№3 мектеп-интернаты 10-сынып оқушыларының қысқы демалыс 29



жүктеу 225,5 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі225,5 Kb.
#22482

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша  көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.

Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.

Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс.

Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.

Сонымен қатар, әлі де болса біліктілігі жоғары педагогтар жалақының төмендігіне байланысты саудамен айналысуға мәжбүр. 

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында жаһандық дағдарысқа қарамастан мемлекеттің әлеуметтік саясаты -  ең алдымен жұмыс орындарын көбейтуге, қамқоршылары баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жоғары және арнайы орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіруге бағытталып отыр.

Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

Оқу орындары, кәмелетке толмағандарға медициналық, кеңестемелік және басқа да көмек көрсететін, атап айтқанда осындай жәрдемге мұқтаж немесе қатыгездік құрбаны болған, ата-анасының мейірімін көрмеген және қудалау мен қанауға душар болған жасөспірімдерге қолұшын беретін базалық және анықтама орталықтарына айналуы тиіс. Нормативтік құжаттарда мектепке бару ережесін сақтау қиынға  соғатын, сондай-ақ мектепті тастап кететін кәмелетке толмағандарға арнайы көмек көрсетілетіні көзделіп, жастар арасындагы қылмыстың және кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімді жолдарын табуға қатысты, ғылыми-зерттеу жүргізуде білім беру жүйесінің барлық буындарының арасында ынтамақтастық болуын ынталандыруға, сондай-ақ осындай зерттеулердің кең таралуы көзделуге тиіс. Осындай зерттеу нәтижелерінің негізінде білім басқармалары кәмелетке толмағандарға, заңға сәйкес мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелік құралдар әзірлеп, білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне енгізу керек. Жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алудың неғұрлым тиімді шарасы девиантты мінез-құлқымен ерекшеленетін кәмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының лидерлерін дер кезінде анықтауға және олардың айналадағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болғанда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі құқық бұзушылықтың  қайталануын болдырмауға, сондай-ақ оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсерден оқшаулауға мүмкіндік береді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағытты әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады, себебі кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытын  да ұйымдастырылатын әр түрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты.

Мәдениет, ойын-сауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты бағдарлама болуы тиіс.

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі. Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағанадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар мұнын өзі келешек ұрпақтың мінез құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда, жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді БАҚ-ы арқылы тарату қажеттігі туралы норма императивті түрде баяндалу керек. Заңда бұқаралық ақпарат құралдарын есірткімен, зорлықпен байланысты материалдар көрсетуді мейлінше азайтуға, сондай-ақ зорлық пен қанауды жағымсыз жағынан көрсетуге мүдделі ететін, осыған ынталандыратын нормалар көзделуі тиіс. БАҚ-ы өз бағдарламаларын дер кезінде түзетуі аса қажет, олардағы ақпарат балалар мен жасөспірімдердің ақылын кемітпей, қатыгез етпей, дұрыс бағдар беруі тиіс. Сонымен қатар есірткі мен алкогольді пайдаланудың алдын алудағы, бұл заттардың зияны туралы ақпаратты барлық деңгейде таратудағы рөлі мен жауапкершілігі заң жүзінде анықталғаны жөн. Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот-тергеу органдарының  қызметін жетілдіру шаралары көзделіп, кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімділігін арттыру үшін барлық құқық қорғау, мемлекеттік басқару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мәселелерімен айналысатын жастар және қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің өзара ықпалдасуын, қызметтерін үйлестіру жөнінде кешенді шараларды әзірлеу қажет. Осы мақсатта үйлестіруші орган, балалар мен жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын алу іс шараларын жүзеге асыру кезінде жинақталатын ақпарат, тәжірибе, білім мен мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде алмасуды жандандыруға тиіс. Осы орайда айта кететін бір жағдай, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар, білім басқару мекемелері, ішкі істер органдары,  балалар мен жасөспірімдердің жалпы әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сай келмейтін мінез-құлқы, көп жағдайда есею процесімен байланысты болатындығын және есейген сайын олардың мінез-құлқы өзгеретіндігін, ал жасөспірімдерді тәртіп, құқық бұзушы немесе бастап келе жатқан құқық бұзушы деп анықтау көп жағдайда жастардың бойында тұрақты жағымсыз мінез-құлық қалыптасуына әкеліп соғатындығын да терең ескерілуі қажет деп ойлаймын.



Экономикалық тәрбиенің мәні

Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады. Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуіміз керек.

Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалдық негізін түсіндіреді, адамзат қоғам өмірінің құпия сырларын ұғынудың, қоғамды қайта құрудың объективті негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ғылым адам және оның экономикалық қатынастарын зерттейді.

Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыру. Осының негізінде оқушылар қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынуы, қоғам және тұлғаның мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа қатынастарды қалыптастыруға үйренуі керек. Қазіргі күні бастауыш мектеп, негізгі базистік мектеп және бағдарлы мектептердің оқу тәрбие жұмыстарына экономикалық тәрбие мәселелерін жүйелі ендіру мүмкіндігі туып отыр. Бастауыш мектептегі қол еңбегі барысындағы құнттылық, базистік мектептегі  салалық еңбектің экономикалық негіздері тәрбие жұмысын жаңа негізге көшірудің құралына айналуда.

Мектепте оқу пәндерін өтуде экономикалық тәрбие жұмысын жан- жақты жүргізуге болады.

Бастауыш сыныптарда біздің экономикамыздың негізгі түсніктері енгізіледі.

Экономикалық тәрбиенің негізі отбасында, балалар бақшасында, мектепте қалыптасады.

Экономикалық білім, басқа білім түрлері сияқты, белгілі бір білім жүйесін игеру, экономикалық есептеуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда, өндірістегі іс- әрекет экономикасын талдауда меңгеріледі.

Экономикалық тәрбие- бастауыш сыныпта экономикалық терминдер жөнінде дұрыс түсінік беру.

Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте көкейтесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру қажет.

Экономикалық білім беру оқушыларды экономика саласы бойынша біліммен қаруландырады және білімді сенімге, мінез – құлық нормасына айналдыратын эканомикалық тәрбиеге негіз болады , күнделікті өмірде оқушылардың білімін , сенімін іс жүзінде қолдана білуге жетелейді.

Экономикалық тәрбие – мектепте берілетін адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөлігі. “Эканомикалық тәрбие – қоғам мүшелерінің білім , қаблетін және дағдысын, қажеттілігі мен мүддесін,ойлау стилін қалыптастыру мақсатында жүйелі , мақсатты бағытта ықпал ету ” деп түсініледі.

Сонымен қатар , экономикалық тәрбие “ қоғамның адамға оның ойлау жүйесін және әрекетін қалыптастыру үшін жүйелі , мақсаты бағытта ықпал етуі ”, “эканомикалық даму заңдылықтарын тану негізінде адамды белсенді қоғамдық – пайдалы әрекетке дайындау үрдісі” деп те анықталады.

Экономикалық тәрбие – кең мағынада ұйымдастырылған педагогикалық әрекет, ол экономикалық білім беруге, экономикалық мақсатты әрекетпен байланысты экономикалық білік пен дағды қалыптастыруға, экономикалық ойлауын дамытуға бағытталған.

Экономикалық сана деп адамның экономикалық өмірдің нақты сипатын, экономикалық қатынастарды, осы өмірдегі өз әрекетін тануын айтамыз.

Оқушыларды экономикалық тәрбиелеудің маңызды міндеті оларды экономикалық әрекетке дайын болуға тәрбиелеу болып табылады. Бұл мектеп бітірушілердің өз экономикалық білімін, білігін, қоршаған ортаны аялау мен бос уақытын тиімді пайдалану мүмкіндіктерін білдіреді.

Экономикалық тәрбие беру үрдісінде экономикалық білім сенімге айналуы және ол іс-әрекет пен мінез-құлықтан көрініс табуы тиіс. Экономикалық білімнің сенім мен іс-әрекетке айналуының басты қозғаушы күші – жеке тұлғаның экономикалық қажеттілігі мен мүддесі. Бұның қалыптасуына қоғамның экономикалық мәдениет деңгейі әсер етеді, ал ол өз кезегінде қоғамдық қатынастарға тәуелді.

Басқаша айтқанда, экономикалық тәрбие білімге деген сұранысты жандандыруға, экономикалық білімді жасампаздық әрекетте қолдана білуді дамытуға қызмет етеді. Экономикалық тәрбие дүниетанымның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Экономикалық тәрбиенің маңыздылығы сонда, ол өзге қоғамдық сана түрлеріне қарағанда болмысқа жақын, әрі қоғамдық болмыс пен қоғамдық сана арасын байланыстыратын буын қызметін атқарады.

Өйткені тәрбие өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлауға, ал экономикалық тәрбие экономикалық әрекетке дайындауға, қоғамдық қатынастардың негізі ретіндегі экономикаға саналы түрде қатысуға дайындауға бағытталған; ол педагогикада басым орын алу тиіс.

Экономикалық тәрбиенің негізгі міндеттері – оқушылардың экономикалық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту, балалардың өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыру құралы ретінде еңбекке ұмтылу, мамандық таңдауға саналы қатынасы, экономикалық талдау іскерлігі мен дағдысын игерту,  мінез құлықтың белгілі сапасына тәрбиелеу, еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздерін игерту.

Оқушыларға экономикалық білім мен тәрбие берудің нәтижелері олардың экономикалық мәдениетін және жаңа типтегі экономикалық ойлауын қалыптастырады.

Экономикалық білім материалдық игіліктердің мазмұны, сипаты, ерекшеліктері, оларды өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну, қоғам дамуына материалдық өмірдің ықпалы туралы экономикалық теориялар жиынтығынан тұрады.

Экономикалық білік – адамның экономикалық әрекеті немесе оның жекелеген элементтерін экономикалық білім мен тәжірибе негізінде орындай алуы.

Экономикалық дағдылар – жиі қайталау нәтижесінде автоматтандырылған біліктер. Экономикалық біліктер мен дағдыларға іс-әрекет үрдісі мен нәтижелерін экономикалық талдау, үнемі экономикалық есептеу, жоспарлау, еңбектегі ғылыми ұйымдастыруды қолдану іскерлігі мен дағдысын жатқызуға болады.

Экономикалық сана – білім мен экономикалық өмірге деген көзқарастар жиынтығы. Қоғамдық экономикалық санаға экономикалық көзқарастардың бәрі емес, тек қана қоғамдық мәндісі ғана кіреді.

Экономикалық сананы қалыптастыру құралдары экономикалық тәрбие мен білім беру болып табылады.

Оқушыларды экономикалық тәрбиелеудің негізгі категорияларын қалыптастырғанда, мектеп жасындағы балаларды экономикалық тәрбиелеудегі шетелдік және отандық алдыңғы қатарлы тәжірибелерді талдаудың нәтижелерін, сондай-ақ оқушыларды экономикалық тәрбиелеудің көкейкестілігі, дұрыстығы және мазмұны жөніндегі қоғамдық пікірді есепке аламыз. Осыған байланысты экономикалық тәрбиенің мақсаты жеке тұлғаны экономикалық әрекетке дайындау деп қорытындылауға болады. Экономикалық әрекет дегеніміз – өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бірлігі, яғни аз шығынды үлкен нәтиже алу тәсілдерін іздестіру. Экономикалық әрекет экономикалық тәрбиенің алғы шарты, критериі және экономикалық тәрбие құралы болып табылады.

Оқушылардың әр түрлі экономикалық қатынас түрлеріндегі іс-әрекеттерін басқара отырып, олардың бойында уақытқа есеппен, үнеммен қарауды қалыптастыруға болады. Уақытты бағалай білу жеке тұлғаның маңызды экономикалық мәні мен сипаты жинақылыққа тәрбиелейді. Әртүрлі экономикалық қатынастар үрдісінде меншікке деген қатынас сөзсіз көрініс береді. Бұл қатынастарды педагогикалық және экономикалық тұрғыда сауатты басқару оқушылар бойында үнемшілдік, есепшілдік, сақтық сияқты сапаларды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Кейде жастардың арнаулы экономикалық білім алғанымен, қоғамға қажетті кейбір жеке белгілерін игермейтіні байқалады. Бұған себеп: отбасында, мектепте, жоғары және басқа оқу орындарында экономикадан берілетін тәрбиенің жеткіліксіздігі. Экономикалық тәрбие оқушыларға экономикалық заңдардың сипати мен әсерін түсінуге мүмкіндік береді. Оқушыларды еңбекке, жеке меншік пен қоғамдық меншікке ұқыптылықпен қарауға, тапсырманы өздігінен жауапкершілікпен орындауды жоспарлай білуге, уақыты мен бюджетін тиімді пайдалануға, экономикалық талдауды қалыптастыруға дағдыландыру керек. Мұның өзі – ұзақ жүретін үрдіс.

Тәрбие негізі баланың жас кезінен бастап отбасында қалыптастырылады. Одан кейін ол мектепте одан ары қарай дамытылады. Оқушыларға экономикалық тәрбие берудің негізгі мақсатының бірі – оларды өз бюджеттерін тиімді пайдалануға дағдыландыру. Кейбір ата-аналар балаларына жұмсауға ақша береді. Бұл, әрине дұрыс емес. Мұндай тәрбие баланы ақшаға үйір етіп, теріс мінездерді қалыптастыруына жол ашады. Ата-аналар отбасы қаржысының қандай еңбекпен табылатынын, ақшаны қалай тиімді жұмсау қажеттілігін балаларына түсіндіріп отыруы тиіс. Ата-ана балаларына жұмсауға ақша бергенде мөлшерлеп жұмсауға тиіс екендігін айтып отырған абзал. Мөлшерден артық ақшасы бар бала оны қалай болса солай жұмсап, ақшаны ң құнын бағаламай кетуге әдеттене бастайды. Сондықтан оқушы ата-аналардың еңбегін, тапқан табысын қастерлей білуге дағдыланғаны жөн. Ендеше мұғалім экономикалық тәрбие беру үшін қазіргі нарықтық экономика жайлы заңдылықтарды көбірек біліп, терең түсініп, оны тәрбие барысында пайдалана білуі өте маңызды.

Жеке тұлғаның жан-жақты  үйлесімді дамуының негіздерін қазіргі уақыт тұрғысынан қарастырып, бір бағыты ретінде экономикалық білім және тәрбие міндеті бекітіледі. Қазіргі кезенде мемлекеттік білім саясатында экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторлардың бірі ретінде басымдық бағытта экономикалық білім және тәрбие орын алуда.

Экономикалық білім мен тәрбие жүйесі көптеген педагогикалық заңдылықтарға байланысты анықталады.



  1. Жеке тұлғаның экономикалық білімі мен тәрбиесінің қалыптасуы оның іс-әрекет үрдісінің кіруімен орындалады. Айта кетсек, оны еңбек ісіне қамтымай, еңбек сүйгіштік, ұжымдық, ұжым істерін шешуге өзара қарым-қаынасын қалыптастыру мүмкін емес. Қазақтың ұлттық философиясының негізін қалаушы, жаратылыстың құпиясы, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның қатынастарын терең бойлаған кемеңгер ойшылы Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе жастарды еңбекке баулу. Абай халықтың әл-аухатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжаған.

а) Оқу-танымдылық және шығармашылық іс-әрекеті.

Мысалы, оқушы экономикалық білімді меңгеру үшін ол танымдылық іс-әрекетін жүзеге асырады. Осы кезде ақыл-ой және техникалық, экономикалық шығармашылық міндеттері шешіледі.

ә) Азаматтық – қоғамдық және патриоттық іс-әрекеті.

Тәрбие – қоғамдық құзірет. Тәрбие – адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбекпен, материалдық өмір тәжірибесінде пайда болып, қазіргі кезенде ол сол сұрақ екенін айқындады. Экономикалық білімнің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттелген. Еліне қайырымды, бойындағы бар қасиетін халыққа жақсылық жасауға арнаған адамды «Ел қамын жеген ер» деп дәріптеген. «Жақсының жаттығы жоқ», «Жақсы –ай мен күндей, әлемге бірдей», «Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші, жақсылықтың лебін ала келді десеңші» деген нақылдар жақсы адамның көпшіл, халық қамын ойлайтын, экономикалық білікті абзал азамат екенін дәлелдейді.

б) Қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек іс-әрекеті.

Адамдардың арасындағы әлеуметтік, саяси – экономикалық қатынас қоғамның өндіріс қатынастарынан келіп шығатыны белгілі. Қоғамдық өмірдің өндірісі ұдайы екі жақты процесс. Ф.Энгельстің тілімен айтқанда, «Тіршіліктің өзін өндірудің және ұдайы өндіріп отырудың» екі жағы бар. «Бір жағынан – тіршілік заттары»- тамақ, киім- кешек, тұрғын үй және осыған керекті құралдар өндіру;

«Екінші жағынан – адамдардың өзін өндіру, ұрпақтың жалғасуы». Олай болса, экономикалық білім осы процестің екі жағымен де тығыз байланысты.

г) Эстетикалық іс-әрекеті. Сол қоғамдық қатынастардың негізінде адамдардың арасындағы бір-бірін түсінушілік, бір – біріне деген ілтипат, бірін-бірі сыйлаушылық, тағы басқа да қатынастар ғасырлар бойы орын алып келген моральдық принциптер негізінде құралады. Одан соң әрбір адамның өзіндік ерекшелігі мен өскен ортадан алған тәрбиесінің айнасы ретінде не күңгірттеніп, не жарқырай көрінеді. Шығарылған өнімнің сандық жағымен бірге сапасының бар екені мәлім, ендеше, сапа осы экономикалық біліктілігінің қасиеттерінің ерекше көріністерінің бірі. Өйткені жұмысқа, өндіріс процесінде жауапсыз, немқұрайлы қарау, қалай болса солай атқару өнімнің сапасын көрсетеді.

д) Салауатты өмір салты және спорт іс- әрекеті.

Ұлтымыздың өткендегі өмір салтын зерттей отырып, оны қазіргі жағдайымызбен салыстыру арқылы халқымыздың болашақтағы өмір салтын, оның экономикалық бағытын болжауға болады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылдың 8 қаңтарда Парламентте сөйлеген сөзі, атап айтқанда, Қазақстанның таяудағы 10 жыл ішінде бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруді көздейтін стратегиялық бағыт қоғамның барлық мүшелерінің жұмысына негіз болуда. Бұл – өте ауқымды күрделі мақсат. Қойылған стратегиялық бағытта жүзеге асырудағы шешуші факторлардың бірі – білім мен ғылымды өркендету, осының негізінде экономиканы дамыту және жас ұрпақты адами ізгіліктің ең биік тұрғысында тәрбиелеу.



  1. Жеке тұлғаны қалыптатыруда ұйымдастыратын іс-әрекеттердің бірі – ол экономикалық біліктілігінің белсендігін марапаттау.

Яғни, ол іс- әрекетті ұйымдастыруда  жоғары белсенділік көрсететін болса, жеке тұлғаны қалыптастыру және оны дамыту тиімді өтеді. Егерде оқушы ұйымдастырылған іс- әрекетке ынтасыз, немқұрайлы қараса, бұл іс- әрекет туралы қандай дамуды айтуға болады. Мысалы, жылқыны суға күшпен жетелеп  альп баруға болады, ал күшпен су ішкізуге мүмкін емес.

Л.Н. Занков көрсеткендей, адамға күшпен білімді енгізуге, мәдениетті меңгертуге болмайды. Белсенділікті арттыру үшін экономикалық білімнің қажеттілігін көрсете білу керек. Білімнің жеткіліксіздігі, тәжірибенің аздығы, алда тұрған немесе, пайда болған проблеманы шешуде дағды мен біліктілікті арттыруды қажет етеді. Міне, сондықтан оқушыларға еңбекте экономикалық біліммен қаруланудың қажеттілігін санасына жеткізу және белсенділіктің қозғаушы күштерінің бірі мүдде және түрткі болып табылады.



  1. Экономикалық білім мен тәрбиені қалыптастыруда ізгіліктілік көрсету және тұлғаға сыйластықпен қарау жоғары талаппен қатар жүруі шарт.

  2. Экономикалық білім мен тәрбиені қалыптасыруда оқушылардың болашақта материалдық, рухани өсуіне жол ашу және жетістіктеріне жетуге көмектесу.

  3. Экономикалық білім мен тәрбиені қалыптастыруда оқушылардың жас ерекшеліктері және жеке ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

  4. Экономикалық тәрбие ұжымда және ұжым арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

  5. Экономикалық тәрбие жұмыстарында оқытушының, қоғамдық ұйымдар және отбасы бірлестіктерінің педагогикалық күш- қуаттары қажетті.

 

Кітап-тарих, шежіре
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні

Жүргізуші: Қуан кітап, қуанатын күн бүгін

                     Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

                      Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың

                      Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

                      Той басталды, халайық,

                      Үміт отын жағайық.

                       Кітап күнін ұлықтап,

                       Биден шашу шашайық!


Жүргізуші: Кітап – нәзік те, тұнық әлем! «Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған» - деп, ұлы ғұлама айтқандай, адамзат тарихының өзі – кітап.

1-оқушы: Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы! Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы.

2-оқушы: Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.

3-оқушы: Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ кітап бар білімнің, бар ғылымның бастауы. Кітап барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.

4-оқушы: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев өз бетінше ізденудің, кітапті көп оқудың арқасында шығармашылығын жетілдірді, әрі бірнеше тілді меңгерді, ойшылдардың еңбегімен танысты.

5-оқушы: Кітап – ең сабырлы ұстаз, үндемес серік. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара-жігін айнытпай танытып білуге үйретеді.

                                                      Арнау

 

Бастайыншы сөзімді «биссмилла» деп,



Ассалаумагалейкум, жиылған лек!

Еліміз кітап күнін тойлар жатыр,

Ұрандап «Оқитын ел – озық ел!» деп.

Болғанда қыспағы мол заман – нарық,

Озық болу жарасар топты жарып.

Алып шығар нарықтан білім ғана,

Оқығанның қашанда алды жарық.

Сондықтан бүгінгі іс – келелі іс,

Ізгілікті іс қашанда берер ырыс.

Кітап күні тойланып жылдын-жылға,

Бүгінгі жыл келер жылға болсын жұғыс.

Кең, қазынаң кітап қой нәр беретін,

Жайнатып өміріңе сән беретін.

Жер бетінде ешқандай ғажайып жоқ,

Халайық, дәл кітапқа тең келетін.

Кітап – сәуле, нұр берер шығарыңыз,

Сарқылмайтын білім мен бұлағыңыз.

Кітап – білім қаруың болса, анық –

50 елдің алдына шығарыңыз.

Шарамыз игілігн ала келсін,

Ұлтыма білім, байлық, сана берсін.

Рухымыз асқақ боп әрқашанда

Халқымыздың бақыты жана берсін!

Қазақстан оқитын елге айналсын,

Жастарымыз білімді ерге айналсын.

Жаңа әлемде жаңа елдің жастарындай,

Асқақ болып рухы, нұр жайнасын!

Жүргізуші:

Уа, жиылған халайық!

Түгел бері қарайық,

Сөзінің бар киесі,

Рухани әлем иесі,

Кітап Ханшайымына

Баршамыз назар салайық.

Ести алмай лебізін

Әсте өкініп қалмайық.

Ортаға кітап киіміндегі Ханшайым шығады.

Кітап Ханшайымы:

Мен – Кітап Ханшайымымын,

Иесі  рухани әлемнің.

Әкелдім кітап патшалығының

Бәріңе жалынды сәлемін!

Мен – білімнің түпсізі, аспанымын,

Мен – ғылымның тұңғиық бастауымын,

Рухани нәр берер бұлақпын мен,

Меніменен байиды бар танымың.

Мен – рухани әлеммін, кітап атым,

Баға жетпес байлықпын, асыл затым,

Мені көктен түсірді жаратқаным

Шын қажеті болған соң адамзаттың.

Мен – кітаппын, білімнің бұлағымын,

Жауабымын сауал мен сұрағыңның,

Ақылшыңмын, ұстазбын, ғажайыппын

Бағдаршаммын, адаспас шырағыңмын.

Жүргізуші: Бұдан 45 жыл бұрын, яғни 1972 жыл – ЮНЕСКО-ның шешімімен «Халықаралық кітап жылы» деп аталса, 1995 жылы 23 сәуір - «Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Міне, содан бері бұл күн Ресейде, Германияда, Америкада, т.б шетелдерде өте жоғары деңгейде аталып өтілуде. Астанада «Оқитын қоғам – бәсекеге қабілеттілік тірегі» атты халықаралық конгресс өткізілді.  Кітаппен жақын болғанның қашанда жолы – даңғыл.

Көрініс:Жаңа кітап  пен  көне  кітап.

 

Тақпақтар

 

1.     Адамның досы – кітап, өмір кілті



Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.

Ақылшы жанға серік жол бастаушы,

Асыл ғой қазынасы өмір көркі.

 

2.     Кітап та – алма ағашы



Жемісін біз теретін,

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін.

 

3.     Кітап - сенің құралың,



Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан,

          Онсыз алға бір адым.

 

4.     Кітап – досың, жолдасың,



Өмірдегі жолбасшың.

Жақын болсаң онымен

Жаман бала болмассың.

 

5.     Кітап жинап түптеймін – жыртылмасын,



Мұқабасын бүктеймін – қырқылмасын.

Таза болсын беттері – кірлемесін.

Көрген кісі кітабы кір демесін.

 

6.     Себер шуақ, нұр көпке,



Аяла оны құрметте.

Үңіле оқып әр бетін.

Күтіп ұста кірлетпе.

 

Жүргізуші: Кітап –  менің  жолшырағым, серігім,

                     Абай, Мұхтар – қазағымның қаймағы.

                     Әсем жырмен өрнектелген ойлары,

                     Бес асылға  ғашық бол деп тәрбиелер,

                     Жат қылықты жақтырмайды бойдағы.



Оқушылар Абайдың «Бес асыл» өлеңін оқиды.

Кітап ханшайымы: Кітап туралы көптеген мәліметтер біледі екенсіздер, ал мақал-мәтелдер білесіндерме?

 

Мақал-мәтелдер

 

1.     Кітап – білім бұлағы,



Білім – өмір шырағы.

2.     Кітапсыз үй  - жансыз дене.

3.     Кітапсыз білім жоқ,

Білімсыз күнің жоқ.

4.     Наданмен дос болғанша,

Кітаппен дос бол.

5.     Жақсы кітап – адал дос, ақыл жолдас,

Ондай ешкім,  ешнәрсе жақын болмас.

6.     Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

7.     Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім.

8.     Ой маржаны кітапта.

9.     Кітаппен кеңес – білімдімен теңес

10. Күш – білімде, білім – кітапта

11. Кітап – көзі жұмыққа арзан,

Көзі ашыққа – маржан.

 

Кітап  ханшайымы: Барша әлемді ұлан-ғайыр білімімен таң қалдырған Ұлықбек, Әл-Фараби сынды ғұламалар балалық балғын шағынан өмірінің соңына дейін кітаппен дос болғын.

Көрініс:Әдептілік.

         Кітап ханшайымы: Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына – кітаппен достығымыз үзілмесін! Әрқашанда жүздеріңіз жарқын, жолдарыңыз даңғыл болсын! Кітап күніне арналған осындай жылы-жылы мерекелерде жүздесе берейік, ағайын !

 

Үздік оқырмандар марапатталады

 

Біз – жастармыз, біз ертеңнің



Иесіміз болашақ,

Біз бастаған істеріміз

Жарқын, нүрлы жол ашпақ.

Кітап – білім мол мұрамыз,

Биіктерге бастайтын,

Білімді жас біз боламыз,

Қиындықтан қашпайтын.

Кітап – мәңгі асыл мұра,

Қайнары ол білімнің.

Сол білімді қару еткен,

Біз, ұланы – елімнің.

«Оқитын ел – озық ел!» - деп,

Асқақ шырқар жыр-әнін.

Таңытатын жаңа әлемде,



Біз  – озық ел ұланы!

Кітапханашы:  Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол – мәңгілікке сапар шеккен ақыл ескерткіші. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы».  Ендеше, кітап – білімді қару еткен жаңа әлемдегі жаңа еліміздің озық та өнерлі өкілі болайық! Осындай игілікті шараларда кездескеше, ағайын!

Осал тәрбие- орынсыз жағдайларға жетелейді

1.2. Мінез-қүлқында қиындығы бар оқушыларды психологиялық тұрғыда талдау. 

Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы оқушыларды— негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік пенқолдана білу. Осы жетістіктерге жету үшін мүғалім оқушының мінез-қүлқын, сана ссзімінің жетілу дәрежесін, таным процестерінің (түйсіну, қабылдау, ес, ойлау сөйлеу, қиял) дұрыс қалыптасуын қадағалап әрі дамытып отыруы қажет. 

Мүғалім психологиялық танымдық процестерді 

калыптастырудағы негізгі тұлға. Әрбір баланың психологиясын білу көп ойлануды, көп ізденуді қажет етеді. 

Мүғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста мүғалімнің негізгі жүмыс бағыттары: 




  1. Окушының жеке дамуын бақылау оның еркін дамып, қабілеттерінің ашылуына, мінез-қүлқының қалыптасуына тиімді жағдай жасау 


  2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру. 


  3. Оқушыларды қоғамдық құндық қатынастарға жетелейтін әрекеттің барлық түрлерін (жеке-дара, топтық, үжымдық) ұйымдастыру. 


  4. Оқушылардың еркіндіктері мен қүқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау 


  5. Сыныпта оқу-тәрбие жүмысын үйымдастыру. 


Алдымен мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың дара ерекшеліктерін жан-жақты қарастыруымыз керек. Мысалы, белгілі психолог К.К.Платоновтың көзқарасы бойынша «жеке адамның психологиялық құрылымы» төрт бөліктен түрады: 

Біріншіден, оның темперамент, жыныс, жас өзгешеліктері, яғни биологиялық қасиеттері; 

Екіншіден, оның даму барысының дербес ерекшеліктері, яғни ес ерлікк, түйсіну, эмоция, қабылдау және ойлау т.б. қасиеттері жатады; 

Үшінші, баланың әлеуметтік тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі; 

Төртінші, оның жалпы адамгершілік қасиеттері- жеке адамның бағыттылығы. 

Мұғалімнің негізгі міндеті бала бойындағы қиындықтарды анықтап, оларды түзету жолдарын дұрыс ұйымдастыра білу. Егер де, мүғалім өз жүмысына немқұрайлы қараса оқушылардың келесі қиындықтарды байқауға болады: 




  1. Оқушының қоршаған ортамен қарым-қатынасының бүзылуы . 


  2. Ерке балалар. Бұндай оқушылар көбінесе барлық жағдайы жасалған, үйдің жалғыз балаларында кездеседі. 


  3. Жағдай толық жасалмаған. Психикасының дамуында 
    ауытқулар
     бар балалалар, осының салдарынан сабаққа үлгермеушілік пайда болады. 


  4. Отбасы жағдайы мүлдем нашар, яғни бала тәрбиесіне кері әсер етушілік маскүнем, бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін т.б. Е.Волкова, Гаспаровалар [15] мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды мынадай топтарға бөледі: 


а)сезім әрекетіне бой алдырғыш (эмоционалды) оқушылар (жьшауық, кекшіл т.б.); 

б)агрессивті; 

в)қыңыр, қырсық; 

г)ұялшақ; 

е) тынымсыз, белсенді бала. 

Бала тәрбиесінде отбасында дұрыс тәрбие бермеудің 4 жолы бар: 

1.Қабылдамау 

2. Гиперсоциалды 

3. Қорқақ-секемшіл 

4.Эгоорталықты 

Қабылдамау - егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік, жылу болмаса. бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. Қабылдамау әйел жүкті болған кезде баланың дүниеге келуіне карсы болғаннан пайда болады. Қабылдамаудан бала кез келген нәрсеге тітіркенгіш болып келеді. 

Гиперсоциалды  мұндай ата-аналар -«дұрыс» ата-аналар. Ата-ана баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып, ұйыктағысы келсе ұйықтатады. «Амандасуды» қинап айтқызады. Мұндай ата-анаға мектепте баласын мақтаған ұнайды, баласы туралы кемшілік айтса, намыстанып кетеді. Олар талапты орындағыш келеді. Гиперсоциалды бала робот, автомат сияқты өмір сүреді. 

Қорқақ-секемшіл - бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың баласы шамалы ауырса, оны үйден шығармай, жанұясымен соның бетіне қарап, жағдайын жасап, баланың ойын алдын-ала ауруға дайындайды. Нәтижесінде бала жиі-жиі өзіне«Мен ауырып калмаймын ба?» «Мен өліп қалмаймын ба?» деген сұрақтар қояды. Баланы тым қадағалау нәтижесінен, талапты шамадан тыс қоюдан, балада, керісінше, қорқак-секемшіл мінез қалыптасып, кез келген нәрсеге қоркынышпен карайды. Құрдастарымен ойнай алмайды, өкпелегіш, өзіне сенімсіз болады. 

Эгоорталық - бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ қарым-қатынасында отбасының жауапкершілік денгейі жогары болады. Баланың ортаға деген көзкарасы төмен болатындығы байқалады. Ата-анасы барлық уакытта оның айтқанын істеу керек, үнемі көңіл бөліп отыруы керек, «болмайды», «жоқ» дегенді түсінбейді. Күтуге шыдамы жоқ, тез ашуланшақ. Мұндай балалар тұрақсыз, қыңыр, қырсық, тіл алмайтын болып тәрбиеленеді. 

Міне, осылай дұрыстәрбиелемеуден баланың мінез-кұлкы қиын болып қалыптасады. Сондыктан әрбір отбасы дұрыс тарбие берме­уден алшақ болғаны дұрыс. Ал, әрбір мектеп психологтары жас ерекшелігіне сәйкес мінез-құлқында киындығы бар окушыларды анықтап, арнайы бағыттар бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізсе, ата-аналармен тұрақты байланыста болса, болашақта қоғамның әрбір азаматы осындай «қиын бала» қатарынан көрінбейтіндігіне сенімдіміз. 

Жеткіншектердегі жаңа бағыттағы қалыптасулар, қарым-қатынас деңгейінің өсуіне байланысты өзіндік сананың өсуі, ата-анамен, үлкендермен, құрдастармен қатынастарын күрделендіреді. Жеткіншектің дамудағы өзіндік сана біршама тұрақты өзіндік бағалауға және анықталған талаптану деңгейіне әкеледі, әрі кө птеген әртүрлі іс-әрекеттерге қатысатындығы белгілі, алайда іс-әрекет сипаты тұтастай реттелмейді. Бүл жастың ішкі қарама-қайшьлык аумағы және баланың үлкендерге қарсы сипаттағы өзара әрекеттері жеткіншектерге қатты әсер етеді. "Өтпелі кезең", - деп жазды Л.С.Выготский. Жәбірленушінің сыртқы әрекетінің жоғарғы дәрежесі, сол сиякты ішкі конституциялы нышандары және соған дейін жасырын жағдайда болып келген бейімділіктері мінез-қүлық шарттарынын жиынтығын ұсынады. 

Жеткіншек үшін барынша тезірек ересек адамның статусын жаулап алуға тырысу өз бетінше тез тәуелсіздікке жету жағдайы ерекше болады. Өзінің даму кезеңін басынан кешіріп жүрген балалардың көп бөлігінде мінез-құлықтың 2 түрі қалыптасады. Бірінші типтегі жеткіншектерде өзінің жеке позициясын сақтау үшін қоршағанортамен өзара әрекетін өзгертуге тырысады, мәселен, олардағы негативизмді, қырсық мінезді, қарсыласуды және шектен шығу сияқты сапаларды айтуға болады. Екінші типтегі жеткіншектер микроортаның кері әсерімен ерекшелінеді, себебі, қоршаган ортамен мінез-құлықтық қатынас эталоны әлі қалыптаспайды. Осының нәтижесінде өзіне, басқаларға деген қатынастарда сарапшыл емес, өзара қарым-қатынастың жағымсыз жағын норма ретінде қабылдайды. Нәтижесінде мінез-құлыктық бағдардың қалыптаспауынан жеткіншектер өзіндік даму сипатын өзгертуге тырысады, алайда мінез-құлықтық бағдардың жеткіліксіз даму себебінен мақсатқа жетудің адекватты құралын таба алмайды. Сондықтан олардың динамикалық тенденциялары негізінен мазмұнды, мағыналылығынан басым болады. Жеткіншектердің бейімділігі немесе соларға тән мінез-құлықта мағына құрастыру процесінің мотивтермен байланысы, коғамдық жағымды мақсаттары мен жеткіншектің әлеуметтік мәнді мінез-кұлықтық идеологияларының арасындағы арақатынастардың бұзылуына әкеледі. Біздің заманымыздың негізгі бір белгісі - "адамтануға" тереңдеу, адам проблемасын козғау, онын психологиясын жаңа замандағы ғылымның алдыңғы жоспарына қою. Жеткіншек кезеңде мінездің кейбір бітістері өмір тәжірибесімен үйлеспейді, оның қалыптасуын қоғамдық дамумен үйлестіріп, сауатты басқару үшін әр жеткіншектің тәжірибесін және жеке түлғалық ерекшелігін, эмоциялық-мотивациялық сферасындағы қажеттіліктің қалыптасу деңгейінің бағытылығын ескеру керек. 

1.3. Қиын балалардың қарым-қатынасындағы шиеленістіретін факторлар

Оқушының қарым-қатынасындағы мінез ерекшелігі:

А) қоғамдық ортада, өндірістік коллективте, жора-жолдастары мен басқа адамдармен қарым-қатынасы /еліміздегі жаңалықтардан хабардар, хабардар емес, айналасымен байланыс жасай алады, шындықты айтады және жақтайды, үлкен-кішіні сыйлайды, сыйламайды, өзін-өзі ұстай алмайды, ызақор, ашуланшақ, тұйық т.б./;

Ә) қатар құрбылары мен мектеп оқушыларымен қарым-қатынасы /өзін біркелкі ұстау, сыйласымды, ұстамды, артықшылдығын, сезіну, күш көрсету, жәбірлеу, зорлықты сезіну, зорлық-зомбылық жасау, қорқақ, ұяң, ұялшақ т.б./.


  1. Жеке өз басына қатысы: 


А/ жеке басына сын көзбен қарау, дұрыс баға беру, артық санау, қатал, өзіне сенімді, сенімсіз, төмен санау т.б./;

Ә/ дене күшіне сену, басшылыққа ұмтылу, абройлы, жарамсақтану, жалынышты болу т.б./;

Б/ үлкендерге ұқсауда өз пікірі болуы, бағынышты болмау, өздігінен орындауға талаптану, ешкімге қажет емеспін деп сезіну. 


  1. Жеке басының ынта-ықыласы, құштарлығы, талап-тілегі: 


А/ творчестволық, ұйымдастыру істер мен техникалық, математикалық, музыкалық бейнелеу өнеріне бейімділігі және спорт ойындарынаикемділігі бар немесе жоқ;

Ә/ үйірме және секция жұмыстарына қатысады, қатыспайды;

Б/ көркем әдебиет, газет-жұрналдарды оқиды /оқымайды/, спектакльдер мен кинофильм, теледидарды тиянақты көреді, көрмейді;

В/ қыдырымпаздыққа, қаңғыбастыққа, ұрлыққа, бұзықтыққа, арақ-шарап ішуге, темекі, наша тартуға құмар, құмар емес.

  1. Жеке басының мінез-құлқын жөндеуге, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптануы: 


А/ түзеуге талаптану, әрекеттенбеу;

Ә/ мінезін түзеуге сенімді, сенімсіз;

Б/ мінез-құлқын жөндеуді ойластырмау, болашағына көзі жетпеу, көзбояушылық жасау. 




  1. Қиын баланың жалпы адамгершілік қасиетіне мінездеме /коллективист, бір мақсатты, табанды, шыншыл, қарапайым, тұйық, ұяң, екі жүзді, қатыгез, қиқар, қыңыр, дөрекі т.б./. 


Сынып ұжымының қиын балаға қатысы. 




  1. Класс туралы жалпы мінездеме / коллектившілдік негізде, ұйымшыл, коллектив мүшелеріне талап қою көлемі, әрбір оқушыны қоғамдық жұмыстарға тарту немесе ұйымшылдығы жоқ, әрбір оқушы өз мүддесін ойлау, топ-топа бөліну, жікшілдік т.б. /. 


  2. Қиын баланың кластас құрбыларымен қарым-қатынасы / кластағы қоғамдық тапсырмаларды белсенділікпен, тапқырлықпен орындау немесе енжарлқ, немқұрайдылық көрсету, коллектив мүддесін жеке мүддесінен жоғары санау немесе төмен қою, жолдастық, достықты сезіну, сезінбеу, қиын баланың құрбыларының арасында алатын орны, үстемдік жасау, басшылыққа талпыну, өзін-өзі жоғары санау немесе бағынышты болу, тұйықтық т.б. /. 


  3. Педагогикалық коллективтің қиын баламен өарым-қатынасы / әрбір оқушыны біркекі санау, таңдап сыйлау, жеке бастарын сыйлау, сыйламау, өзара және жас ерекшеліктерін ескермеу, ескеру, педагогтік этикасы бар, дауыс көтеру, әкімгерлікке жүгіну, мәдениет дәрежесі төмен т.б./. 


Жанұядағы тәрбие жағдайы. 




  1. Жанұя туралы жалпы мағлұмат. 


  2. Жанұядағы қары-қатынас ерекшеліктері. 


  3. Баланың өз үйінде оқу жұмыстарын ұйымдастыруы. 


  4. Жанұяда баланың бос уақытын ұйымдастыру. 


  5. Ата-ананың мектепке көмегі. 


  6. Жанұяның тәрбие берерлік дәрежеі. 




Бала мінез-құлкының киын болып келуі бірнеше факторға байланысты: 

Биологиялық фактор  анасының баласына жүкті кезінде денсаулығы дұрыс болмағандықтан, бала туғаннан жүйке ауруымен көп ауырады. Соның салдарынан жүйке жүйесі бұзылған ықылас қою, еске сақтау, қабылдау қарқыны кешеуілдеп дамып, сылбыр, баяу қозғалады. Сонымен қатар әйел жүкті кезінде бір нәрседен жарақаталудан, уланғыш заттар зиянды әдеттердің (ішімдікке салыну, темекі тарту) әсерінен болады. Ұжымдық іс-шараларға қатысқысы келмейді, сабақ соңына дейін толық шыдап отыра алмай кетіп қалады. Жеке басының жақсы сапалары ашылмай қалған. 

Үйішілік фактор – жанұяда бала тәрбиесіне араласпаушылықтың әсерінен үйден безіп, көше кезіп, сыртқы ортаның жағымсыз ықпалына түсіп жазықсыз қылмысқа іліккен. Баланың мұндай жағдайынан ата-анасы бейхабар. Баласының мінез-құлық ерекшелігіндегі өзгерістерді дер кезінде байқамаған. Тамағын тауып, киімін кигізсем болды деген немқұрайлы қарым-қатынас салдарынан бір-біріне селқостық сезім пайда болған. 

Географиялық фактор – бірінші қауіпті экологиялық аймақта ұзақ уақыт өмір сүрген жергілікті экологияның әсерінен ананың, баланың денсаулығы өте нашар, бірнеше дәрігерлік тіркеуде тұрады. Қалаға көшіп келудегі бірден-бір себеп – жергілікті экологияның әсерінен баланың ананың денсаулығының нашарлауы. 

Ұсақ әлеуметтік фактор  баланың өміріндегі қолайсыз жағдайлардан (ата-ананың көп жанжалдасуы, ұрып-соғу т.б.) дұрыс тәрбие бермеуден және ананың жүкті кезінде көп уайымға салынуынан болады. 

Кейде қиын бала жоқ деп жатамыз. Кейбір отбасында жалғыз бала болады да, оны тым еркелетіп өсіреді. Мұндай балалар өзін баскалардан артық санайды. Баладаменсінбеушілік басым болады, 

"Қиын" жеткіншектерде жалған құндылық, қоғамға қарсылық көрсететін терең тұлғалық өзгерістер байқалады. 

ІІ БӨЛІМ ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ, ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУДЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК МӘНІ 

2.1. Жеткіншек жастағы «қиын» балаларды анықтау жолдары

Қиын оқушылардың өскен ортасын яғни отбасының жай-күйін талдағанда, кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан да болады.

Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс ұялшақ болады. Ата-анасының шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін. Яғни, отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды роль атқарады.

Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін көптеген психологтар өз зерттеулері бойынша отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады:

-Отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы;

-Баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы қарауы;

- Қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі ана баланың тек қана материалдық жағдайын қамтамасыз етеді. Бала өзінің үлкендерге керексіз екенін сезінеді.

- Шектен тыс қамқорлық бақылау есінде бала өз бетінше жұмыс істеуін, жауапкершілігін сезінеді.

Психологтар A. В. Запорожец, Е.З.Кошелева т.б. мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды екі топқа бөліп қарастырады: 

  1. Өзін - өзі ұстай алмайтын, тез қозғалатын, құрбыларымен жиі дау —дамайға түсетін оқушылар. 


  2. Тез ашуланатын балалар, әдетте бұл балалардың көп нәрсеге көңілі толмайды, біреуге ренжісе көпке дейін есінде сақтайды. Бұл топтағы балалар қарым-қатынасы ұнатпайды. 


Оқушылардың осы 2 топтың қайсысына жататындығын анықтау үшін олардың оқу үрдісі кезеңінде, үзіліс кезінде, қоғамдық жұмыстар жүргізіліп жатқан кезеңдерде мұқият бақылау керек.

Жеткіншек жас сыныптарында кез-келген мұғалімнің оқушылары 30 немесе одан да көп болуы мүмкін. Олардың әрқайсысын зерттеп білу өте қиын. Өзінің жұмысын жеңілдету үшін неғұрлым жүйелі және белгілі тәртіппен бақылап, оқушылардың мінез-құлқынан байқалған көріністерді қысқаша жазып жүрген дұрыс болады. Мұндай бақылау күнделігі әрбір баланың ерекшелігін дәл анықтауға және оған мінездеме үшін мәліметтер жинауға мүмкіндік береді.

Психолог Н.Д.Левитов ұсынған оқушының мінез-құлқының бар ерекшелігі — шыдамдылықтың қалай көрінетініне қысқаша бақылау жоспарын мысал ретінде келтіреміз:

1. Үзілістен кейін оқушы сыныпқа қалай кіреді және партаға қалай отырады?

2. Оқушының зейіні сабаққа бөлінген бе, ол басқа бір нәрсемен айналысып отырған жоқ па?

3. Одан сабақ сұрағанда, тақтаға шақырғанда, оқушы жинақы қалыпта ма?

4. Сәтті, сәтсіз жауаптан соң, оқушы өз эмоциясын қаншалықты 


дәрежеде ұстайды?

5. Сөйлеп тұрғанда, оқушы өзін - өзі қалай ұстайды ? Сөйлегенде артық асығыстық жасай ма, шектен тыс көп сөйлемей ме, анайысөздерді қолданбай ма?

6. Кейбір ерекше жағдайларда (мысалы, оның зейіні бөлетін 
терезеден қызық бір нәрсе көргенде немесе сыныпта бөтен кісі 
отырғанда) шыдамдылығы қандай, оқушы сабақта өзін қалай 
ұстай біледі? 

7. Шыдамдылық оқушының дағдылы, табиғи жағдайы ма, жоқ әлде ол одан біршама күш жұмсауы қажет етіп тұр ма? Әр түрлі жағдайларда мінездің көрінуін жіті тексеру үшін ұзақ та жүйелі жүргізілетін бақылау өте құнды болады.

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, қиындықтар не себептен пайда болатынын мына кесте арқылы көруге болады.

Бала психикасының көріністері оның мінезіне, темпераментіне, жеке даралық өзгешеліктеріне байланысты: 



Мінез белгілерінің көпшілігі мынадай:

1.Эмоциялық (қызбалық, құштарлық, нәзіктік, жабырқаушылық, т.б.);

2. Моральдық (адалдық, көпшілдік, қоғамдық борышты сезіну, жауапкершілік, ілтипаттылық, зейінділік, т.б.); 

З. Еріктік (шешімділік, табандылық, ерлік, өзін-өзі ұстау, байсалдылық, мақсатқа талпынушылық, белсенділік, батылдық, сенімділік, төзімділік, т.б.) болып бірігеді.

Баланың жасына қарай психикалық дамуында болатын өзгерістердің бірі - темперамент ерекшеліктері. Мұның белгісі баланың қылығынан айналысатын ісінен, ойынынан, сөйлей бастаған сөзінен көрініс береді де, сангвиник, флегматик, холерик және меланхолик деп 4 типке бөлінеді.

Сангвиник- қуатты, тұрлаулы, ширақ тип, ойнақы, еті тірі, бірақ кез келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері – іс жоқ кезде сылбыр, күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайттар.

Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып, мұңаяды. Бет жүзінен көңіл-күйі, заттар мен адамдарға болған қатынасы білініп тұрады. Сезімталдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсері болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейді.

Жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт талып шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін таңдаған обьектіге тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса, өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті жедел, ақыл-ойы икемді , тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйлері, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса қайта үйреніп, жаңа дағдыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субьектив пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді обьектив бағамдауға бейім, экстраверт.

Холерик- бұл сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді.Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділікпен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан- ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан- толық экстраверт.

Нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбіне ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келеді. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп, сылқ түсетін кездері де болады.

Флегматик- әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде –интроверт.

Осы темпераменттің осал жері- қимыл қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.

Меланхолик- өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп-толық интроверт.

Тұйықтық,өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық-осы тампераменттің ең бір нашар жағы.

Әр адамның темперамент типі тума екендігі қаотқысыз дәлелденген, ал қасиеттер түріне байланысты белгілі типтің ұйымдасу проблемасы -әлі ғылыми шешімін таппаған.

Сангвиник темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Ол ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, оптимист, өмірсүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Класта мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика, пантомимика) жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.



Флегматик темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым-ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераментіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.



Холерик темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Бұл ұшып қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл-әрекетті сүйеді. Әдетте оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды, онда ой-әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой-әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл-қозғалыстарын билей алмай, қабынып, «күйіп-пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан түрлі әсерге тез беріледі, ызақор келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.



Меланхолик темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жайбасар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен, онысы терең және ұзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақыртып есеп шығатса, мұның өзі оған кейде әлдеқандай зор әсер етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім кластағы балалардың көзінше оған ұрысатын болса (бұлай ету әрине дұрыс емес) мұндайда бала әрине төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайдға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып белсенді сөз айтудан қалады. Бұл темпераменттегі оқушы, көбінесе өз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана жүріп- тұрғанды ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бір бет, қыңыр қисық келеді.


2.2. Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістемелері 
Біздің зерттеуімізге Шымкент қаласының №77 А.Асқаров атындағы мектеп гимназиясының 6-шы сынып оқушылары қатысты.

Оқушылардың жеке т:^ғалық қасиеттерінде жағымды, жағымсыз жақтары болатыны белгілі. Сондықтан да оқушыларды түлғалық қасиеті тұрғысынан зерттеуге арналған жүмыстардың эдіс-тэсілдеріне тоқталайық. Оқушы бойындағы бір күн байқалмаған қасиет екінші күні байқалып отыратындық-тан оқушыларға арналған кңүнделік жүрғізу керек деп ойлаймыз. Онда жыл бойы әр бала туралы мэлімет жазылу керек. Ол эрі қысқа нақты, жазылады. Оқу жылы соңында «мен қандай оқушымын» - деген тақырыпта тэрбие сағатын өткізіп, жазылған психологиялық күнделікпен оқушыны таныс-тыруға болады.

Әр оқушының мінез-қүлқына талдау жасап, сенің бойыңда мынандай жақсы қасиеттер бар, сол үшін сені жүрттың бэрі үнатады, сенің бойыңда мынандай жағымсыз қасиеттер бар - деп оның зиянды екенін түсіндіріп отыру қажет.

Оқушылардың мінез-қүлқындағы қиыншылықтарды анықтау үшін сынып жетекшілерімен, ата-аналармен мектеп психологы тығыз қатынаста болуы керек. Ең алдымен біз сынып жетекшілеріне оқушыларға арналған гистограмманы үсындық.

Гистограмманың мақсаты: мүғалімнің бағалауы бойынша оқушының мінез-қүлқындағы ерекшеліктерді анықтау. 

 


Туған тілім - тірлігімнің айғағы

Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.


2. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу.
3. Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын аудару.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

ІІ. Кіріспе сөз:


- Құрметті оқушылар, ұстаздар! «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР - дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Атазаңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н. Ә. Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР - ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек
Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.

ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына»


Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.
Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып - ашып жүріп, ауылдағы абыз ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
«Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы - қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ - па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
Сендер осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесіңдер ме, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл - ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.

Оқушылар тақпақтары:


1 - оқушы: Жанымнан қымбат
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап
Үлгі өнеге аламын.
2 - оқушы: Ана тілім анам
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.
3 - оқушы: Ана тілім елдігім
Ана тілім ерлігім
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін.
4 - оқушы: Ана тілім тірегім
Ана тілім жүрегім
Қасиетті елімді
Тек өзің деп білемін.
5 - оқушы: Қазағым - ау, бір - бір үлкен жүрексің,
Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
Тәуелсіз ел - ана тілін ардақтап,
Тәуелсіз ел - ана тілін ту етсін.
6 - оқушы: Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілін сақтаған.

Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды - қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз - әңгімелер, ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал - мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.


7 - оқушы: Тіл тазалығы дегеніміз - ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
8 - оқушы: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілі ардақты
Ақ сүтіндей ананың.
9 - оқушы: Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,
Сенсің менің қасіретті шаттығым.
Сенсің менің тазалықты пәктігім,
Сенсіз бақыт дүние тапты кім?
10 - оқушы: Ана тілің арын бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.

ІV. «Кім шапшаң?».


Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.
11 - оқушы: Шебердің қолы ортақ, Шешеннің сөзі ортақ.
Тіл тас жарады, Тас жармаса бас жарады.
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтер.
Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Тіл қадірін білмеген - жетесіз.
12 - оқушы: Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз.
Сөз өнері - киелі өнер.
13 - оқушы: Өнер алды - қызыл тіл.
Әдептің басы - тіл.
14 - оқушы: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышы елімнің.
15 - оқушы: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
16 - оқушы: Ана тілім - ар тілім
Жанардағы жарқылым
Жүрегіңде сақталған
Ән - жыры боп халқымның.

V. «Ойлан, тап!»


Берілген сөздерден мақал құрастыру.
( ата, бала, жақсы, еңбек, Отан, батыр, ел, ана)

VІ. Қорытынды:


Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш - қуат беретін де, ой - сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!
Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.

Оқушылар хормен: Туған тілім - тірлігімнің айғағы,


Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Осы тілмен мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
жүктеу 225,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау