3 курс студенттері үшін кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Жастар әлеуметтануы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен шетел және отандық оқу-әдістемелік материалдар негізінде құрастырылды



жүктеу 0,62 Mb.
бет3/7
Дата13.01.2020
өлшемі0,62 Mb.
#26442
1   2   3   4   5   6   7

2.Жас стратификациясы.

Жастық шақ адамның балалық пен үлкен өмір арасындағы қалыптасу мен даму кезеңі. Адамның балалық шақтан үлкен өмірге аяқ басуы 2 кезеңнен тұрады. Жасөспірімдік шақ пен жастық шақ. Олардың хронологиялық шеңбері дәл айқындалмаған. Психологтар жасөспірімдік шақта 14-18 жас, жастық шақ 18-30жас аралығын көрсетеді. Барлық халықтарда жас ерекшелігі адамдардың хронологиялық жасы емес, олардың әлеуметтік мәртебесімен белгілейтін ұғым болып табылады.

Адам жастық шақтан бастап өзінің не қалайтынын және өз жауапкершілігін сезіне бастайды. Адамдардың денесі мен ақыл-ойы толығып, әлеуметтік өмірге белсенді араласуға әзір болады.

Жастық шақ адамның өз отбасын құрумен аяқталады. Себебі бұдан соң адам бойында тәуелсіздік пен жауапкершілік пайда болады.


Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Жастар әлеуметтануы пәні мен обьектісі.

  2. Жастар әлеуметтануының басқа ғылымдармен қатынасы қандай?

  3. Жастар әлеуметтануы қашан қалыптасқан?

  4. Жас стратификациясы дегеніміз не?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Смелзер Н. Социология М., 1994 г

2. Радугин А.А. Социология . Курс лекций. М., 1995 г

3. Шаленко В.Н. Программа социологическогог исследования М., 1987 г


Дәріс №2

Тақырыбы: Жастар әлеуметтану пәнінің даму тарихы.

Дәріс мазмұны:

  1. Жастар тақырыбының әлеуметтік ғылымда зерттелуі.

  2. Жастар әлеуметтануының пән ретінде КСРО мен посткеңестік кеңістікте қалыптасуы.

  3. ҚР жастар әлеуметтануының дамуы мен болашағы

Мақсаты:Жастар әлеуметтану пәнінің қалыптасу тарихын танып, білуге үйрету. Жастар әлеуметтануының КСРО мен посткеңестік замандағы даму тарихын қазіргі замандағы Қазақстанда даму тарихын салыстыру.


  1. Жастар тақырыбының әлеуметтік ғылымда зерттелуі.

Жастар әлеуметтануы әлеуметтанудың бір саласы, олардың обьектісі жастар болып табылады. Жастар қоғамның әлеуметтік демографиялық тобы ретінде жеке дара іс әрекет етеді. Ал пәні олардың әлеуметтенуі, құндылықтық ұстанымдары, іс-әрекет үлгілері, олардың мобилдігі, сипаты мен бағыты, әлеуметтік мәртебесі мен ролдерді иеленуі, өмірлік жоспарлары мен олады жүзеге асыру деңгейін зерттейді.

Жастар әлеуметтануы- жас ұрпақтың әлеуметтенуін, өзіндік өмір сүру үлгісін, олардың құндылықтық ұстанымдарын, мотивациялық іс-әрекет етуін, әлеуметтік мәртебе мен әлеуметтік ролдерді игеру процесін, олардың өмірлік жоспарларын зерттейді.

Жастар мәселесін Э. Дюркгейм, Т. Парсонс, Р. Мертон, Н. Смелзер, ресейлік В. Т. Лисовский, Н. М. Блинов, эстондық ғалымдар М. Х. Титма т. б. зерттеді.


  1. Жастар әлеуметтануының пән ретінде КСРО мен посткеңестік кеңістікте қалыптасуы.

Жастар әлеуметтануы әлеуметтанудың бір саласы ретінде хрущевтік жылымық жылдары пайда болды. Өзінің қалыптасуының алғашқы жылдарында ол көптеген күрделі зерттеулерге тап болды.

Жастар өмірлік жоспар құру, құндылықтық ұстаным мен мектеп қабырғасынан өндіріске дейін оқудан бос және жұмыс уақыты, күнделікті өмірі мен ұжымдардағы өмірі тұрғысынан зерттейді.

80 жылдардан бастап зерттеу бағыттары кеңейіп, оған жаңадан авторлар мен ұжымдар қосыла бастады.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Жастар әлеуметтануы жеке пән ретінде қай ғасырда қалыптасты?

  2. Жастар әлеуметтануының КСРО кезіндегі даму бағыттары қандай?

  3. Жастар әлеуметтануының қазіргі даму ерекшелігі қандай?

  4. Жастар әлеуметтануының даму болашағы қандай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Г. Е. Зборовский Общая социология / Учебник. М., 2004.

2. Лисовский В. Т. Социология молодежи. М., 1996.

Дәріс №3

Тақырыбы: Жастар: негізгі түсінігі мен зерттеу бағыттары.

Дәріс мазмұны:


  1. Жастар әлеуметтік қатынастардың субьектісі ретінде.

  2. Жастардың әлеуметтік сипаттамасы.

  3. Жастарды әлеуметтанулық зерттеудің негізгі бағыттары.

Мақсаты: Жастар түсінінгінің негізгі анықтамасын қалыптастыру, бағыттары мен әдістерін танып білу. Жастардың әлеуметтік сипаттамасын анықтау.


  1. Жастар әлеуметтік қатынастардың субьектісі ретінде.

Жастар әлеуметтік қауымдастық ретінде бірқатар жағдайлармен сипатталады:

  1. Жастардың жалпы санында толық мәнінде өзіндік әлеуметтік жағдайына ие емес, өзінің бұрынғы әлеуметтік мәртебесімен – ата-анасының әлеуметтік жағдайымен, немесе өзінің болашақ мамандық мәртебесімен сипатталатын жас қыздар мен жігіттер көп.

  2. Жастардың әртүлі саяси, субмәдени, діни, немесе діни сектаға, қозғалыстар мен ұйымдарға ене алумен.

  3. Жастар қалыптасу, өзінің әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мен дамыту процесінде.

  4. Жастар әлеуметтік мәртебесінің жас мөлшерімен қатымты өзгеріп отыруы.

Жастарға бірқатар функциялар тән: әлекуметтену, қайта өндіру, трансляциялық жән инновациялық.


  1. Жастардың әлеуметтік сипаттамасы.

Отандық уақыт бойы жастар жеке дара әлеуметтік демографиялық топ ретінде қаралмады. Бұндай топтың бөлінуі қоғамның таптық құрылымы туралы түсінікке сәйкес айтылмады және әлеуметтік саяси біртұтастық туралы идеологияға қайшы келді.

Жастар түсінігінің алғашқы анықтамалардың бірі 1968 жылы В. Т. Лисовский берді. «Жастар әлеуметтену кезеңінен өтіп жатқан білім беру, кәсіби мәдени т.б. әлеуметтік функцияларды игеріп жатқан, ал үлкен жас шамасында игеріп болған адамдардың ұрпағы»
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Жастар дегеніміз кімдер?

  2. Жастардың әлеуметтік анықтамасы қандай?

  3. Жастардың әлеуметтанулық зерттеу бағыттары қандай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Иренов Г. К вопросу о необходимости государственной молодежной политики // Саясат 6, 2003.



Дәріс №4

Тақырыбы: Тұлғаның әлеуметтік философиялық теориялары.

Дәріс мазмұны:

  1. «Индивид» және «тұлға» түсінігі.

  2. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы.

  3. Тұлғаның қалыптасу кезеңдері, даму механизмі.

Мақсаты: Тұлғаның әлеуметтік философиялық теориясын анықтап, жастардың тұлға ретіндегі қалыптасуын анықтап, индивид және тұлға түсініктерін анықтау. Тұлғаның қалыптасу механизмдерін, даму кезендерін оқыту.


  1. «Индивид» және «тұлға» түсінігі.

Ең алдымен адам түсінігіне тоқталайық. Адам деп әдетте адамдардың барлық өкілдерін қамтитын жердегі өмірдің дамуының жоғарғы деңгейін көрсететін және тарихи іс-әрекет пен мәдениет субьектісі болып табылатын түсінік алынады. Бұл адамдарды жануарлардан ажыратады.

Индивид деп адамзат руының жеке өкілі, өзіндік психо физиологиялық ерекшеліктерге ие адамды атайды.

Тұлға деп индивидтің әлеуметтік қасиеттері мен ерекшеліктері басқа адамдармен қарым қатынаста қалыптасатын дамитын және жүзеге астаын индивидті атайды.


  1. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы.

  1. Әлеуметтік типтік құрылымы: әлеуметтік және өнеглік қаситтері, білім, дағды, құндылықтары, әлеуметтік қасиеттері бір тұтас жүйе ретінде қаралады.

  2. Әлеуметтік психологиялық құрылым. Бұны З. Фрейд жасаған.

Тұлға Ид (ол) санасыз, барлық жаңадан дүниеге келгендерге тәне алғашқы гендік жолмен берілетін әуестік. Ол инстинктпен беріледі.

Одан кейін Эго (мен) ол тұлғаның санасыз және бейсаналығын көрсететін адамның іс-әрекеті ақыл ой тұрғысынан реттелінеді. Сол арқылы индивидке ортада дұрыс әрекет жасауға көмектеседі.

Алайда әлеуметтік психологиялық құрылымда ең жоғарғы инстанция супер эго(меннен жоғары) ол адамның мәдени нормаларын, құндылықтарын игеру процесінде қалыптасатын ар-намыс, парыз, жауапкершілік талаптарын басшылыққа алатын және өнегелік бақылау мен индивидтің іс-әрекеттің әлеуметтік моральдық бағасын көрсетеді.


  1. Тұлғаның қалыптасу кезеңдері, даму механизмі.

  1. Сәбилік кезең. Ол дүниге келгеннен бастап 2 жасқа дейінгі аралықьты қамтиды. Негізгі араласу формасы қарым-қатынас

  2. Балалық шақ. 2 жастан бастап 6 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.

  3. Мектепке баруы- жыныстық жетілуге дейін. 6-7 жастан бастап 13-14 жас аралығы. Ол әлемді таниды, оқиды, ойлау қабіліті күшейеді.

  4. Жыныстық жетілгеннен басталып оқуды аяқтау. Осы кезден бастап адамның өзіндік көзқарасы мен пікірі, бағасы, дүниетанымдық ұстанмдары көзқарасы қалыптасты.18 жастан – 23-25 жас аралығы.



Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Тұлға дегеніміз не?

  2. Индивид дегеніміз не?

  3. Тұлғаның қалыптасу механизмдері қандай?

  4. Тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ететін факторлар?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Зборовский Г. Е: История социологии / Учебник. М., 2004.

2. Земска М. Семья и личность / Отв. Ред. М. К. Мацковского М., 1986

3. Иренов Г. К вопросу о необходимости государственной молодежной политики // Саясат 6, 2003.


Дәріс №5.

Тақырыбы: Жастарды әлеуметтендіру процесі.

Дәріс мазмұны:

  1. Жастарды әлеуметтендіру процесі.

  2. Жастарды әлеуметтендірудің негізгі институттары.

  3. Жастарды әлеуметтендіруде қоғамдағы мәдени құндылықтардың тигізетін ықпалы.

Мақсаты: Жастардың әлеуметтену процесінің негізгі институттары мен агенттерін анықтау. Жастардың тұлға ретінде қалыптасуындағы әлеуметтену процесінің тигізетін ықпалын анықтау.


  1. Жастарды әлеуметтендіру процесі.

Әлеумттену процесі индивидтің сол қоғамда дұрыс қалыптасуы үшін қажетті жұрыс-тұрыс үлгілерін, психологиялық механизмдерін, әлеуметтік нормаларын және құндылықтарды игеруін атайды.

Әлеуметтену процесі 2 кезеңнен тұрады:



  • Ерте немесе алғашқы

  • Жалғасы немесе екінші




  1. Жастарды әлеуметтендірудің негізгі институттары.

Әлеуметтену институттарына отбасы, мектеп, өндіріс, мемлекет,заң шығарушы орган, сот органдары, БАҚ жатады.

Әлеуметтену агентері деп индивидті нормаларға үйрететін және игертетін адамдарды атайды. Алғашқы әлеуметтену кезеңінің агенттеріне ата-анасы, тәрбиешісі, мұғалімі, достары, көршілері жатады.

Ал екінші әлеуметтену кезеңінің агенттеріне білім беру мекемелерінің өкілдері, өнеркәсіп, әскер, құқық қорғау органдарының, конфессия, мемлекет өкілдері жатады.


Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Әлеуметтену процесі дегеніміз не?

  2. Әлеуметтену процесі қанша кезеңнен тұрады?

  3. Әлеуметтену процесінің институттарына нелер жатады?

  4. Әлеуметтену процесінің агенттері кімдер?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Нуртазина Р. Проблемы образования и СМИ в контексте политической социализации молодежи // Саясат 11, 2002.

2. Икенов А. И. Жүнісова А. Д. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

Дәріс №6

Тақырыбы: Білім беру әлеуметтануы.

Дәріс мазмұны:


  1. Білім беру әлеуметтануының түсінігі

  2. Білім беру әлеуметтануының ғылыми зерттеу әдістері.

  3. ҚР білім беру жүйесі.

Мақсаты: Білім беру жүйесінің жастарды әлеуметтену процесіндегі ролі мен маңызын анықтау. Білім беру институтары мен мектептерін анықтап, олардың функциясын ашып көрсету.


  1. Білім беру әлеуметтануының түсінігі

Білім беру адамзат іс-әреткетіннің негізін анықтайтын негізгі аймақтарының бірі болып табылады. Оның маңызын бағалауға сөз жетпейді. Әлеуметтік және жекедара тәжірибені келер ұрпаққа бермей, қоғам дамымас еді. Білім беру іс-әрекетіне күнде тұрғын халықтың көпшілігі енеді.

Білім беру қазіргі қоғамның барлық мекемелерінің негізі қаланған іргетас. Іргетастың апасынан, мықтылығынан үйдің, оның негізін қалаушылардың тағдыры, өмір сүру мерзімі соған сәйкес анықталады.




  1. Білім беру әлеуметтануының ғылыми зерттеу әдістері.

  1. Институционалдық бағыт ішінде білім беру бақа элементтерден өзара іс әрекет ететін қоғамдық институт ретінде қаралады. Ал жүйелік әдіс білім беруді тәуелсіз құрылымды тұтас бірлік ретінде қаралады.

  2. Институционалдық бағыт оны білім, тәрбие, кәсіби дайындау саласында қоғамдық өмірдің тұрақты, динамикалық формасы ретінде қаралады. Ал жүйелік оның құрылымына көп көңіл бөледі.

  3. Институционалдық бағыт білім саласында әлеуметтік қауымдастықтың іс-әрекеті мен өзара байланыстарына анализ жасайды.


Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Білім беру процесі дегеніміз әлеуметтануда қалай анықталады?

  2. Білім беру ҚР қалыптасқан жүйесі қандай?

  3. Білім берудің институттарына нелер жатады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Радугин А. А. Социология / Курс лекций М., 1995.

2. Итекбаева А. Социальные политические проблемы студентческой молодежи в условиях глобализаций. // Саясат 6, 2003.

3. Аяғанов Б. Тажин М. Социология негіздері. А -1993.



Дәріс №7.

Тақырыбы: Жастар: еңбек және өндіріс саласында.

Дәріс мазмұны:

  1. Нарықтық экономика жағдайында жастарды еңбекпен қамту мәселесі

  2. Нарықтық экономикаға жастардың бейімделу процесі.

  3. Жастар және жұмыссыздық.

Мақсаты: Жастардың еңбек және өндіріс саласындағы еңбекпен қамтылу мәселесін анықтау және нарықтық экономикаға бейімделу процесін анықтау. Жастардың жұмыссыздыққа деген қатынасын айқындау.


  1. Нарықтық экономика жағдайында жастарды еңбекпен қамту мәселесі

Экономика дегеніміз өндірісті ұйымдастыратын, тауар мен қызметті бөлу және тұтынудың әлеуметтік институты. Тауар деп тұтынудың әртүрлі нәрселерін атайды.

Ал қызмет қоршаған ортаға пайда әкелетін іс-әрекет.

Капитализм табиғи ресурстарды және тауар және қызмет өндіру құралдары жеке меншікте болатын экономикалық жүйе.


  1. Нарықтық экономикаға жастардың бейімделу процесі.

Жастар қоғамның саяси экономикалық әлеуметтік құрылымында анықталады. Жастар дүние жүзіндегі еңбек нарығындағы ең әлсіз топтардың бірі болып табылады. Жұмыссыздар арасында жастардың үлес салмағы көп. Қазір 20-29 жас аралығындағы қыздар мен жігіттердің 50 пайызы жуығында тұрақты жұмысы жоқ. Статистика мәліметтері бойынша 2001 жылы Қазақстандық жоғры оқу орындарынан 64,8 мың адам бітіріп шыққан. 2002 жылы 73,8 мың адам бітірген. Жылдан жылға оқу-ағарту, экономика, құқық саласында мамандық алғысы келетін адамдардың саны артуда. Бұл кадрлармен қамтамасыз етуде тапшылық көріп отырған техникалық мамандыққа деген сұранысты арттырып отыр. Уақыт өте келе сұраныс жоқ мамандық игеріп жатқан жастар алған білімін ұмытып, сұраныс жоқ маманға айналады.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Нарықтық экономика дегеніміз не?

  2. Нарықтық экономика жағдайындағы жастардың ролі қандай?

  3. Жұмыссыздық мәселесін дұрыс шешу жолдары қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Радугин А. А. Социология / Курс лекций М., 1995.

2. Итекбаева А. Социальные политические проблемы студентческой молодежи в условиях глобализаций. // Саясат 6, 2003.

3. Аяғанов Б. Тажин М. Социология негіздері. А -1993.

4. Кравченко А. И. Основы социологии М., 2000

5. Аралбаева Р. Проблемы высшего образованиия и социальная интеграция молодежи // Саясат 6, 2003.

6. Нұрмұратов С. Әбдіраймов Е. Студенттік жастардыңи саяси бағдарламаларының қалыптасуы. // Саясат 6, 2003.
Дәріс №8.

Тақырыбы: Жас отбасы - әлеметтанулық зертеудің обьектісі ретінде.

Дәріс мазмұны:


  1. Отбасының даму жағдайы мен отбасының тарихи типтері.

  2. Отбасының негізгі қызметі мен формалары.

  3. Студенттік отбасы: кездесетін қиындықтар мен оны шешу жолдары.

Мақсаты: Жастардың неке туралы ойын, некені құру жоспарларынбілу. Қазақстандық неке жағдайын талқылау. Отбасын құрудағы жақсы жақтары мен ажырасу салдарын айқындау.


  1. Отбасының даму жағдайы мен отбасының тарихи типтері.

Отбасы бұл адамның некелік және туыстық жалпы тұрмыстық байланысқа және өзара жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі. Отбасының өзіне тән мынадай белгілері бар:

  1. Отбасы мүшелері әр уақытта белгілі бір өзара тәуелді болып келеді. Соған сәйкес отбасының бір мүшесінің міне-құлқы өзгерсе ол басқалардың мінез-құлқына әсер етеді.

  2. Қандай да бір лтбасы болмасын ол біртұтас болып келеді және жеке болады. Оның басқалармен байланысы белігілі-бір дәрежеде шектеулі болады.

  3. Отбасы бейімделуші ұйым. Ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе-теңдікті сақтауға тырысады.

  4. Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға міндетті орындаумен бірге, әрбір өз мүшелерінің талап-тілегін орындауға міндетті.



  1. Отбасының негізгі қызметі мен формалары.

Отбасының негізгі қызметі ол адамның ерекше тобы, ол қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді.

Екіншіден ол қажетті мәдени мұраны бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып отырады.

Сонымен бірге идоннистік, қорғаныстық, жыныстық, өз мүшелерінінің бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, қартайған адамдарды қамқорлыққа алу.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Отбасы дегеніміз не?

  2. Жас отбасының негізгі ерекшелігі неде?

  3. Жас отбасын құрудағы басты қиындық неде?

  4. Отбасының басты қызметі?

  5. Отбасының даму кезеңдері?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сысенко В. В. Молодежь втупает в брак м., 1986

2. Баздырев К. К. Как быть счастливым в браке М., 1987.

3. Аитов Н. А. Основы социологии М., 2000



Дәріс №9

Тақырыбы: Девиантты мінез-құлық, қылмыс және әлеуметтік тәжірибе.

Дәріс мазмұны:

  1. Девиантты мінез-құлық түсінігі.

  2. Жастар бойындағы девиантты мінез-құлық ерекшелігі мен формалары.

  3. Маскүнемдік және нашақорлық. Жастар арасындағы қылмыс.

Мақсаты: Девиантты мінез-құлық дегеніміз не, соның мазмұнын ашу. Жастар арасындағы девианты мінез-құлық ерекшелігін анықтап оның алдын-алуға деген жастардың пікірін білу.


  1. Девиантты мінез-құлық түсінігі.



Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Девиантты мінез-құлық дегеніміз не?

  2. Девиантты мінез-құлыққа қандай әрекеттер жатады?

  3. Нашақорлықтың пайда болуы мен алдын-алу шаралары қандай?

  4. Нашақорлық алғаш рет қай елде пайда болған?

  5. Жастар арсында қандай қылмыс түрі кең тараған?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Максимова Н. Ю. Психология профилактики алкоголизма и наркомании несовершеннолетних/ Учебник, 2000

2. Субхарбердина А. С. Наркомания – социальное зло. Алматы- 2002.

3. Лисовский В. Т. Наркотизм как социальная проблема. М., 2001



Дәріс №10

Тақырыбы: Мәдениет және ұлтаралық қатынастар

Дәріс мазмұны:

  1. «Мәдениет» және «субмәдениет» түсінігі.

  2. Мәдениеттің атқаратын қызметі мен формалары.

  3. Жастардың мәдениетін қалыптастыратын негізгі факторлар.

Мақсаты: Мәдениет түсінігін дұрыс ашу, мағынасын кеңінен түсіндіру. Мәдениеттің атқаратын қызметі мен негізгі формаларын анықтау. Жастардың мәдениетін қалыптастыратын негізгі факторлары мен салдарын айқындау. Жастардың мәдени шараларға ат салысуы мен жастардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды жоспарлау.



  1. «Мәдениет» және «субмәдениет» түсінігі.

18 ғасырда еуропалықтар үшін мәдениет рухани, ақсүйектік белгіге ие болды. Бұл сөз адам сапасының жетілуін көрсетті. Мәдениетті деп оқыған, мінез-қлқы инабатты адамды атады. Осы дәуірдің өзінде ақ мәдениетті бір сөз сөйлей білуімен картина галериясымен. Опера театрымен, жақсы тәрбиемен байланыстырамыз.

20 ғ. Жабайы халықтарды зерттеген антропологтар бұл түсініке жаңа мән берді. Мәдениет екі түрге бөлінеді: рухани және материалдық. Рухани түріне: нормалар, ережелер,үлгілер, этолондар, мінез-құлық ережелері, моделдер, заңдар, құндылықтар, символдар, ритуалдар жатады. Олар адам іс-әрекетінің қорытындысы, тек олар сана-сезімі арқылы істелінген. Олар біздің санамызда өмір сүреді.

Екіншіге: кітап, храм, еңбек құралы, тұрғын үй, галстук, сән бұйымдары. Бұлар адам қолымен жасалынған заттар.

Мәдени мұра өткен ұрпақ қалдырған келесі ұрпаққа құнды, қасиетті нәрсе ретінде өткен рухани немесе материалдық мәдениеттің бір бөлігі. Адам қолымен жасылынған кез-келген нәрсе мәдени мұра болып қала бермейді.




  1. Мәдениеттің атқаратын қызметі мен формалары.

Мәдениеттің қазіргі өмірге қатысты жағын даралықтың, топтың, қоғамның өмір үлгісі мінездейді. Өмір үлгісіне жататын бірнеше элементтер жатады:

Әдет. Өмір үлгісі негізінен адамдардың күнделікті әрекеттерден тұрады. Олар өте көп және санасыз, автоматты түрде сақталынады. Әдеттердің топтық, ұжымдық түрлері бар.

Мәнер. Қоршаған адамдардың не оң, не теріс бағасына ие болатын адам мінез-құлқының сыртқы нысаны. Мәнер ақмүйекті қарапайым адамнан айырып тұрады.

Салт. Мәнерге қарағанда салт адамдардың ширек тобына тән. Салт дәстүрі қалыптасқан мінез-құлық тәртібі ұжымдық, топтық әдет болып табылады.

Этикет. Жақсы мәнер, әдеттер этикетті құрайды.Этикет ерекше бір әлеуметтік шеңберде қабылдаған мінез-құлық ережелерінің жүйесі.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Мәдениет дегеніміз не?

  2. Мәдениеттің қандай түрлдері бар?

  3. Субмәдениет дегеніміз не?

  4. Мәдениеттің қандай формалары бар?

  5. Мәдениетті қалыптастыратын қандай факторлар бар?

  6. Этикет дегеніміз не?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Минюшев Ф. И. Социология культуры. М., 2004.

2. Көшербаев Қ Е. Құттыбаева Р. С. Қазақстандағы Этнос аралық қатынастар мәселесі. // Алматы, 1996.

3. Красов Б. С. Социальная культуралогия // Учебник М., 1998.

проблемы семьи М., 1989
Дәріс №11

Тақырыбы: Жастар және дін.

Дәріс мазмұны:


  1. Дін түсінігі мен оның қызметі, түрлері

  2. Қоғамдағы діни ұйымдар мен олардың жастарға деген ықпалы.

  3. ҚР жастар мен дін арақатынасы.

Мақсаты: Жастар арсында дін түсінігін дұрыс қалыптастыру. Діннің негізі түрлерін, діни секталар мен ұйымдардың қызметін анықтау. ҚР діни конфессиялардың, діни секталардың жастарға деген ықпалын, тұлға ретінде қалыптасуына ықпалын ашу.


жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау