3 1-бөлім. Жшс «Игілік – Фининвест» тің экномикалық ұйымдастыру сипаттамасы



жүктеу 1,16 Mb.
бет1/8
Дата28.11.2017
өлшемі1,16 Mb.
#2134
  1   2   3   4   5   6   7   8

Жоспар

Кіріспе......................................................................................................................3

1-бөлім. ЖШС «Игілік – Фининвест» - тің экномикалық ұйымдастыру сипаттамасы

1.1. Қаржы нәтижелерінің теориялық аспектілері..............................................6

1.2. ЖШС «Игілік – Фининвест» фирмасының экономикалық сипаттамасы...........................................................................................................16
2-бөлім. Қаржы нәтижелер есебін ұйымдастыру

2.1. Негізгі қызметтен түскен табыс есебі...........................................................25

2.2. Негізгі қызмет шығындар есебі.....................................................................30

2.3. Жиынтық табыс есебі.....................................................................................32

2.4. Қаржы есептерін әзірлеп, тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздеме.................................................................................................................41
3-бөлім. Қаржы нәтижелерін талдау
3.1. Нақты және салыстырмалы табыс көрсеткіштерін талдау........................60
3.2. Қаржы нәтижелерінің есебін және олардың қолданылуын тексеру.........68
Қорытынды..........................................................................................................74
Қосымша................................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер...................................................................................77

Кіріспе


Қазіргі нарықтық жағдайда бухгалтерлік есеп шаруашылық субъектілерінде маңызды орын алады. Ол бухгалтерлік есеп стандарттарындағы жалпы қағидаттар мен ережелер негізінде, субъектілердің қаржы – шаруашылық қызметінің бхгалтерлік есебі шоттарының бас жоспары, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер» заңына сәйкес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп бойынша білікті органдардың басылымдарындағы нұсқаулар, ережелер және рекомендациялар бойынша құралады. Республикамыздғы бухгалтерлік есеп жүйесі максималды түрде халықаралық бухгалтерлік стандартқа жақын қарастырлған.

Есеп жүргізу мәліметтері шаруашылық субъектілерінің оперативтік /тікелей/ басшылық жұмысы және олардың құрылымдық бөлімдері үшін қоданылады, мемлекеттік қаржылық есеп беруді құрастыру үшін, экономикалық болжамды және ағымдағы жоспарды, қорыта келе, еліміздің экономикасын дамыту заңдылықтарын оқып білу және зерттеу қажет.

Қазіргі заман шартында шаруашылықпен айналысатын шаруашылық субъектілерін заманға сай, толық және дұрыс экономикалық механизммен басқару тәжірибелі түрде мүмкін емес. Яғни, нақты қойылған есеп жүйесін беретін экономикалық қызметтегі жұмысшылар: біріншіден – бухгалтериядағы қызметші, барлық есеп және есеп беру жүйесін жақсы білу қажет, жеңілдетіп және арзандату бухгалтерлік және салық есебін ұйымдастыратын, субъектінің қызметін анықтайтын ереже, нұсқау және басқа да нормативтік актілерді қатаң түрде сақтау қажет.

Кәсіпорын иелері және еңбек ұжымдары экономиканың барлық салаларында шикізатпен материалдарды ұқыпты және анықталған мөлшерде жұмсауды ойлайды. Бәсекелестік өнімдердің өндірісін ұлғайту, оның сапасын жоғарлату, өзіндік бағасын төмендету қоршаған ортаның сақталуын ұқыпсыздық, заңсыз, анықтаусыз материалдық құндылықтарды, ақша қаражаттарын және басқа да кәсіпорынның ресурстарын шығынға шығаруға, ұрлауға қарсы тұратын бухгалтерлік есептің маңызы өте зор.

Қазақстан Республикасының бюджетін, зейнетақы, жол және басқа қорларды қалыптастыру үшін табыс салығын тағы басқа салықтар мен жинақтау, қаржы бөлудің мөлшерін дұрыс анықтауда бухгалтерлік есептің атқаратын қызметы зор. Бұл төлемдердің мөлшерін шаруашылық субъектілері мемлекет бекіткен, нормативтер арқылы анықтап, бухгалтерлік және салық есебінің мәліметтері бойынша өздері қалыптастырады.

Қазақстанда қабылданған жаңа бухгалтерлік есеп жүйесі кәсіпорынның кең түрде ашылуына мүмкіндік береді, сонымен бірге барлық экономиканың жалпы көтерілуіне себебін тигізеді.

Ал, шаруашылық субъектілерінің қызметін зерттеуде қаржы нәтижелері есебі және талдауы өте маңызды рөл атқарады. Себебі, ол қолдаушылардың өз қызметіне шешім қабылдауы үшін үлкен көмегін тигізеді.

Қорыты келе, бұл дипломдық жұмыстың мақсаты ЖШС «Игілік – Фининвест» фирмасының қаржы нәтижелерінің есебі мен талдауын танып білу және алдағы кезеңдегі жағдайын қарастыру болып табылады.

Дипломдық жұмысты жазу кезінде Қазақстан Республиканың Үкімет үйінің қаулылары және заң актілері білімді экономистердің теориялық және тәжірибелік бағыттары, жұмыстары қолданылады. Бұл жұмыста статистикалық экономика математикалық және жеке ауқымды зерттеу әдістерін қолдана отырып ЖШС «Игілік – Фининвест» фирмасының қаржылық есеп беру мәліметтеріне талдау жасалған.

Бірінші бөлімде қаржылық нәтижелер есебін ұйымдастыру, оның ішінде – негізгі қызметтен түскен табыс есебі, негізгі қызмет шығындары есебі жиынтық табыс есептері және қаржы есептерін әзірлеп, табыс есептері тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздемелер қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде қаржы нәтижелеріне талдау жүргізіледі. Ол қаржылардың келіп түсуінен және жұмсалуынан орындалады. Мұнда қаржы көрсеткіштерінің деңгейін және өсіңкілігін талдау, рентабельділік көрсеткштерін кестелер түрінде талдау жасалған. Сонымен бірге тапсырыс берушілер өздерінің шешімдерін қабылдауына, бухгалтерлік есеп пен қаржы отчеттарын одан әрі жақсартуға әсерін тигізетін аудиттің маңыздылығы қарастырылған.

1-бөлім. ЖШС «Игілік – Фининвест» - тің экномикалық ұйымдастыру сипаттамасы


    1. Қаржы нәтижелерінің теориялық сипаттамасы

Нарықтық экономика шарты бойынша кәсіпорынның экономикалық мақсаты табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы нақты және салыстырмалы көрсеткіштері арқылы сипатталады. Нақты табыс көрсеткіші – бұл табыспен пайданың жиынтығы. Шет елдерде «табыс» ұғымы келесі мағынада анықталады: «Табыс – бұл экономикалық пайданың өсуі есеп беру мерзіміндегі активтердің ұлғаюы немесе акционерлердің жарналарын қоспағанда пассивтердің азаюынан капиталдың өсуі».

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы» заңдық күші бар жарғысында бұл түсінікке өте қысқаша анықтама берілген: «Табыстар – бұл есеп беру кезеңіндегі активтердің өсуі немесе міндеттердің кемуі». Ереже бойынша сәйкесінше шығын шығармай, тілеген табысын алу мүмкін емес. Ал, табыс болмаған жағдайда, кәсіпорынның дамуы және әлеуметтік сұрақтарды сәтті шешуі мүмкін емес.

Табыс көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржы нәтижелерінің нақты көрсеткіштерінен тұрады. Оған мыналар жатады:



  • дайын өнімді /жұмысты, қызметті/ сатудан алынатын табыс;

  • жалпы табыс;

  • негізгі қызметтің табысы;

  • негізгі емес қызметтен алынатын табыс;

  • салық салынғанға дейінгі табыс;

  • салық салынғаннан кейінгі жай қызметтен түскен табыс;

  • төтенше жағдайлардан болатын табыстар;

  • кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып танылатын таза табыс.

Табыс жалпы алғанда тірі және затқа айналған еңбек шығындарының өнімділігін, шаруашылықтың нәтижелерін көрсетеді. Кейбір экономистер оны экономикалық тиімділік көрсеткішіне басқа экономистер кәсіпорын жұмысы тиімділігіне жатқызады. Біздің көзқарасымыз бойынша бірінші айтылған сөздер дұрыс.

Қазіргі нарықтық заманға сай табыстың маңызы өте зор. Табыс: не өндіреміз, кімге және қалай өндіреміз деген үш түбірлі бір бірімен тығыз байланысты мәселелерді шешуді анықтайды.

Табыс, нарықтық экономикада өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болғандықтан, кез келген кәсіпорын қызметінің мақсаты табыс табу болып табылады. Табыстың көлемі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сәтті болуына, өз өзін қаржыландыруына әсерін тигізуде. Әр кәсіпорын ағымдағы және қаржылық шығындарын өздерінің меншікті көздері арқылы жабады. Уақытша жетіспеушілік кезінде қысқа мерзімдік банк қарызы және коммерциялық несие бойынша қамтамассыз етеді.

Осы табыс бойынша кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар алдындағы міндеттері орындалады. Сондықтан табыс, өндірістік және қаржы қызметіне баға берудің маңызды көрсеткіші болып есептеледі.

Нарықтық экономикада табыстың қызметі оның атқаратын функциялары арқылы анықталады. Біздің ойымыз бойынша, ол екі функцияны орындайды: мемлекеттік бюджет кіріс көздерін бірлестіктер мен кәсіпорындардың өндірістік және әлеуметтік даму көздері функцияларын.

Табыс өзінің функцияларын тиімді орындау үшін, келесі негізгі шарттардың орындалуы қажет.

Өнімнің бағасы еңбек шығындарына сәйкес болуын, сонымен бірге еңбек өнімділігінің жоғарылауын және өзіндік құнының төмендеуін ескеру қажет. Бұйымдардың есептелген жүйесі және өнімнің өзіндік құнын анықтау ғылыми негізделген болуы керек.

Табысты бөлу механизмі белсенді орынды алуы тиіс және өндірістің дамуын, тиімділігінің жоғарылауына ынталандырушы фактор қызметін атқарады.

Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржылық рычагтар жүйесінде ғана мүмкін /амортизациялық аударым жарнасы, қаржылық жазалау шаралары, салық салу акциздер, жол ақысы, дивиденттер, өсім ақы, салымдар, пай жарнасы, қаржы салымдары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздардың құндылығы, тағы басқа/.

Нақты табыс көлемі кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің тімділігі емес, экономикалық тиімділік көрсеткішіне жатады. Бес жүз мың теңгелік табыс қызмет масштабының және кәсіпорынның салған қаржы мөлшерінің табысы болуы мүмкін. Осыған орай салыстырмалы сомасы бірдей болмайды. Сол себептен, алынатын табысты нақты бағалау үшін салыстырмалы табыс көрсеткішін қолданады, оған әр түрлі пайдалылық көрсеткіштер қатысты. Табыс деңгейін және кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын кәсіпорынның табыс көрсеткішінің дамуына шаруашылық субъектісі сияқты мемлекет те көңіл бөледі. Сондықтан әр кәсіпорында нақты және салыстырмалы табыс көрсеткіштеріне жүйелік талдау жүргізу өте қажет.

Табыс көрсеткіштерін талдау міндеттеріне:


  • нақты табыс көрсеткіштерін жоспар бойынша орындау бағасы;

  • таза табыстың пайда болуының құрамдық элементтерін оқып – білу;

  • табысқа әсер ететін сандық өлшем факторлары;

  • табысты бөлу үшін бағыттарды пропорцияларды, даму бағытын оқып білу;

  • табыстың өсуінен резервтердің пайда болуы;

  • кәсіпорынның келешекте дамуы үшін табысты тиімді пайдалану негізінде сипаттама жасау;

  • табыстылықтың әр түрлі коэффициенттерін және оған әсер ететін факторларды зерттеу.

Ш. Иманғожин өз еңбегінде өндірістік қызмет нәтижелерін талдау кезінде келесі пайда көрсеткіштерінің қолданылатындығын айтады:

- баланстық пайда, яғни тауарларды сатудағы нәтижелер ғана емес, сонымен бірге оның көлемін нақты және салыстырмалы көрсеткіштер. Қайта өңдеу өнеркәсіптік өнімдерді сатқандағы нәтижелер, қосалқы өндіріс және жұмысты орындау, өндірістік қызмет көрсету, шетелдерге шығару операцияларындағы табыстар мен шығындар. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның баланстық пайдасы – есеп беру мерзіміндегі әр түрлі шаруашылық қызметтерінің табыстар мен шығындар қалдығынан құралады.

- тауарларды сатудан түскен пайда, талдау жасалатын субъектінің есеп беру мерзіміндегі пайданың бастапқы мерзімі мен немесе басқа шаруашылық субъектінің сол мерзіміндегі өзгерістерін салыстыру арқылы жеке факторлардың қызметін анықтау осы талдаудың маңызы болып табылады.

Кәсіпорынның қаржы нәтижесінің сипаттамасына пайда жиынтығының көрсеткіштерімен шектеліп қана қоюға болмайды, себебі нақты пайда көлемімен – қандай шаруашылықта, қай салада қорлар тиімді қолданылатындығын түсіну қиынға соғады. Пайда көлемінің өсуі, ақшаның құнсыздануына әкеліп соғатын өнімнің өзіндік құнының өсуі себебінен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ең сенімді өндірістің тиімділік көрсеткіші – пайдалылық /рентабельдік/ болып табылады, ол, баланстық пайданың өткізілген өнімнің толық өзіндік құнына қатынасын білдіреді.

Г. В. Савицкая келесі пайда көрсеткіштерін атайды:

1. Баланстық пайда ол қаржылық нәтижелерде, жұмыс пен қызмет, басқа да өткізулер, өткізуден тыс операциялар бойынша табыстар мен шығындардан тұрады.

Жұмыс, қызметтің қаржы нәтижелері:

а/ өнімді сатудың көлемі, дайын өнімнің ауыспалы қалдықтарынан, дайын өнімді шығару, төленбей тиелген өнімнің өзгерістерінен тұрады;

ә/ тауар өнімдерінің құрылымы;

б/ тауар өнімінің сапасымен, өнімдерді өткізу нарығы, сату нарығы мен құнсыздану процесіндегі бағаның өзгеруінен құралатын сату бағасы;

г/ өнімнің өзіндік құны.

Басқа өткізуден түскен пайда үш факторға бөлінеді:



  • ТМҚұндылықтарын сатудан пайда;

  • қосалқы шаруашылық өнімін сатудан түскен пайда;

  • негізгі қорларды және материалдық емес активтерді өткізуден пайда.

Өткізуден тыс қаржы нәтижелері біріккен кәсіпорындарда, үлестік қатыстар пайдасынан құралады:

  • негізгі құралдарды және жерді жалға беруден пайда;

  • алынған және төленетін өсім айыбы мен жазалар;

  • дебиторлық берешектерді есептеп шығарғардағы шығындар;

  • табиғи апаттан шығындар;

  • акция, облигация, депозиттерден табыстар;

  • валюталық операциялар бойынша табыстар мен шығындар.

Салық салынатын пайда баланстық пайда мен мүлікке салынатын салық сомасы пайда. Табыс салығы ұсталатын /құнды қағаз және бірлескен кәсіпорынның үштік қатысы бойынша/ пайдалар, тек пайдалылық дәрежесінен жоғары алынған, бюджетке толық шығын, есептегенде пайдаға салынатын салыққа жеңілдікті есептеуде қаралатын.

Таза пайда – бұл барлық салықтардан, экономикалық жазалау шараларынан және қайырымдылық қорларына аударымдардан кейін кәсіпорын басшылығында қалатын пайда.

Талдау процесі кезінде баланстық пайда құрамын, құрылымын, өзгеруін және есеп беру жылындағы жоспардың орындалуын оқып – білу қажет. Пайда өсіңкілігін зерттегенде соманың өзгеруіне құнсыздану факторының әсерін ескеру қажет. Ал, бұл үшін, түсімді баға дамуының орташа өлшемдік индексінен сала бойынша кәсіпорынның орташа өніміне түзетеді, ал, өнімдерді өткізу бойынша болған шығындар талдау жасалатын мерзімдегі тұтыну ресурстарының бағасының жоғарылауы нәтижесіндегі олардың артуынан азайтылады. Табыс сомасының өсу қоры әр тауар өнімінің түріне байланысты анықталады. Оның негізгі көздері болып өткізу көлемінің ұлғаюы, өзіндік құнының төмендеуі және тауар өнімінің сапасының жоғарылауына байланысты бағасының өсуі, ең тиімді өткізу нарығын іздестіру, ең қолайлы мерзімдерде өткізу.

Е. В. Негашев өз еңбегінде белгіленген уақыт мерзіміндегі кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесі бір – бірімен байланысты нақты көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Оларға: түсім /жалпы табыс/ өнім өткізуден /жұмыс, қызмет/, нәтиже /табыс немесе шығын/ басқа да өткізулерден, өткізуден тыс операциялардан табыстар мен шығындар қалдығы, баланстық пайда немесе зиян, салық салынатын пайда, таза пайда кәсіпорын басшылығында қалатын.

Ш. Т. Балабановтың еңбегінде шаруашылық субъектісінің қаржылық нәтижесіне келесі міндеттер көрсетілген:

* пайдалылық пен қаржылық тұрақтылықты көрсету;

* қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін зерттеу;

* шаруашылық субъектінің ережесін /жағдайын/ және оның қаржы тұрақтылығы мен бәсекелестігінің сандық өлшемін қаржы нарығында белгілеу;

* жоспарлы қаржы мероприятиясының орындалу деңгейіне, бағдарламаларға, қаржы көрсеткіштер жоспарына баға беру;

* пайда болған жетіспеушіліктер мен қаржы ресурстарының қайтарымдылығының жоғарылауын жоюға жасалған өлшемдік баға.

Шаруашылықтың қаржы жағдайын талдау мыналардан тұрады:


  • табыстылықты талдау;

  • қаржы тұрақтылығын талдау;

  • несие өтеу қабілеттілігін талдау;

  • капиталды қолдануын зерттеу;

  • өзін -өзі қаржыландыру деңгейін зерттеу;

  • валюталық өз шығынын өзі өтеу мен өзін - өзі қаржыландыратын талдау.

Ол қаржы нәтижелерін талдауды жүзеге асыратын келесі негізгі амалдарды бөледі: салыстыру, жиынтық және топтастыру. Кейбір жағдайларда экономика – математикалық модельдеу әдісі қолданылуы мүмкін /кері және корреляциялық талдау/. Сонымен бірге шаруашылық субъектінің табыстылығы нақты және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Нақты табыстылық көрсеткіші – бұл табыстар жиынтығы. Салыстырмалы көрсеткіш – табыстылықтың деңгейі.

Талдау процесінде таза табыс көлемінің өзгеру динамикасы, пайдалылық деңгейі және оған әсер ететін факторлар зерттеледі. Таза табысқа әсер ететін негізгі факторлар болып, өнімді өткізуден түсім көлемі, өзіндік құнының деңгейі, пайдалылық деңгейі, өткізуден тыс операциялар табысы, олар бойынша шығындар табыс салығы мен басқа да салықтар көлемі жиынтық табыстан төленетін кәсіпорын табыстылығын талдау өткен кезеңмен жоспарды салыстырумен жүргізіледі.

Талдау бір жылға жүргізіледі /4/. Шаруашылық субъектіде жоспарлы көрсеткіштері өз еркімен ішкі пайдалануларына жасалады /4/.

А. П. Шеремет былай белгілейді: қаржылық талдаудың мақсаты - өткен қызметтеріне, нақты кезеңдегі жағдайына және келешектегі кәсіпорын жағдайын бағалау. Бірінші кезеңде талдау жасаудың бағытын анықтау қажет, яғни, кәсіпорынның өткен көрсеткіштері мен мерзімдегі орташа көрсеткіштерімен салыстыру керек пе, жоқ па?

Осының бәрі талдаудың өз әдістерін, көптеген ақпараттар жинағын қажет етеді. Екінші кезеңде құнсызданудың, табыстың сапалары бағаланады, сонымен бірге есептеу тәсілдері мен басқа да қаржылық нәтижелерді қалыптастыруға әсер етуін бағалау. Өнімдерді өткізуден түсетін табыс мөлшері үмітсіз қарыздарды есептен шығару әдістеріне тәуелді, тауарлы материалды құндылықтардың қабылданған бағалары тозуға қосымша төлем әдісі. Үшінші кезеңде негізі әдістерді қолдана отырып талдау жасалады:

көлденең – баланстың әр позициясын /өткен кезеңімен салыстыру немесе басқа есеп беру формасын алдағы кезеңмен салыстыру:

тік – жалпы қаржы көрсеткіштер құрылымын әр позициялардың нәтижелерге әсерін анықтау;

трендалық – тренданы анықтау. Әр есептеме позициясын өткен кезеңдегі бірқатар есептеме беру мен салыстыру.

Тренда бойынша келешектегі мүмкін мағыналы көрсеткіштер негізделеді, содан, бағдарлы талдау жүреді.

Пайда және кірістің молдығы өндірістің маңызды тиімділік көрсеткіші болып табылады. Пайда – бұл, біріншіден, кәсіпорын қорының негізгі көзі, екіншіден мемлекеттік және жергілікті бюджет табыстарының көзі.

Табыс деңгейі мен кәсіпорын рентабельділігі өндірісті қарқындандыру және маркетингтік қызметтің көрсеткіштері болады. Табыстылықты тереңірек талдау үшін әсер етуші факторларды мақсатқа сай топтастыру керек.

Сыртқы факторлар тобына:



  • табиғи жағдайлар көліктік және басқа да факторлар, яғни, бір кәсіпорында қосымша шығындар шығаратын, екіншіден қосымша пайда әкелетін;

  • өзгерістер, кәсіпорын жоспарында қаралмаған өнімнің көтерме бағасы, қолданылатын шикізат, материал, жанармай, жартылай фабрикаттар, қызметтер мен тапсырмаларға белгіленген бағалар, сауда жеңілдігі, амортизацялық аударым жарнасының мөлшері, еңбек ақы мөлшері және оған қосымша төлем;

  • тағы басқа жинақтардың мөлшері кәсіпорын төлейтін салық;

  • кәсіпорынға әсер ететін шаруашылық сұрақтары бойынша жабдықтаушылармен, жабдықтау - өткізу, жоғарғы шаруашылық, қаржылық, банктік және басқа мемлекеттік тәртәп органдары мен бұзушылық.

Ішкі фактороар топрары: а) негізгі факторлар, 1/ еңбек нәтижелерін анықтайтын және мемлекеттік тәртіпті бұзумен байланысты факторлар /28/.

А. П. Шеремет пен Р. С. Сейфуллин айтқанындай:

Кәсіпорынның әр түрлі өндірістік, тұрмыстық және қаржылық қызметтері соңғы ақшалай бағасын қаржы нәтижелер көрсеткіші жүйесінде алады. Оған кіретіндер өнімді өткізуден табыс /зиян/; басқа да өткізулерден /жұмыс, қызмет/ пайда /зиян/; өткізуден тыс операциялардан табыс, шығын; баланстық пайда салық салынатын табыс, таза табыс және тағы басқалары.

Қаржы нәтижелері көрсеткіші кәсіпорын шаруашылығының нақты тиімділігін сипаттайды. Табыс бойынша авансыланған қаржыны қайтарым деңгейі кәсіпорынға салынған активтердің табыстылығы анықталады. Табыс көрсеткіштерін есептеудің бастапқы кезеңі, өнімді өткізу айналымы болып табылады. Өнімді сатудан /жұмыс, қызмет/ түскен қаржы кәсіпорынның өндірістік ісінің аяқталғанын авансыланған қаржының қайтарылуын сипаттайды. Сату көлеміндегі өзгеріс қаржы нәтижелеріне маңызды әсер тигізеді /29/.

Сонымен, қаржы нәтижелерін талдаудың негізгі міндеттері болып: табыс көрсеткіштерінің өзгеріс бағасы, олардың нақты мөлшерінің ұйымдастырылуы мен бөлінуі; табысқа әсер ететін әр түрлі факторлардың өлшемі табылады.

Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелерін экономикалық талдаудың теориялық базасы болып, барлық кәсіпорындарға қабылданған шаруашылық механизмнің бірыңғай үлгісі /табылады/.




1.2. ЖШС «Игілік – Фининвест» фирмасының экономикалық сипаттамасы

«Игілік – Фининвест» өндірістік - коммерциялық фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылы қыркүйек айында, Алматы қаласында құрылған.

Фирма Қазақстан Республикасы заңдарына белгіленген шаруашылық қызметін, жүргізу шарттарын қадағалай отырып, жарғы мен құрылтайшылар келісім – шарты, ары қарай «Құрылтай құжаттары», негізінде құрылған және соны басшылыққа ала отырып қызмет көрсетті. Фирма өз аты жазылған дөңгелек мөр бұрыштама белгімен басқа да заңмен белгіленген міндетті мәліметтерге ие.

ЖШС «Игілік – Фининвест» фирмасының мақсаты табыс табу.

Фирма қызметінің арқауы:


  • полиграфиялық қызмет көрсету.

Фирма заңды тұлға құқығына ие, яғни, ол оқшауланған мүлікке және мүліктік емес жеке құқықтарға ие бола алады, азаматтық қатынастарға түсуге, міндеттерге ие болуға, сот не төрелік орындар немесе аралық соттарда талапкер не жауапкер болуға құқылы.

Фирма мүліктері ақшалай қаржылар және басқа да мүліктерді еңгізу жолдарымен құрылып, оның меншігі болып есептеледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін жүргізу үшін құралған жарғылық қордың мөлшері 1257,3 мың теңге / миллион екі жүз елу жеті мың үш жүз / теңге.

Фирма табыстары материалдық шығыстарды жабуға, салықтарды қызметкерлердің еңбекақыларын төлеуге басқа да міндетті төлемдерге жұмсалады.

Таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық қордағы үлестеріне пропорционал мөлшерде бөлінеді.

Фирма мөлшері жарғылық қордың 25 процентіне тең резерв /сақтандыру/қоры құралады. Резерв қоры жыл сайын таза табыстың 5 проценті жарияланған. Сомаға жеткенге дейін жіберіп отыру нтижесінде құралады. Мүмкін болатын шығындарды жабуға резерв қорекжетпесе, шығындарды жабу көздерін фирманың жоғарғы басқару органы анықтайды.

Фирманың басқару органдары – құрылтайшылардың жалпы жиналысы, Президент болып табылады. Құрылтайшылардың жиналысы ең кемінде жылына екі рет жиналады. Кезектен тыс жалпы жиналыс қажет болғанда Президент немесе жалпы жиналыс шақыруды фирма мүддесі талап еткенде шақырады.

Президент фирманың атқарушы органы болып табылады. Ол құрылтайшылардың жалпы жиналысы алдында есепті және оның шешімдерін орындалуын қадағалайды.

Еңбек ұжымының мүшелері болып, фирмамен жасаған еңбек келісім – шарттары немесе фирманың және қызметкерлердің арасындағы еңбек қатынастарының басқа да формасы негізіндереттелетін түрде өзінің дербес еңбегімен фирманың қызметіне араласатын тұлғалар есептеледі.

Фирма өзінің қаржылық – шаруашылық қызметін кемінде жылына бір рет тексеруі керек, ал кезектен тыс тексеру жұмыстары кез – келген құрылтайшының талабымен жүргізілуі мүмкін. Оперативті, бухгалтерлік және жалпы есеп беру, бухгалтерлік және статистикалық есеп пен жалпы есеп беру мәселелерін реттейтін нормативті құжаттарды басшылыққа ала отырып ұлттық валюта түрінде жүргізіледі.

Фирманың коммерциялық құпиясы ретінде, мемлекеттік құпия болып табылмайтын, өндіріспен, технологиялық ақпараттар мен басқару, қаржылар және басқалармен байланысты, тарап кетсе фирманың коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпараттар түрі мен құрамы, оларды қорғау тәртібін Президент ұсынысы мен Құрылтайшылар жиналысы бекітеді. Құпияны бұзғандар үшін жауапкершілік зағ актілерімен және келісімдер мен анықталады.

Фирманың қызметі:

а/ құрылтайшылар жиналысының шешімі бойынша;

ә/ тоқтатуға өкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша;

б/ құрылтай құжаттарында қарастырылған басқа да негіздер бойынша тоқтатылады. Сонымен қоса фирма қызметін қайта құрғанда / бірігу, қосылу, бөліну, түрлену/ немесе жойылғанда тоқтатады.

Қаржылық есеп берудің маңызды элементі болып табылатын активтерді талдау кезінде олардың нақты қолдағы болуы, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің ұлғаюы, кәсіпорынның алдағы кезеңде дамуын сипаттайды.

Берілген баланс бойынша активтердің құрамы және орналасуын талдау үшін аналитикалық кесте құрастырылды. 1.1. кестеге қарап отырып валюта балансының алдыңғы жылмен салыстырғанда 2053,1 мың теңгеден 5792,7 мың теңгеге дейін, яғни, 3739,6 мың теңгеге көбейгені көрініп тұр немесе 1,82 процент. Бұл кәсіпорын жағдайының жақсы жағын куәландырады. Бірақ, міндетті түрде бұл активтердің қалай орналасқандығы және есеп беру кезінде қай нәрсеге көңіл көп бөлінгендігін анықтау қажет, кәсіпорынның өндірістік шама жағдайын негізгі құралдарын анықтау қажет. Бұл үшін бәрінен бұрын кәсіпорынның өндіріс шамасының көлемін анықтау қажет. Бұл көрсеткіштің коэфициенті Кn ≥ 0,5 болуы қажет. Егер, бұл көрсеткіш мәнінен төмен болса, ұзақ мерзімді қарыздарды тарту жөн. Өндіріс шамасының көлемі жыл басына 1665,5 мың теңге, жыл соңында 5466,7 мың теңге. Яғни, 3801,2 мың теңгеге өсті. Барлық баланс активтері құнының өндірістік шама үлесі 13,3 пункке өсті. Сондықтан бұл өндіріс шамасының жақсы деңгейін білдіреді.

Осы көрсеткіштен кейін, баланс валютасының ағымдағы активтер үлесінің анықтау маңызды. Ол коэффициенттің маңызы жоғары болған сайын үздіксіз жұмысты қамту мүмкіндігі және кредиторлармен есептесу мүмкіндігі жоғары болады. Қаржылық көзқараста оның өсуі құрылыстағы қарыздарды қайтару үлесін сипаттауы, алға жылжуы болып табылады. Мүліктер мобильді болып келеді.

Кәсіпорын активтерінің ісек қосу коэффициентінің жоғарылауы, кәсіпорын активтерінің барлық құнын анықтайды.


жүктеу 1,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау