8.4.Жабайы өсетін өсімдіктердің түрлері бастапқы материалдың қайнар көзі
Селекция үшін жабайы осімдіктердің түрлері бастапкы материаддың басты кайнар көзі болып табылады. Оларды келешек сортгьщ негізін салуда іріктеу және будандастыру үшін пайдаланады.
Бастапкы материалдардың құндылығы олардың көптеген жағдайларға бейімділігі мен(құргақшылыққа, суыққа, тұзды топыраққа, аурулар мен зиянкестерге) төзімділігі болып табылады. Жабайы өсетін бұршақты және астық тұқымдас шөптерді жинау үшін Орта Азия, Оңтүстік-Шығыс, Сібірдің Батысы мен ПІығыс шөлейт аудандарына, қуаңшылық даласына экспедиция жүргізіліді. Солтүстік Қазақстанда жабайы шөптердің 70-тен астам түрі кездеседі, олардың ішінде суыққа, ыстыққа, қуаңшылыққа төзімді, тұзды топырақтарда өсуге қабілетті түрлері бар. Олар селекцияда бастапқы материал ретінде кұнды. Балтық жағалауы республикаларында, Карелияда, Карпатта, Камчатка мен Курил аралдарында жабайы өсетін шөптердің түрлері табылды. Олардың ерекше жеке түрлері сынақтаы өткізіліп, іріктегеннен кейін, шалғындар мен жайылымдарды жақсарту үшін құрғақшылық басым аудандарда пайдалануда.
Жабайы өсетін бидайлар түрінің ішінде белогы 23%-тен асатын рекордты түрлері кездеседі, сондай-ақ онда лизиндерде де жоғары болады. Әсіресе, бұл жағдайда, Koern. айқын көрінеді, олардың жеке формаларында белок 28—30% жетеді, Жабайы сұлының (Avena sterilis L.) дәнінде 28%-ке дейін белок бар екендігі анықталды. Жабайы өсетін Тимофеевка бидайын дүние көптеген елдерінде бидайдың буданды селекция сортын шығарғанда пайдалануда, әсіресе буданды бидай шығарған кезде оны ЦМС — маңызды көзінің бірі ретінде қолданады. Абиссин қатты бидайы (Тriticum durum subsp. Abyssinicum Vav.) жапырақ татына тезімді келеді. Бидаймен будандастырғанда бидайық пен қылтаң шөптің жабайы өсетін түрі ерекше құнды бодып есептелінеді.
Ауғанстаннан алынған қос қатарлы жабайы өсетін арпа ақұнтақ ауруына төзімді болғандықтан оны будандасруға қолдана отырып, осы ауруна бой бермейтін сорттар қазірдің өзінде алынып отыр.
Танаптық арамшөп қара бидайының бірқатар түрлері белогының көптігімен ереғшеленуде (Secale kuprianovii Gross және басқалары), ОларЗакавказье мен Орта Азияда кеңінен тараған. Мұндай турлер күздік қара бидай астығының сапасын арттыру резерві болып саналады. Secale sylvestre Host жабайы қара бидай астықтың тамырында өсуіне қарсы донор болып табылады. Германияда оны мәдени қара бидаймен будаңдастыруға, Ұлыбританияда жабайы өсетін арпамен будандастыруға (Hordeum spontaneum С. Koch.) пайдаланады, одан алынған будан төзімді болады. Бидайықтың көптеген түрлерінің ішінде өсу қуат-тылығымен ерекшеленіп, аурулар мен зиянкестерге төзімді, суыққа, қуаңшылыққа бой бермейтін, топырақты таңдамайтын, тұзға шыдамды және тағы басқа да бағалы биологиялық қасиеттері көп түрлері кездеседі. Бұрынғы КСРО Ғылым академиясы Бас ботаникалық бағында және Москва селекция орталығында бидайық кеңінен зерттелді. Олардың бірқатар түрлері бидаймен будандастырылды.
Әзірбайжан және басқа да мемлекеттерде бидайға жақын туыстас қылтаңшөптің жабайы түрлері кездеседі. Бұл өсімдіктің жеке түрлері еректе күшті өсетіндігімен, масағының ірілігімен, дәнінде уызының мол болатындыгымен ерекшеленеді. Оңтүстік Америкада Люпиннің жаңа түрі — Lupinus mutabilis табылған. Олардың дәнінде қытай-бұршақтағыдай белок болады, ал майлылығы - 22% жетеді. Ол майлылығы жөнінен ақ және сары люпин сортынан 2—3 есе асып түседі.
Беде, жоңышка қылтанақсыз арпабас, еркекшөптің жабайы өсетін жергілікті түрлері еліміздің табиғаты әр түрлі аймақтарында тәжірибе жүзінде селекциялық құндылығымен жоғары болып табылады. Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америка елдерінде күнбағыстың жабайы өсетін біржылдық түрі үлгілерінің ішінде зиянды ауруларына — ақ және сұр шірігіне төзімділері табылған.
Америка мен Австралияда мақтаның жабайы өсетін 25 түрі табылған, ол солдырма ауруына, оның ішінде ерекше агрессивтік нәсілдеріне төзімді.
Өзбек ғылым академиясы эксперименталды институтының селекционерлері жабайы өсетін мексикан мақтасының (Subsp. Mexicanum) түр бөлегінің бірін будандастыру арқылы осы дақылдың Ташкент тектес солдырма ауруына төзімді, жоғары өнімді сортын шығарды. Мақтаның жабайы диплоидты түрінің ішінен жапырақтары тез түсетін формалары анықталған, оны жапырақтары тез түсетін сорттар шығару үшін будандастыруға пайдалануда.
Селекциялық мекемелерде бастапқы селекциялық материалдар жыл сайын арнаулы питмониктерде себіледі. Олардың коллекциялық және будандың екі түрі бар. Коллекциялық питомниктерге селекциялық және жергілікті сорттар, жабайы өсімдіктердің жеке түрлері, Өсімдік шаруашылығы институтының дүниежүзілік коллекциясынан алынған түрлер, ал будандарда — ішкі түрінің жеке түр: және алыстатылған будандар есіріледі. Өздігінен тозаңданған линияларды арнаулы оқшауланған учаскелерде себеді.
Селекционерлер сорттар мен дақылдардың түрлерін, әр түрлілігін білу қажет, ол онымен жұмыс істейді, оның кез келген қажетті үлгілерін пайдалана алады, яғни Н. И. Вавиловтың бейнелеп айтуына қараганда селекционерлер «глобуспен бірге айналуы керек».
Ч. Дарвин өзінің қолдан сұрыптау ғылымында үй жануарларының тектерін және мәдени өсімдіктердің сорттарын шығаруда адамзаттың мың жылдық тәжірибесіне терең талдау жасады.
Өзінің «Түрлердің шығу тегі» (1859 ж.) деген еңбектерінде үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің сұрыпталуы арқасында жақсарып, жетілулерікің көптеген мысалдарын келтіреді. Өсімдіктерді сұрыптаудың маңызын дэлелдеу мақсатында Ч. Дарвин, Лондон ауыл шаруашылык көрмесінің мәліметтеріне сүйене отырып, Бұлдірген жемісінің 56 жыл ішінде көлемінің ұлғаюын мысалға келтіреді.
Бастапқы кезде жабайы Бұлдірген жемісінің орташа салмағы 7,5 г болған, ал 1786 жылғы көрмеде жеміс салмағы — 14,93 г жеткен. Келесі жылдардағы Бұлдірген жемісінің орташа салмағы (г) төмендегіше өзгерген:
1817 ж.— 89,87 1844 ж.— 52,99
1825 ж.— 47,27 1845 ж. - 54,11
1830 ж.— 48,58 1852 ж.— 55,07
Сұрыптаудың теңдесі жоқ әсері қант қызылшасының қанттылығьш жоғарылатудан жақсы көрінеді. Неміс ғалымы Маркграф қант қызылшасы және қант қамысы қанттарының сапалары бірдей екендігін бірінші рет тек, 1747 жылы анықтаған. Осыған байланысты қантты тамыр жемістерді сұрыптау арқылы, оның қанттылығын көбейткені сонша, ХVІП-ғасырдың аяғынд-ақ қант қызылшасынан өндірістік қант өндіру басталды. Француздың әйгіді селекционері Луи Вильморен ХІХ-ғасырдың ортасында селекцияда алғашқы рет жекелеп сұрыптаудың жалпылама сұрыптаудан артық екендігін дәлелдеді, жекелеп сұрыптау арқасында қант қызылшасының қанттылығы тез өсе бастады, 225 жыл бойына жүргізілген сұрыптау арқасында, қант қызылшасының қанттылығы 19 ... 20%-ке, ал селекциясы жақсы сорттарда 21... 22%-ке жетті. Осындай сұрыптаудың әдістемелерін пайдаланудың нәтижесінде қысқа мерзімнің ішінде қант алынатын жаңа дакыл дуниеге келді.
Үзақ мерзімді мақсатты сұрыптау әдістемелерінің нәтижесінде картоп түйнегінің көлемі де бірнеше есе өсіп, құрамындағы крахмал мөлшері 8%-тен 20%-ке, тіпті одай да асып түсті. Кейбір сортты томат жемісінің орташа салмағы 2 кг-ға жеткізілді.
Сұрыптау нәтижесінде өсімдіктер әлемінің қалай өзгеретіндігіне көз жетқізу үшін, қазіргі қарбыз сорттары мен оның ең жақын туысы жабайы қарбыз — колоцинт белгілерін салыстырып көруге болады.
Қарбыздың жақсы сорттары жемістерінің салмағы 8 ... 10 кг., құрамындағы қанттылығы 6 ... 11%, ор гектардан 60 ... 70 тонна өнім береді. Н. И. Вавиловтың «Бес құрлық» (М., 1962) деген кітабында Ауғаныстанның Гильменд және Баквин құргақ жазықтарындағы жабайы қарбыз — колоцинт туралы: «Шөлді өлкеде, әсіресе күз кезінде, қолдан әдейі себілген сияқты жабайы қарбыз шоқтары жайқалып тұрады. Көлемі ірі апельсиндерге ұқсас жүздеген, мыңдаған колоцинттер жер бетін жауып жатады. Қыс кезінде қураған колоцинт жемістері, жел үруінің әсерінен, дыбысты доп сияқты, құрғақ даламен домалап жүреді. Өте ащы дәмді болуы, оны жануарлардың жеуінен сақтайды. Тәжірибесіз жолаушы, түйе, не ат осы ылгалы мол жемісті жеймін деп у жалағандай күй кешетіні бар» (82—83 беттер) деп жазған.
Достарыңызбен бөлісу: |