22 жоббм. Орал қаласы,БҚо бастаушыш сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс жасаудың



жүктеу 68,78 Kb.
Дата05.02.2018
өлшемі68,78 Kb.
#8481

Кабдрахманова Турсынгуль Гайнетденовна

22 ЖОББМ.Орал қаласы ,БҚО



Бастаушыш сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс жасаудың дағдыларын қалыптастыру
Бүгінгі кезде мектеп оқушыларының ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту күн тәртібіне өткір қойылуда. Ал сөйлеу ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Сондықтан оқушының жазбаша сөйлеу икемділіктерін дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың маңызы ерекше. Сондықтан баланы жазбаша сөйлеуге үйрету мәтін құрастырудан басталады. Демек, сөйлеу тілін дамыту үшін баланың мәтін туралы түсінігі мен оны құрастыра білу икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылады. Ой белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерін байланыстырып, сөйлем арқылы жасалатыны белгілі. Сөйлем — синтаксистің қарастыратын нысаны. Сөйлем жай және күрделі болады. Яғни құрмалас сөйлемнің анықтамасы: «Екі я бірнеше жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіреді» деген пікірмен анықталады. Ал, бірнеше емес, ондаған сөйлемнің мәні де сол ізбен түсіндіріліп, оны қайырым (абзац) деп, мәтіннің мәні ашылмай жүр. Сондықтан қазақ тіл білімінде, ғылыми әдебиеттерде, мектеп оқулықтарында мәтін туралы түрліше түсіндіріру байқалады. Мәселен, мәтін түзетін қайырымды белгілі бір үзінді, жаңа ойдың басталуы десе, мәтін — сол шығарманың формасы деп те жүр. Бұл пікірлерге қарағанда мәтін -дегеніміз сөйлемдер арқылы жасалған шығарманың толық түрі, немесе мазмұнды бөлшегі екендігін байқаймыз. Олай болса, оқушыларды мәтін түзе білуге жаттықтыру үшін мәтін туралы жүйелі білім, теориялық негіз берілуі керек. Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл дамыту жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтарға жауап беру және шығарма, мазмұндама жаздыру арқылы жүзеге асырылады. Ал мектеп оқушыларының сөйлеу икемділіктерін дамытуда мәтін құрастыра білу — қажетті мәселе. Сондықтан баланы шығарма жазуға үйретуден бұрынғы мәтін құрастыра білу икемділігі мен дағдысы қалыптастырылады.

Ахмет Байтұрсынұлы тілді дамытуда тиімді деген әдіс-тәсілдердің әр түрін ұсынған. Әдіскер ғалым А.Байтұрсынұлының қағидалары мен тиімді тәсілдерін кәдеге жаратып, жас ұрпаққа тіл нақыштарын, мәтін құрастыра алу мен сөйлеу мәнерін үйрете білсек, ойы озық болып, тілі дамиды, сөздік қоры байи түседі. Бастауыш сыныпта ана тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі-оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетінің қалыптастыру болып табылады.Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектеп мұғалімдері оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренуіне сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлуде. Осыған орай, өз сабақтарымызда оқушының дұрыс сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейге көтеру, яғни сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аударып отырамыз.Сабақ барысында бастауыш сынып оқушыларының сөйлеген сөздерінде жиі кездесетін кемшіліктерге көңіл бөлсек, баланың сабақ үстінде айтайын деген ойын анық жеткізе алмауы, яғни мәтінге байланысты мазмұнын айтуда бір деректі айтып бітпей жатып басқасына ауысып кетуі немесе керексіз сөзді орынсыз қолдануы (мысалы: жаңағы, сосын, яғни, сөйтіп, т.б.) сияқты ауызша сөйлеу тіліндегі қатерлерді көптеп кездестіреміз.Байқалған кемшіліктерді ескере отырып оқушыны ойлауы мен сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдарындағы ізденістерімізді оның тірі тіл неғұрлым түсінікті, жинақты, нақыт болғанын талап етіп, өз ойын дәл айтуын қадағалап отырамыз.Баланың оқуға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын жойып алмау мақсатында кез-келген тапсырманы берер кезде. Біріншіден, оның бала ұғымына сәйкес, түсінікті болуын ескереміз. Себебі, «баланың түсінбей қалған сөзі топтастықтың бастамасы» деген нақыл сөз бар. Мысалы: калькуляторда бір сан қате болса, сол санмен орындалған есептеу нәтижесі де қате болып шығады. Міне, тап осы сияқты оқушының түсінбеген сөзге қате мағына немесе балама тауып, нәтижесінде сөйлемді қате түсінуі жиі кездеседі. (Мысалы: Ағашты аралау — сөздің кесу деген мағынаын, көшені аралау — жүру деген мағынамен шатастырады).

Екіншіден, берілетін тапсырманың тәрбиелік мәніне көбірек көңіл бөлеміз.

Үшіншіден, қандай да болсын берілген тапсырма бала бір қызығушылығын оятатындай деңгейде бөлу керектігін түсінеміз. Егер бала бір нәрсеге қызықса, онда оның табиғатына тән білсем, білгенімді айтсам деген сөйлеуге деген талпынсты күшейте түседі де, сөйлеуге деген қажеттілік туады. Логикалық мағынасын бұзбай мәтін құрастыруды үйрету жолын қарастырамыз. Себебі, мәтінмен жұмыс бір жағынана, сөздің грамматикалық және лексикалық жақтарын талдауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан баланың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың негізі болып саналады .Қорыта айтқанда, оқушыларды мәтін түзе білуге жаттықтыру үшін мәтін туралы жүйелі білім, теориялық негіз берілуі керек. Бастауыш сыныпта ана тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі — оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу — бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Бүгінгі күннің тілек-талабы тұрғысынан білім мазмұны жаңарту, өмір талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып, заман ағымына жауап беру мұғалімдерге жауапты істер жүктейді.

Мәтінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестеріне де айрықша мән беру қажет. Оқулықтардағы  мәтіндер оқушылардың білім деңгейіне байланысты болу керек. Мәтінді оқытудың мынадай түрлері бар:


1) Дауыстап оқу: бұл әдісті жүргізе отырып, оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады. Дауыстап оқытудың тағы бір тиімділігі мынада: оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және оны түзетеді.
2) Іштей оқу. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: мұғалім оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беріп, қай жерге келгенде кітаптарын жауып, мұғалімге бітіргенін байқатады. Осыған қарап ұстаз олардың оқу шапшаңдықтарынан мөлшерін белгілеп отырады.3) араласып немесе кезектеп оқу.
4) буынға бөліп оқу.
5) мәнерлеп оқу.
6) Сөйлемді мағынасына, айтылуына қарай дауыс ырғағымен оқу.

Сабақта бірімен мәтінді тек оқытып қана қоймай, сол мәтіннің тәрбиелік мәніне байланысты мақал-мәтелдер, өлеңдер, қанатты сөздер алып, қосымша дәптермен жұмыс жүргіземін. Одан басқа, оқушылардың назарын сол мәтіннің авторына аударады. Мысалы: бүгінгі сендердің қызығып тыңдаған әңгімелерді кім жазған екен? Ол жазушыны естеріңе сақтадыңдар ма? Автордың қандай туындыларын білесіңдер? Кітабын тағы оқығыларың келеді ме?-деген сұрақтар қойылады. Автор туралы буклет, реферат, хронологиялық таблица, сөзжұмбақ жасаймыз. Егер ол автор ақын немесе композитор болса, ол кісінің өлеңдері мен әндерін жаттаймыз, күй табақтар, қара сөздер, поэмалар, термелер бар аудиокассеталар тыңдаймыз, берілген оқиғаға байланысты оқушылар өз ойларын суреттер арқылы да жеткізеді. Әр мәтінге байланысты портреттер, суреттер, дидактикалық материалдар қолданамын. Оқушыны қызықтыратын мәтіндер таңдау, оқушының  қызығушылығын есепке алу, оны ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім сабақта әр түрлі әдіс-тәсідерді пайдалана білу керек. Ол негізгі әдістер: әңгімелесу, көрнекілік, техникалық құралдар қолдану, жұмысты қазақша сөйлесу түрінде жүргізу,  қазақша білімін конкурстарда, конференцияларды, олимпиадаларда көрсетуге жағдай жасау керек.


Осындай жұмыс түрлерін жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады.Мәтінмен жұмыс жасау кезінде сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдануға болады.Мәтінмен жұмыс  арқылы ойды қозғату, ояту арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінде  оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Мәтіннен жаңа ақпарат алады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың мәтін бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу — бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Бүгінгі күннің тілек-талабы тұрғысынан білім мазмұны жаңарту, өмір талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып, заман ағымына жауап беру мұғалімдерге жауапты істер жүктейді. Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектеп мұғалімдері оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп, сөйлеуіне зор көңіл бөлуде. Осыған орай, өз сабақтарымызды оқушының дұрыс сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейге көтеру, яғни сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аударуымыз керек.

Әдебиеттер:

1.А.Байтұрсынов. Қай әдіс жақсы?

2. Бітібаева Қ. Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу, Алматы, 2005.



3. Шканова Б. Әдебиеттану және әдістеме мәселелері,Орал .2011

4. https://45minutkz.wordpress.com
жүктеу 68,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау