
114,5
116,2
117,9
119,6
121,3
123,0
124,7
126,4
128,1
129,8
131,4
133,1
134,7
136,3
138,9
|
Өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар
Аэробтық тыныс алу механизмі. Кребс циклі.
Гликолиздің және аэробтық тыныс алудың энергетикалық тиімділігі.
Көмірсу алмасуының реттелуі.
Көмірсу алмасуының бұзылуынан болатын аурулар
№ 9 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Майдағы иод санын Маргошес әдісімен анықтау
Әдістің принципі: Майдағы иод саны – 100 г майға қосылатын иодтың мөлшері (г), майдың қанықпағандық дәрежесін көрсетеді. Иод санын анықтау тәсілі галогендердің май құрамындағы қанықпаған қышқылдармен қосылу реакциясына негізделген.
Құрал-жабдықтар:
Май
Этанол
5 %-ті иодтың спирттегі ерітіндісі
1%-ті крахмал ерітіндісі
Натрий гипосульфитінің 0,1 Н ерітіндісі (Nа2S2О3)
300 мл қақпақты колбалар – 2 дана
Бюретка
200 мл цилиндр
10 мл пипеткалар – 2 дана
Су моншасы
Таразы
1-жұмыстың орындалу тәртібі
300 мл колбада 0,10-0,12 г майды 10 мл этил спиртінде еріту үшін су моншасына салып қыздырады.2-ші колбаға тек 10 мл этанол құйып тәжірибені қатар жүргіземіз.
2 колбаға да 5 мл 5%-ті иодтың спирттегі ерітіндісімен 200 мл жылы су құйып, араластырады да, 5 мин колбаның аузын қақпақпен жауып қояды.
2 колбадағы иодтың артық мөлшерін 0,1 Нгипосульфит ерітіндісімен титрлейді. Индикатор ретінде 10-12 тамшы 1 %-ті крахмал ерітіндісін пайдаланылады. Титрлецді ерітіндінің көк түсі жойылғанша дейін жүргізеді.
Майдағы иод санын мына формуламен анықтайды:
мұнда:
х – майдағы иод саны;
а – жайдақ тәжірибеге (майсыз) кеткен гипосульфит мөлшері;
в – маймен жүргізілген тәжірибеге кеткен гипосульфит мөлшері;
с – майдың салмағы;
0,0127 – 1 мл 0,1 н гипосульфит ерітіндісіне сәйкес иод мөлшері.
Өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар:
Липидтердің жалпы сипаттамасы.
Липидтердіңасқорыту жолындағы өзгерістері және олардың сіңірілуі. Липидтердің қорытылуы.
Майлардың ішекте қорытылуы.
Стероидтардың қорытылуы.
Фосфатидтердің қорытылуы.
Липидтердің аралық алмасуы.
Фосфатидтердің өзгерісі.
Стеридтер мен стериндердің биохимиялық өзгерісі.
Стеридтер мен стериндердің биохимиялық өзгерісі.
№ 10 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Белоктарға тән сапалық реакция және белоктарды тұндыру әдістері
А) Белоктарды тұнбаға түсіру реакциялары
Жұмыстың мақсаты: студенттерді белоктарды тұнбаға түсіру реакцияларымен таныстыру.
Әдістің принципі: тұнба түзілу реакциясы қайтымды және қайтымсыз
болып бөлінеді.қайтымды реакциялар кезінде тұнбаға түскен белоктың молекуласы аса үлкен өзгеріске ұшырамайды,сондықтан пайда болған белок тұнбасын бастапқы еріткішке қайта
ерітуге болады. Қайтымсыз реакция кезінде тұнбаға түзілген белоктың
конформациясы өзгеріп,ерімейтін күйге көшеді. Бұл процесс
денатурация деп аталады.
1-жұмыстың барысы
А. Бастапқы қалпына келетін тұнбаға түсіру /қайтымды реакциялар/
пробиркадағы 1 мл белок ерітіндісіне сол көлемде күкірт қышқыл аммонийдің қаныққан ерітіндісін құяды. пробиркадағы қоспаны шайқап араластырғанда, белок тұнбаға түседі. пайда болған тұнбаға сондай мөлшерлі дистилденген су қосса тұнба қайтадан еріп кетеді.
Б. Бастапқы қалпына келмейтін тұнбаға түсіру /қайтымсыз реакциялар/.
Пробирканы сәл еңкейтіп ондағы 1 мл белок ерітіндісіне 1 мл концентрлі азот қышқылын қосады. Азот қышқылы белокпен араласпайтындай етіп құю қажет. Екі ерітіндінің шекарасында жіңішке сақина секілді ақ түсті тұнба пайда болады.
Қосымша нұсқау: жіңішке сақина секілді белок тұнбасы түзілу үшін азот қышқылына белок ерітіндісін баяулатып қосу қажет.
Тәжірибе қорытындысын Кестеге толтырыңыз
пробирка номерлері
|
тұнбаға түсіретін реактивтер
|
тұнбаның сипаттамасы
|
реакцияның механизмі /адсорбция, зарядты басу, қабығын жоғалту, су/
|
қайтымды, қайтымсыз реакциялар
|
1.
|
қаныққан күкірт қышқыл аммоний
|
|
|
|
2.
|
концентрлі азот қышқылы
|
|
|
|
Қорытынды:
Б) Белоктарға тән түсті реакциялар
Жұмыстың мақсаты: Студенттерді белоктарға тән түсті реакциялармен таныстыру.
Құрал – жабдықтар:
Пробиркалар
Су моншасы немесе спиртовкалар
20%-і NaОН ерітіндісі
30%-і NaОН ерітіндісі
1%-і күкірт қышқыл мыс тұзы /CuSО4 /
Концентрлі азот қышқылы /НNО3 /
5%-і сірке қышқылы
0,5%-і нигидриннің судағы ерітіндісі
1-жұмыстың барысы
Биурет реакциясы.бұл реакцияны белоктағы пептид байланысын анықтауға жүргізіледі.
Пробиркадағы 1-2мл белок ерітіндісіне сондай мөлшерлі 20%-і NaОН ерітіндісін және 3-4 тамшы 1%-і күкірт қышқыл мыс тұзын қосып араластырады. Пептид байланыстарының санына қанықтығы әртүрлі көгілдір түс пайда болады. Бұл реакция барлық белоктарға тән.
2-жұмыстың барысы
Ксантопротеин реакциясы. Бұл реакция арқылы белоктың құрамында ароматты амин қышқылдары – тирозин,триптофан және финилаланиннің барын анықтайды.
1мл белок ерітіндісіне 0,5мл концентрленген азот қышқылын қосып 1-2мин жылытып, қайнатуға дейін жеткізеді. Пайда болған белок тұнбасы сары түске боялады. Бұл реакция кезінде белок құрамындағы ароматты амин қышқылдарының құрамындағы бензол сақинасын нитрлеу реакциясы жүреді.
3-жұмыстың барысы
Фол реакциясы. Бұл реакция құрамында күкірті бар амин қышқылдары тән. 5 тамшы белок ерітіндісіне 5 тамшы 30%-і натрий гидроксид және 5%-і сірке қышқыл қоғасын ерітіндісін құяды. Қоспаны 2 мин қайнатқанда қара қоңыр түсті тұнба түседі.
4-жұмыстың барысы
Нингидрин реакциясы. 5-6тамшы белок ерітіндісіне 5 тамшы 0,5%-і нингидриннің судағы ерітінідісін құйып қайнатуға дейін жеткізеді. Қоспа алдымен қызғылт түске одан соң күлгін түске боялады.
1,2,3,4-жұмыстарды жасап болған соң кестені толтырыңыз.
№
|
Реакция аттары
|
Қолданылатын реактивтер
|
Қоспаның боялған түсі
|
Қандай топтарға тән?
|
1
|
Биурет
|
|
|
|
2
|
Ксантопротеин реакциясы
|
|
|
|
3
|
Фол реакциясы
|
|
|
|
4
|
Нигидрин реакциясы
|
|
|
|
Қорытынды:
Өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар
Белоктардың жалпы сипаттамасы, негізгі атқаратын қызметтері.
Белоктардың физикалық,химиялық және биологиялық қасиеттері.
Белоктарды бөлі және тазалау әдістері.
№ 11 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Қан құрамындағы аммиакты Несслер реактивімен анықтау.
Әдістің прниципі: Аммиактың күкірт қышқылымен әрекеттесуінен пайда болған күкірт қышқылы аммоний тұзы Несслер реактивімен сары түсті қосылыс түзеді. Ерітіндінің түсі қанның құрамындаға аммиактың мөлшеріне байланысты.
Құрал-жабдықтар
Несслер реактиві: 34,9 г КІ және 45,5 г НgІ2 бидистилденген суда ерітіп 112 г КОН қосады да, мөлшерін сумен 1 л жеткізеді.
Карбонат – бикарбонат буфері, рН 10,2:
А) 6 М К2СО3 – 414 г 500 мл суда ерітеді.
Б) 3 М КНСО3 – 150 г тұзды 500 мл суда ерітеді.
|
Буферді әзірлеу үшін А және Б ерітінділерін араластырады.
Пенициллин флакондары.
Шлифтелген таяқшалы тығындар.
Ротор.
Спектрофотометр.
1 Н күкірт қышқылы ( 1 л суда 27,2 мл концентрлі Н2SО4 ).
|
1 – жұмысты орындау тәртібі
Пенициллин флаконына 0,5 мл буфер, рН – 10,2 және 1 мл КОН құйып, аузын таяқшалы шлифтелген тығынмен жабады, шлифтелген таяқша алдын ала 1 н Н2SО4ертіндісіне батырылды.
Флаконды ротордың тегісіне орналастырып 60 мин айналдырады. Уақыт өткен соң, тығынды ашып, таяқшаның ұшын 5 мл сұйытылған Несслер реактивімен жуады ( 1 мл Несслер реактиві + 5 мл бидистилденген су).
Алынған ерітінді 420 нм толқын ұзындығында фотометрленеді. Салыстырма ерітінді ретінде екінші кюветанға су құяды. Калибрлеу түзуі бойынша аммиактың қандағы мг % мөлшерін табады.
Өз бетімен дайындауға арналған сұрақтар:
Азоттың тепе-теңдік, оның түрлері.
Белоктардың биологиялық бағалылығы.
Белоктардың асқорыту жолдарындағы өзгерістері.
Күйіс қайыратын малдағы азоттық заттардың алмасу ерекшеліктері.
Тоқ ішекте өтетін процестер.
Белоктардың сіңірілуі.
Белоктардың аралық алмасуы.
Амин қышқылдардың ыдырау жолдары ( дезаминдену, трансаминдену, декарбоксильдену).
Аммиакты зиянсыздандыру жролдары.
№ 12 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Су мен минералды заттардың алмасуы
Жұмыстың мақсаты: жануарлар ағзасындағы су мен минералды заттардың алмасуын оқып үйрену. Ұйыған қан құрамындағы кальций мөлшерін анықтау.
Әдістің принципі: ұйыған қан құрамындағы кальций мөлшерін еритін аммоний щавелқышқылымен тұңбаға түсіру.
Құрал-жабдықтар:
Аммоний щавелқышқылы
0,01 Н КМnО4 ерітіндісі
Ұйыған қан
2% аммиактың сулы ерітіндісі
Центрифуга 1500 айн/мин
Пипеткалар, өлшегіш цилиндр
Микробюретка/2мл/
1-жұмыстың орындалу тәртібі
Центрифуга пробиркаларына 2 мл дист.су құйып, 2 мл ұйыған қанды қосады, 1 мл щавелқышқылды аммоний, араластырып 15 мин қалдырады. Қасына бақылау тәжірибесін жасайды, қан орнына дист. су құяды. Пробикаларды 5 мин центрифуга қояды, 1500 айн/мин. Ұйыған қан құйылған пробиркада тұңба түзіледі. Сұйықтықты пробиркадан құйып алады. Пробиркаға 4 мл 2% аммиактың сулы ерітіндісін құйып, араластырып қайтадан цетрифугаға қояды. Аммиакпен тәжірбиені үш рет қайталайды. Екі пробикағада 2 мл 1н күкірт қышқылын құйып қайнаған ыстық суға 2 мин қояды. Ыстық ерітіндіні 0,01 н КМnО4 ерітіндісімен титрлейді. Жоғалмайтын күлгін түс болғанша.
Кальций мөлшерін формула бойынша есептейді:
Х=(a-b)*0.2*100/2 мг % Ca
а= КМnО4 ерітіндісімен қанды титрлеуге кеткен мөлшері
б= КМnО4 ерітіндісімен бақылауға алынған ерітіндіні титрлеуге кеткен мөлшері
Өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар:
1.Бұлшықеттегі судың мөлшері, физиологиялық ролі және алмасуы.
2.Сулы алмасудың патологясы және регуляциясы.
3.Макро, микроэлементтердің биологиялық ролі
4.Минералды заттардың зат алмасумен байланысы.
№ 13 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Нуклеопротеидтер гидролизі
Жұмыстың мақсаты: Нуклеопротеидтердің құрамын анықтау үшін қышқылдық гидролиз жүргізеді. Жартылай гидролизі барысында нуклеопротеидтер қарапайым белок және нуклеин қышқылдарына ыдырайды. Нуклеопротеидтерді толық гидролизі нәтижесінде мына заттар түзіледі:
- Полипептидтер мен амин қышқылдары;
- Пурин және пиримидин негіздері;
-Көмірсулар /рибоза және дезоксирибоза/;
- Фосфор қышқылы.
Гидролизат құрамындағы заттарды сапалық реакциялармен ашады.
Әдістің принципі: Күрделі белок – нуклеопротеидтердің химиялық құрамын анықтау.
Құрал- жабдықтар
Ашытқы /дрожжи/
5% H2SО4 ерітіндісі
10% NaОН ерітіндісі
2% CuSO4 ерітіндісі
Концентрлі NН4ОН
2% AgNО3 ерітіндісі
|
Фелинг сұйығы
Молибден реактиві
Лакмус қағазы
100мл колба
Шыны түтікшелер
Асбест төселген плитка
Воронка
|
1-жұмыстың орындалу тәртібі
100мл колбаға 0,5 г ашытқы салып, 20 мл 5 %H2SО4 ерітіндісін құяды. Колбаның аузын шыны түтікшемен жалғасқан тығынмен жауып, 45 мин плиткада қайнатады. Колбадағы сұйық суығаннан кейін, оны сүзеді. Сүзіндімен мына реакцияларды жүргізеді:
1мл гидролизатқа сілтілік ортаға дейін /лакмус арқылы анықтайды/ 10% NaОН ерітіндісін және бірнеше тамшы CuSO4 қосады. Ерітіндінің көкшіл-күлгін түске бояулы полипептидтерге байланысты.
Пурин негіздерін анықтау. 0,5 мл гидролизатқа 3-4 тамшы аммиак ерітіндісі мен 5-6тамшы 2% AgNО3 қосады. Пурин негіздерінің бар екенін қоспада біраз уақыт тұрғаннан кейін бозғылт түсті тұнба түсуі көрсетеді.
Көмірсуларды анықтау. 1мл гидролизатқа 8-10тамшы Фелинг сұйығын құйып қайнағанға дейін қыздырады. Көмірсулар – альдозалардың бар екенін қызыл түсті мыс оксидінің тұнбаға түсуі көрсетеді.
Молибден тәжірибесімен фосфор қышқылын анықтау. 5 тамшы гиролизатқа 10 тамшы молибден реактивін қосып қайнатқанда фосфор – молибден аммонийінің түсті тұнбасы пайда болады.
12 (NH4)2MoO4 + H3PO4 + 21HNO3 → 21(NН4)NO3 + (NH4) PO4 ∙ 12MoO4 ∙6H2O + 6Н2О
24-жұмысты орындап болған соң кестеге тұжырымдап жазыңыз.
Гидролизат құрамындағы заттар
|
Ерітіндінің түсі
|
Қарапайым белоктар
|
|
Пурин негіздері
|
|
Көмірсулар
|
|
Фосфор қфшқылы
|
|
Өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар:
Күрделі белоктардың /хромопротеидтер, глюкопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер/ мінездемесі.
Нуклеопротеидтер, олардың құрамы және құрылысы.
Нуклеин қышқылдарының /ДНК,РНК/құрамы және құралысы.
РНК-ның түрлері
ДНК мен РНК –ның айырмашылығы
5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР 5.1 Негізгі әдебиет
5.1.1 Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы.- Семей: 2014.-240 б.
5.1.2 Сейітов Қ.С. Биологиялық химия.-Алматы: «Қайнар» университеті, 1992.-384 б.
5.1.3 Аблаев Н.Р. Биохимия в схемах и рисунках. –Алматы: Ғылым, 2001.-285 с.
5.1.4 Кайрханов К.К. Методические указания к лабораторным занятиям по биохимии /издание третье, переработанное и дополненное/ Семипалатинск, ЦНТИ, 2003.
5.2 Қосымша әдебиеттер
5.2.1 Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф., Биохимия.-Москва: 2000.-520 с.
5.2.2 Строев Е.А. Биологическая химия. -М.: 1986.-480 с.
Достарыңызбен бөлісу: |