3 – курс күндізгі оқу бөлімінің арналған



жүктеу 308,67 Kb.
бет83/100
Дата26.01.2022
өлшемі308,67 Kb.
#35140
түріЛекция
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   100
Аш селекциясымен тұқым ш лекция

18.5 Өнімнің сапасын бағалау

Кез келген сорттың шаруашылықтық құндылығы тек қана белгілі бір жерден алынған өнімнің көлеміне қарап емес, сонымен қатар оның сапасымен де анықталады. Бұл көрсеткіш өсімдіктің биологиялық ерекешлігіне байланысты болып келеді.

Өнімнің сапасы «Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтау» курсында толық қарастырылатын болғандықтан, бұл жерде ол көрсеткіш тек жалпы түрде келтірілген.

¥н алуға арналған астық тұкымдастарының дәндері (бидай, қара бидай және т. б.) жақсы ұндық-нандық қасиетке ие болуы тиіс. Оларды бағалау үшін 1000 дәннің салмағы, өзіндік салмағы, пішіні, мөлшірлігі, нан пісіретін сапасы сияқты белгілерін пайдаланады.

Ұнның нан пісірерлік қасиетін багалағанда 100 г ұннан шыққан нанның көлемі, піскен нанның сыртқы кескіні, түсі, дәмдік сапасы бойыша анықтайды.

Батыс және Орталық Еуропаның кейбір елдерінде дәннің сапасын анықтау үшін, бірнеше корсеткіштен шығатын сапалық коэффициент қолданылады. Бидайдың барлық сорты дәннің сапасы бойынша мынадай үш топқа бөлінеді: А - ең жоғарғы сапа; В — орташа сапа, С —төменгі сапа.

Өнімнің сапасын бағалаған кезде оның негізгі көрсеткіштері (дәннің химиялық құрамы, май белок, крахмал, қанттың көлемі, талшықтың ұзындығы мен жіңішкелігі т. б.) температура, ылғал, жарық, топырақтың құнарлығы, тыңайтқыш сияқты жағдайларға байланысты қатты өзғеріске ұшырайды. Сондықтан, мұндай бағалауды барлық сорттарды өсіргенде агротехникалық және табиғи жағдайлар бірдей, тең жағдайда жургізу қажет. Сонымен қатар өнімнің сапасы әр жылдары әр аудаяда ауытқып отыратындықтан, оларды әр түрлі географиялық аймақтарда көп қайтара тексереді.



Төменде селекциядағы кейбір дақылдардың сапалық көресеткішін жүргізуге мысалдар келтірілген.

Күріштің сапасын бағалағанда ең алдымен оның мөлдірлігіне, пішіні мен үлкендігіне назар аударылады. Әдетте күріш клеткасы мәлдір және мөлдір емес болып келеді. Мөлдір емес дәннің клеткасында суга еритін көптеген декстрин мен мальтоз болғандықтан крахмал түйіршіктері борпылдақтанып орналасуымен ерекшеленеді. Мұндай күрішті суға пісіргенде желім тәрізденіп кетеді. Күріштің осындай сорттары Қытайда, Жапонияда, Индонезияда кең тараған. Сондықтан, палау, басқа да тағамдар пісірген кезде ісініп бір-біріне жабыспайтын сорттарды пайдаланады. Осындай қасиеттерге клеткасында судан ісінетін күрделі крахмал түйіршіктері бар жатыны мөлдір дәндер ие.

Күріш дақылының көп сорттары молдір болып келеді. Оларды сыртқы пішіні бойынша және йодтық спирт ерітіндісінде бояу арқылы анықтайды. Бұл кезде мөлдір емес дәндер сұр түске боялады.

Талшықты дақылдардың (мақта, кенеп, жұт т. б.) сапасын талшықтың ұзындығы, жіңішкелігі, беріктіғі, жұмсақтығы сияқты көрсеткіштері бойынша анықтайды. Талшықтың түсі ашық болған сайын, ол сапалы болып есептеледі. Сапалық белгілерінің жиынтығы бойынша әрбір зерттеліп жатқан сорттың талшығына номер беріледі.

Тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерінің сапасын бағалағанда түйнектегі крахмалдың проценті, дәнде ұзақ сақталуы, қант қызылшасының қанттың құрамы есепке алынады. Крахмалды оның тығыздыгы бойынша 5 кг өлшеммен арнайы таразыда анықтайды. Түйнек аз болған жағдайда химиялық жолмен тұз ертіндісі тәсілін қол данады.

Өнімнің сапасына деген талап күшейген нарықтық жағдайда селекционерлер де бұл көрсеткіштреге баса назар аударуда.



Дәннің сапасы бойынша құнды деген белгілерін тауып, оларды пайдалану үшін, коптеген химиялық және биохимиялық талдаулар жасалуда. Мысалы, бір ғана бұрынғы Бүкілодақтық селекциялық-генетикалық институтының (Одесса қаласы) биохимия лабораториясында жыл сайыы жаңа құралдардың көмегімен 90 мыңга жуық талдау жұмыстары жургізіледі


жүктеу 308,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау