Ерітінді ортасы (рН)
Кейбір тұнбалар қышқылдарда жақсы ериді, сондықтан орта қышқыл болса, онда тұнба түзілмейді немесе кейбір тұнбалар сілтілерде жақсы ериді, яғни тұнба сілтілі ортада түзілмейді, кейбіреулері қышқылдарда да, сілтілерде де ериді, оны тек бейтарап ортада ғана алуға болады. Демек, реакция толық жүруі үшін қажетті орта болуы керек.
Ерітінді температурасы
Кей Кейбір реакцияларды салқын ортада жүргізу керек болады
Н немесе керісінше, ал ерігіш тұнбалар температура артқан
сайын әрекеттеседі.
Ерітінді концентрациясы
Анықталатын ионның концентрациясы жеткілікті түрде мейлінше үлкен болуы керек, концентрациясы өте аз болса реакция дұрыс жүрмейді. Мысалы, тұнба ерігіш болса, тұнба түзетін ион концентрациясы тұнбаның ерігіштігінен жоғары болған жағдайда ғана тұнба түзіледі, ал қиын еритін тұнба үшін аз ғана концентрацияның өзі жеткілікті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |